Құрастырған Мұхамеджан естеміров әмірсейт қажы Дәулеталиев уағыз (365 КҮнге арналғАН уағыздар) Шымкент, 2015 ж



Pdf көрінісі
бет17/32
Дата06.03.2017
өлшемі1,6 Mb.
#7845
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32

ЗАТЫМДЫ ЖАЛҒА БЕРУГЕ БОЛА МА?
Шариғатта меншігіндегі затты жалға беруге рұқсат. Мұны «ижәра» дейді. Ижәра 
деп  –  белгілі  бір  ақыға,  дінде  харам  деп  саналмайтын  затты  немесе  жеке  қызметті 
жалға  (пайдалануға)  беруді  айтамыз.  Затты  жалға  беретін  болсаңыз  мынадай  басты 
талаптарды ескергеніңіз жөн:
-  Жалға  бергіңіз  келген  зат  сіздің  меншігіңіздегі  болуы  керек  (басқа  біреудің 
меншігіндегі болса егесінің рұқсаты керек);
- Жалға берілетін зат шариғатта рұқсат етілген іс үшін берілуі шарт;  
- Өзара ризашылық;
-  Жалға  берілетін  заттың  құны  және  оның  төленетін  мезгілі,  қанша  уақытқа 

125
берілетіндігі сияқты талаптар анық айқын келісімде көрсетілуі керек;
- Келісім-шарт жазбаша түрде жасалғаны абзал.    
ҚАРЖЫ ПИРАМИДАДАН ТҮСКЕН АҚША ХАЛАЛ МА?
Қаржы пирамидасына салым «кейіннен өсіммен қайтарып алам» деген мақсатта 
салынады. Бұл біреуге өсімге қарыз беруге саяды. Ал, шариғат бойынша, бұл – харам. 
Өйткені 
«Қарыз беруші берген қарызынан пайда көретін болса, бұл – өсім» [1].
Сондықтан бастапқыда білмей қаржы пирамидасы арқылы тапқан ақшаңыздан өзіңіздің  
негізгі салымыңызды алып қалып, қалған үстеме ақшасын кедей-кепшікке садақа етіп 
беруіңіз керек.  Арғы қарай өміріңізде мұндай әрекетке бармаңыз. Мұндай жүйе бір 
шетінен шариғатқа теріс, екіншіден – қауіпті. Қаржылық пирамидалар айтарлықтай 
экономикалық және әлеуметтік қауіп төндіреді. Өйткені, осы жүйе арқылы көптеген 
қандастарымыздың жер сипап қалғаны мәлім. Сол себепті болар, бұл жүйе Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 бабымен көзделген қылмыстың белгілеріне 
жатады[2].
 [1] У.Зухайли, Фәтәуа Муғасыра – 147 бет. 
 [2] http://www.sko.kz/page.php?cat=7&page=karzhylyk_piramidalar_turaly
БАНКТЕН ЕСЕП ШОТ АШСАМ БОЛА МА?
Қазіргі  таңда  қолдағы  ақшаны  көбіне  үйде  сақтау  қолайсыз,  есеп  шот  ашып, 
ақшаңызды  сонда  сақтау  тиімдірек.  Сондықтан,  банктерде  ағымдағы  есеп  шот  ашу 
пайызсыз  болғандықтан  онда  ақша  сақтауға  рұқсат  етіледі[1].  Есеп  шот  аштырып, 
ақшаңызды аманат ретінде сақтауға арнайы мекемелерге тапсыруыңыз, Ислам фиқһ 
кітаптарында «әл-Уәдиға» атпен белгілі. Әл-Уәдиға деп, өзге кісіге өзіңіздің дүниеңізді 
аманат етіп сақтауға тапсыруды айтады[2].
[1] Проф. Доктор У.Зухайли, Фатауа Муғасыра, 132 бет. Даруль Фикр. Дамаск. 
[2] Әл-Маусули, Әл-Ихтияр – 2/471 бет.
ТОЙХАНАНЫ АРАҚ ІШІЛЕТІН ТОЙҒА ЖАЛҒА
 БЕРУГЕ БОЛА МА?
Бір нәрсені жалға беруді шариғатта «Ижәра» дейді. Бұл шариғатта рұқсат етілген 
дүние[1]. Дегенмен оның да өзіндік шарттары мен талаптары жоқ емес. Оның бірі - 
шариғат құптайтын мақсатта жалға алынады не беріледі[2]. Ал сіз айтып отырған арақ 
шарап  ішілетін  тойларға  немесе  құмархана  сияқты  шариғатқа  теріс  әрекетке  жалға 
беру дінге қайшы[3].
[1] Әл-Маусули, Ихтияр, «Китабуль Ижәрә», 2/122 бет. 
[2] У.Зухайли, әл-Уәжиз, «Ижәра», 2/122 бет. 
[3] Әл-Кәсәни, Бадаиғ, «Ижәра», 5/562 бет.; Әл-Маусули, Ихтияр, «Китабуль Ижәрә», 2/144 бет.
АРАҚТАН ТҮСКЕН ТАБЫСТЫ ШЫҒЫНҒА
 ЖҰМСАСАМ ДА КҮНӘ МА?
Пайғамбарымыз  (с.а.у)  бірнеше  хадисінде  арақ-шарапты  сатудан  тыйған.  Ол 

126
(с.а.у): «Шынында Алла Тағала және Оның Елшісі сендерді арақ-шарапты, өлексені, 
доңызды және пұттарды сатудан тыйды (харам етті)!...»
[1].
Тағы бір хадисінде:  
«Алла тағала арақ-шарапқа қатысты он кісіні лағынеттеді. 
(Олар):  шарапты өндіруші, өндіруге тапсырыс беруші, ішуші, араққа тапсырыс 
беруші,  тасушы,  ұсынушы,  сатушы,  одан  түскен  пайданы  көруші,  оны  сатып 
алушы және араққа жұмсаушы», – деген[2]
Демек  мұсылман  кісі  Алланың  харам  еткен  дүниелерін  сатудан  бойын  аулақ 
ұстауы тиіс. Ал, одан түскен табысты өзіңіз жемей, өзге нәрсеге жаратуыңыз үкімді 
(сатудың харамдығын) өзгертпейді.
Сондықтан, сіздерге айтар кеңесіміз, ашқалы жатқан дүкендеріңізде адал тауарлар 
сатып,  арам  дүниелерді  арластырмаңыздар.  Ырзықты  кеңейтетін  де,  тарылтатын  да 
Алла Тағала[3]. Ал, кедейлік немесе банкротқа түсіп қалу қауіпі шайтаннан екендігін 
ұмытпағанымыз жөн. Ол бізді кедейлікпен қорқытып, Алланың бұйрықтарын аттап 
өтуге шақырады. Алланың мына сөзін үнемі естен шығармау керек:
 «Шайтан  сендерді  кедейлікпен  қорқытып,  арсыздыққа,  жаман  істерге 
итермелейді. Ал Алла Тағала сендерге жарылқауды, кеңшілікті уәде етеді. Алла 
кеңшілік иесі, бәрін толық біледі»[4]
1. Сахих Муслим, «Китабуль Мүсақа», №1551-хадис. 
2. Тирмизи, «ән-Нәһи ән Юттәхәзә әл-хамру халлән», №1295-хадис. 
3. Рум сүресі – 37 аят. 
4. Бақара сүресі – 268 аят.
АВТОКӨЛІК ЛОТОРЕЯСЫН ОЙНАУҒА БОЛА МА?
Дініміз  барлық  құмар  ойындарға  қатаң  тыйым  салған[1].  «Құмар»  деп 
ықтималдыққа (ұтарын не ұтпасын білмей) сүйеніп ақша тігуді айтамыз[2].  Сіз айтып 
отырған ойында да сатып алатын кісі ұтарын не ұтпасын нақты білмей аталмыш билетті 
сатып алып отыр. Егер ұтпаған жағдайда адамның салған ақшасы (билетке төлеген 
ақшасы) құрдан құр біреудің қалтасына кетеді. Бұл кісі ақысын жеу болып табылады. 
Ал кісі ақысын жеуге дінімізде орын жоқ. Сондықтан да, аталмыш лотореяны ойнау 
да, оны ойнату да – харам.
[
1] Майди сүресі – 90. 
[2] Әл-Маусуғатуль Фиқһия , «мәйсир» - 39/404 бет.; Абдуннасыр Али, әл Майсир – 4.
ТЕМЕКІ САТУҒА БОЛА МА?
Темекі  тарту адам денсаулығына айтарлықтай нұқсан келтіретіндіктен, шариғатта 
тыйым салынған. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.ғ.) бір хадисінде «Зарар тигізуге де, 
зарарға ұшырауға да жол жоқ», – дейді[1]. Яғни, адам баласы өзгеге зиян тигізбеумен 
қатар,  өзіне  де  зарар  тигізуден  ұзақ  жүргені  жөн.  Сондай-ақ,  аталмыш  хадистен 
мынадай  қағида  шығады: 
«Залалдың  алдын  алу»  және  «Жаманы  мен  жақсысы 
қатар  тұрғанда,  әуелі  жаманынан  құтылудың  қамын  ойлау».  Осы  қағидаларға 
сүйене отырып ғалымдарымыз «темекі шегу адам денсаулығына қауіп төндіріп, өлімге 
алып келетіндіктен, оның үкімі шариғатта – харам» деген байламға келген.[2]
Ендеше, зияны шаш етектен темекіні сату да шариғатта «тыйым салынған әрекет» 
деу заңды. Олай болған себебі, жоғарыда келтірген қағидада 
«Жаманы мен жақсысы 

127
қатар тұрғанда, әуелі жаманынан құтылудың қамын ойлау қажет» делінген. Бұл 
дегеніміз, «Сатқан затымыз өзімізге пайда келтіргенімен, өзгеге зиян алып келіп жатса, 
онда оның зиянына қарап, оған тыйым салыну керек».
Ал  Пайғамбарымыз  (с.ғ.у.)  өзінің  бір  хадисінде:  «...Шынында  Алла  Тағала 
нені харам етсе, одан түскен пайда да харам»,[3]– деген. Сондықтан, темекіні сату 
шариғатқа қайшы.
[1] Муатта Имам Мәлик, Бабуль ақзия - №1461-хадис. 
[2] Али әл-Жума, әл-Бәян – 341-342 бет. Кайр. 2012 ж.; Доктор Ю.Қардауи, әл-Халал уәл Харам – 73 бет. 
[3] Мүснәду Имам Ахмад.
АУКЦИОНМЕН ТАУАР САТУҒА БОЛА МА?
Аукционмен    тауар  сату  шариғатқа  қайшы  емес.  Себебі,  Пайғамбарымыздың 
тауарды саудаға салғаны туралы бірнеше хадис бар. Айталық, Тирмизидің сүнәнында 
риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у) садақа сұрап келген жағдайы нашар бір 
кісіге  олжа  болсын  деп  қолындағы  ердің  тоқымы  мен   су  ішетін  ыдысын   көпшілік 
алдында саудаға салады. 
Пайғамбарымыз  (с.а.у):  «Кім  мына  тоқым  мен  су  ішетін  ыдысты  сатып 
алады?», – дейдіБір кісі: «Ол екеуін бір дирхамға аламын», – дейді. Сонда Алланың 
Елшісі : «Бір дирхамнан артық беретін кісі бар ма?», – деп сұрады. Сонда басқа бір 
адам оны екі дирхамға алатынын айтты. Пайғамбарымыз соған сатты»[1]. Міне, 
осы оқиғадан біз аукционға дініміз рұқсат ететінін байқаймыз.
Тек тауарды аукционға қоюшы бір нәрсені ескеруі керек: бәссауда әділ өтуі қажет. 
Яғни,  тауар  бағасын  қолдан  өсіру  үшін,  сауданы  әдейі  жандандыру  үшін  өздерінің 
адамын қатыстыру секілді арам ниеттен алшақ болуы керек.[2] Мұндай айладан дініміз 
тыйған.[3]
[1] Тухфатуль Әхуази, Тирмизи сүнәні шархы, Китабуль буйюғ: әлбайғу мән иязид  - 3/12, 1218-хадис. 
[2] Әл-Кәсәни, Бадаиғ – 7/214 бет. 
[3] Ибн Мәжә, Китабут Тижара, 2173-хадис.
 
ҚАРЫЗҒА САТҚАН ЗАТТЫң БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАСА,
 ҚОСЫМША АҚША СҰРАУЫМА БОЛА МА?
Бұл  жағдайда  сауда  бастапқы  келісім  бойынша  қалады.  Уақыт  өте  нарықтағы 
автокөлік құнының қымбаттағаны үшін қосымша ақша талап етілмейді. Бұл шариғат 
ғалымдарының  басым  көпшлігінің  тұжырымы.  Аталмыш  мәселе  жайында  Ханафи 
ғалымы әл-Касани (Һижри 587 жылы қайтыс болды) былай дейді: «Берілетін ақша 
түрі қолданыстан шықпайнша, ол ақша құнының артуы не кемуі  алдыңғы келісімді 
бұзбайды. Бұл жерде затты қарызға сатып алған кісі ақшаның құнына қарай емес, 
келісілген мөлшеріне қарай өтейді».[1]  Бұл Имам Әбу Ханифаның (р.а.)тұжырымы.
Ал  егер  бастапқыда  келісілген  ақша  қолданыстан  шыққан  болса,  келісілген 
күндегі  ақшаның  құнын  төлейді.   Мысалы,  автакөлігіңізді  қарызға  сатқандағы 
келісілген валюта егер қолданыстан шығып кеткен болса, бұл жағдайда сол келісілген 
кездегі құн есептеліп төленуі тиіс.[2]
[1] Доктор Хисамуддин ибн Муса,  Яс-әлунака – 1/147 бет. 
[2] Ибн Абидин, Раддуль Мухтар – 7/55 бет.; Ал, Имам Әбу Юсуфтын (р.а.) берген пәтуасы бойынша: 
келісілген құн артса да, кемісе де не берілетін валюта түрі қолданыстан шықса да, келісім жасасқан уақыттағы 
бағаны негізге алып, бастапқыдағы құн төленеді.

128
САУДА МЕНЕДЖЕРЛІГІНЕ ШАРИҒАТ
 РҰҚСАТ ЕТКЕН БЕ?
 Сауда  менеджері болып қызмет етуге дініміз рұқсат береді. Сатқан тауары үшін 
берілетін ақы - халал. Сауда менеджерлігі шариғатта «симсар» деп аталады.  Ханафи 
мәзхабының  ғалымы  Шәмсуддин  әс-Сәрәхсидің  (р.а.)  айтуы  бойынша: 
«симсар  – 
ақыға біреудің тауарын сатып беруші немесе оған ақыға тауар сатып алушы»[1].
Әйтседе, менеджер болып істегісі келген адам мына нәрселерге назар аударғаны 
дұрыс:  біріншіден,  сататын  заты  халал  тауар  болуы  керек.  Екіншіден,  алатын 
пайызының мөлшерін әрі сататын тауар түрлерін тауар иесімен нақты келісуі керек. 
Өйткені, нақтылық жоқ жерде дау-дамай болады. Үшіншіден, тауарды иесінің белгілеп 
берген бағасымен ғана сатуы керек. Көбірек пайыз аламын деген мақсатпен өз бетінше 
тауардың бағасын қымбаттату дұрыс емес[2].
[1] Сәрәхси, Мәбсут – 15/115 бет. 
[2] ةيطع رقص – راسمسلا; ةرسمسلا اهماكحأو ةيهقفلا- ثحبلا موسوملا; Ю.Қардауи, Әл Халал уәль Харам – 226 бет. 
 
ЛОМБАРДҚА ИСЛАМНЫң КӨЗҚАРАСЫ ҚАЛАЙ?
Ломбард —  жеке  тұлғаларға жылжымалы  мүлік кепілдігімен  қысқа  мерзімге 
қарыз  беретін  мекеме.  Мұнда  мүлік  иесі  өткізген  затын  келісім  шартта  көрсетілген 
уақыт ішінде «үстеме ақшамен» қайта сатып алуға құқылы. Егер белгіленген уақыт 
ішінде қайта сатып алмаған болса, ол мүлік сатылымға түседі.[1] Бұл әрекет «өсімге» 
жататындықтан, шариғатқа теріс. Олай болған себебі, ломбард берген қарызын үстеме 
ақшамен қайтару шартын қойып отыр. Ал қағида бойынша 
«Қарыз беруші берген 
қарызынан пайда көретін болса, бұл – өсім» дейді шариғатымыз.[2]
Ақшадан қысылып, қарыз сұрауға мәжбүр болған жанның бұл халін олжа көріп, 
одан қосымша пайда түсіруді көздеу – Исламға жат әрекет. Өйткені, дінімізде өсімсіз 
қарыз  беру  –  сауапты  іс,  ол  «өзара  жәрдемдесу»  түсінігіне  сүйенеді.  Ал,  мұқтаж 
жаннан  пайда  көрейін  деген  пиғыл  «жәрдем  көрсетуді»  емес,   керісінше  менмендік 
пен өзімшілдікті  арттырары сөзсіз. 
[1] http://ru.wikipedia.org/wiki/Ломбард 
[2] Зухайли, Фәтәуа Муғасыра – 147 бет.
АЛҒАН ТАУАРДЫ ҚАНША ПАЙЫЗҒА 
ҚЫМБАТТАТЫП САТСАМ БОЛАДЫ?
Ислам сауда-саттықта «сұраныс-ұсыныс жүйесін» негізге алып, бәсекелестікке 
сүйенетін «еркін нарықтық» қағидасын ұстанған. Өйткені тауарлардың қымбаттағанын 
айтып шағымданған халыққа Пайғамбарымыз (с.а.у): «Расында, бағаны белгілейтін 
де, тарықтыратын да, байытатын да, ризық беретін де Ұлы Алла...»[1],- деді.
Алайда, «мынандай бағада таба алмайсың, осындай тауарлар басқа жерде қымбат, 
менде арзан» деп алдаса немесе тауардың кемшілігін жасырып қалса яки сол заттың 
пайдалылығын асыра айту арқылы жергілікті «нарықтық құннан» жоғарғы бағада сату 
дұрыс емес.[2] Алдау-арбаушылықты араластырмай, сатылатын тауардың түр сипатын, 
кемшілікті тұсы болса оны көрсетіп, тауар құнының мөлшерін әдеттегі бағадан қымбат 
қылып сатуға рұқсат. Әйтсе де, тым шарықтатпаған жөн. 
Нарықтағы  бағадан  тым  қымбат  сатқан  жағдайда,  алушыға  ескерту  керек. 

129
Мәселен ұялы телефон сатушы саудагер, көршілес сауда нүктелерінде 100 000 теңгеден 
сатылып жатқан ешқандай ерекшелігі жоқ дәл сол телефонды,150 000-200 000 теңгеден 
қымбаттатып  сататын  болса,  бейхабар  алушыға  қымбат  сатуының  себебін  айтып, 
ескертуі керек.
 Бұл жайында Ханафи мәзһабының ғалымы Алауддин әс Самарқанди (р.а.) былай 
дейді: 
«Кімде-кім, нарықтағы бағасынан бейхабар алушыға жоғарғы құн айтып: 
«пәлен ақшаға сатам», - десе, айтылған бағаға сатып алған алушы, (нарықтағы 
бағаны білгеннен кейін) алған тауарын алған жеріне қайтару құқы бар. Өйткені 
ол алданып тұр. Ал, қымбат айтып тұрғанын біле тұра сатып алып жатса, онда 
болады..»[3].
[1] Әбу Дауд, Буюғ, 51 баб, 3451 хадис. 
[2] У.Зухайли, Әл Маусуғатуль Фиқһия – 4/295 бет. 
[3] Алауддин әс Самарқанди , Тухфатуль Фуқаһа – 2/108 бет.
 
ҚАРЫЗҒА ТАУАР САТУҒА БОЛА МА?
Негізгі  бағасына  қосып  тауарды  қарызға  сату  шариғатқа  теріс  емес.  Мұны 
ғалымдар  бір  ауыздан  мақұлдайды[1].  Өйткені  Алла  тағала  Құранда:  «Ей  иман 
еткендер! Егер мерзімін келісіп, өз ара қарызға (тауар немесе ақша) беріссеңдер оны 
жазыңдар»[2], - дейді.
Сондықтан сіз су фильтрлеріңізді елге негізгі бағасына қосып қарызға сатуыңызға 
рұқсат. Тек ескере кететін жәйт, алушы тауарды қарызға алуға нақты келісімін білдіруі 
шарт.  Оның  келісімі  –  қарызға  беретін  тауардың  бекітілген  құнына  ризашылығын 
білдіргені болып табылады. Сондай-ақ, мұнда ақшаны төлеу мерзімі айқын көрсетілуі 
керек. Бұл жазбаша болғаны абзал. Егер алушы бір себептермен ақшасын кешіктірген 
жағдайда қосымша үстеме ақы (пеня) жүрмеуі тиіс[3].
Тауарды қарызға сату турасында Ханафи ғұламасы Шәмсуддин әс-Сәрахси өзінің 
«Мәбсүт» атты еңбегінде былай дейді: 
«Егерде сауда кезінде сатушы: «Қолма-қол 
болса пәлен ақшаға, бір айға не екі ай болса түгенше ақша» десе,  алушы қолма-
қол ала ма, жоқ қарызға ала ма бәрі сол жерде нақты айқындалуы шарт. Осылай 
болған жағдайда рұқсат. Ал бір бағаға нақты келісілмесе бұл сауда дұрыс емес»[4].
 [1] У.Зухайли, Фәтәуә Муғасыра – 98 бет. Дамаск.; 
       Әбу Ғудда, әл Бәйғуль Муажжәл 
[2]  Құртуби, әл Жамиғуль Ахкамуль Құран, Бақара 282 аят – 3/377 
[3]  Проф.Доктор Хисамуддин Ғифана, Ясалунак – 1/100-102 бет. 
[4]  Шамсуддин әс-Сәрәхси, Мәбсут – 13/8 бет. 
БУКМЕКЕРЛІК КЕңСЕГЕ АҚША ТІГУГЕ БОЛА МА?
Екі    жақтан  ақша  тігіп  ойнайтын  ойын  шариғатта  харам.   Алла  Тағала  Құран 
Кәрімде: «Арақ, құмар ойнау арқылы шайтан сендердің араларыңа дұшпандық-ғадауат 
тудырады, сендердің намаз оқуларыңа кедергі жасамақ болады. Тәңірді естеріңнен 
шығаруға тырысады. Арақ пен құмар ойнаудан сонда да безбейсіңдер ме?»[1] , – дей 
отырып арақ пен құмардың қоғамға, соның ішінде жеке басқа қаншалықты зиян екеніне 
назар аудартады.  
Сондықтан, мұсылман мұндай қатерлі де зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауы 

130
тиіс.  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  өзінің  бір  хадисінде:  «Кімде  кім  досына:  «Кел  құмар 
ойнайық» десе, (осы сөзі үшін) садақа берсін»[2], – дей отырып, құмар ойнаудың үлкен 
күнә  екенін  меңзейді.  Ендеше  букмекерлік  кеңселерге  барып  ақша  тігу  шариғатта 
дұрыс емес. 
[1] Маида сүресі – 91 аят. 
[2] Фатхуль Бари, Исти-зан Баб: Куллу Ләһуин Батыл - 5942
 
МҰСЫЛМАНДАРҒА БӘСТЕСУГЕ БОЛА МА?
Шариғатта «егер менің айтқаным дұрыс болса, сен маған мынша ақша бересің, 
ал егер сенің айтқаның дұрыс болса, мен саған осынша ақша беремін» деп бір нәрсеге 
дүние тігіп бәстесу дұрыс емес.  Бұл жерде 
«ақша ұту немесе ұтылу ықтималдығы»[1] 
болғандықтан «құмар ойындарына» жатқызамыз[2]. Ал құмар ойыны Құранда харам 
етілген[3].  
Алайда,  бәсте:  «Егер  де,  сенің  айтқаның  дұрыс  шықса,  мен  саған  мынанша 
ақша беремін. Ал, менің айтқаным дұрыс шықса сен маған ештеңе бермейсің», - деген 
сияқты  екі адамның бірі ақша тігіп, екіншісі тікпесе, бұл шариғатқа теріс емес.  Осыған 
байланысты  ханафи  ғалымдарының  бірі  Бурһануддин  әл  Бухари  (хижри  616  д.оз.) 
өзінің  «әл  Мухитуль  Бурһани  филь  фиқһин  Нуғмани»   атты  еңбегінде  мынадай 
мысал келтіреді: «
Екі фиқһ маманы арасында бір мәселе жайлы талас туындаса, 
«таластың  шешімін  табу  үшін  пәленше  ұстазға  жүгінейік.  Егер  берген  жауабы 
сенің алға тартқан уәжіне сәйкес келсе, мен саған мынанша беремін. Ал, менің 
айтқаным тура келсе, мен сенен ештеңе алмаймын» деп өзара бәстесу рұқсат[4]».
[1] Кувейт, әл Маусуғатуль Фиқһия – 39 том /404 бет. 
[2] Имам Бурһануддин әл Бухари: әл Мухит – 5 том/323 бет. 
[3] Маида сүресі – 90 аят. 
[4] Имам Бурһануддин әл Бухари: әл Мухит – 5 том/325 бет.
«ҚАРА КАССА» ОЙНАУҒА БОЛА МА?
Кейде қаражаттан қысылғанда бірнеше адам қосылып, ортаға ақша тастап, «қара 
касса» ойнайды. Мұндай ойын түрін көпшілік мамандар шариғатқа теріс емес дейді. 
Себебі, бұл ойында харам дейтіндей өсім жоқ. Мұнда тек өсімсіз қарыз беру жүйесі 
ғана жүреді. Яғни, ортаға тасталған ақша кезекпе кезек барлығына беріліп шығады. 
Кезегі келген адам, бірнеше ай бойы берген қарызың кері қайтарған болады. Бұл жерде 
басты мақсат - жәрдемдесу[1].
[1] а)Проф.Доктор У.Зухайли, Фатауа Муғасыра – 126, 155 бет. Дамаск. 
      ә) Проф. Доктор Хисамуддин бин Ғафана – 1/156-157 бет. Қудус. 
      б) Доктор Халид бин Али, Муғамалатуль Малиятуль Муасыра : 28-37 бет.
ЖАС ЖҰБАЙЛАРДЫ ҚАЛАЙ ҚҰТТЫҚТАҒАН ЖӨН?
Отау  тігіп,  шаңырақ  көтерген  жастарды  ақ  некелерімен  құттықтау  –  сүннет. 
Сахаба Әнас (р.а.) риуаятында: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Абдурахман бин Ауфтың (р.а.) 
үстінен сарғылт бір белгі байқап: «Бұл не?» – деп сұрайды. Ол: «Ноқат салмағындай 
алтын  мәһр  беріп,  әйелге  үйлендім»,  –  деді.  Пайғамбар  (с.ғ.с.):  «Алла  Тағала  саған 
(әйеліңді) берекелі етсін (Барака Аллаһу ләкә), бір қой сойып болсын той жаса[1]», – деді.

131
Құттықтауда  қолданылатын  тағы  бір  тілек  төмендегі  хадисте  айтылған.  Әбу 
Һурайра (р.а.): «Пайғамбар (с.ғ.с.) үйленгендерді құттықтағанда «Барака Аллаһу ләкә, 
уә барака алейкә, уә жамаға бәйнәкумә фи хойр! (мағынасы: Алла саған берекелі етсін 
және  береке  жаудырсын,  екеуіңнің  араларыңды  жақсылықпен  қоссын»,-деп  тілек 
айтушы еді[2]»,-деп баяндайды.
Хадистердегі ақ тілектермен қатар «Қосағыңмен қоса ағар», «Қондырған құсың 
құтты болсын!», келіншекке «Орамал құтты болсын!» деп те құттықтауға болады.  
[1] Бұхари 
[2] Тирмизи
БАЛА АСЫРАП АЛУДЫң ШАРТТАРЫ ҚАНДАЙ?
Бала асырап алу мәселесіне қатысты Құран Кәрім бізге: «...және асырандыларың 
бел балаларың бола алмайды. Бұларың ауызша сөздерің ғана. Алла шындықты айтады 
да Ол тура жолды көрсетеді. Оларды әкелерімен шақырыңдар. Сол Алланың қасында 
турарақ. Егер әкелерін білмесеңдер, сонда олар дінде туыстарың, достарың...[1]»,-деп 
үйретеді.
Араб халқында бала асырап алу үрдісі Ислам діні келмей тұрып та кең тараған 
еді. Бұл басқа халықтар ғұрпында да болды. Тіпті, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) асырап 
алған  баласы  болды.  Ол  –  Зәйд  бин  Хариса.  Бұл  жөнінде  Абдулла  бин  Омар  (р.а.): 
«Харисұлы Зәйд (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.) азат етілген құлы еді. Оны біз «...Оларды 
әкелерімен  шақырыңдар.  Сол  Алланың  қасында  турарақ...»  аяты  түскенге  дейін 
Мұхаммедұлы Зәйд деп шақыратынбыз[2]»,–дейді. Жоғарыдағы аят түскен соң Зәйд 
(р.а.) мырза өз тегімен Зәйд бин Хариса болды.
Бала асырап алу – үлкен сауапты амал. Жетім немесе тастанды баланы бауырына 
салып, өз баласындай бар мейірімі мен қамқорлығына бөлеп, балаға лайықты тәрбие 
беріп, мейірімін аямай, қамқорлық ету – Алла дінінде мақтаулы іс. Пайғамбарымыздың 
(с.ғ.с.) жетім балаға қамқорлық етушінің дәрежесі жайлы: «Мен жетімге қамқоршы 
болған  кісімен  жәннатта  біргемін»,–  деп,  сұқ  саусағы  мен  орта  саусағын  көрсеткен 
екен[3]. Яғни, әке-шеше мейіріміне мұқтаж балаға қамқорлық етудің сыйы – жәннатта 
пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жанында болу. Бұл – ең үлкен мәртебе.
  
Дегенмен, асыл дінімізде бала асырап алуға байланысты бірқатар шарттар 
барын ескергеніміз дұрыс.
1.Құран Кәрім үкімі бойынша, кісіге асыраған баласына өз тегіне жазып, оған 
бел баласына ғана тән құқықтар беруге тиым салынады. Асыранды бала асыраушының 
етжақын  әйел  туыстарын  әпке-қарындас  деп  олармен  махрам[4]  ретінде  араласуы 
шариғатқа сай емес. Тегі мен қаны бөтен болған соң мұндай қарым-қатынасқа тиым 
етіледі. Бұл асыранды баланы жатсыну емес, тек пен қанды құрмет ету және шариғат 
талабын орындау.
2.Сондай-ақ,  баладан  оның  ата-тегін  жасырып,  бала  санасына  «сен  менің 
баламсың, сенің руың мынау» деп, асыраушыны ата-ана деп қабылдатуға қатаң тыйым 
салынады.
3.Қамқоршы  өзі  асыраған балаға дүние-мүлкін  мирас  етіп  емес, көзі  тірісінде 
сыйлық ретінде беруіне және өсиет ретінде дүниесінің үштен бірінің ішінен беруге 
құқылы.
  
Құран  Кәрімде:  «Көктер  мен  жердің  иелігі  Аллаға  тән.  Қалағанын  жаратады. 

132
Кімге  қаласа  қыздар,  кімге  қаласа  ұлдар  береді.  Немесе  ұлдармен  қыздарды  жұп-
жұбымен  береді.  Сондай-ақ,  қалағанын  бедеу  етеді.  Күдіксіз  Ол  толық  білуші,  аса 
күшті[5]»,-деп айтылған. Адамның бала сүюі немесе ұрпақсыз өтуі Алла тағаланың 
қалауы және сынақ деп қабыл алу керек.
[1] Ахзап сүресі, 4-5 аяттар 
[2] Бұхари, Муслим, Тирмизи, Насаи 
[3] Бұхари, Әбу Дауд, Тирмизи 
[4] Махрам – қаны мен тегі бір етжақындығы себепті үйленуге болмайтын жақын туыс 
[5] Шура сүресі, 49-50 аяттар
АЗАН ШАҚЫРЫП АТ ҚОЮ ПАРЫЗ БА?
Қазақта  «азан  шақырып  қойған  атым»  деген  тіркес  бар.  Бұл  осы  сүннеттің 
салтымызға сіңіп кеткендігін көрсетсе керек. Туылған баланың оң құлағына азан, ал 
сол құлағына қамат айту сүннет амал. 
Мұны, баланың әкесі, атасы немесе ізгі адам орындағаны жөн[1]. Құндақтағы 
бала құлағына азан шақырудың да өзіндік сыры бар. Нәрестенің ең алғаш естіген сөздері 
Жаратушының есімі болуымен қатар оның дүние есігін ашқанын білдіру. Сондай-ақ, 
Пайғамбар (с.ғ.с.) немересі Хусайн бин Әлиден (р.а.): «Туылған баланың оң құлағына 
азан айтып, сол құлағына қамат айтса, ол балаға Үмму Сибианның (нәрселерге маза 
бермеуші жын-шайтан) зияны тимейді[2]»,-деген хадис риуаят етілген. 
Хадисте  айтылғандай  азан  сөздерінен  жын-шайтан  қашатыны  мәлім  болды. 
Ал,  бала  туылғанда  оны  шайтан  мазалайтындығы  жайлы  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.): 
«Мәриям және оның ұлынан басқа, әрбір балаға туылған сәтте шайтан тиіседі. Шайтан 
тиіскенде бала шырылдай бастайды.[3]»,-деген. Ал, Мәриям ана мен оның ұлы Иса 
(ғ.с.) пайғамбар дүниеге келгенде шайтан тиіспегендігі жөнінде Құранда Имранның 
әйелі  қыз  босанған  сәтте:  «...Мен  оның  атын  Мәриям  қойдым.  Оны  да  ұрпағын  да 
шайтаннан Саған сиындырамын[4]»,-деп дұға жасаған баяндалған. Сондықтан, бала 
құлағына азан шақырылса, ұйқысы тыныш болады. Бірақ, балаға азан шақыру парыз 
емес. Айтпағымыз, міндетті амалға жатпайды.
[1] Фиқһ Уадих, 2-том, 470-бет 
[2] Ибн Сунни 
[3] Тафсир Ибн Касир, 1-том, 336-бет 
[4] Әли Ғимран, 36-аят

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет