Малды бауыздау және «бисмиллаһ» айтудың сырлары:
1.Бауыздаудың сыры. Малдың мойын күре тамырынан кесіп бауыздау – жануардың
жаны тез және қиналмай шығуының ең жеңіл жолы. Ол үшін бауыздайтын құрал өткір
болуы тиіс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «... Егер бауыздайтын болсаңдар, жақсы түрмен
ұшын өткірлеп, малды жеңіл етіп бауыздаңдар[6]»,-деп үйреткен.
2.Бауыздау кезінде «бисмиллаһ» айтудың сыры. Алла тағала барлық жаратылыстың
Иесі. Алайда, адам баласына мал екеш малды мойынұсындырған. Малды адам
пайдасы үшін жаратқан. Бірақ, оның жанын алу үшін «бисмиллаһ Аллаһу Акбар» деп
Жаратушының рұқсатын алу керек[7].
Ал, балық туралы Құран Кәрімде: «Және де Ол Алла, жас ет жеулерің үшін
теңізді бағындырды...[8]»,– деп баяндалады. Барлығымызға мәлім, теңіз мақұлықтары,
яғни суда тіршілік ететін жәндіктер түрі өте көп. Оның ішінде адамға жағымдысы –
балық. Ал,
Құранда: «... жақсы нәрселерді халал, жаман нәрселерді арам қылады...[9]» деп
айтылған. Суда мекендейтін ең жақсы да таза нәрсе балық екені даусыз.
Қорыта келгенде, төрт түлік мал еті және құс еттері айтылған талаптарға сай сойылған
болса, адал болып саналады. Қазіргі уақытта дүкендерден сатып алатын өнімдеріміздің
қандай екендігін оның сертификатына қарап ажыратқанымыз абзал.
[1]Ахмед, Әбу Дауд, Насаи
[2] Бұхари, Муслим
[3]Маида сүресі, 3-аят
[4] Әнғам сүресі, 118-аят
[5] Бұхари
[6] Муслим
[7] Ю.Қарадауи, Халал уа Харам фил Ислам, 55-бет
[8] Нахыл сүресі, 14-аят
[9]Ағраф сүресі, 157-аят
96
МҰСЫЛМАНҒА ХАРАМ ТАҒАМ БАСҚА ДІН
ӨКІЛІНЕ АДАЛ МА?
Ислам шариғаттында харам деп айтылған тыйым жалпыға бірдей. Басқа ұлтқа
харам етілген, арабқа халал болмайды. Қара тәндіге тиым етілген ақ тәндіге рұқсат
етілмейді. Сондай-ақ, мұсылманға харам сналаған нәрсе басқа діндегіге халал
болмайды. Алла тағала барша адамзаттың Раббысы. Ислам барлық шариғаттың төресі.
Алла тағала халал еткен нәрсе адам баласына ортақ адал. Ал, харам еткен заты жалпы
адамға қиямет күніне дейін харам[1].
Мәселен, ұрлық жасау мұсылман мен мұсылман емеске бірдей харам.
Мұсылманның немесе басқа діндегі адамның затын ұрлаудың үкімі бір. Харам.
Ал, енді асқа келер болсақ, доңыз еті және арақ-шарап кітап түскен барлық
дінде харам[2]. Сондықтан, көршіңізге шұжықты беруіңізге болмайды. Харам зат адам
баласына ас болмайды.
[1]Ю.Қарадауи , Халал уа харам фил Ислам, 43-бет
[2] Бақара сүресі, 172-173 аяттар; Анғам сүресі, 145-аят; Маида сүресі 3-аят
КӨЗ ТИГЕНДЕ ҚАНДАЙ ДҰҒА ОҚЫЛАДЫ?
Араб мақалында: «Көз адамды қабірге, түйені қазанға түсіреді»,-деп айтылғандай
көз тию немесе назарлану деген жайт бар. Бұл хақында Құран Кәрімде: «Расында қарсы
келгендер, Құранды тыңдаған сәтте, олар көздерімен ішіп-жеп, сені жыға жаздайды...
[1]», - деп айтылған. Аталмыш аят тәпсірінде Ибн Аббас және Мужаһид (р.а.): «Алла
тағаланың қалауымен, көз тию және оның зияны бар екендігіне осы аят дәлел»,– деген
екен.
Көз тиюдің белгілері
Көз тиіп ауырған адамның бойында әлсіздік байқалып және жүзінде сарғылт,
қызғылт немесе қара дақ белгілері пайда болуы мүмкін.
Алла елшісі (с.ғ.с.) Үмму Сәләмәның үйінде қызметші қыздың жүзінде қаралау дақ
барын көреді де: «Мына қызға дем салыңдар, ол назарланып қалыпты[2]»,– дейді.
Сахаба Саһл бин Ахнаф аққұба сымбатты кісі болған. Алла елшісі (с.ғ.с.) бастаған бір
топ кісімен сапарда келе жатып, оған көз тиеді. Саһл назарланып денесін көтере алмай
жатып қалады[3].
Көз тиген жанды қалай емдейді?
Ал, енді көз тиген адамды емдеудің бір жолы – шипа ретінде Қалам сүресінің 51-
52 аяттарын және Мұминун сүресінің 97-98 аяттарын оқып дем салу қажет. Сонымен
қатар, пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткен шипалы дұғалар бар.
Абдулла бин Аббас (р.а.) риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) немерелері Хасан
мен Хусайнге: «Әъузу кумә би кәлимәтилләһи әт-тәммә мин кулли шайтонин уә һәмма,
уә мин кулли ъайнин ләммә» (Алла тағаланың барлық сөздерімен әрбір шайтан мен
зиянкестен және әрбір жаман көзден сен екеуіңе пана сұраймын),-деп дем салушы еді
де, – Ибраһим (ғ.с.) осылайшы ұлдары Исхақ пен Исмаилге жасаған[4]», – деп айтушы
еді.
Жәбир бин Абдулла (р.а.) риуаяты: «Алла елшісі (с.ғ.с.) мазасыздық сезген
кезде Жәбірейіл (ғ.с.) келіп: «бисмилләһи урқикә мин кулли шайин иузикә мин кулли
хасидин уә ъайнин уа Аллаһу иушфикә» (Алла тағала атымен саған дем саламын әрбір
саған зиян ететін нәрседен, әрбір көре алмаушы мен көз тиюден Алла тағала саған
97
шипа береді[5])»,– деп дем салған.
Сондай-ақ, назарланған адамды емдеудің тағы бір тәсілі: көзі өткен адам ыдысқа
беті-қолын жуып дәрет алады. Сол сумен сырқаттанған адамның басынан бастап түгел
денесіне құйып шығады. Алланың қалауымен шипасы болмақ.
Бұл жөнінде Айша (р.а.) анамыз: «Көзі тиген адамға дәрет алдыртатын, сол сумен
назарланған адам жуынатын[6]»,– деп айтқан.
[1] Қалам сүресі, 51-52 аяттар
[2] Бұхари, Муслим
[3]Ахмед, Ибн Мажаһ
[4]Тафсир Ибн Касир, 3-том, 663-бет
[5] Ахмад
[6] Әбу Дәуд
АЙЮБ (Ғ.С.) ПАЙҒАМБАР СЫНАҒЫ
Тафсир Ибн Касирде: «Алла тағала Айюбтің (ғ.с.) денсаулығын, бала-шағасы
мен мал-дүниесін алып, ауыр сынады. Айюб қатты сынаққа түскен пайғамбар. Оның
денесінде жүрегінен басқа ине шаншар сау жері болмайды. Ол бала-шағасынан және
мал-дүниесінен айырылады. Оның үстіне дертіне дауа болмай, ешкім оған көмек
бермей қояды[1]»,-деп айтылған.
Жанында тек жұбайы (бір деректерде ең жақын екі бауыры) ғана қалады. Ол әр
үйдің жұмысын істеп, тапқан ақшасына күйеуіне тамағы мен керек жарағын әкеліп
отырады. Бұл сынақ он сегіз жылға созылады. Соңында Айюб (ғ.с.) Алла тағалаға: «...
Рас мені шайтан бейнет пен қинауға ұшыратты,-деп жалбарынды.[2]»,-жалбарынады.
Сонда Алла тағала: «Оған: аяғыңмен жерді теп. Міне, саған шомылатын әрі ішетін
суық су (дедік)[3]» ,-деп дертіне шипа береді.
Дұға жасаған пайғамбарға (ғ.с.) Алла тағала жерді тебуді әмір етті. Тепкен
жерінен шыққан суға шомылғанда денесі тұтастай дерттен айықты. Ал, екінші рет
теуіп шыққан суды ішкенде сырты мен іші толығымен дертінен жазылды[4].
Аят тәпсірінде Айюб пайғамбардың (ғ.с.) дертке шалдыққаны айтылғанымен, оның
дерті өте жиіркенішті де исі жаман болды деп айтылмаған.
Сонымен бірге, Жаратушы Алла тағала пендеге көтермейтін жүк бермейді. Сағд
бин Әбу Уаққас (р.а.) пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): Уа, расул Алла! Адамдар ішінде ең
қатты сыналатыны кім?,-деп сұрадым. Ол кісі (с.ғ.с.): Пайғамбарлар, сосын солай, сол
секілді. Адам дініне қарай сыналады[5]»,-деп жауап берді,-деп риуаят етеді.
Мұсылманға пайғамбарлар (ғ.с.) үлгі. Риуаяттарда: Алла тағала құлшылық
етпеген байларға Сүлейменді, кедейлерге Исаны, ауруларға Айюбты және құлдарға
Жүсіпті (баршасына Алла тағаланың игілігі мен сәлемі болғай) құжат етеді деп
айтылған.
Мәселен, ешбір пенде басынан өтпеген қиыншылыққа тап болған адамның күйін
елестетіп көріңіз. Бұл ойдың өзі адамның қиыншылығын еселеп ауырлатып жібереді.
Сабырын сарқытып, үмітін үзеді. Ал, өзі секілді немесе өзінен де ауыр сынақ өткерген
адамды білу, мұсылманға үлкен медет.
[1]Тафсир Ибн Касир, 3-том, 255-бет
[2] Сад сүресі, 41-аят
[3]Сад сүресі, 42-аят
[4]Тафсир Ибн Касир, 3-том, 255-бет
[5][5] Насаи, Термизи, Ибн Хиббан
98
НАМАЗ ОҚЫМАЙТЫН ДОСТАРЫМНАН
АЛШАҚ ЖҮРУІМ КЕРЕК ПЕ?
Достық (садақат) пен шыншылдық (сыдқ) түбі бір ұғым. Екеуі де мұсылманның
бойында табылуы керек жақсы қасиеттер. Жақсы дос – Алла тағаланың берген сыйы.
Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірлік досы болды. Әбу Бәкірдің (р.а.)
досына деген адалдығы оны иманы кәміл тұлға етті. Алла елшісі (с.ғ.с.) оның достығын:
«Менің адамдардың ішінде достығы және мал-дүниесіне көп қарыздар кісі Әбу Бәкір.
Егер Раббымнан басқаны дос етер болсам, міндетті түрде Әбу Бәкір досым болар еді.
Алайда Ислам бауырластығы мен достығы бар...[1]»,-деп жоғары бағалаған.
Абдулла бин Омар (р.а.): «Мұсылман мұсылманның бауыры. Оған зұлымдық
етпейді, қиыншылықта тастап кетпейді. Кімде-кім бауырының шаруасына көмектессе,
Алла тағала оның ісінде жәрдемші. Кімде-кім мұсылманның уайым-қайғысын кетірсе,
Алла тағала оның қияметтегі бір қайғысын сейілтеді. Кімде-кім мұсылманның айыбын
жасырса, қияметте Алла тағала оның айыбын жасырады[2]»,-деген хадис риуаят еткен.
Исламдағы бауырластық бір анадан туған бауырлар арасындағы байланыс
сияқты. Сонымен қатар, мұсылмандық бауырластық достықпен бекиді. Мұсылман
досы жақсы болсын, жаман болсын өзіне, мал-мүлкіне және ар-намысына құрметпен
қарайды.
Жаман досына жаман әдеттерден арылуына жәрдемдесумен жақсылық жасайды.
Мұсылманның өз досына бұрыс істерін айтып, одан тиылуға шақыруы нағыз достық.
Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жәннаттық деп сүйіншілеген Осман бин Аффан,
Зубайыр бин Аууам және Талха бин Убайдулла сынды сахабалар Әбу Бәкірдің достығы
арқылы мұсылман болды.
Сіз де жолдастарыңызға достық жасаңыз. Олардың жаман әдеттен арылып,
жақсылыққа талпынуына себепкер болыңыз.
[1]Халифалар тарихы
[2] Муслим, Әдәб, Тахрим зұлм 6521
ЕСКЕНДІР ЗҰЛҚАРНАЙЫН КІМ?
Зұлқарнайын жайлы Құран Кәрімнің Каһф сүресінде баяндалады. Бұл сүренің
асбаб нузул (түсу себебі) жайлы Ибн Аббастан (р.а.) мына риуаят келтіріледі: «Құрайыш
Надр бин Харис және Уқба бин Әбу Муъитты Мединаның яһуди ғалымдарына кеңес
алу үшін жолдап: «Олардан Мұхаммед жайлы сұраңдар. Оны толығымен сипаттап,
айтып жүрген сөздерін жеткізіңдер. Яхудилер ең алғашқы кітап иелері. Оларда біз
білмейтін пайғамбарлар туралы хабар бар»,-деп шығарып салады. Мән-жайды естіп-
білген яһуди ғалымдар: «Сендер ол кісіден (Мұхаммедтен (с.ғ.с.) үш жайтты сұраңдар,
егер жауап берсе Алла тарапынан жіберілген пайғамбар болғаны. Ал, жауабы жоқ
болса көп сөйлейтін кісінің бірі ғана.
Сендер одан «Әуел замандарда өмір сүрген жігіттер жайлы сұраңдар, олардың
басынан өткерген оқиғасы мен ғажап қиссасын айтып берсін (үңгір иелері). Жердің
шығысы мен батысын шарлаған кісі кім, оның оқиғасы қалай болды. Және адамның
жаны жайлы сұраңдар[1]»,-деген екен».
Демек, Зұлқарнайын қиссасын әуелгі үмбет те білген. Тіпті, барлық пайғамбар
хабардар болуы керек бір оқиғалардың бірі. Өйткені, Медина яһуди ғұламалары
пайғамбарды жалғаншыдан ажырату үшін қойған негізгі сауалдарының бірі ретінде
99
сұрап отыр.
Құран Кәрімде бұл кісі жайлы: «(Мұхаммед (ғ.с.) олар сенен Зұлқарнайынды
сұрайды...[2]»,-деген аят бар.
Зұлқарнайын – қос мүйізді деген мағынаны білдіреді. Зұлқарнайын деп аталуының
себебі төңірегінде бірнеше риуаяттар бар, олар: рум және парсының патшасы
болғандықтан; жердің батысы мен шығысын билегендіктен; тіпті басында қос мүйіз
секілді нәрсе болған деген дерек те бар[3].
Осы айтылған Зұлқарнайын мен Александр Македонский екеуі бір тұлға ма
деген сұраққа келер болсақ, бұл жайында да көптеген деректер келтіріледі. Алайда,
ислам ғалымдары олардың қайсы нақты немесе қайсы аңыз екендігін анықтаудың еш
қажеттілігі жоқтығын ескертеді. Ең маңыздысы, ол да – алла тағаланың құлы.
[1] Тафсир Ибн Касир, Каһф сүресі, 500-бет
[2] Каһф сүресі, 83-аят
[3] Тафсир Ибн Касир, Каһф сүресі, 531-бет
ШАРИҒАТЫМЫЗДА ТҮС ЖОРУ ТУРАЛЫ НЕ АЙТЫЛҒАН?
Құран Кәрімде түс жору жайлы айтылған қиссалар бар. Мәселен, Жүсіп
пайғамбардың (ғ.с.) Мысыр патшасының түсіндегі жеті семіз сиырды молшылық
ал, жеті арық сиырды қуаңшылық жылдары деп жорығаны сияқты. Бұл қисса Жүсіп
сүресінің 46-49 аяттарында баяндалған.
Хадисте: «Сендер жағымды түс көрсеңдер, ол Алла тағаладан. Алла тағалаға
шүкіршілік айтып, көрген түстеріңді әңгімелеп беріңдер. Ал, ұнамайтын түс көрсеңдер,
ол шайтаннан, көргеннің жамандығынан сақта деп Алла тағалаға жалбарыныңдар.
Жаман түсті ешкімге айтпаңдар, өйткені сендерге оның ешбір зияны тимейді[1]», - деп
айтылған.
Түс жору ілімі бар, алайда кең тараған емес. Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) түс жори
алатын кісі болған. Тіпті, «Түс жору кітабын» жазған табиғин Мұхаммед бин Сирин
Сыддық (р.а.) шаңырағында туған.
Әбу Бәкір Алла елшісінің (с.ғ.с.) түстерін жорып бергені жайлы риуаяттар бар.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Әбу Бәкірге (р.а.): «Екеуіміз баспалдақпен көтеріліп барады
екенбіз. Мен сенен екі баспалдақ ілгерілеп кетіппін»,-деп түсін айтқанда, Сыддық
(р.а.): уа, Алла елшісі! Алла тағала сізді өз құзырына алып кетеді екен, ал мен сізден
кейін екі жарым жыл өмір сүреді екенмін,- деген екен.
Алла елшісі (с.ғ.с.) көрген түстерін сахабаларға айтып, оны өзі жорып беретін.
Өйткені, бұл – уахи. Пайғамбарлар (с.ғ.с.) түстері уахи боп келетіні Құраннан мәлім.
Мәселен, Ибраһимге (ғ.с.) ұлы Исмаилді құран ету жайлы түсі. Бұл жайлы Саффат
сүресінің 102-аятында айтылған. Әбу Сағид (р.а.) риуаят еткен хадис Пайғамбарымыз
(с.ғ.с.): «Мен ұйқыда екенмін. Кенет біреуінің киімі кеудесіне дейін, бірінікі одан
төмен киім киген адамдарды көрдім. Сосын жанымнан Омар өтті. Ол киімін сүйретіп
жүр екен, - деді. Тыңдап тұрғандар: сіз түсіңізді неге жорыдыңыз,- деп сұрағанда,
пайғамбар (с.ғ.с.): «Ол – дін», - деген екен.
Түстегі киім дінді білдіреді. Киім адамды күннің ыстығы мен суығынан қорғағаны
сияқты, дін де адамды дүние және ақырет азабынан қорғайды. Түстегі киімнің сәнді
және дұрыс болуы діннің кемелдігін көрсетеді екен.
Сахаба Абдулла бин Салам (р.а.) өзінің түс көргені туралы былай дейді: «Мен бір
100
бау-бақшада екенмін, бау-бақшаның ортасында бағана бар екен, ал бағананың үстінде
арқан. Біреу маған: шық,- деді. Мен: шыға алмаймын, деп едім, бір қызметші келіп
киімімнен демеп жіберді. Мен шығып, әлігі арқанға қолым жетті. Байқап қарасам мен
мықтап ұстап алыппын, осы түсімді пайғамбарға (с.ғ.с.) айтып бергенімде, Ол (с.а.у.)
: Бау-бақша дегенің – Ислам. Бағана – исламның ұстындары (негіздері). Арқанды
мықтап ұстанғаның – сен өмірден өткенше дінге берік боп өтеді екенсін,-деп жориды.
Көрген түсті тек ата-ана немесе туған бауыр сияқты жақын адамға яки болмаса
ниеттес дос-жарандарға айтқан жөн. Ал, жаман түсті тіпті еске де алмаған дұрыс.
[1] Жамиъ усул ли ахадис расул, руиа уа амсал, 305-бет
ҚҰРАНДЫ САТУ ДҰРЫС ПА?
Құранда: «...
Менің аяттарымды арзан бағаға сатпаңдар[1]»,- деген аят
бар. Аят тәпсірінде: «Менің кітаптарыма иман етуді және елшімді растауды дүние
байлығына айырбастамаңдар», - деп айтылған. Ал, Құран кітабын сатуға тиым жоқ.
Тіпті, Мәдине қаласына зиярат етіп барғандар арасында Құран сатып алып, пайғамбар
(с.ғ.с.) мешітіне қойып кету игі дәстүрі бар.
[1] Бақара сүресі, 41-аят
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ҚАНДАЙ СПОРТ
ТҮРІМЕН ШҰҒЫЛДАНҒАН?
Дініміз салауатты өмір салтын арттыратын дүниелерді құптайтыны мәлім.
Ендеше, спорт түрлеріне де оң көзбен қарауы заңдылық. Мұсылмандарды күшті, қуатты
болуға шақырған[1] Пайғамбарымыздың өмірінен қазіргі кездегі спорт түрлеріне ұқсас
бірнеше мысалдар бере кетелік.
1. Жүгіру. Сахаба Абдулла ибн әл-Харис былай дейді: «Алла елшісі Аббастың
ұлдары Абдулланы, Убайдулланы және Кәсирді қатар қойып: «Кім маған бірінші келеді,
соған мына, мына нәрселерді беремін», – дейтін. Олар жарыса жүгіріп келіп, Оның
арқасына, көкірегіне отыратын. Ал, Ол (с.а.у) оларды құшақтап, беттерінен сүйетін»[2].
Айша анамыз да былай дейді: «Пайғамбар екеуміз жүгіріп жарысқанымызда мен Оны
оздым. Кейін салмақ қосқанымнан соң Оны тағы оздым, артынша Мұхаммед (ғ.с.)
менен озды. Ол: «Бұл алдыңғы озғаныңның ақысы», – деді.»[3]
2. Ат жарысы. Сахаба Ибн Аббастан жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у):
«Жүлде тек ат жарысына немесе түйе жарысына, яки найза лақтыру (садақ ату)
жарысына беріледі»[4], – деген.
3. Күрес. Мекке қаласының атақты палуаны Руқанә ибн Абдязид деген кісіні
Пайғамбарымыз дінге шақырады. Палуан діннің ақиқаттығын дәлелдеуін сұрайды.
Сонда Алла елшісі оған: «Егер мен сені күресте жеңсем, менің айтқандарымның
ақиқаттылығына сенесің бе?», – деп сұрайды. Әлгі палуан келіседі. Пайғамбарымыз
бірнеше рет оның жауырынын жер иіскетеді...»[5]
4. Мергендік. Сахаба Ибн Аббастан жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у):
«Жүлде тек ат жарысына немесе түйе жарысына, яки найза лақтыру (садақ ату)
жарысына беріледі»[6], – деген.
5. Суда жүзу. Пайғамбарымыз (с.а.у) алты жасында бір айдай нағашыларында
болғандығын еске ала отырып былай дейді: «Мына жерге анам мені қалдырған еді.
Әкемнің қабірі де осы жерде. Мен сол кездері Ади ибн Нәжжар ұлдарының суында
101
жақсы жүзетінмін»[7].
Жоғарыдағы мысалдардан Алла елшісі өзінің үмметіне салауатты өмір салтын
насихаттап, соны дамытуға шақырғанын байқаймыз. Ендеше, мұсылман кісі деннің
саулығына септігін тигізетін және оны шынықтыратын спорт түрлеріне әуестенгені
жөн.
[1]Сахих Муслим, Тағдыр - 34
[2]Һәйсәми – 5/342 бет, №9352 хадис.
[3]Әбу Дәуід – №2578 хадис.
[4]Әбу Дәуід – №2574 хадис.
[5]Ибн Хишам
[6]Әбу Дәуід – №2574 хадис.
[7]Әл-Мунтазам фи тарихил умәм.
БОҚТАП СӨЙЛЕУ ҚАНШАЛЫҚТЫ КҮНӘ?
Жалпы, боғауыз сөз айту кез келген қоғамда әдептілік нормаларына теріс
саналатыны сөзсіз. Көркем мінезді толықтыруды мақсат тұтатын дініміздің де мұндай
сүйкімсіз нәрседен тыйатыны даусыз. Тирмизидің хадис жинағында келген риуаятта
ардақты Пайғамбарымыз былай дейді:
«Аллаға иман еткен кісі міншіл емес, қарғап-сілеуші емес, жаман жүрісті
емес, былапыт, балағат сөзді(
بَذِءىٌ) емес»[1]
Аталмыш хадисте өзін мүмин санайтын кісі өз бойындағы әлгіндей сүйкімсіз
қылықтар бола қалған жағдайда, олардан тазалануы керек екендігін ашық айтылуда.
Тағы бір хадисінде былай дейді:
«Қиямет күні кісінің таразыға ауыр басатын нәрсесі – көркем әдебі. Сөзсіз,
Алла тағала боғауыз, былапыт сөз айтушы кісіге ашуы келеді»[2]
Имам Бухаридің хадис жинағында көрсетілген бір хадисте әке-шешеден сыбаудың
үлкен күнәлар қатарына кіретіндігі айтылған. Ол (с.а.у.):
«Үлкен күнәлардың ішінде ең ауыры кісінің өз ата-анасына лағынет айтуы»,
– деді. Сонда одан бір кісі:«Қалай өз ата-анасына лағынет айтуы мүмкін, Уа,
Расулалла?», – деп сұрайды. Пайғамбарымыз сонда(с.а.у): Кісі біреуді әкесінен
сыбайды. Ол да оны (өз кезегінде жауап ретінде) әке-шешесінен сыбайды. (осылайша
біреу арқылы өз ата-анасын боқтаған болып отыр)[3] », – деп жауап береді.
Ендеше, мұсылмандардың боғауыз сөзден бойларын аулақ ұстаулары керек.
[1]Тирмизи, «Китабуль бир», №1977 хадис.
[2]Тирмизи, «Китабуль бир», №2002 хадис.
[3]Бухари, «Китабуль Әдәб», №5628 хадис.
ИТ ТӨБЕЛЕСТІРУ КҮНӘ МӘ?
Еш себепсіз хайуандарға жапа шектіру, оларды азаптау, оларға қасақана
зиян тигізу күнә. Тіпті, құмырсқа екеш құмырсқаны да себепсіз өлтіруге дінімізде
тыйым салады[1]. Қиямет күні Алла тағала алдында оларға шектірген зардаптарымыз
үшін сұралатынымызды ұмытпаған дұрыс. Нәсәиде келген бір хадисте Алла Елшісі
былай дейді: «Кімде-кім ермек үшін (ғабәсән) бір шымшықты өлтірген болса, әлгі
шымшық қиямет күні Аллаға: «Уа, Раббым! Түгенше мені құр ермекке өлтірді,
мені жеу үшін өлтірмеді», – деп шиқылдайды»[2]
Ендеше, иттерді ермек үшін бір-біріне талаттырып қою, осылайша оларға азап
102
шектірудің күнә екендігі сөзсіз.
Оның үстіне ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің бір сөзінде екі жануарды бір-біріне
айтақтатудан тыйған. Әбу Дәуідтің хадис жинағында көрсетілген риуаятта сахаба Ибн
Аббас былай дейді:«Жануарларды бір-біріне айтақтатудан Алла Елшісі тыйды»[3]
Сондықтан, әрбір мұсылман мұндай әрекеттерден тыйылғаны жөн[4].
[1]ӘбуДәуід, «әбуәбунНәум», №5267-хадис. Сахих
[2]ән-Нәсәи, Китабуд Захая – №4446 хадис.
[3]Әбу Дәуід, Жиһад –№2526 хадис.
[4]Итті асырау жайында мына сілтемеден біле аласыз: http://muslim.kz/kk/question/53-it-satuga-bola-ma.html
ЫСҚЫРУДЫң ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
Ислам діні келмей тұрып, Жәһил дәуіріндегі арабтар кағбада жасаған
ғибадаттарын қол шапалақтау және ысқыру арқылы орындайтын болған. Олардың
осы әрекеттерін Алла тағала сынап Құранда Әнфәл сүресінде былай дейді:
«Олардың
кағбадағы құлшылықтары тек ысқыру мен қол шапалақтау ғана еді...»[1].
Сахаба Ибн Аббастың да айтуы бойынша, Ислам келмей тұрып құрайш
тайпасының арабтары қол шапалақтап және ысқырып, кағбаны жалаңаш тауаф
ететін[2]. Дегенмен, ысқырық қолдану кей жағдайларда қажет болып жатады. Әсіресе,
қазіргі таңда ысқырық жол сақшылары мен әртүрлі спорт жаттықтырушыларының
құралы болып есептеледі. Сондықтан да айтарымыз, керексіз жерде, жайшылықта
ысқырып жүруді әдетке айналдырмаған жөн. Ең дұрысын Алла біледі!
[1]Әнфәл сүресі –№35аят.
[2]Құртуби, Әнфәл сүресі, №35 аят тәпсірі.
КОНЬЯК ҚОСЫЛҒАН КӘМПИТТІ ЖЕУГЕ БОЛМАЙ МА?
Дінімізде ішімдік атаулының харам етілгені мәлім[1]. Пайғамбарымыз (с.а.с)
өзінің хадистерінде бұл жайында ашық та анық айтқан. Сахих Бухари атты хадистер
жинағында көрсетілген бір риуаятта, Алланың Елшісінен балдан жасалған ішімдік
(битғ) жайында сұрағанда Ол (с.а.с): «Мас қылатын барлық сусындар – харам»[2], –
деп жауап берген.
Сондай-ақ, Сахаба Абдулла ибн Омардан жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз
(с.а.с): «Мас етуші (ішімдіктердің) бәрі – харам. Көп ішкенде мас ететіннің азы
да – харам
»[3], – дей отырып, ішімдіктер атаулыдан аз да болсын (бір грамм болса да)
татып алуға болмайтындығын қатаң ескертеді.
Ендеше, сіз сұрап отырған коньяк қосылған тәттілерді де жеуге дінде рұқсат жоқ.
Ондағы қосынды (коньяк)мөлшерінің аздығы үкімді өзгертпейді.
[1]Маида сүресі – 90 аят.
[2]СахихБухари, Әшриба - №5263 хадис. Фатхуль Бари.
[3]Ибн Мәжә, Әшриба - №3392 хадис
ШАШ ПЕН ТЫРНАҚТЫ ӨРТЕУГЕ БОЛА МА?
Шаш пен тырнақ мәселесі жайында ғалым Хафиз былай дейді: «Мен Имам
Ахмедтен: «Адам алынған шашы мен тырнағын не істесін, оларды көму керек пе,
әлде лақтырсын ба?» – деп сұрағанымда, Ол маған: «Көмсін. Өйткені, Әзіреті Омар
103
оларды көметін. Сондай-ақ, ардақты Пайғамбарымыз да: «Дуалаушылар дуалап
тастамасын, шаш пен тырнақты көміңдер», – деген»[1]. Ендеше, алынған тырнақ
пен шашты көмген ұнамды іс. Бірақ міндет емес. Алынған тырнақты көму — ұнамды
әрекет. Өйткені, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алынған тырнақ пен шашты көмуді кеңес
еткендігі риуаят етіледі (Фатхуль Бәри, Либас: Тақлимуль Азафир).
Бірақ, бұл міндетті түрде көму керек деген сөз емес, қоқысқа тастасаңыз да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |