419
601
310
262
385
382
793
811
358
151
Есептерді шешуде жиі қолданылатын формулалар, теңдеулер.
1
Заттың салыстырмалы молекулалық массасын оның формуласы бойынша есептеу.
Mr(AxBx)=xAr(A)+Ar(B)
2
Күрделі заттың құрамындағы элементтердің массалық үлестерін оның формуласы бойынша есептеу.
ώ(A)=Ar(A)·x/Mr(AxBy) ώ(B)=Ar(A)·x/Mr(AxBy)
3
Күрделі заттың құрамындағы элементтердің массаларының қатынастарын оның формуласы бойынша есептеу.
m(A)/m(AxBy)=Ar(B)·y/Mr(AxBy)
m(B)/m(AxBy)=Ar(B)·y/Mr(AxBy)
m(A)/m(B)=Ar(A)/y·Ar(B)
4
Берілген зат мөлшері бойынша заттың массасын есептеу.
m(AxBy)=y(AxBy)M(AxBy)
5
Берілген зат массасы бойынша оның зат мөлшерін есептеу.
y(AxBy)= m(AxBy)/ M(AxBy)
6
Газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу
Д(H2)=M(газ)/2 Д(ауа)=M(газ)/29
7
Белгілі мөлшерде берілген газ тәрізді заттың қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу.
V(газ)=y(газ)/V(қ.ж.) 8
Қалыпты жағдайда белгілі бір көлем алатын газ тәрізді заттың массасын есептеу.
M= M(газ)V(газ)/ V(қ.ж.) 9
Массасы бойынша газ тәрізді заттың қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу.
V(газ)= m(газ)·V(қ.ж.) 10
Газ тәрізді заттың молярлы массасын Клайперон- Менделеев теңдеуі бойынша есептеу.
M(газ)= m(газ) ·R·T/P· V(газ) 11
Белгісіз заттың қарапайым (эмпирикалық) формуласын табуда атомдар санының қатынасы.
x:y= ώ(A)/ Ar(A): ώ(B)/ Ar(B) x:y=y(A):y(B)
12
Газ тәрізді заттың көлемін қалыпты жағдайда ауыстыруды есептеу.
Vo=P·V(газ) ·To/Po·T
13
Еріген заттың массалық (көлемдік) үлестерін анықтау.
ώ%(зат) =mерігензат/mерітінді100% ώ%(зат) =mерігензат/ vерітіндіρерітінді100% ώ% = vерігензат/vерітінді100%
14
Ерітіндінің молярлық концентрациясын анықтау.
CM= mерітінді/ m(зат)·vерітіндіCM= ώ%(зат)·ρерітінді/100% M(зат) CM= ώ%(зат)·ρерітінді)·vерітінді/100% M(зат) CM= vергензат/ vерітінді 15
Химиялық реакцияға түскен ерітінділердің көлемі мен нормалдығының өзара қатынасы.
V1/V2=C2/C1
Дескрипторлар
Бұрыштың шамасы арқылы қандай бұрышқа жататынын біледі
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 5.4В 6 пайдаланып шешу.
Мектеп
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 5
Қатысқандар :
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Бұрыш.Бұрыштың түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)
5.3.1.4 Бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарын меңгеру,бұрыштарды белгілеу және салыстыру;
5.3.1.5 Бұрыштардың түрлерін ажырату (сүйір, тік,доғал,жазыңқы,толық)
5.3.3.1Бұрыштарды транспортир көмегімен өлшеу;
5.3.3.2 Градустық өлшемі берілген бұрышты транспортир көмегімен салу;
5.3.3.3 Бұрыштың градустық өлшемін табуға,бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығару
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: Бұрыштардың түрлерін ажырата алады(сүйір, тік,доғал,жазыңқы,толық)
Оқушылардың басым бөлігі: Бұрыштардың түрлерін ажырата алады,Бұрыштарды транспортир көмегімен өлшей алады.
Кейбір оқушылар: Бұрыштың градустық өлшемін таба алады,бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығара алады
Бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарын меңгереді,бұрыштарды белгілей алады және салыстыра алады Бұрыштардың түрлерін ажырата алады (сүйір, тік,доғал,жазыңқы,.толық)
Бұрыштарды транспортир көмегімен өлшей алады
Тілдік мақсат
Бұрыш, градус,транспортир
Құндылықтарға баулу
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары: Жалпыға бірдей еңбек қоғамы: оқушылар ынтымақтастық ортада жұмыс жасайды, басқалардың пікірін тыңдайды және өз пікірін ашық айтуға дағдыланады
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақ, бекіту
Сабақтың жоспарланған кезеңдері уақыт
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
ә) Тұлға аралық байланысты орнату.
«Жүректен жүрекке» әдісі арқылы бір-біріне сәттілік тілеп,жылы лебіздерін айтады.
Сыныпта ынтымақтастық орта құру;оқушылар бірлесіп жұмыс жасау үшін топқа бөлу.
«Градустар» арқылы топқа бөліну.Мұнда оқушылар градустар жазылған стикерлерді алып қандай гардус қандай бұрышқа жататынан тауып үш топқа бөлінеді.Топбасшысы сайланады
1-топ «Сүйір бұрыштар»
2-топ: «Доғал бұрыштар»
3-топ: «Тік бұрыштар»
« Көршіңді тексер » әдісімен үй тапсырмасын тексеру. Әр топ көршілерімен дәптерлерін алмастырып, тексереді және дұрыс тапсырмаларға жұлдызшалар беріледі
Толық бұрыш неше градусқа тең? «Құпия зат» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту және тақырыпты ашу.
Сағатты көрсетемін. Олардан бұл заттың не екенін және сабақпен қалай байланысатынын сұраймын. Бұрыштар жайлы айтылғанын талқылаймыз.
«Бұрыш» сөзжұмбақ шешу.
1) Тік бұрыштың жартысы неге тең?
2) Транспортир бұрышты өлшеуге арналған ...
3) Бұрыштың өлшем бірлігі?
4) 1800-қа тең бұрыш қалай аталады?
5) Сүйір бұрыш 900-тан ...
қ ы р ы қ б е с
қ ұ р а л
г р а д у с
ж а з ы ң қ ы
к і ш і
8. Тарихи деректер. Сұрақ жауап.Акт-ны қолданып ғаламтордан жауап іздейді.
1. Градус-қай елдің сөзі және қазақша мағынасы
2. Бұрышты есептеу қандай санау жүйесімен есептелген?
3. Бұрыштың градустан басқа қандай бірліктері бар?
9. Ойлан тап. Есептер шығару.
1. Жазыңқы бұрыштың ½ бөлігі Дәптерге жаздырту
2. Толық бұрыштың 1/3 бөлігі
3. Тік бұрыштың 2/9 бөлігі
4. Толық бұрыштың ¼ бөлігі
5. Жазық бұрыштың 50%
6. Толық бұрытың 50%
10.Ой қозғау.Жұмбақ
1) Санасаң бір үйде төртеу бар,
Қаласаң, аузыңды өртейтін нәр. /бұрыш/
2) Үшбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? /4 бұрыш/
3) Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта бір мысықтан отыр. Әр мысықтың қарсысында 3 мысық отыр. Бөлмеде қанша мысық бар? /төрт/
Сабақтың соңы.
Бағалау: Сабақ барысында қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырамын. Ол үшін берілген әрбір тапсырмаға бағалау критериі мен дискрипторлар құрастырып, жинаған жұлдызшаларын санаймын, оқушыларға жұлдызшалар беріп отырамын.
Келесі сабаққа тапсырма
Үйге тапсырма:
Кері байланыс
Екі жұлдыз бір тілек.
Тақтада көрсетілген сәйкес бағанға стикер жабыстырады (аттарын жазып, өздерінің сабақты қалай түсінгенін екі жұлдыз арқылы және ертеңгі күнге бір тілек арқылы білдіреді)
Рефлексия
«Білім әлеміне кеме жіберіңіз» Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша түсінген болса білім теңізіне,түсінбеген болса теңіздің шетіне стрикер жапсырады