Құрастырушылар: б.ғ. к. Утаубаева А. У., оқытушы, магистр Сарсенова А. Н



Pdf көрінісі
бет22/82
Дата04.11.2023
өлшемі5,89 Mb.
#122157
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82
Интерфазалық хромосома. 
Бұлілмекті, күрделі құрылым. Соленоидты фибрилла 
əртүрлі ұзындықтағы ілмекті (20 мыңнан 80 мың жұп нуклеотидтерге дейін) құрастырады. 
Хроматинді фибрилла нəтижесінде 300 нм диаметрге дейінгі құрылым түзіледі, ол 
интерфазалы хромонема деп аталады. Хромонемалар қосымша жинақталады, диаметрі 
600-700 нм хроматидтерді құрайды. Хроматидтер метафазалы хромосома құрамына кіреді, 
диаметрі 1400 нмнемесе 1,4 мкм. 
Канадалық ғалым Барр (1908 – 1995) жəне оныңстуденті Бертрам1949 жылы Барр 
денешігі деп аталатын құрылымды ашқан, немесе Х-жыныс хроматині. 
Барр - денешігі əйелдердің жұмыртқаклеткаларында кездеседі. Жыныс хроматині - 
ұрықтың жынысын ерте анықтауға мүмкіндік береді. Кариотип (грекше karyon – жаңғақ, 
жаңғақ ядросы жəне typos - үлгі, пішін) - жануарлар мен өсімдіктердің жүйлік 
(систематикалық) 
тобының 
бір 
сипаттамасы, 
олардың 
дене 
клеткаларындағыхромосомалардың 
диплоидты 
жиынтығы. 
Кариотиптер 


хромосомалардың саны,центромераларының орналасуы, көлемі, пішіні, екінші реттік 
тартылулары жəне тағы басқа белгілерімен сипатталады. 
Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы.
Гендер хромосомада бір 
сызықтың бойымен тізбектеле орналасқан. Əр геннің хромосомада нақтылы орны (локус) 
болады; бір хромосомада орналасқан гендер тіркесу топтарын құрайды. Тіркесу 
топтарының саны сол организмге тəн хромосомалардың гаплоидты санына сəйкес келеді; 
Ұқсас хромосомалардың арасында аллельді гендердің алмасуы жүреді; хромосомадағы 
гендердің ара қашықтығы айқасу жиілігіне тура пропорционал. 
Томас Хант Морган
(американдық биолог, генетиканың негізін салушылардың бірі, 
«Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының» негізін қалаған еңбегі үшін 
Нобель сыйлығының Лауреаты атағына ие болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет