«Ширатпа-бұрылым-ширатпа» мотиві болатын ақуыздың ДНҚ-мен әрекетесуі
б) Гомеодомендері болатын ақуыздар.
Бұларға эукариоттардың эмбриональдық дамуына жауапты гомеиотикалық гендерінің өнімдері жатады. Осы ақуыздар арқылы кейбір гендерді іске қосып, кейбіреулерін істен шығарып ағзалардың дамуы реттелінеді.
Гомеодомендік ақуыздар
Бұл ақуыздардың ерекшелігі-гомеодомендер деп аталатын біртипті домендердің болуы.
Гомеодомен, шамамен, 60-тай аминқышқылдарынан құрылған, құрылысы жағынан прокариоттардың ақуыз-репрессорларына ұқсас болады.
в) «Мырыш саусақтары» болатын ақуыздар.
Бұл ақуыздардың саусақтәрізді құрылымдары болады. Олар мырыш атомының 2 цистеин және 2 гистидин аминқышқылдарының қалдықтарымен 4 байланыс пайда ету арқылы тұрақтанады.
«Мырыш саусақтары бар» ақуыздардың ДНҚ мен әрекеттесуі
Саусақтың сыртқы бетінде ДНҚ-ның белгілі бір нуклеотид бірізділігін арнайы танитын -ширатпа орналасқан. Саусақтардың саны әртүрлі ақуыздарда түрліше болады.
Бұл топқа эукариоттардың көптеген ретеуші ақуыздары, атап айтқанда стероидтық гормондардың жасушаішілік ақуыз-рецепторлары жатады.
г) Лейцин «ілдіргіші» бар ақуыздар.
Бұл топқа бір бірімен Лейцин қалдықтары арасындағы гидрофобтық байланыстар арқылы қосылған 2 субъединицадан (бөлшектен) тұратын ақуыздар кіреді.
ДНҚ-мен байланысатын учаскеде негіздер қасиетіне ие аминқышқылдар-аргинин және лизин көптеп кездеседі.
Лейцин «ілдіргіші» бар ақуыздың ДНҚ мен әрекеттесуі
Бұл топқа эукариоттардың көптеген транскрипциялық факторлары кіреді.
Транскрипцияның жалпы факторлары
Транскрипцияның жалпы факторлары РНҚ полимераза ферментінің промотормен байланысуын қамтамасыз ететін ақуыздар. Бұл ақуыздардың өздері де промотормен байланысады.
Промоторлық учаскеде бокстар деп аталатын ерекше нуклеотидтер бірізділігі кездеседі , мысалы эукариоттарда ТАТА бокс жиі кездеседі, сонымен бірге сиректеу ГЦ-, ЦААТ-бокстары да белгілі. Әртүрлі промоторларда олардың орналасу реті түрліше; кейбір жағдайларда ГЦ-бокс, ТАТА-боксқа дейін орналасса, екінші біреулерінде керісінше.
Промотордың ТАТА–боксымен алғаш ТВР–ақуыз (ТАТА-Binding Protein) байланысады. Бұл бірнеше ТАҒ–ақуыздардың (TBP-Associated Faktors) жалғануын инициациялайды.
Бұл ақуыздар (ТВР және ТАҒ ақуыздары), -транскрипцияның жалпы факторлары деп аталады, себебі олар барлық жасушаларда кездеседі және көптеген гендердің экспрессиялануы үшін міндетті түрде қажет. Осы ақуыздар кешенін ТҒ II Д (Transcriptional Faktor D for polymeraze II-) деп те аталады. Осы ақуыздар РНҚ-полимераза ІІ-нің промотормен байланысуы үшін қажет. Промотормен байланысқан ақуыздар кешенін негізгі инициаторлық кешен деп атайды. ТҒІІД дан басқа ТҒІІА, ТҒІІВ, ТҒІІС, ТҒІІН деп аталатын транскрипцияның жалпы факторлары да белгілі. Олар әртүрлі промоторлармен байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: |