Құрастырушылар


Ақуыз биосинтезінің жобасы



бет36/103
Дата20.10.2022
өлшемі12,21 Mb.
#44325
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103
Байланысты:
метод-молбиология-леч.дело.пр.2к.каз.

Ақуыз биосинтезінің жобасы

А-еркін бөлшектер; Б-инициаторлық кешен; В-толық жинақталған рибосома еİF-1 факторы еİF-2-ге кезекті ГТФ пен Мет-т-РНҚи мет жалғау арқылы оның жаңадан зарядталуына мүмкіндік береді.


Иницияциядан кейін трансляцияның негізгі кезеңі –элонгация (пептидтік тізбектің ұзаруы) басталады. Ол қайталанып отыратын циклдык сипатқа ие, яғни әрбір кезекті аминқышқылының полипептид тізбегіне қосылуы қайталанып отыратын ұқсас құбылыстардан тұрады.
Элонгация циклдарі 3 сатыдан тұрады.
а) аа-т-РНҚ байланысуы. Циклдың алғашқы сатысында рибосоманың бос А-орталығы а-РНҚ кодонына комплиментарлы антикодоны бар кезекті аа-т-РНҚ-мен байланысады. Жалпы алғанда бұл инициаторлық аа-т РНҚ-ның П-орталықпен байланысуы сияқты жүреді, яғни ГТФ молекуласы және 2 элонгация факторы (ақуыз) -ЕF -1и, ЕF-1ѕ пайдаланылады. ЕF-1и факторы ГТФ-пен және рибосомаға енген кезекті аа-т РНҚ-мен қосылып кешен пайда етеді. Егер осы аа-т РНҚ-ның антикодоны А-орталықтағы а-РНҚ –ның кодонына комплиментарлы болмаса, кешен бұл жерде тұрақтамай, диффузия жолымен рибосоманы тастап шығады.





Элонгация сатылары

Ал егер, антикодон а-РНҚ кодонымен комплиментарлы болатын болса кешен ыдырап, оның аа-т-РНҚ-сы А-орталықпен байланысады. ГТФ ГДФ-ке дейін гидролизденеді, ал соңғысы ЕF-1и факторымен бірге босанып шығады да әрі қарай рибосомадан тыс ЕF-1ѕ –пен бірге ГДФ-ның ГТФ-ға айналуына қатынасады және аа-т-РНҚ-ның кезекті молекуласымен байланысады.


б) Пептидтік байланыстың түзілуі. Циклдың алғашқы сатысынан кейін рибосоманың П-орталығында пептидил-т РНҚ, А-орталығында аа-т РНҚ орналасқан. Олардың акцепторлық ұштары және аминқышқылдар қалдықтары ПТФ-орталықта болады. Соңғысы, яғни ПТФ орталық пептидил-трансферазалық реакцияны қалыптастырады, яғни екі аминқышқылдар арасында пептидтік байланысты қалыптастырады. ПТФ реакциясы нәтижесінде пептидил 1 аминқышқылына ұзарады.
в) Транслокация. Циклдың 3 сатысында а-РНҚ жаңадан түзілген пептидил-т РНҚ-мен бірге бір кодонға солға қарай жылжиды. Осының нәтижесінде П-орталықтағы аминқышқылы рибосомадан шығып кетсе, А-орталықтағы пептидил-т РНҚ П-орталыққа өтеді, А-орталықта а-РНҚ-ның келесі кодоны болады және кезекті аа-т РНҚ–мен комплиментарлы байланысуға дайын.
Транслокация сатысына ГТФ және транслоказа деп аталатын элонгация факторы (ЕF-2) қатынасады.
Осымен элонгацияның бір циклы аяқталып, келесі циклы басталады. Пептидтік тізбектің бір аминқышқылына ұзаруы үшін 2 ГТФ молекуласының энергиясы жұмсалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет