Құрастырушылар


Рибосомалардың белсенді орталықтары



бет35/103
Дата20.10.2022
өлшемі12,21 Mb.
#44325
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103
Рибосомалардың белсенді орталықтары

Рибосома бөлшектерінің түйісетін беттерінде аталған компоненттердің байланысу орталықтары және пептидтік байланыстарды қалыптастыратын, рибосоманың а-РНҚ бойымен жай жылжып отыруын катализдейтін орталықтар да болады.


Сонымен рибосомада 4 белсенді (актив) орталықтар кездеседі:
1) а-РНҚ байланысатын орталық (М-орталық), бұл а-РНҚ-ның 51-трансляцияланбайтын учаскесінің 5-9 нуклеотидіне комплиментарлы 18Ѕ р РНҚ-ның бір учаскесі болып табылады.
2) Пептидил орталығы (П-орталық). Трансляция басталар алдында осы орталықпен инициаторлық аминоацил –т-РНҚ, яғни инициаторлық аминоацил т-РНҚи мет байланысады. Кейінірек П-орталықта өсіп келе жатқан полипептид тізбегіне енді–ғана қосылған пептедил-тРНҚ орналасады.
3) Аминқышқылы орталығы (А-орталық) –бұл орталықпен кезекті аа-т-РНҚ байланысады.
4) Пептедилтрансферазалық орталық (ПТФ-орталық)-полипептидтің аминқышқылдары арасында пептидтік байланыстарды пайда етуші және полипептидті бір аминқышқылына ұзартатын орталық.
Осы 4 орталық рибосома бөлшектерінде түрліше орналасқан: кіші бөлшекте–түгелдей М-орталық, А-орталықтың негізгі бөлігі және П-орталықтың шамалы бөлігі орналасқан; үлкен бөлшекте - П және А орталықтардың қалған бөліктері, яғни П-орталықтың негізгі бөлімі, А-орталықтың шамалы бөлімі және түгелдей ПТФ орталығы орналасқан.


Трансляция немесе ақуыз биосинтезінің иницияциясы
Ең алдымен а-РНҚ-ның 51-трансляцияланбайтын учаскесі рибосоманың кіші бөлшегімен (18Ѕ р РНҚ) байланысады. Бұл кезде инициаторлық кодон (АУГ) П-орталық деңгейінде орналасады, әрі қарай инициаторлық кодон мен (АУГ) инициаторлық аа-р-РНҚ (Мет-аа-т РНҚи мет) комплиментарлы байланысады. Ал, соңғысы үлкен бөлшектің П-орталығымен әрекеттесіп рибосоманың екі бөлшегінің біртұтас органеллаға жинақталуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, трансляция иницияциясы үшін ГТФ және 3 иницияция факторлары-еİF-1, еİF-2, еİF-3, қажет. Бұлардың ішінде еİF-3 рибосоманың еркін кіші бөлшегіне қосылып, оның үлкен бөлшегімен күні бұрын байланысуын болдырмайды және онымен а-РНҚ-ның байланысуына көмектеседі.
еİF-2 факторы инициаторлық аа-т РНҚ-ның байланысуын қамтамасыз етеді. Бұл кешен ГТФ-пен де байланысқан. Содан кейін Мет-т-РНҚ и мет, өз орнына, П-орталыққа орналасу барысында ГТФ-ГДФ-ға дейін гидролизденеді. Бұл кезде еİF-3 және, еİF-2 рибосоманы тастап шығып кетеді.Сонымен, белсенді біртұтас рибосоманың жинақталуы, яғни инициаторлық кешеннің түзелуі, бір макроэнергиялық байланыстың үзілуі арқылы жүреді. (ГТФ→ГДФ). Осы кезде бөлінетін энергия үдерістің қажетті бағытта жүруі үшін термодинамикалық стимулы болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет