Құрастырушылар


Тубулин ақуызының полимеризациялануы арқылы бөліну жіпшесінің



бет69/103
Дата20.10.2022
өлшемі12,21 Mb.
#44325
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103
Тубулин ақуызының полимеризациялануы арқылы бөліну жіпшесінің қалыптасыуы толық аяқталды. Оның құрамына 3 түрлі микротүтікшелер кіреді:
1) кинетохарлық-центромера айналысындағы ерекше ақуыз кешені- кинетохарлардан басталатын және хроматидаларды байланыстыратын микротүтікшелер;
2) полярлық-бір диплосомадан басталып, бөліну жіпшесінің ортасына қарай бағытталған және қарама-қарсы полюс микротүтікшелерімен жанасатын микротүтікшелер;
3) астралық-диплосомалардан жасуша беттеріне бағытталған микротүтікшелер.
в) Анафазада-хроматидалар конденсацияланған күйде болып, бір-бірінен байланысын толық үзіп, бөлінуші жасушаның қарама-қарсы полюстеріне қарай тартыла бастайды. Бұл кезде олар центромералық учаскелерімен тиесілі полюске, ал теломерлік учаскелерімен жасуша экваторына қарай бағытталған болады.

Бір-бірінен ажырасқан хромосомалардың қозғалып жылжуы бірнеше факторларға негізделінеді:
а) бөліну жіпшесінің микротүтікшелер ұзындығының өзгеруіне:
- кинетохорлық микротүтікшелердің қысқаруына;
- полярлық микротүтікшелердің ұзаруына;
б) ақуыз-транслокаторлар әсерлеріне:
- олардың кейбіреулері хромосомаларды кинетохорлық микротүтікшелер бойымен жылжытады;
- екінші біреулері полярлық микротүтікшелерді қарама-қарса бағыттарға жылжытады.
г) Телофазада-жасуша полюсіне қарай жылжып қозғалушы хромосома жиынтығы «өздерінің» диплосомасына жақындап барып тоқтайды.
Профазада ядро мембранасының ыдырауы кезінде түзілген көпіршіктер хромосомалармен қосылады. Олардың қабырғасына ядроның поралық кешені қыстырылады. Ол арқылы филаменттерді қалыптастырушы ақуыздар көпіршіктерге енеді де ядро ламинасын пайда етеді. Осының нәтижесінде көпіршіктер өзара қосылады. Алғаш әрбір хромосома айналысында қос қабат қабықша пайда боладй, яғни кариомералар деп аталатын көптеген мини-ядролар түзіледі. Олардың әрқайсысы «өзінің» диплосомасымен байланысқан болады.



Кейінірек диплосомамен байланысқан кориомералар өзара қосылады да жаңадан 2 ядро түзеді.
Хромосомалар біртіндеп деконденсацияланады (кері ширатылып босайды, ұзарады,жіңішкереді) және ядрошықты қалыптастыра бастайды.
Телофазаның аяғында цитокинез – орын алады,яғни цитоплазма екіге бөлінеді,ақырында екі жаңа жасуша түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет