Сағат саны: 90мин (100%)
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты: Жасушалық цикл және оның кезеңдері (пресинтетикалық, синтетикалық және посинтетикалық). Жасушалық циклдегі хроматин жағдайының өзгеруі.
Оқыту:Студенттерге жасуша циклі, жасушаның пайда болуы, өсуі, атқаратын қызметтеріне икемделуі және әрі қарай бөлінуі кезеңдерінде байқалатын құбылыстар мен үрдістер жиынтығын жеткізу. Жасуша циклы 4 кезеңдерден тұрады: 1.Пресинтетикалық кезең жаңадан пайда болған жасушалардың өсуі, ДНҚ молекуласының синтезделуіне дайындалу кезеңі. Осы кезеңде жасушаның кезекті митозтық циклға енуі не бөлінуін тоқтатуы туралы. Белгілі бір себептермен бөлінуін тоқтатқан, митоздық циклдан шыққан, жасушаларды түсіндіру. 2.Синтетикалық кезең ядрода ДНҚ молекуласы синтезделінеді, цитоплазмада органеллалар, оның ішінде центриолялар,көбеюін. 3. Постсинтетикалық кезең жасуша бөлінуге дайындалады, яғни митоздың қалыпты жүруі үшін қажет барлық ақуыздар, оның ішінде бөліну жіпшесін қалыптастыратын тубулин синтезделінуі туралы түсінік беру.
тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
дамыту: жаңа қосымша иновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.
Оқыту әдісі:Жаңа инновациялық әдістер арқылы тақырыппен таныстыру (презентация), мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер,тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау, сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер
Материалды-техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.
а) техникалық құралдар:микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмысқа арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, нұсқау карталары, кестелер, сөзжұмбақтар, плакат жинағы.
б) оқыту орны: 413,427б, 428 бөлме.