Қосымша әдебиеттер:
1.Введение в молекулярную медицину / под.ред.Пальцева М.А. – М.,Медицина,2004
2. Генетика. Учебник / под.ред.академика РАМН Иванова В.И. – М., ИКЦ «Академкнига»,2006 .
3.Гинтер Е.К.Медицинская генетика – М.,Медицина,2003.
4. Казымбет П.К., Мироедова Э.П.Биология.Учебное пособие – Астана,2006,2007.
5. Медицинская паразитология.Учебное пособие.Барышников Е.Н. – М., ВААДОС – пресс,2005.
6. Пехов А.П.Биология и общая генетика. Учебник – СПб,2006.
7. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей. Пер с англ. – М.: БИНОМ – Пресс,2003.
Ұйымдастыру кезеңі: 5мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
1.Митоз және оның фазалары (профаза,метафаза,анафаза,телофаза)
2.Митоздың биологиялық маңызы.
Сабақтың мақсаты мен міндеті. Жасушаның бөлінуі – митоз туралы түсінік беру. Митоз – жасушаның бұрыс бөлінуі. Митоз дене жасушаларында байқалады. Митоз процесінде ядро күрделі өзгерістерге ұшырайды, жаңадан пайда болған жасушаларға тұқым қуалаушылық материалы тепе-тең бөлініп беріліп отырады. Бұл митоздың биологиялық маңызы болып саналады. Митоз 4 фазадан тұрады: профаза,метафаза,анафаза,телофаза оқып үйрену. Студенттерге жасушаның бөлінуі-негізгі факторларын оқып білу.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)
1.Жасуша циклі және кезеңдері
2.Жасуша циклінің әр түрлі кезеңдерде өтетін жайыттарға сипаттама
3.Жасуша циклінің реттелу тетіктері
- циклиндер, циклин тәуелді киназалар мен олардың кешендері
4.Митоз
5.Митоз кезеңдері (профаза,метафаза,анафаза,телофаза)
Жаңа сабақты түсіндіру 27мин (30%)
Тақырыпты жоспармен таныстыру
Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы
Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану
Эукариоттық жасушалар өздерінің пішіндерін өзгертуге, қозғалып орындарын ауыстыруға (миграция), цитоплазма органеллаларының қозғалуын және митоз кезінде хромосомалардың мақсатты ажырасуын қамтамасыз етуге қабілетті. Жасушаның бұл қасиеттері оның негізгі цитоархитектурасын қалыптастыратын ақуыздар жиынтығы арқылы жүзге асады. Цитоскелет (цитоқаңқа) жасушаның белгілі бір құрылымдық деңгейінің ұйымдастырылуын бірқалыпты ұстап тұратын, ерімейтін ақуыздар кешені болып табылады. Цитоскелет 3 негізгі құрымдардан–микротүтікшелер, актин филаменттері (жіпшелері) және аралық филаменттерден құралған. Олардың әрқайсысы мыңдаған ақуыздардан тұрады. Цитоскелет элементтерінің үшеуіде полимеризацияланады және өздігінен полимерлік құрылымдарға кірігіп мыңдаған біркелкі актин бөлшектеріне, әжептеуір ұзын, 10-15мкм, жасушаны тесіп өтетін сызықты массивтерге жинақталады. Бұл өте ұзын, жіпше тәрізді құрылымдар. Олар органелаларды ұстап тұрушы, жасуша ішілік қаңқа және органеллалар қозғалатын «рельстер» қызметтерін атқарады. Цитоскелет құрылымының қалыптасуында және қызметтік бірігуінде (интеграция) оның негізгі компоненттерімен бірге қосымша ақуыздар да маңызды рөл атқарады. Олар:
–органеллалардың цитоскелетке жабысуына;
–органелалардың бағытты қозғалуын қалыптастыруға;
–цитоскелет байланыстарына және қызметтерінің үйлестірілуіне
жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |