Түсіндірілетін материалдың негізділігі мен жеткізілуінің ғылымилығы.
Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.
Хромосомалық аурулар деп-клиникалық сипаттары жағынан түрліше болып келетін адамдар патологиясының үлкен бір тобын айтамыз. Олардың бәрінің себептері бір-ол хромосомалық не геномдық мутациялар болып табылады. Хромосомалық аурулар ата-аналарының гаметаларында пайда болған мутациялар,не ұрықтың дамуының алғашқы кезеңдерінде пайда болған мутация салдарынан қалыптасуы мүмкін. Гаметаларда пайда болған мутациялар бұл аурудың толық формасының,ал ұрық жасушаларында пайда болған мутациялар аралас формасының дамуына алып келеді. Көптеген хромосомалық аурулардың пайда болуының басты себебі тарихи, эволюциялық қалыптасқан жүйе кариотиптің,өзгеруі, яғни хромосомасандарының не хромосомалардың бір-бірінен ажыраспауының салдарынан болады.