Мұғалімнің міндеті: «көлемді-кеңістікті композиция» түсінігімен таныстыру, көлемді бейнелер жасап үйрету, ұжымда жұмыс істеу барысында міндеттерді бөлу.
Оқушылардың шығармашылық міндеті:көлемді- кеңістікті композиция жасап, оған атау беру.
Оқушылардың міндеті
Жасайтын жұмысының идеясын айтып, топтағы әрбір қатысушының міндеттерін белгілеу. Мұғалімнің сұрақ- тарына жауап беру. Жұмыстарын таныстырып, талқы- лау. Терминдерді үш тілде білу.
Тірек сөздер:көлемді-кеңістікті композиция, ұжымдық жұмыс, жұмысты жоспарлау, міндеттерді бөлу,
жұмыстарды таныстыру.
Талқылауға арналған сұрақтар мен жауаптар: Көлемді-кеңістікті композиция дегеніміз не? Жауап. Бұл – жан-жағынан қарауға болатын компози- ция. Онда заттар бір-бірінен алшақ орналасады.
«Хайуанаттар бағы», «Құстар ауласы» көлемді-ке- ңістікті композицияларында нені бейнелеуге болады? Жауап. Мұндай композицияда әртүрлі аңдар мен құс- тарды бейнелеуге болады (бірнешеуін атайды).
Ұжымдық жұмыс пен жеке-дара жұмыстың айыр- машылығы неде?
Жауап. Жеке-дара жұмысты бір адам орындайды. Ұжымдық жұмысты бірнеше адам орындайды, олар идеясын ортаға салып, жұмыс ретін жоспарлап,
міндеттерді өзара бөліседі. Мұндай жұмыста бәрі бір мақсатқа жұмылады.
Күтілетін нәтиже
Барлық оқушылар: көлемді-кеңістікті композицияның не екенін біледі. Ұжымдық композицияны талқылауға қатысып, ортақ композиция жасағанда өзіне
міндеттелген жұмысты атқара алады.