Раупова Надежда Алимовна КӨркем еңбек оқыту əдістемесі мазмұны


Алған білім- нің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу



бет30/128
Дата15.11.2023
өлшемі436,32 Kb.
#123800
түріҚұрамы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   128
Байланысты:
Көркем еңбек оқыту әдістемесі 3-сынып

Алған білім- нің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

«Жаман», «жақсы» ұғымдарының тек этникалық емес, сондай-ақ философиялық мәні бар. Бұл ұғымдардың екі жағы болады. Қазірше бұл ұғым- дарға терең бойламай, сабақтың бірнеше мину- тында жақсы, жаманның не екенін түсіндіріп, оқушылар бұл жөнінде не айтатындарын білсін. Дереккөздерде көрсетілген мультфильмдерді көріп, талқылауға болады. Мұғалім оқушыларды ынталандыру үшін мектеп өміріне қатысты
жағдайларды көрсетеді, ал оқушылар оларды жақсы, жаман жағынан бағалайды.

Оқулық.

Анималист- суретшілердің графикалық және кескіндемелік жұ- мыстарының ре- продукциялары.




https://www.youtube. com/watch?v=ycZhx dozG8o


https://www.youtube.
com/watch?v=3yiP1J MtxDM

Материалды түсіндіру

Бұл басқа пәндерге де ортақ тақырып болған- дықтан, оны қайталап жатпай, осы тақырып
бойынша өзге пәндерден не өткендерін сұрайды.
№1 қосымшадағы ойындардың бірін ойнатуға болады. Жалпы мұғалім оқушыларды мейірімді және зұлым ертегі кейіпкерлерін талқылай отырып, «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбына бағыттайды. Бұл пән тақырыптың
этика-эстетикалық жағын қарастыратын болған- дықтан, балалардың көңілін олар жағымды және жағымсыз құбылыстарды (дәлірек айтқанда, мейірімді және мейірімсіз) қандай құралдармен көрсететіндеріне бағыттау керек. Бұл жерде иллюстрация өнері туралы айтқан дұрыс.
Жазушыға кейіпкерлердің мінезін олардың жақсы не жаман әрекеттеріне қарап сипаттау жеңіл. Ал суретшінің ондай мүмкіндігі жоқ, сондықтан
оның атқаратын міндеті де зор, ол мейірімді және зұлым кейіпкерлерді көрермен айтқызбай та- нитындай әсерлегіш құралдарды табуы керек.
Әрине, ең басты әсерлегіш құрал – түс. Мұғалім тақтаның алдында тәжірибе жүргізеді, ол үшін ертегі кейіпкерлерін еске түсіріп, олардың не
себепті бірі мейірімді, енді бірі зұлым екенін түсіндіреді. Одан әрі оқулыққа сәйкес (22-бет)

Оқулық, 22–25- беттер.
3-сыныпқа арналған СD-диск.

Мейірімді және зұлым кейіпкерлер бейнеленген кітап иллюстрациялары.


№1 қосымшадағы материалдар.


https://www.youtube. com/watch?v=iuxkUv Le3Wo https://www.youtube. com/watch?v=VTW0 ENow23w


http://www.art- urok.ru/illyustratoryi. htm


https://www.youtube. com/watch?v=SU-







мұғалім белгілі бір түс үйлесімін таңдап, оқушылардан бұл түспен қандай кейіпкерді бей- нелейтінін сұрайды. Балалар қиындықсыз табады.
Оқушыларға белгілі бір түсті үлестірме
қағаздарды көрсетіп, онда қандай кейіпкерлер бейнеленгенін табу үшін сұрақ-жауап өткізеді.
Жұмыс дәптеріндегі бірінші тапсырманы
орындағаннан кейін, қарама-қарсылық (контраст) құбылысын меңгереді. Бұл – бейнелеу өнеріндегі маңызды әсерлегіш құралдардың бірі. Мұғалім оқулықтың 24–25-беттеріндегі материалдарды пайдаланып, оқушыларды композициядағы қарама-қарсылық ұғымымен таныстырады.
«Жақсы», «жаман» ұғымдары да қарама- қарсылықты білдіретініне көңіл бөле отырып, оның неден көрініс табатыны туралы айтады
(түсте, пішінде, өлшемде, қанықтылықта, қимыл мен тыныштықта). Біз бүгін жаңа түс
бояуларымен танысамыз. Алдымен түс
шеңберінде қарама-қарсы тұрған түстерге назар аударайық (түс жұптары берілген арнайы түс шеңберіне арналған тақтайша болғаны дұрыс,
болмаған жағдайда көрсеткіш таяқшаны пайдаланады). Біз қызыл түске қарама-қарсы
тұрған жасыл түсті көріп тұрмыз, қызғылт сары түске көк түс қарсы тұр, ал сары түске күлгін түс қарама-қарсы тұр. Бұл түс жұптарындағы түстер
бір-біріне мүлде ұқсамайды, әрбір жұпта бір суық, бір жылы түс бар. Бұлар қарама-қарсы түстер деп аталады. Мұғалім қарама-қарсы түстер туралы айтқанда міндетті түрде екі түсті қатар айтуы керек, мысалы, сары түс қарама-қарсы деп айтуға болмайды, ол өз-өзіне емес, күлгін түске қарама- қарсы. Түс шеңберінде қатар орналасқан түстер
бір-бірінен ерекшеленеді, алайда ортақ қасиеттері бар: жылы қызыл түстің жанында жылы қызғылт сары түс тұр, одан кейін жылы сары түс орналас- қан. Бұлар қатар тұрғаннан кейін ғана емес, түс
жағынан бір-біріне жақын болғандықтан, жылы түстер деп аталады.
Одан әрі балалар қарама-қарсы және жақын түстердің көңіл күйін анықтайды. Мысалы: 1) көк және қызғылт сары, көк және жасыл; 2) жасыл
және көк, жасыл және қызыл және т.б. (ол үшін арнайы түс жұптары бар арнайы үлестірме қағаздар әзірлеп қойған дұрыс). Егер мұғалімде үлестірме қағаздар болмаса, оқулықты
пайдалануға болады. Балалар мынадай қоры- тынды жасайды: қарама-қарсы түс жұптары жақын түстерге қарағанда айқын, жарқын.
Табиғаттан да мысалдар келтіруге болады. Жасыл шөптің үстінде қызғалдақ гүлінің жайнап

DqZkLTvA https://www.youtube. com/watch?v=Y9o5K N7zqLU







жатқанын елестетіңдерші. Қарама-қарсы түстер
арқылы түрлі қайшылықтарды ұтымды көрсетуге болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет