1-тақырып. Жанды табиғат
Күлімдейді жауқазын
Қар астынан сығалап, Күлімдейді жауқазын.
Қар шытса қабақ, бұға қап, Дірілдейді жауқазын.
Көктегі күннен қуат ап, Жылылық беріп Жер-Ана, Қар астынан туа сап, Өсіпті осы гүл бала.
Қызғалдақ жарып қымсынып, Еркелеп күнге қарайды.
Жас бойын сылап, сілкініп, Ақ бетін ашып арайлы.
Əзілдеп жауса ақ жауын, Астында тұрад балаша, Балдырған бала жауқазын, Не деген көркем, тамаша!
Гүлге бұлбұл келеді
Сыбанып ап білекті, Қолына алып күректі. Көктемеде Гүлсім қыз
«Көгерсін» деп гүл екті.
Нұрын септі күн күліп, Жер балқыды жылынып. Жан бітті гүл дəніне, Бойына ыстық жүгіріп.
Жан біткен соң өседі, Топырақты теседі.
Жарық күннен жар тілеп, Жапырағын төседі.
«Өс!» деді күн күркіреп. Жаңбыр жауды сіркіреп. Жаңбыр мен күн жар болып, Өсті гүлдер дүркіреп.
Жапырағы жайқалды, Жас түйіндер байқалды. Аз болмай-ақ гүл ашты, Қыз еңбегін қайтарды.
Қызық болды, не керек! Келді ұшып көбелек.
Келді ұшып бұлбұлдар, Гүлсімге де со керек.
Гүл құлпырды. Жайнады. Көбелектер ойнады ...
Тамылжытып тəтті əнін Таңда бұлбұл сайрады.
Тына тыңдап бұл əнді, Гүл ұйқыдан оянды.
Қыза тыңдап бұл əнді, Қыз ұйқыдан оянды.
Гүл қасына із келді,
Із келген жоқ қыз келді. Құрбы қыздар Гүлсімге Қысқа күнде жүз келді.
Деді Гүлсім: – Ей, қыздар! Келсін десең бұлбұлдар, Гүл егіңдер күрек ап, Гүлге бұлбұл ынтызар!..
Сүйейік табиғатты, аялайық
Жайын жүргім келеді, жайын жүргім, Ортасында еркелеп сансыз гүлдің.
Тілсіз, тылсым табиғат тілін ұғып, Қызығына батасың терең сырдың.
Əр гүл саған елжіреп сыр шертеді. Таң-тамаша ол қызық бір ертегі.
Еркіндікті, кеңдікті көңілің сезіп, Қиянаттан, қыспақтан жирентеді.
Жібек гүлдер жүзіңді жаңартады, Жұпар ауа жаныңды тазартады. Жақсылығын бергенге міндет қылмай, Ала бер деп, алғанша тағы айтады.
Көкіректі гүлдерге қойып ашып, Гүл кілемнің үстімен жүрсең басып. Ауырлықтар əуелгі артта қалып, Көтеріліп кетеді көңілің тасып.
Торқа, жұмсақ тосады алақанын, Аялаған анадай балапанын.
Гүлін иіскеп аунасаң көкірегіне, Есіңе кеп түседі бала шағың.
Не деген керемет ең, бай табиғат! Жасаулы дастарқаның жас сəби бақ. Жемісін жеп, аунасам гүл көрпеңе, Ренжімей, боласың оған да шат ...
Сүйейік табиғатты, аялайық!
Біз де онан жақсылықты аямайық! Анадай табиғаттың аясында Жадырап жас балаша дем алайық!
Ө. Тұрманжанов
Кемпірқосақ
Жеті түсті қарындаш – Тату-тəтті қарындас Күні бойы болдырып, Ұзақ-ұзақ жол жүріп, Көлге бірге барыпты, Қол ұстасып алыпты ...
Күн еді бір жауынды, Артқа тастап ауылды, Жетеуінің жолымен Мен де жүріп көріп ем, Байқадым бір қызықты: Кемпірқосақ сызыпты!...
Көгершін
Ауламызға қонды кеп Бір көгершін жаралы. Кенет көзі мөлдіреп, Маған үнсіз қарады.
Ұстап алып жем бердім, Емдеп,
Қайта ұшырдым. Кетпейді енді:
«Сендердің, –
Дегендей, – бір құсыңмын.
Достарыңызбен бөлісу: |