Барлық оқушылар: бүктемелі кітап қалай
жасалатынын біледі. Бірнеше суреттен тұратын кітап жасай алады.
Оқушылардың көпшілігі:өздеріне таныс әсерлегіш құралдарды, сондай-ақ кітапқа иллюстрация жасағанда
қарама-қарсылық заңын қолдануды біледі.
Кейбір оқушылар:өздеріне таныс әсерлегіш құралдарды, сондай-ақ кітапқа иллюстрация жасағанда қарама-қарсылық заңын қолдануды, сонымен қатар
«жақсы», «жаман» түсініктеріне өздерінің ойларын айта біледі.
Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: жаратылыстану, әдебиеттік оқу, қазақ тілі. Оқушылар тақырыпты талқылап, жұмысты суреттегенде, әдеби шығармаларды тыңдағанда сөйлеу дағдыларын
жетілдіреді. Тақырыпты талқылған кезде табиғат құбылыстарын, әдеби шығармалар үзінділерін, жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді еске түсіріп, жұмысты
бастамас бұрын №2 қосымшадағы 2-тақырыпқа арналған тақпақтарды оқиды.