Раупова Надежда Алимовна КӨркем еңбек оқыту əдістемесі мазмұны


Талқылауға арналған сұрақтар мен жауаптар



бет34/128
Дата15.11.2023
өлшемі436,32 Kb.
#123800
түріҚұрамы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   128
Байланысты:
Көркем еңбек оқыту әдістемесі 3-сынып

Талқылауға арналған сұрақтар мен жауаптар:

  1. Жағымды сезім неден көрінеді?

(Қандай қасиеттерді жақсы деп айтасың?)
Жауап. Достарымен араласқанда, жақсы жаңалық
естігенде, қонақ келгенде, саяхатқа шыққанда, жақсы кітап оқығанда (кино көргенде, мұражайға барғанда), жақындарым мен достарыма барғанда, ауа райы жақсы болғанда қуанамын. Жақсы қасиеттерге мейірімділік, сөзде тұру, құпияны сақтай білу, өз ойын білдіре білу т.б. жатады.



  1. Не нәрседен жиренесің?

(Қандай қасиеттерді жаман деп ойлайсың?)
Жауап. Жағымсыз жаңалықтар, өзің немесе жақының ауырғанда, бір нәрсені қатты күтіп, ол орындалмағанда, ауа райы нашар болғанда, өзің істегің келмеген нәрсені істегенде жағымсыз сезімде боласың. Жағымсыз қасиеттерге менмендік, мақтаншақтық, қорқақтық,
біреуді ренжіту, сөзінде тұрмау, сөзшеңдік, дөрекілік, селқостық және т.б. жатады.



  1. Кітап жасау барысында қандай әсерлегіш құралдарды пайдалануға болады?

Жауап. Түс, сызық, штрих, қарама-қарсылық заңы, пішім, өлшем.



  1. Суретшілер қарама-қарсылық заңын не үшін қолданады?

Жауап. Жұмысын әсерлі етіп көрсету үшін.



  1. Мәтіннің мазмұнын ашатын суреттер қалай аталады? Жауап. Иллюстрация.




  1. Суретші-иллюстратор дегеніміз кім, ол не істейді? Жауап. Суретші-иллюстратор әртүрлі кітаптарға сурет салады. Олар мәтін мазмұнын ашады және иллюстрация деп аталады.




  1. Кітапқа не үшін сурет салатынын айта аласыңдар ма? Қандай кітаптарда сурет көп болады?

Жауап. Оқырманды қызықтыру үшін. Мәтін мазмұнын ашу үшін. Оқулықтарда, балалар энциклопедиясында, ертегілерде.



  1. Ненің жақсы, ненің жаман екенін ойланып, өзіңді және достарыңды жақсырақ білдім деп ойлайсың ба? (Сұрақты сабақтың соңында қояды.)

Жауап. Иә, бұл өзіңнің және достарыңның іс-әрекетін түсінуге көмектеседі (нақты мысалдар келтіру керек).



  1. Жасаған кітаптарыңа жаңа суреттер мен жазбаларды орналастырасыңдар ма?







(Сұрақты сабақтың соңында қояды).
Жауап. Иә, мұндай кітап қоршаған ортаны және өзін
жақсы түсінуге көмектеседі, бұл кез келген жағдайға өз көзқарасыңды жазатын күнделік тәрізді.

10. Ненің жақсы, ненің жаман екені туралы әлі де ойланасыңдар ма?


(Сұрақты сабақтың соңында қояды.)
Жауап. Иә, бұндай сұрақ төңірегінде ойлану керек, ол кемшіліктерді түзетуге септігін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет