Енді кітапты қалай жасайтынымызды талқылайық (сабақты оқулық бойынша түсіндіреді). Қайшымен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесіне көңіл бөлу керек! Кітапты өлшеп, бүктеу жолдарын кезең- кезеңімен көрсетеді. Өлшемін өзгертуге болады.
Бірақ кітапты өте үлкен етіп жасаудың керегі жоқ. Одан әрі суреттерге арналған қағазды қияды, олар кітаптың өлшеміндей болуы тиіс не жиегінен 1 см- дей кіші болады (шамамен 9х9 – 12х12 см).
Оқушылардың назарын олар тек суретті жапсырып қоймай, оған қоса жазатын болса, онда оған орын қалдыру керек екеніне аудару керек. «Жақсы» суреттерінің саны «жаман» суреттерінің санымен бірдей болғаны дұрыс. Оларды оқулықта
көрсетілгендей кезектестіріп орналастыру керек. Қарама-қарсылық заңын естен шығармай, «жақсы»,
«жаман» қатар тұрып, бір-бірін айқындап тұруы тиіс.
Оқушылар сурет салуға кіріседі. Суреттің жартысын бірінші сабақта, екінші жартысын келесі сабақта орындайды. Қабілеттері мен жылдамдықтарына қарай екі сабақта 6-дан 12-ге дейін сурет сала алады. Оқушылар суреттерді үйде салып, екінші сабаққа әкелуге де болады. Екінші сабақта суретпен жұмыс
істеуді жалғастырады, оған 10–15 минут уақыт бөлінеді. Одан соң суреттерін бүктемелі кітапқа желімдеп, егер қаласа жазу жазады.
Түрлі түсті қатты қағаз, жұқа, түсті қатырма қағаз алған дұрыс, сызғыш, жай қарындаш, түсті қарындаш, түсті
фломастер, желім, қол сүртетін орамал.
Сабақтың қорытын- дысы
Оқушылар жасаған бүктемелі кітаптарын таныстырады, суреттері арқылы не айтқысы келгендерін, қандай әсерлегіш құралдарды пайдаланғанын, бұл кітап өздеріне қалай әсер ететінін әңгімелейді. Оқушылар жұмыстарын
таныстырып болғаннан кейін, бір-біріне сұрақ
қойып, оларға жауап береді.
Оқушылардың жұмысын қорытындылау, оларға тағы бір рет қандай маңызды сабақты өткенін айту.