Развитие образовательной среды в школе



Pdf көрінісі
бет37/55
Дата07.04.2017
өлшемі11,58 Mb.
#11218
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55

 

Қолданылған әдебиеттер: 

1. «Білім» ғылыми-педагогикалық журналы – 4/2014 

2. http://vmeste.opredelim.com/docs/56000/index-25446.html 

 

 



Нупирова А.М.

1

, Алмахан Н.Р.



1.Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының 

магистрі 

2. Студент 4 курста, физика-математика және жалпы техникалық пәндер 

кафедрасы, мамандықтың «Физика» 

 

«ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕХНИКА» ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҮЛГІ 

ЖОСПАРЫ 

 

Мектептегі  физика  пәні  бойынша  оқушыларға  арналған  үйірме 



жұмыстарының  негізгі  мақсаты  оқушылардың  өз  беттерінше  құрылғылармен, 

өлшеуіш  приборлармен  жұмыс  істей  алуы,  оқушының  шығармашылығын  өз 

бетінше  жұмыс  істеуін,  алдына  мақсат  қоя  білуін  белсенді  дамыту, 

дағдыландыру  және  қалыптастыру.  Үйірме  жұмысы  алған  білімді  өндірістік 

еңбекпен  оқытудың  бір  түрі  болып  табылады.  Үйірме  жұмысында  негізгі  үш 

міндет:оқыту, оқушыларды тәрбиелеу және қабілеттіліктері дамыту жүзеге асу 

үшін  жағдайлар 

жасалған.  Үйірме  жұмыстары 

оқушыларда 

жаңа 


қызығушылықты,  танымды,  ізденуді  сонымен  қатар  теориялық  және 

технологиялық білімдерін кеңейтуге мүмкіндік туғызады. 

Оқушылардың алған теориялық білімдері практикаға шығуға мүмкіндіктер 

жасайды, ал оқушылырдың еңбектенген кездегі жинаған практикалық білімдері 

теориялық  негізде  жүзеге  асады.  Оқу  құрылғысын  жинақтауға  бағыттылған 

үйірме  жұмыстары  мектепте  оқушылардың  политехникалық  білім  алуына 

жағдайлар  туғызады.  Үйірме  жұмыстарына  қатысушы  оқушыларда  ұжымдық, 

жолдастық,  еркіндік,  еңбексүйгіштік,  тапсырмаларға  жауапкершілікпен  қарау, 

достық  қасиеттер  қалыптасады.  Үйірме  жұмыстары  кезінде  оқушы  әртүрлі 

құралдармен  өлшеуіш  приборлармен  жұмыс  істей  білуге  дағдыланады,  осы 



347 

 

негізде  технологиялық  білім  алады.  Ал  мұндай  жұмыстар  оқушының  физика 



пәні бойынша білімінің сапалы өсуінің негізі болып табылады. 

Ғылыми  техникалық  прогрестің  дамуы  барысында  оқушылардың 

шығармашылық  қабілеттігін  өздері  жасап,  өздері  қорытындылауға  жағдай 

туғызатын  бұл  үйірме  жұмыстары.  Бұлардың  барлығы  негізгі  практикалық 

міндеттің  оқушыларды  жан-жақты  тәрбиелеу  негізі.  Олай  болса  үйірме 

жұмыстарында оқушылардың өз бетінше еңбек етуге мүмкіндіктері бар. 

Оқушының  бос  уақытын  тиімді  ұйымдастыру,  оған  дұрыс  бағыт  беріп 

отыру-барша қауымның ортақ ісі. Жас жеткіншектің жан-жақты болып өсу тек 

қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. 

Балалар  ұйымы,  ата-аналар,  бүкіл  жұртшылық  балалардың  бос  уақытын 

өміріне  пайдалы  тәрбиелік  мәні  болатындай  етіп  өткізулеріне  көмектесулері 

керек.  Оқушылардың  бос  уақытын  тиімді  пайдалануды  ұйымдастыру  оңай 

мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек. Мұның қиындығы балалардың бос 

уақытын ұйымдастыру тәсілдерінің сан-қилылығына тікелей байланысты. Осы 

ретте  ұйымдастырушылардың  талай-талай  кедергілерге  де  кездесетінін 

айтпасқа  болмайды.  Өйткені  осындай  аса  маңызды  проблеманы  жүзеге 

асырудың  теориясы  толық  зерттеліп  болмаған  тың  мәселе  екенін  күнбе-күңгі 

жұмысымызда  кездестіріп  те  жүрміз.  Сондықтан  да  біз  практикалық  және 

теориялық  ісімізде  әр  жағдайға  байланысты  мәселенің  әр  қырынан  келіп, 

әрқилы тәсіл таба білуіміз кажет-ақ. 

Сонымен,  оқушылардың  бос  уақытын  пайдалану  үшін,  ең  алдымен 

олардың  қандай  пайдалы  іспен  шұғылдануды  ұнататынын,  қабілетін  зерттеп 

біліп, сыныптан тыс жұмыс жоспарын жасағаңда ескеру керек. Бұл ретте біз сөз 

еткен  зерттеу  шеңберін  кеңейтіп,  сан  қилы  тәсілдер  түрін  жетілдіріп, 

нәтижелілігін арттыру үшін аянбай енбек ете білу керек. 

Алдымен  физика  пәні  мұғалімі  оқушыларды  қадағалап,  олардың  ішінен 

физика мен техникаға қызығушылығы көп оқушыларды таңдап алуға міндетті. 

Бұл  оқушылардың  қызығушылығына  және  қабілеттілігіне  сәйкес  үйірме 

жұмыстарының  тапсырмаларын  дұрыс  таңдауға  мүмкіндік  туғызады.  Әр 

үйірмедегі 

мүшелер 

12-15 


оқушыдан 

артық 


болуы 

қажет 


емес 

(экспериментальдық-тәжірибелік  үйірмелерде  оқушылар  саны  бұдан  да  аз 

болса жұмыс сапалы болады).  

Үйірме  жұмыстарының  мазмұны  және  жұмыс  жоспары  оқушылардың 

жеке  қызығушылығын  және  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып  жасалуға 

міндетті.  Сонымен  қатар  үйірме  жұмысының  бағыттарын  мұғалім  алдын  ала 

анықтайды. Оның маңызды болуы мұғалімнің теориялық дайындығына, өзінің 

қызығушылығына,  шығармашылығына,  оқушылардың  сұрамына,  мектеп 

қажеттілігіне,  физика  кабинетіндегі  құрылғылардың  жағдайына,  қажетті 

материалдармен қамтамасыз етілуіне байланысты.  

Экперименталдық  бағыттығы  үйірмедегі  жұмыстар  үйірме  жетекшісінің 

дәріс  беру,  жұмыс  түрін  мазмұндау,  үйірме  мүшелерінің  рефераттар  және 

баяндамалар дайындау және теориялық білімді орынды қолдану арқылы жүзеге 

асады.  Үйірме  жұмыс  істеген  жыл  ішінде  үйірменің  әр  мүшесі  бір  хабарлама 



348 

 

немесе  шағын  баяндама  жасауы  тиіс.  Үйірме  сабақтары  кезінде  үйірме 



мүшелері журналдардағы, газеттердегі, әдістемелік әдибиеттердегі, ақпараттық 

құралдардағы 

ғылым 

мен 


техниканың 

қызықты 


және 

маңызды 


хабарламаларымен танысып отыруы керек [1, 161-164 б]. 

Оқушылардың  шығармашылық  қабілеттілігін,  физикаға  қызығушылығын, 

алған  білімдерін  қоғамдық  пайдалы  тапсырмаларды  шешуде  қолдана  білуі 

арттырады.  Осыларды  ескере  отырып  мұғалім  үйірме  жұмыстарын  өндіріспен 

де  байланыстырып  жүргізуге  болады.  Үйірме  мүшелері  кабинетке  арналған 

құрылғылар жасау жүзеге асырады.  

Оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырып,  олардың  білімін 

тереңдете  түсуде,  тәрбие жұмысында мектептерде ұйымдастырылатын физика 

пәніне арналған үйірме жұмыстарының формалары да сан алуан болып келеді. 

Мысалы,  жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  үйірме  жұмыстарын 

оқушылардың  шығармашылығын,  танымдық  қызығушылығын,  интелектуалды 

дамуын,  өз  бетінше  ізденуін,  ұжымда  жұмыс  істеуін,  жауапкершілікті, 

ұқыптылықты, тиянақтылықты тәрбиелейді.  

 «Физика  және  техника»  қолданбалы  курсы  физикадан  «Механика», 

«Термодинамика»,  «Электродинамика»  бөлімдерін  тереңдетіп  оқытуға  ықпал 

етеді.  


Мақсатымыз оқушылардың бүгінгі күн талабына сай инженер-техникалық 

мамандықтарды таңдауына ықпал ету. 

Міндеттері: 

1.

 



Оқушылардың  физика  сабағында  алған  білімдерін жетілдіру,  техникаға 

деген қызығушылығын арттыру. 

2.

 

Кәсіпке бағдарлау  жүзеге  асады:  теміржол  машинасы,  монтер, механик 



слесарь сияқты мамандықтарға бағыт беру. 

3.

 



Оқушыларды  өз  бетінше  логикалық  ойлауға,  бақылаған  құбылысты 

тұжырымдауға,  дұрыс  шешім  қабылдауға  және  қорытынды  жасай  білуге 

тәрбиелеу. 

Үйірме жұмыстары оқушының қабілеттілігін жоғары дәрежеде көрсететін 

бірден-бір жол. 

Осыған  орай  «Физика  және  техника»  атты  үйірменің  бағдарламасын 

ұсынамыз [2, 3, 4].  

 

№ 



Тақырыптары 

Сағат 


саны 

Пәннің 



мақсаттары 

мен 


міндеттері. 

Физиканың 

қолданбалы сипаты. 



Механикадағы  күштер.  Механизмдердегі  күштерді  қосу 

және  жіктеу.  Шексіз  үлкен  күштер.  Ауырлық    центрі.  Қос 

күштің әсерінен дененің айналуы. 



Серпімді  күштер  және  олардың  техникада  қолданылуы. 

Әсерден кейінгі серпімділік. Реологиялық қасиеттер. 



Соққы. 



Қалыпқа 

келу 


коэффициенті. 

Соққының 



349 

 

энергиясын пайдалану. Техникадағы соққының механизмі. 



Есептер шығару 



Үйкеліс  күші.  Кулон  -  Амантон  формуласы  және  оның 



салдары.  Үйкеліс  коэффициенттерін  эксперименттік  анықтау 

және оларды техникада қолдану.   



Үйкеліс  конусы. Техникада қолдану. Болттық қосылыстар 



және өздігінен контленетін гайкалар. Механизмдерде қолдану. 



Эйлер  формуласы.  Күшейтуді  майысқақ  байланыстар 

арқылы беру. Ременьдік және тростық берілістер. 



№1 зертханалық жұмыс. Механизмдегі үйкеліс күшін және 



Эйлер теңдігін экспериментальды тексеру. 

1



Механизмнің  артық  жұмыс  істеуі  және  тозуы.  Үйкеліс 

күшінің  өзгеруі.  Сұйық  үйкеліс.  Майлағыш  материалдарды 

қолданылуы физикасы. Сұйық және қатты майлау. 

1



№2 зертханалық жұмыс. Cұйық тұтқырлығының 

температураға тәуелділігін зерттеу 

1



Механикалық  энергия  және  оны  аккумулияциялау 

тәсілдері. Кинетикалық энергияның аккумуляторлары   

Потенциальдық энергияның аккумуляторлары 

1



Есептер шығару 

1



Техникадағы  тербелістер.  Тербелістерді  қосу  және 

резонанс. 

Вибрация. 

Вибрациялық 

тегістеу 

және 


вибротранспорт.  Инфрадыбыс  және  ультрадыбыс.  Техникада 

қолдану және есепке алу. 

1



Техникадағы  инерция  күштері.  Инерция  күштері. 

Техникадағы  центргетепкіш  күштер.  Еркін  осьтер.  Баланстау 

жөнінде түсінік. 

1



Гидростатика.  Денелердің  жүзуі.  Түтін  мұржалары. 

Гидравликалық және пневматикалық машиналар. 

Гидродинамика.  Бернулли  теңдеуі  және  оны  техникада 

қолдану.  Инжектор  және  карбюратор.  Аэродинамикалық 

кедергі. 

1



Есептер шығару 

1



№3 зертханалық жұмыс. Аэродинамикалық  қайшылықтың 

ауа  ағынының  жылдамдығы,  пішін  мен  дене  үйкелісінен 

тәуелді болуын  нақтылау 

1



Жұғу 

және 


жұқпау. 

Капиллярлық 

құбылыстар. 

Техникадағы қолданыстары. 

2



Жылулық ұлғаю. Жылу берілісі. 



350 

 

2



№4  зертханалық  жұмыс.  Әр  түрлі  қағаздағы  қуыстық 

(поры) өлшемін табу 

2



Ом және Кирхгофф заңдарын техникада қолдану 

2



Электрмагниттерді  өндірісте  қолдану.  Токтың  магниттік 

қасиеттері.  Электромагниттер  және  оларды  өндірістік  мал 

шаруашылығында қолдану. Электромагниттік индукция.  Холла 

эффектісі. 

2



Оптика және оны техникада қолдану. 

2



Радиоактивті 

заттарды 

 

техникада 



қолдану.  

Радиоизотоптарды  сұйық  деңгейін  анықтау  үшін  қолдану. 

Өздігінен жарқырайтын бояулар мен материалдар. Радиоактивті 

изотоптарды  тозуды  бақылау  үшін  және  тозуды  көрсеткіш 

ретінде қолдану. Гамма дефектоскопия. 

2



Есептер шығару 

2



Оқушылар 

өз 


тақырыптары 

бойынша 


жобаларын 

қорғайды. 

2



Қорытынды кеш 

 



Үйірменің  оқыту  нәтижесінде  мектеп  бітіруші  оқушылар  физика  пәнінен 

логикалық,  сапалық  және  сандық  есептер  шығаруда,  экспериментальдық 

тәжірибелерді  орындауда,  заңдылықтарды  орындауда,  ауызша  емтихан 

тапсыруда,  оқу  жүйесін  сырттай  бақылауда  (ОЖСБ)  өздерінің  терең 

білімділігін,  саналылығын  көтереді.  Сыныптан  тыс  оқытудың  қай  жұмысы 

болмасын оқушыларға тәрбие берелік үлесі мол.  

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

1.

 



Орехов  В.П.,  Усова  А.В.  Физиканы  оқыту  методикасы.  –  Алматы: 

Мектеп, 1978.-392 б. 

2.  А.  Түсіпов,  Қ.  Түсіпов  «Теориялық  және  қолданбалы  механика». 

Алматы, 2014. – 736 бет 

3. М. Немеребаев   Материалдар кедергісі: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК 

«Дәуір», 2011. - 272 бет. 

4.Үмбеталиев  Н.А.,  Сүйеубаев  Ж.С.  Көлік  техникасында  пайдаланатын 

отын,  майлағыш  заттар  және  техникалық  сұйық  материалдары  бойынша 

практикум. - Алматы 2012 ж. – 110 бет. 

 

 



Шагиахметова Л.М.

1

, Әділбекова М.Б.



1.Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының 

магистрі 

351 

 

2.Студент 4 курста, физика-математика және жалпы техникалық пәндер 



кафедрасы, мамандықтың «Кәсіптік оқыту» 

 

МЕКТЕП

 

БАҒДАРЛАМАСЫНДА

 

АҒАШТЫ

 

КҮЙДІРІП

 

ӨҢДЕУ

 

БӨЛІМДЕРІНІҢ

 

ДИДАКТИКАЛЫҚ

 

САРАПТАМАСЫ 

 

Технология – математика, физика, химия, биологиядан ғылыми білімдерді 



синтездейтін  және  олардың  өндірісте,  желіде,  ауыл  шаруашылығында,  көлік 

жүйесінде  және  адам  қызметінің  тағы  да  басқа  бағыттарында  қолданылатын 

біріктірілген білім беру саласы.  

Бағадарламаға тиісті оқу-материалының базасының негізіндеоқушылардың 

шығармашылық  дамыту  мен  негізгі  (яғни  ең  таралған  және  перспективті) 

технологияларды  қосатын  «Технология»  біріктірілген  оқу  саласын  енгізу, 

жастардың  жалпы  еңбек  пен  бірен-саран  арнайы  білім  мен  икемділіктерге  ие 

болуға  мүмкіндік  береді,  сонымен  қатар  интеллектуалды,  физикалық,  этика 

және  эстетикалық  дамуы  мен  өмірдің  әлеуметтік-экономикалық  шарттарына 

бейімделуді қамтамасыз етеді. 

Технология,  бағдарлама  бойынша  орыс  тіліндегі  жалпы  білім  беру 

мектептерінің  бесінші-жетінші  сыныптары  үшін  пәнді  34  сағат  көлемінде, 

жетісіне  1  сағат  жүргізу  қарастырылған.  Ауыл  мектептерінде  бесінші 

сыныптағы  ұл  балалар  үшін  сәндік-қолданбалы  өнер  элементі  бар 

материалдарды көркем өңдеуіне 18 сағат қана бөлінген. Оның ішінде 6 сағаты 

теорияға, 12 сағаты тәжірибе үшін. Қала мектептерінде бесінші сынып ұлдары 

үшін 22 сағат қана бөлінген. Оның ішінде теорияға 8 сағат, тәжірибеге 14 сағат. 

Алтыншы сынып ұл балалары үшін ауыл мектептерінде 18 сағат бөлінген, 

6  сағаты  теория,  12  сағаты  тәжірибе  үшін.  Ал  қала  мектептерінде  20  сағат 

бөлінген. Теорияға 8 сағат, ал тәжірибе үшін 12 сағат. 

Сәндік-қолданбалы  элементі  бар  материалды  еөркем  өңдеу  үшін  ауыл 

мектебінің 7 сынып ұл балалары үшін 20 сағат бөлінген, оның ішінде 8 сағаты 

теорияға,  12  сағаты  тәжірибе  үшін.  Қала  мектептерінде  18  сағат,  4  сағаты 

теорияға, 14 сағаты тәжірибеге арналған[1]. 

Бесінші  сыныпта  ағашты  көркем  өңдеуді  үйрену  кезінде  бағдарламада 

келесі бөлімдер қарастырылады:  

 

 Ағашқа  көркем  ою  салудың  дамуы  мен  оның  түрлері  жайлы 



мағлұмат;Оқушылардың жұмыс орны. Құрал-саймандар; 

 



 Ағаш – көркем жұмыс жасайтын материал. Кесілген материалды таңдау 

және оны құрғату, сақтау; 

 

 Ағашты  көркем  өңдеу  технологиясы.  Көркем  графика.  Ою  салу. 



Трафарет жасау; 

 



 Материалдарды өңдеу негіздері: кесу, сүргілеу, белгілеу, қайрау,тегістеу. 

Тілгіш құралдармен қауіпсіз жұмыс жасау туралы негізгі мағлұматтар. Жұмыс 

киім формасы. Оқушылардың жеке гигиенасы. Ағашты көркем өңдеудің басты 

кезеңінде кескішті жүргізу техникасымен олардың түрлері; 

 

Ағашқа геометриялық ою салу технологиясы. 



352 

 

Осының ішінде тәжірибелік жұмысқа кіретіні: ағашты алғаш өңдеу, өрнек 



үшін  тақтай  бетін  дұрыс  белгілеу.  Пышақпен  және  қашаумен  тік,  фигуралық, 

пішінді,  және  геометриялық  ою  салу  кезінде  технологиясының  тәсілдерін 

еңбекпен өтеу. Геометриялық пішіндегі өсімдік және жануарлар әлеміндегі, тік 

бұрыш,  үшбұрыш,  ромб  өрнектерін  графикалық  орындау.  Оюларды  тізгіндеп 

қатар салу. Ағашқа қарапайым ою сызығын салу, тазарту; Табиғи материалмен 

жұмыс жасау.  

Металлмен  жұмыс  жасау  кезінде  5  сынып  бағдарламасында  келесі 

бөлімдер қарастырылады: 

 

Қазақстан  халқының  чекан  өнері.  Жалпақ  бедерлі  чеканкада 



қолданылатын  мыс,  алюминия,  қорытпа  тәріздес  жалпақ  материалдардың 

қасиеттері. 

 

Чекан  оюындағы  ырғақтық,  симметрия,  пішін  кереғары,  жарық  пен 



көлеңкенің  үйлесімділігі.    Жұмсақ  сым  мен  моншақтан  сырғалар  жасау 

технологиясы.  

 

Теміршебер 



және 

арнайы 


құралдар, 

олардың 


функциялары, 

экономикалық, эстетикалық қасиеттері. Құралдардың сақталуы.  

 

Жұмыстың қауіпсіздік ережелері. Оқушылардың жеке гигиенасы. 



Соның  ішінде  тәжірибелік  жұмысқа  кіретіні:  жұмыс  орнын,  құрал-

саймандарды  дайындау.  Жұмсақ  сым  мен  қаңылтырды  дайындау.  Чекан  және 

заргер  жұмыстарының  қарапайым  түрлерін  орындау.  Чеканка  элементтері:  тік 

сызық,  үшбұрыш,  төрт  бұрыш  және  т.б.  Түйе  мойын  оюы,  жалпақ  бедерлі 

чеканканың  өсімдік  тектес  оюлары.  Геометриялық  пішінмен  өсімдік 

оюларынан жеңіл композицияларды орындау. 

Алтыншы  сыныпта  ағашты  көркем  өңдеуді  өткенде  бағдарламада  келесі 

бөлімдер қарастырылады: 

 

Қазақ  халқының  және  Қазақстан  Республикасының  басқа  да 



халықтарының 

қолданбалы  өнер 

түрлері 

жайлы 


мағлұмат. 

Туған 


жераумағындағы  ағашты  көркем  өңдеу  туралы  мағлұматтар  және  тән 

ерекшеліктері. 

 

Ағашты көркем өңдеу үшін материалдың түрлілігі. Ағаш текстурасының 



мәні,  ағаш  сапасы.  Материалдарды  өңдеу.  Пішінді  оюдың  техникасы.  Желім 

және  ағаштың  тетіктерін  желімдеу.  Желім  материалдары.  Жұмыстың 

қауіпсіздік ережелері. 

Соның  ішінде  тәжірибелік  жұмысқа  кіретіні:  пішінді  ою  түрінде  түйе 

мойын оюын нақты орындау жұмыстары. Ағаштан және терден әртүрлі пішінді 

қолдан  жасалған  бұйымдар,  білезік,  розеткалар  жасау.  Табиғи  материалмен 

жұмыс жасау. 

Алтыншы  сыныпта  металлмен  жұмыс  жасауда  бағдарламада  келесі 

бөлімдер қарастырылады: 

 



Түрлі-түсті жалпақ материалдардың физикалық қасиеттері: жездер, болат, 

және олардың қорытындылары. 



353 

 



 

Чеканка үшін құралдардың әртүрлілігі; олардың жиынтығы. Құралдардың 

пішіні  және  олармен  жұмыс  жасау.  Білезіктің  қарапайым  түрлерін  жасау 

технологиясы. 

 

Пластикалық  өзгерістік  (деформация)  қасиетін  өзгеретін  тегістіктердің 



ерекшеліктерін  ескере  отырып,  материалдарды  таңдау,  жұмыстың  қауіпсіздік 

ережелері. 

 

Чекан жұмыстарын орындау үшін жез жапырақтарын жағу. Болат, жалпақ 



металлдарды шығару. Қыздырып өңдеу.  

Бұйымдарды көркем құрастыру ерекшеліктері мен қағидалары. 

Соның ішінде тәжірибелік жұмысқа кіретіні: объектіні таңдау. Қарапайым 

чекан  оюымен  сәулеттендіру  (білезік  және  жыртылмалы  күнтізбе  үшін 

тақтайшалар).  Сурет  жобасы  мен  эскиз  жасау.  Металл  таңдау.  Чеканка  үшін 

металлды  дайындау  бойынша  технологиялық  іс-шара  қолдану.  Белгілеу,  кесу, 

түзету,  жиектерін  кесу.  Металл  бетіне  суретті  көшіру.  Металлда  пішінді 

орындау. Қолжетімді тәсілмен реңктеу. Қарапайымпішіндегі әшекейлер жасау: 

білезіктер. тұмар, ер және әйел белбеулері үшін тоғалар.  

  Жетінші  сыныпта  ағашты  көркем  өңдеуді  өткенде  бағадарламада  келесі 

бөлімдер қарастырылады: 

 



Ағашты  өңдейтін  жоңғыш  білдек.  Жоңғыш  бұрғылау,  ұштағыш 

білдектерде  қауіпсіз  жұмыс  жасау  техникасы.  Ағаш  тетіктерін  біріктірудің 

қарапайым  техникасы.  Ұлттық  халық  стиліндегі  ағаш  жиһазы:  сандық,  кебене 

және  т.б.  Оюлап  өрнектеудің  түрлері:  сандық,кебеже,  төсек  ағаш. 

Әшекейленген қабатты реңктеу әдістері, күйдіру әдістері. 

Соның ішінде тәжірибелік жұмысқа кіретіні:  геометриялық және өсіммдік 

тектес  оюларды  қолдана  отырып,  пішінді  өрнек  салу  әдісімен  табақшалар 

жасау.    Қарапайым  ағаш  кәдесыйларын  жасау.  Сандық  пен  кебежнің  беткі 

жағын пішінді оюлармен эскиздерін жасау. 

  Жетінші  сыныпта  металлмен  жұмыс  жасағанда  бағдарламада  келесі 

бөлімдер қарастырылады: 

 



Әшекей  жасау  үшін  материалдар  мен  құралдар.  Материал  қасиеттері. 

Қолдан  жасалған  құралдармен  жұмыс  жасау  әдістері.  Әшекей  жасау 

технологиясы.  

Жұмыс  орны  және  реактивтер  мен  құралдармен  жұмыс  жасау  қауіпсіздік 

техникасы. Оқушылардың жеке гигиенасы [2]. 

Соның  ішінде  тәжірибелік  жұмысқа  кіретіні:  қарапайым  оюы  бар 

бұйымдардың  эскиздерін  жасау.  Жұқа  қаңылтыр,  жұқалтыр,  мыс  сымынан 

жасалған дайындықтарды жасау. Өрнектелген тік бұрышты пішіндегі білезіктер 

мен кәдесыйлар жасау.  

Материалдарды  көркем  өңдеу  бөлімінде  келесі  өңдеу  түрлеріне  назар 

аударылады:  теріні  өңдеу,  көркем  мүсіндеу,  тоқыма.  Әр  сыныптар  үшін  оқу 

тақырыптары,  экскурсиялар,  тәжірибелік  жұмыстар  және  т.б.  жасалынған. 

Күйдіру  сияқты,  ағашты  көркем  өңдеудің  тартымды  тәсіліне  бір  сағатта 

бөлінбеген.  Ағашты  көркем  өңдеудің  бұл  түрі  сыныптан  тыс  сабақтарда 

оқытылуы мүмкін [3]. 


354 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет