Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



бет7/29
Дата04.12.2022
өлшемі0,51 Mb.
#54728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Иллюстрациялы материалдар: презентация




  1. Әдебиет:




  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

    1. XVIII- XIX ғасырларда фармацияның дамуы.

    2. Химия және фармация салаларында жарқын жаңалықтар ашқан ғалымдар мен фармацевтер.

    3. XVII, XVIII, XIX ғасырларда Қазақстан тарихы мен медициналық көмек.




  1. Тақырыбы №11-12: Фармацияның Ресейде I Петрдің кезеңдеріндегі дамуы.




  1. Мақсаты: Студенттер Ресей елінде медицина мен фармацияның дамуында негізгі кезеңдермен, зерттеулер, осы саладағы ғалымдар еңбектерімен таныстыру.




  1. Дәріс тезистері:

Ресейде дәрітанудың даму тарихы басқа халықтар сияқты алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінен өткен. Оның нәтижесінің айқын көрінісі ретінде халық медицинасының үлкен эмпирикалық мәні. Ресей елінің әр жеріндегі дәрілік заттардың атауы қызықты: "пособъ" "ворожба" "зелье" "снадоба" "сподоба" "вещетинъе" "леко".Медициналық білімнің жиналуы мен ұлғаюы есебінен дәрігерлік көмекті көрсетуге маманданған адамдар дағдылана бастады. Оларды знахарлар, ведундар, кудесниктер, волхвалар деп атады. Ресейде христиан дінінің орнығуы нәтижесінде (X — XI ғ.ғ) шіркеулік — діндарлық дәрітануға алып келіп, медициналық білімдердің шіркеулерде пайда болуына себепші болды. Шіркеулік ауруханалар, оның қүрамында "лечцылар" ұйымдастырылды. Діндарлар көптеген емдік жазбалардың жазушысы болды. Ол жазбалар халық арасында тарап отырды. Татар — монғол шапқыншылығы кезінде аман қалған шіркеулер госпитальды база ретінде халыққа амбулаторлы және ауруханалық көмек көрсетіп, ал кейіннен чума (оба) ауырған адамдарды емдеуге пайдаланды. XV ғ. Соңында феодалды Москва мемлекеті құрылды, оған тән қасиет медициналық мамандарының лекарълерге, дохтурларға, зелейниктерге, травниктерге бөлінуі болды. Бұл мамандардың үлкен тәжірбиелерге сүйене отырып, вертоградтар, травниктер, лечебниктер өздерінен кейін құнды қолжазбалар қалдырды. XVI ғ соңында Аптекалық палата құрылып (мемлекеттік жоғары медициналық басқару органы), XVII ғ.ғ "Аптекарский приказ" деп өзгертілді. Аптекарский приказдың қызметкерлерінің арасында шетел мамандарының көптігіне қарамай, оның бастығы ретінде әрқашан орыс боярларының білімдері жоғарылау өкілдері (Шерметъев, Милославский, Матвеев т. б) түрды. Аптекарский приказдың қызметтері:

  • соғыс және тыныштық жағдайда армияны медициналық көмекпен
    қамтамасыз ету

  • мемлекетті эпидемиядан қорғау.

  • дәрігерлер мен аптекарларды қадағалау.

  • дәрігерлікке және аптекарлыққа оқыту және оларды емтиханнан өткізу.

  • дәрілік шөптер жинау, сатып алу, дайындау және сақтау.

  • әсел, сыра, шарап, спирт дайындау және сату.

  • дәрілік және суд медициналық экспертизаны өткізу.

  • медициналық және фармацевтикалық әдебиеттерді аудару және сақтау

  • патша жанүясының медициналық және дәріханалық қызметін қадағалау.

1581 ж Кремльде алғаш рет патшаны және жанүясына қызмет ететін дәріхана ашылды. Патшаға дәрілік препараттар босату қатаң түрде қадағаланды , оған алынған дәрілер арнайы бөлмеде сақталды. Патшаға жазылған рецептер көрсетілген препараттар туралы және адам организміне қандай әсер көрсететіндігі туралы толық мәліметтер жазылған анықтама бойынша Аптекарский приказға түсетін болған.
1672 ж алғаш рет халыққа арналған дәріхана ашылып, онда дәрілік
препараттар (қүралдар) "нұсқаулық кітап" бойынша босатылды. Дәріхана
штатында дәріханашылардан бөлек дәрігерлер, алхимиктер, дистилляторшылар, емшілік және дәріханалық (оқушылар болған) мамандықты меңгерген оқушылар болды. Дәрілік түрлер өзінің сан алуандығымен ерекшелінген олар "питие", "порохи", "мазуни", "пластыри", "леваши", т.б. Салмақтық принципі әр дайым нақты орындалып отырмаған өлшеу жұмыстары күшті әсер ететін заттар үшін белгілеген кезде міндетті болады. Дәріхана затының қандай мөлшерде көрсетілуі аурудың жасына және физикалық мықтылығына байланысты болады.
Көптеген препараттар аш қарынға сирек тамақтан соң белгіленген. Күндізгі доза 2 немесе 3 қабылдауға бөлінді: "таң", "түс", "кеш". 40 күн және 2 айға да созылған белгілеулер де болады. Сонымен қатар препараттың дозасының күнделікті өсуі соңынан соңғы дозаға дейін төмендетілуі іс- жүзінде қолданылған.
XVII ғ соңында Мәскеуде және 2 дәріхана (ашылды) біреуі Кикталық есіктер жанындағы соғыстағы мүгедектер үшін арналған госпитальде, 2-сі патша дәріханасының филиалы ретінде Измайловада ашылды. Осы сәттерде Ресей елінің басқа да қалаларында атап айтқанда Волга мен Казанда мемлекеттік дәріханалар ашу ұсыныстары іске ашқан жоқ. Ресей соның ішінде Мәскеуде бірнеше істеп тұрған дәріханаларға қарамай дәрілік заттардың дәріханалық емес саудасы өрки берді.
1701 ж Петр I 1-ші 8 дәріхананың ашылуы түр және де дәрі — дәрмектердің басқа да жерлерде сатылуына шек қоятын жарлық шығарды.
Осылайша Ресейде дәріханалық манаполия орнады. Сондағы:

  • дәрі - дәрмектерді өндіру және сату тек қана дәріхана жүргізуге рұқсат етті.

  • ешкім (белгіленген осы 1 жерде) (районда) басқа дәріхана ашуға қүқығы жоқ
    еді.

  • дәріханалар "податегі" төлеуден босатылатын еді.

Дәріханалар мемлекеттік белгіні вывескасында және буып түю құралдарында пайдаланды.
- дәріханашылар ардақты (почетное) азаматтыққа ие болуға қүқылы еді.
Дәріхана ашуға бел буған адамдар патша атына елшілік бұйрыққа (посоль пр)
өтініш беретін болған. Оң шешім қабылдаған кезде оларға жалов грамота
беріліп, дәріхана ашу үшін жер бөлінген, дәріхана препараттарды дайындау
үшін спиртті шет елден және портты қалалардан (Архангельск және Азове)
алу құқығы берілді. Дәріханалардың "Аптекарский приказға емес " елшілік
приказға бағынуының себебі Петр I дәріхана іскерлікке шет ел мамандарының
араласуын алдын ала көздеген еді.
Петр I патша дәріханада қызмет көрсететін медициналық дәрігері Данил Гурчинға жұмысты тастап жекеменшік дәріхана ашуы түр ұсыныс жасады. Гурчин Ресейде 1-ші жеке дәріхана ашумен қатар алғаш рет дәріханалық ыдыстарды өндіретін зауыт ашқан болатын Гурчинмен бір уақытта жеке дәріхана ашуға сұраныс жасаған адам. Аптекарский приказдың дәріханашысы Грегориус болды. Дәл соған алғашқы болып жеке дәріхана ашу үшін мақтау қағазы берілді, ал дәріхананың өзі 1702 ж ашылды. Ол Петр I шығарған жарлықтың дәріхана монополия құру , тұрғызу ойдың иесі болған. Петербургте алғаш дәріхана 1704 ж, Нижний Новгородте 1780 ж, Пермде 1786 ж ашылған.
Ресейде дәріхана монополия XVIII ғ. Прогрессивті көрініске ие болып, дәріхана іскерліктің дамуында үлкен роль ойнады. Бұл процесстің соншалықты қиын болуының 1-ден 1 мысалы ретінде: алғаш 8 дәріхананың ашылуына 12 жыл кеткені болатын. Жеке дәріханадан басқа мемлекеттік және казенный 3 түрлі болған басты, полевые, госпитальды 1706 ж Петр I жарлығы бойынша "Басты дәріхана" енгізілді. Басты дәріханалар дәрі-дәрмекмен халықты, полевой және госпитальді дәріханаларды қамтамасыз етеді.Полевой дәріханалар жауангерлерге қызмет етеді. Петр I Аптекарский приказды басты дәріхананың дәріханалық концеляриясына, ол 1721 ж медициналық коллегия атына ие болып,соңынан медициналық концелярия деп аталып дәріханадан дәрілерінің босататына бақылау жасаиды.Дәріханалық істерді жөнге келтіру үшін 1789 ж Ресейде алғаш дәріханалық устав қабылдады. Ол 1917 ж дейін дәріхананың негізгі заңы (законодательство)болды. Уставтық 23 бөлімінде дәріхана сол уақыттағы дәріханалардың іс-әрекеттерінің ережелері: аптекардық мамандық меңгеруі, моральдық қасиеттері, рецепт қабылдап, дәрі-дәрмектердің құрамына, сыйымдылығына, сақтау ережелеріне, санитарлық және жабдықтарды тазалықта ұстау, біркелкі белгіленген бағаларды қолдану тәртіптері көрсетілген.
XVII ғасырда орыстың рухани қайраткерлері Даниия Гурчин және Афанасии Холмогорский тәжірибеде медицинамен айналысып, ең алғашқы фармакопея жинағын шығарды. Бүл фармакопея қолжазбы ретінде шықса, 1765 ж Санкт-Петербург қаласында 1-ші Мемлекеттік ресми фармакопея латын тілінде жарық көрді. Бұл фармакопея негізінде өсімдік шектес дәрілер, олардың дайындау технологиясы, тазалау әдістері, сапасын тексеру жолдары көрсетілген.
XVII ғасырдың соңында I Петрдің реформаларының нәтіжесінде мемлекеттің қолдауымен, дәріханалар көпсалалы мекеме болып, жақсы жабдықталып, финанстық және материалдық жағдайы түзеліп, жоғары пайдалы медициналық мекемеге айналады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет