Реагент-латыншы



бет12/17
Дата26.03.2023
өлшемі49,18 Kb.
#76279
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
охт2

Аммиакты синтездеу – көлемді азайтып жылу бөліп жүретін қайтымды үдеріс, яғни қысымды арттырып, температураны төмендету, тепе-теңдікті оңға жылжытады.
Медицинада жиі аммиак деп аталатын 10% аммиак ерітіндісі естен танған кезде, тыныс алуды ынталандыру үшін, құсуды ынталандыру үшін, сонымен қатар миозитте, жәндіктердің шағуында, хирургтың қолын емдеу үшін қолданылады. Қате қолданылған жағдайда өңеш пен асқазанның күйіп қалуы, тыныс алудың рефлекторлық тоқтауы тудыруы мүмкін.Жергілікті, ингаляцияға және ішке жағуға қолданады. Жәндіктердің шағуымен - лосьондар түрінде; невралгиямен және миозитпен – аммиакты линиментпен сүрту. Хирургиялық тәжірибеде оларды қайнаған жылы суға салып, қолдарын жуады.
21.Метанол синтезінің физика-химиялық негіздері. Процестің технологиялық параметрлері. Метанол медицинада қолданылуы.
Метанол, метил спирті, ағаш спирті, СН3ОН – иісі(этил спиртінің иісіне ұқсас) бар, түссіз сұйықтық, тығыздығы – 0,7924 г/см3, балқу т – 97,9, қайнау – 64,5. Сумен, спиртпен, тензодмен, ацетонмен, тб органикалық еріткіштермен оңай әрекеттесе алады. Формальдегид, сірке қышқылы, әр түрлі эфирлер алуда қоспа ретінде қолданылады. Метанол жүйке және тамыр жүйесіне әсер ететін у болып табылады.Метил спирті таза күйінде еріткіш ретінде жəне мотор отынына қоспа ретінде қолданылады.
1933 жылға дейін метил спиртін ағашты құрғақ айдау əдісімен өндірген. Сол себептен метанол-ағаш спирті деп аталады. Əрбір кубометр ағаштан 3-6 кг метанол өндірген.
Қазіргі кезде метил спиртін синтез газдан (СО+Н2 ) өндіреді. Метил спиртін синтездеудің физикалық-химиялық негізі жəне технологиясы аммиакты синтездеу əдісіне ұқсас. Синтез газ азот-сутек қоспасы сияқты генератор газдарын немесе табиғи газдарды конверсиялау əдістерімен өндіріледі.
Метанол синтезінің технологиялық көзқарасы бойынша және оны шикізаттың басқа да қатты түрлерінен алуға болатынына қарамастан, ең тиімді шикізаты – табиғи газ және мұнай өндірісінің газдары болып табылады. Технологиялық бастапқы шикізат болатын газ - көмірсутектік газдың : табиғи газдың, ацителен өндірісінің синтез газының, кокс газының, сұйық көмірсутектердің (мұнай, мазут, жеңіл каталитикалық крекингтің) және қатты отындардың - көмір конверсиясы нәтижесінде алынады.
Үрдісті 350-400 С, 20-30 МПа жəне V=35000-40000 сағ-1 көлемдік жылдамдықта мырыш-хром катализаторының (ZnO+Cr2O3 ) қатысуымен немесе 210-300 С, 5-10МПа жəне V=8000-10000 сағ-1 төменгі температуралық құрамында мыс бар катализаторда катализаторда жүргізеді. Құрамында мысы бар катализаторлардың тұрақтылығы төмен. Бұл катализатордың активтілігіне газдық құрамындағы аздаған мөлшерде СО2 болуы оң əсер етеді. Бір циклде метанолдың шығымы 4% шамасында. Метанолдың түзілу реакциясы қайтымды жəне экзотермиялық реакция болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет