Реагент-латыншы



бет14/17
Дата26.03.2023
өлшемі49,18 Kb.
#76279
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
охт2

Классификациясы- Шығу тегіне қарай: Табиғи (целлюлоза,белоктар,каучук т.б.)
Жасанды( нитроцеллюлоза,поливинил спирті,вискоза т.б)
Синтетикалық(полиэтилен, полипропилен,полистирол,полиамид,фенолды шайыр т.б) .
Жоғары молекулалы қосылыстарды алудың негізгі әдістері:
Поликонденсация деп қосымша заттар бөле жүретін төмен молекулалы қосылыстардан жоғары молекулалы қосылыстардың түзілу реакциясын айтады. Полимеризация деп төмен молекулалы заттардың (мономерлердің) қосылып, жоғары молекулалы қосылыстарды түзу реакциясын атайды.
Медицина саласында полимерлік материалдардан медициналық аспаптар, арнаулы ыдыстар және дәрілік препараттарды ораушының түрлі көріністерін дайындауда қолданылады. Хирургияда жүректің қақпақтарын, стоматологиялық протездер мен көз хрустальдарын жасауда қолданылады. Капсулалы дәрілер Фармацевтика тәжірибесінде кеңінен қолданылуда. Дәрінің тыстары жоғары ерітілген полимерден дайындалады. Дәрілік препараттарды орауда пайдаланылады.
25.Пластикалық массалардың жіктелуі. Пластикалық массалар өндірісі.
Пластмассалар— құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар. Пластмассалар шыны тәрізді немесе кристалды, диэлектрикалық қасиеті жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, механикалық жағынан берік болады. Пластикалық массалар дегеніміз- табиғи және синтетикалық үлкен молекулалы қосылыстар негізінде жасалатын, жоғары температура мен қысым әсерінен әр түрлі пішінге келіп, суығаннан кейін оны сақтай алатын материалдар. Пластмассаларды температураға әсеріне қарай: термопластикалық және термореактивті деп бөледі.
Термопластикалық пластмассалар- сызықтық полимерлер, олар жеңіл балқиды, қайта балқыту арқылы әр түрлі пішімге келтіруге болады. Термопласты полимерлер қыздырғанда қасиеттері біртіндеп, баяу өзгереді және белгілі бір температураға жеткенде тұтқыраққыш күйге ауысады. Балқыған термопласты суытқан кезде полимер алғашқы қалпына келеді және де мұндай өзгерістердің нәтижесінде полимердің химиялық табиғаты өзгермейді, сондықтан бұл процесті бірнеше рет қайталауға болады. Термопластикалы полимер болып полиэтилен, полистирол, поликапролактам сияқты полимерлер есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет