Реагент-латыншы


Ауадан алу. ауадағы азот пен оттекті қосып, азот қышқылына айналдырудың технологиялық әдісі • Аммиакты тотықтырып



бет11/17
Дата26.03.2023
өлшемі49,18 Kb.
#76279
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
охт2

Ауадан алу. ауадағы азот пен оттекті қосып, азот қышқылына айналдырудың технологиялық әдісі
Аммиакты тотықтырып алу. көмір кокстегенде шығатын аммиакты тотықтырып азот қышқылын алу. Синтетикалық жолмен алынатын аммиактың 35%-ы азот қышқылын алуға кетеді. Өндірісте негізінен сұйытылған азот қышқылы алынады.
Сұйытылған азот қышқылын алғанда аммиакты атмосфера қысымында, азот оксидін жоғары қысымда тотықтырады да, түзілген азот диоксидін сол қысымда сумен абсорбциялайды. Аммиактан азот қышқылын өндірудің принципиалдық сызбанұсқасы негізгі алты операциядан тұрады.
Медицинада қолданылуы- фармакологиялық (тері түзілімдерін кетіруге арналған препараттарға кіреді); дәрі-дәрмек (сүйелдерді және басқа тері түзілімдерін күйдіруге арналған).
1. сүйелдерді және кейбір басқа да тері зақымдануларын күйдіру үшін құрамында 32-33% HNO3 бар таза қышқыл түрінде;
2.висмут тұзы түрінде және тағы басқа түрінде асқазан-ішек ауруларына тұтқыр және антисептик ретінде: ойық жара және т.б.
20.Аммиак өндірісі, оның медицинада қолданылуы.
Аммиа́к — NH3, сутегі нитриді, қалыпты жағдайда - өткір иісті түссіз газ. Аммиак ауадан шамамен алғанда екі есе жеңіл. Аммиактың суда ерігіштігі жоғары - 1000 көлем суда 1200 көлем немесе 700 көлем NH3 ериді.
Аммиакты азот пен сутектің 1:3 қатынасында катализатор жіберу арқылы алады: Ле-Шателье принципі бойынша қысымды көтергенде аммиактың шығымы арту керек, бұл тəжірибе жүзінде дəлелденген. Екінші жағынан, азот пен сутек қосылғанда 112 кДж жылу бөлініп шығады. Демек температура жоғары болса аммиак аз өндіріледі. Сондықтан реакцияны төменгі температурада жүргізу керек. Бірақ төменгі температурада реакцияның жүру жылдамдығы өте баяу. Сондықтан үдерісті тездету үшін катализатор қолдану керек. Бұл үдеріске ыңғайлы катализаторлар ретінде уран жəне т.б.Түзілген аммиакты бөліп алу үшін газдар қоспасын салқындатып, аммиакты конденсациялайды. Реакцияға түспеген азот-сутек қоспасын қажетті мөлшерде азот, сутек қосып үдеріске қайта жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет