Реагент-латыншы



бет13/17
Дата26.03.2023
өлшемі49,18 Kb.
#76279
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Қолданылуы- Метанол өндірісте формальдегид, полимерлер, бояғыш заттар, фармацевтикалық препараттар алу үшін; Бояулар мен лактарды ерітетін еріткіш ретінде; Этил спиртін денатурациялануда қолданылады; Aнтифриз құрамына кіреді;
+Медицинада; Ол криобиологияда криопротектор ретінде кеңінен қолданылатын іш жүргізетін және құрғататын агент ретінде қолданылады. Ол глициринде ерітілген түрінде болады.
22.Этил спиртін алудың өнеркәсіптік әдістері. Этанолдың медицинада қолданылуы.
Этил спирті, этанол, С2Н5ОН – біратомды қаныққан-алифатты спирт, түссіз, күйдіргіш дәмі және өзіндік исі бар оңай қозғалатын сұйықтық; балқу t –144,15°С, қайнау t 78,39°С.
Этил спирті сумен, спирттермен, эфирлермен, бензинмен, т.б. органик. еріткіштермен кез келген қатынаста жақсы араласады. Этилды өнеркәсіпте алу үшін этиленді күкірт қышқылы арқылы немесе тікелей гидраттайды; зимаза ферментінің әсерімен шикізаттарын (картоп, дәнді дақылдар, т.б.) ашытады және ағашты, т.б. өсімдіктерді гидролиздейді. Этил әр түрлі өндіріс салаларында (лак-бояу, фармацевтика, тұрмыстық химия, т.б.) еріткіш ретінде; хлороформ, диэтил эфирі, этилацетат, диэтиламин, сірке қышқылы, т.б. органик. өнімдерді алу үшін бастапқы шикізат ретінде; мотор отыны, антифриз, т.б. түрінде кеңінен қолданылады. Өндірілетін Этил спиртінің көп бөлігі спирттік сусындар жасау үшін жұмсалады.
Этил спирті ауадан ылғалды өзіне жақсы сіңіреді, жақсы еріткіш, сумен, эфирмен, глицеринмен, бензинмен, т.б. көптеген органикалық еріткіштермен жақсы араласады. Этил спиртін алудың өнеркәсіптік әдістері.
Этиленді алу үшін тікелей және жанама әдіс қолданылады.
Тікелей гидраттау – катализатор қатысымен этиленмен судың тура қосылуына негізделген. Катализатор ретінде фосфор қышқылымен оның тұздары, күкірт қышқылы, алюминий оксиді, вольфрам, кейбір органикалық қосылыстар жəне т.б пайдаланылады гидраттау үрдісі қиын жүреді. Этиленді гидраттау қайтымды жəне жылу бөліп жүретін үрдіс..
Жанама гидратация- Этиленді тікелей гидраттау əдісімен этанол алу жанама əдіске қарағанда едəуір үнемді келеді.
Этиленді медицинада қолдану аясы кең: этил спиртін антисептиктерге жатқызуға болады; дезинфекциялаушы және құрғатқыш ретінде; 97% этил спиртінің қасиеттері операциялық аймақты өңдеу үшін немесе хирургтың қолын өңдеуде қолданылады; дәрілік заттарға арналған еріткіш ретінде; өкпені жасанды желдету кезінде; дене қызуы кезінде салқындату үшін (ысқылау үшін); дәрі-дәрмек құралдарының тапшылығы жағдайындағы жалпы анестезия компоненті; метанол және этиленгликоль сияқты кейбір улы спирттермен улануға қарсы дәрі ретінде қолданылады.
23.Ацетилен өндірісі және оны қайта өңдеу. Оның химия өнеркәсібінде қолданылуы.
Ацетилен – алкиндер тобына жататын, түссіз газ болып табылады. Ацетилен өндірісінің қазіргі күнге дейінгі өз мәнін жоғалтпаған тәсілі ол кальций карбидінен алу. Ол төмендегі реакция арқылы жүзеге асырылады.
СaO + 3C = CaC2 + CO
CaC2 + 2H2O = C2H2 + Ca(OH)2
Ең алдымен ацетилен және оның қасиеттеріне қысқаша тоқтала кетсем. Ацетилен ол
көмірсутектер қатарының бірінші мүшесі болып табылады. Ацетиленнің ашылуын алғаш анықтаған Э.Деви калий карбиді мен судың әрекеттесуі арқылы анықтағанболатын. Ол мына реакция бойынша өрнектеледі:
К2С2+2Н2О ->С2Н2+2КОН
Ацетиленді көмірсуларден алу өндірісі 20 ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады. Метан және басқа парафиндерден жоғары температуралы пиролиз қатысында ацетилен алады:
2СН4 = С2Н2 + Н2
Ацетиленнің өнеркәсіптік қолданылуы. Егер бұрын ацетиленді негізінен автогендік пісіруге қолданса, қазіргі кезде оның 50%-нан артығын химиялық өнімдер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланады. Ацетиленнен алынатын негізгі өнімдер мономерлер (хлорлы винил, винилацетат, акрилонитрил, винилацетилен, винил эфирлері) болып табылады. Олар пластикалық массалар, синтездік талшықтар және каучуктер өндіру үшін шикізат болады; көптеген оттекқұрамды өнімдерді (спирттер, күрделі эфирлер, қышқылдар, кетондар) алу үшін пайдаланатын ацетальдегид; еріткіш ретінде қолданылатын хлортуындылар (хлорэтилендер).
Осыдан аз – ақ бұрын ацетилен металл пісіру және кесу үшін жанғыш зат ретінде ғана пайдаланылатын. Қазір ол әр түрлі органикалық қосылыстарды синтездеу үшін көбірек қолданылады.
24.ЖМҚ туралы жалпы мәліметтер: ЖМҚ классификациясы, қасиеттері, алу әдістері. Медицинада қолданылуы.
Үлкен молекулалық массасы және өзіне тән бірқатар қасиетті бар қосылыстарды жоғары молекулалық қосылыстар немесе полимерлер деп атайды. Бір немесе бірнеше типті құраушы буындары еселеніп тізбектеліп жалғанған молекуланы полимер деп атаймыз. Полимердің құрамынан бір немесе бірнеше құраушы буындарды алғанда немесе қосқанда физика-химиялық қасиеттер жиыны өзгермейді. И.Берцелиус 1833 ж. “полимерия” терминін ғылымға енгізген. Алғашқы синтетикалық полимерлер 1838 (поливинилиденхлорид) және 1839 (полистирол) жылдары алынған.
Химиялық табиғатына байланысты: органикалық, бейорганикалық және элементорганикалық болып тағы бөлінеді. Органикалық полимерлер көміртегінен, сутектен, оттектен, күкірттен және азоттан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет