Реагент-латыншы



бет16/17
Дата26.03.2023
өлшемі49,18 Kb.
#76279
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Каучукты алу үшін ағашқа кесіп тіліктер жасайды. Бөлінетін ақ сүтті шырын ауада тез қатайып қараяды да, созылғыш массаға айналады. Маталарға шырын сіңіртсе олар су өткізбейтін болады, қатып қалған щайырдан факелдер дайындалады және шашыратқы түріндігі арнайы шөлмектер алынады.
Резеңке – майға, әртүрлі агрессивті орталарға, үйкеліске берік, созылғыш изолятор, тербелісті тұту қабілеті күшті, беріктік шегі жоғары органикалық зат. Сондықтан резеңке басқа материалдармен салыстырғанда құнды материал болып есептеледі.
Резинаны алудың негізгі шикізаты шикі каучук болып табылады.Оны алу үшін каучукты вулканизациялап (вулкандап), яғни күкірт қосып қыздырады да резеңкеге айналдырады. Ол үшін каучукке күкірт пен толықтырғыштар қосып, 130—140°С шамасында қыздырады. Күкірт атомдары каучуктың қос байланыстарының кейбіреулері бойынша қосылып, оның сызықтық молекулаларын бір-біріне байланыстырып, полимер кеңістіктік құрылымға ие болады. Резеңке каучукпен салыстырғанда берік болады. Каучук бензинде біртіндеп ериді, ал резеңке бензинде ерімей, тек ісінеді.
Силикон резиналарын медицинада силикон зондтарын, дренаждарды, түтіктерді, қан құю жүйелерін жəне тамызғыштарды жасау үшін, сонымен қатар: имплантацияланатын электр сымдары; кардиостимулятор электродтары; жануарларға тəжірибе жасау сатысына шығарылған жасанды жүректердің үлгілері; гидроцефалияны емдеуге арналған имплантациялық жүйелер: көзге арналған хирургиялық силикон импланттары, тор қабығын жоюға арналған склеропластика операциялары үшін; ларингальды маскалар жəне т.б. жасау үшін қолданылады. Медициналық силиконды резеңке адам өмірін қамтамасыз ететін маңызды құрылғыларға (диализ, дренаж жүйелері, экстракорпоральды қан айналымы және т.б.) келгенде алмастырылмайды.
28.Антибиотиктер туралы жалпы мәліметтер. Антибиотиктердің жіктелуі. Алынуы.
Антибиотиктер - бұл антимикробтық биологиялық белсенділігі бар табиғи заттар. Олар микробтық клеткалардан, өсімдік және жануар тіндерінен бөлінеді. Антибиотиктер пигменттер, алкалоидтар, уыттар сияқты микроорганизмдердің екіншілік метаболиттері. Олардың биологиялық міндеті- қоректік ортадағы микроорганизмдердің басқа бөтен топтарының тіршілігін басып жою.Антибиотиктердің 9000 астам түрлері белгілі, олардың 200 қосылысы медицинада және басқа салаларда қолданылады. Олардың ішінде пенициллиндердің, цефалоспориндердің, олардың жартылай синтетикалық туындылары, аминогликозидтердің, макролидтердің, фторхинолдардың өндірісі басым.Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бəрі бірдей медицинада қолданыла бермейді. Антибиотиктер шығу тегі, хим. құрамы, микробтарға əсер ету механизмі т.б. қасиеттері бойынша жіктеледі.
Ал негізгі түрлеріне тоқталсақ. Олар табиги, жатылай синтетикалық және синтетикалық болы бөлінеді. Мысалы табиги антибиотикке біз:грамицидин,полимиксин,стрептомицин,эритромицин.
Жартылай синтетикалыққа біз:ампицилин,оксацилин,гентацимин,рефампиицин
Синтетикалыққа келсек:леевомицитин,амиакцин.
Антибиотиктерді алу жолдары
1.Биологилық синтез. Бұл тәсілмен антибиотиктерді алу үшін, микроорганизмдердің жоғарғы өнімді штаммдарын және оларды өсіретін арнайы қоректік орталарын пайдаланады.Мысалы, бұл тәсілмен пенициллинді алады.
2.Химиялық синтез. Кейбір антибиотиктердің құрылымын білгеннен кейін, оларды химиялық синтездеу тәсілімен алу мүмкіндігі туды. Мысалы, бұл тәсілмен алынған алғашқы антибиотктердің алғашқысы – левомицетин.
3.Комбинирленген тәсіл. Бұл тәсіл алдыңғы екі тәсілдің ұштасуы болып табылады. Биологиялық синтез жолымен антибиотиктің ядросын алса, ал, химиялық синтез жолымен оған әр түрлі радикалдарды қосады. Осы тәсілмен алынған антибиотиктерді жартылай синтетикалық деп атайды. Мысалы: жартылай синтетикалық цефалоспорин, тетрациклин антибиотиктерді кеңінен қолданыс тапқан. Жартылай синтетикалық антибиотиктердің ерекшелігі олардың табиғи антибиотиктерге тұрақты микроорганизмдердің сезімталдылығы болып табылады. Бұл әдіс антибиотиктер өндірісінде кең қолданылады.
29.Амин қышқылдарының өндірісі. Амин қышқылдарының жіктелуі және олардың негізгі қасиеттері. Олардың медицинада қолданылуы.
Аминқышқылдар – молекуласында амин (~NH2) және карбоксил (-СООН) топтары бар органикалық қосылыстар, олар табиғатта кең таралған. Олар табиғи ақуыздардың құрылымдық элементі болып табылады. Ақуыз құрамына кіретін 20 аминқышқылдарының сегізі адам мен жануардың организмінде синтезделе алмайды, сондықтан оларды алмастырылмайтын аминқышқылдары деп аталады. Оларға:1 изолейцин; 2лизин; 3треонин; 4триптофан; 5валин; 6фенилаланин ;7метионин;8лейцин.
Өнеркәсіпте ақуыз аминқышқылдары әртүрлі әдістермен алынады:
+химиялық синтез;
+биотехнология:
+микробтардың синтезі;
химиялық-микробиологиялық әдістерімен алынады.
Барлық алмастырылмайтын амин қыщқылдары гидролиз арқылы алынбайды. Сонымен қатар, гидролиз процесінде олар деструкцияға және рацемизацияға ұшырайды. Химиялық процесс сонымен қатар рацематтарды шығарады. Тек метионин ғана стереоселективті емес.
Аминқышқылдары медицинада дәрілік заттарды өндіруде, тағамға биологиялық белсенді қоспаларды өндіруде, үй және ауылшаруашылық жануарларына жемге арналған қоспалар ретінде, сонымен қатар бояғыштарды, жуғыш заттарды, синтетикалық талшықтарды алу үшін қолданылады, парфюмерия өнеркәсібінде қолданады. Медицинада негізінен аминқышқылдары дәрілік заттар ретінде кеңінен қолданылады. Мысалы:
+Глицин - орталық жүйке жүйесінің тежегіш медиаторы. Ми тіндеріндегі зат алмасуды жақсартады. Тыныштандыратын әсері бар. Ұйқыны қалыпқа келтіреді, ашуланшақтықты, депрессиялық күйлерді төмендетеді.
+Цистеин - көз линзасының метаболизміне қатысады. Көбінесе линзаның бұзылуы цистеиннің жетіспеушілігімен байланысты, сондықтан цистеин катарактаның бастапқы кезеңдерінде қолданылады.
Амин қышқылдарының жіктелуі.
+Алмастырылмайтын ( валин, лейцин,изолейцин,триптофан,метионин,лизин.)
Асмастырылмайтын аминқышқылдары адам организмінде синтезделмейді, бірақ өмірлік маңызды заттар болып табылады. Жетіспеген жағдайда организмнің өсуі және дамуы тежеледі. Алмастырылмайтын аминқышқылдарының біреуі ғана жоқ болған жағдайда да ақуыздардың түзілуі тоқтатылады. Бұл асқорыту жүйесінің бұзылу, бойдың өсуінің төмендеуі, депрессия сияқты әр түрлі күрделі қиындықтарға әкеліп соктырады. Сондықтан олар тағаммен бірге ағзаға түсіп отыруы қажет.
Алмастырылатын аминқышқылдардың қосындылары тек екеу ғана. Бұл цистеин және тирозин. Бұл заттарды осы жолмен атайды, ал басқа аминоқышқылдардан қатты синтездеу қажет болған жағдайда олардың қабілетінен өзгеше болмайды. +Алмастырылатын ( аланин, аспарагин,глицин, глутамин.) Бұл аминқышқылдар көмірсулар мен липидтердің алмасу өнімдерін синтездейді. Алмастырылатын аминқышқылдары адам организмінде синтезделеді.
30 Биотехнология. Тарихы және кезеңдері. Биотехнология дәрілік препараттар өндірісінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет