Гомогенді реакцияның жылдамдығы – жүйенің көлем бірлігінде және кесімді уақытта реакцияға түскен немесе реакция нәтижесінде түзілген заттардың мөлшерімен өлшенеді.
Бастапқы реагенттер мен реакция өнімдері бір немесе бірнеше фазалардан түзілуіне байланысты химиялық реакциялар гомофазалы жəне гетерофазалы болып бөлінеді.
+Гомофазалы реакциялар – бастапқы реагенттер, тұрақты аралық заттар жəне реакция өнімдері бір фазада болады.
+Гетерофазалы реакциялар – бастапқы реагенттер, тұрақты аралық заттар жəне реакция өнімдері əртүрлі фазада болады.
Газды және сұйық фазалардағы гомогендік үрдістердің жылдамдығына әрекеттесуші заттардың табиғаты, концентрациясы, қысым, температура және араластыру әсер етеді. Гомогенді үрдістің жалпы жылдамдығы химиялық түрленудің кинетикасымен анықталады.
14.Гетерогенді химиялық процестер. Газ-сұйықтық жүйесіндегі процестер (Г-С), сұйық-қатты (С-Қ) жүйесіндегі процестер, газ-қатты (Г-Қ) жүйесіндегі процестер.
Химиялық процесс бұл бір немесе бірнеше химиялық қосылыстарды өзгерту әдісі немесе процедурасы. Бұл өз күшімен болуы мүмкін немесе сыртқы күштің әсерінен жасалынуы мүмкін процесстерді айтамыз.Гетерогенді деп реагенттері әр түрлі фазаларда болатын химиялық-технологиялық үрдістерді айтады. Реакция, әдетте, бір фазада немесе фазалық бөлімнің бетінде жүреді. Гетерогенді үрдістер екі немесе одан да көп әрекеттесуші фазалар қатысуымен сипатталынатын болғандықтан, олар фазалар жанасу беті арқылы заттың тасымалдануымен өтеді. Бірінші жағдайда, таза физикалық немесе физика-химиялық өзгерістер, абсорбция, адсорбция, десорбция, кристалдану, булану, балқыту және т.б. сияқты үрдістер, ал екінші жағдайда – масса алмасумен күрделенген химиялық реакциялар жүреді. Химиялық реакцияларды өздері гомогенді өтеді, яғни фазалар біреуін ішінде немесе фазалар жанасу бетінің шекарасында отеды. Фазалар жанасу беті шекарасында біреуі қатты фазада, ал екіншісі газды, сұйық немесе бөлек қатты фазада болатын құрамдастар арасында реакциялар өтеді.