Эксплуатациялық көрсеткіштер өзгерісті сипаттайды, өндірісте жəне химиялық-технологиялық үдерісте регламенттік жағдаймен күйден ауытқулар пайда болған өзгерістерді сипаттайды.
Беріктілік – өндірісте немесе қондырғыда белгілі уақыт аралығында авариясыз жұмыс істеудің не болмаса авариялық жағдайда тоқтап қалу санының орташа уақытымен сипатталады. Бұл көрсеткіш қондырғының дұрыс жəне сапалы жұмыс істеуіне тəуелді.
Жұмыс істеу қауіпсіздігі – қоршаған ортаға, қызметкерлерге жəне қондырғыларға əкелетін зиянды əрекеттерден жұмыс режимінің бұзылу ықтималдығы.
5.Химия-технологиялық жүйе және үдеріс. Химия-фармацевтикалық технологияның негізгі үдерістерін жіктеу.
Шикізат жəне материалдарды өнімдерге дейін өңдеу операциялары мен үдерістердің жиынтығын технологиялық үдеріс деп атайды. Химиялық өндіріс үдерісінде бастапқы зат яғни шикізатты соңғы өнімге дейін өңделеді. Бұл:
+негізгі химиялық үдеріс:
+шикізатты дайындау (реакциялық қабілетті күйге ауыстыру);
+шикізат компоненттерінің өзара химиялық əрекеттесуі;
+алынған реакциялық қоспаны соңына дейін өңдеу сияқты бірнеше операциялармен жүзеге асырылады.
Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін жəне бір-бірімен өзара байланысқан үдерістердің жиынтығын – химиялық-технологиялық үдеріс (ХТҮ) деп атайды. Жалпы алғанда химиялық-технологиялық үдеріс – кезектесіп жүретін үш сатыдан тұрад.
1,Шикізатты химиялық өңдеуге дайындау:
2. Дайындалған шикізаттың реакция өніміне дейін химиялық өзгерісі екі сызбанұсқамен
3. Реакциялық қоспадан мақсатты өнімді бөлу жəне оны тазалауы
Əрбір сатының жүзеге асырылуы үшін кейбір шартты сақтау қажет. Сондықтан əрбір нақты ХТҮ-ке сəйкес технологиялық режимде жасалады.
Технологиялық режим деп ХТҮ-ті максималды эффективті жəне тұрақты жүргізуді қамтамасыз ететін параметрлердің жиынтығын айтады. Технологиялық режим параметрлері деп қандай да бір аппараттың немесе оның жұмыс істеу режимін сипаттайтын жəне жұмысының негізгі көрсеткіші ретінде қолданылатын шаманы айтады. Параметр – сандық шама, сондықтан үдерісті сандық жағынан бағалау үшін қолданылады. ХТҮ-тің негізгі параметрлері: температура, қысым, реагенттер концентрациясы, катализатор сипаттамасы, т.б.
Химиялық-технологиялық үдерістердің жиынтығын келесі жеке үдерістермен операциялардың түріне байланысты бөліп жіктеуге болады:
+Механикалық жəне гидромеханикалық үдерістер – материалдардың ауысуы, олардың түрі жəне өлшемінің өзгеруі, сығылуы жəне ұлғаюы, ағыстардың араласуы жəне бөлінуі.Бұл үдерісті жүргізу үшін , ұнтақтағыш, диспергаторлар, компрессорлар, насостар, араластырғыштар, сүзгіштер, формаға келтіргіш қолданылады.
+Жылу алмасу үдерістері – қыздыру, салқындату, фазалық күйдің өзгеруі. Мұнда химиялық жəне фазалық құрамы өзгермейді. Бұл үдерістер жылуалмас+ тырғыштарда, конденсаторларда, қайнатқыштарда, балқытқыштарда, сублиматорларда жүреді.
Химиялық үдерістер – химиялық реакторларда материалдардың химиялық құрамының толығымен өзгеруі.
+Энергетикалық үдерістер – турбиналарда, генераторларда, моторларда əртүрлі энергиялардың (жылу, механикалық, электрлік) өзара түрленуі.
6.Технологиялық үдерістердің жылдамдығы. Технологиялық үдеріс жылдамдығын арттыру тәсілдері.
Мақсатты өнім бойынша технологиялық процестің жылдамдығы – бұл тікелей, кері және жағымсыз реакциялардың жылдамдығы, сондай-ақ бастапқы заттардың реакция аймағына және осы аймақтағы өнімдерге таралуы. Қарастырылған тепе-теңдік заңдылықтары өнімнің максималды мүмкін ( теориялық) шығуын анықтауға мүмкіндік береді. Диффузиялық аймақта жүретін технологиялық процестердің жылдамдығы зат пен энергияны тасымалдау қарқындылығымен анықталады. Технологиялық процестің жылдамдығы тікелей, кері және жанама реакциялар жылдамдығының үйлесуіне, сондай-ақ бастапқы заттардың реакция аймағына және реакция аймағынан химиялық конверсия өнімдеріне таралу жылдамдығына байланысты. Технологиялық процестің жылдамдығы құрылғылардың өнімділігін және олардың санын анықтайды. Технологиялық процестердің жылдамдығын арттыру құрылғылардың жылдамдығына қатаң талаптар қояды. Технологиялық процестің жылдамдығын арттыру және жабдықтың өнімділігін тиісті түрде арттыру технологияның негізгі міндеті болып табылады.
Процестің жылдамдық константасының жоғарылауына негізінен үш жол арқылы қол жеткізіледі.
1. - өзара әрекеттесетін жүйенің температурасының жоғарылауы.
2. - катализаторларды қолдану;
3. - реакция массаларын араластыруды күшейту.
Технологиялық процестің жылдамдығын тек бір параметрді өзгерту арқылы, атап айтқанда қайтымды конденсацияланған органо-су ағынының шығыны бойынша автоматты бақылау, оның мерзімді, жартылай мерзімді немесе үздіксіз болуына қарамастан, процесті басқару үшін толық ақпарат бере алмайды. Алайда, мұндай ақпарат тотығу реакциясының жылдамдығын жоғары дәлдікпен бағалауға мүмкіндік береді, демек, эпоксидті майдағы қанықпаған қосылыстардың қалдық мөлшері минимумға жақындағанша технологиялық процесті басқару үшін белгілі бір жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
7. Шикізат базасы және химия өнеркәсібінің бастапқы заттары.
Химиялық өндіріс өте көп мөлшерде шикізатты өңдейді және сондай көлемде су, отын, энергия жұмсайды. Сонымен қатар химиялық өндірісте шикізатты пайдаланудың ерекшеліктері бар.Олар :
1.Шикізат базасының көп варианттылығы, ауылшаруашылық өнімдері, ауа және су, металлургия мен мұнай өңдеу өнімдері.
2.Әртүрлі химиялық өнімдер алу үшін шикізаттың бір түрін комплексті пайдалану мүмкіндігі
3.Бір шикізаттан әртүрлі өнім алу мүмкіндігі.
Шикізат – өнеркәсіптік өнімдер өндірісінде қолданылатын табиғи материалдар. Химиялық өнеркәсіп шикізаты әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі :
-шығу тегіне байланысты : минералдық, өсімдік, жануартекті;