Реагент-латыншы


Газ-сұйық (Г-С) реакциялар



бет8/17
Дата26.03.2023
өлшемі49,18 Kb.
#76279
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
охт2

Газ-сұйық (Г-С) реакциялар – реактивтер арасындағы химиялық әрекеттесуді қамтитын гетерогенді процестер, олардың біреуі газ фазасында, екіншісі сұйық фазада болады. Өндірістік тәжірибеде ең кең таралған газ – сұйық (Г-С) гетерогенді жүйесі Генри заңымен өрнектеледі.
Сұйық-қатты (С-Қ) жүйелерінде фазалық тепе-теңдікті анықтау үшін, фазалық күй диаграммаларын пайдаланады. Бұл жүйеге мынандай процесстер жатады: адсорбция, еріту, шаймалау(выщелачивание), экстракция және кристалдану.
Газ – қатты зат (Г-Қ) жүйесіндегі гетерогенді процестер-Өнеркәсіптік химиялық-технологиялық процестердің кең таралған түрі. Бұл әртүрлі кендерді жағу, цемент клинкерін алу, мырыш оксидімен күкіртсутекті сіңіру және т.б. процестер, тіпті осы топтың ішінде гетерогенді процестердің белгілі бір түрлерін ажыратуға болады. Ең жиі кездесетін жағдай-гетерогенді реакция, онда реактивтер мен өнімдер арасында газ тәрізді және қатты заттар бар:
Реакцияның бұл түріне, мысалы, темір колчеданын жағу процесін жатқызсақ болады.
15.Химиялық реакторлар. Химиялық реакторлардың жіктелуі және олардың жұмыс режимі.
Химиялық реактор деп химия-технологиялық үрдісті жүзеге асыруға арналған аппаратты айтады,яғни, ішінде масса тасымалдау (диффузиялық) процесі мен химия-технологиялық процестер жүретін аппарат.
Мысалы, күкірт қышқылы цехының пеш бөлімшесінде реактор болып күкірт немесе колчеданды күйдіру пеші болса, контакт бөлімшесінде – жанасу аппарат болып табылады.
Химия реакторларындағы реакцияны қажетті жылдамдықпен жүргізу үшін реакцияласатын заттардың концентрациясын, температурасын реттеу, гетерогенді фазалардың жанасу ауданын өзгерту әдістері қолданылады.Температуралық режимін жылу алмасу әдістері арқылы реттейді.
Атқаратын міндеттеріне сай және өтетін реакторлардың ерекшеліктеріне байланысты реакторлардың конструкциялары да алуан түрлі болады.
Жұмыс атқару ерекшеліктеріне байланысты реакторлар:
1.Реагенттерді әкелу (периодты, үздіксіз, жартылай үздіксіз);
2.Реагенттердің қозғалуы(идеалды ығыстыру, идеалды араластыру);
3.Реакциялық аймақтағы (адибаттық, изотермиялық, политроптық (аралық)) болып жіктеледі.
Ал конструктивті ерекшеліктеріне байланысты реакторлар:
1.Сыйымдылықты реакторлар;
2.Колонналы реакторлар;
3.Жылу алмастырғыш типті реакторлар болып жіктеледі.
Реакторға дейін орналасқан аппараттардың негізгі міндеті – шикізатты реакцияға дайындау, ал реактордан кейін орналасқан аппараттың міндеті – реакцияның өнімдерін бөлу, оларды шоғырландыру немесе зиянды қосымшалардан тазарту болып табылады.
Реакторларға қойылатын талаптар:
+Жоғары өнімділік пен қарқындылықты қамтамасыз ету,
+Максималды айналдыру дәрежесімен қамтамасыз ету;
+Реагенттерді тасымалдау мен араластыруға кететін энергия шығынының төмен болуы;
+Құрылысы жеткілікті түрде қарапайым және бағасы арзан болуы;
Реакторлар жұмысының негізгі көрсеткіштері шартты түрде:1)Технологиялық;

  1. Пайдалану; 3) Энергетикалық; 4) Экономикалық болып жіктеледі.

16.Минералды тұздар және тыңайтқыштар өндірісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет