Лекциялардың тезистері



жүктеу 0.95 Mb.

бет1/10
Дата22.12.2016
өлшемі0.95 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

                                          Лекциялардың тезистері. 



  Педагогика  тарихы:  тақырыбы,  міндеттері,  әдіснама,  тарихи-

педагогикалық зерттеу әдістері. 

1.Педагогика  тарихы:  тақырыбы,  міндеттері,  әдіснама,  тарихи-

педагогикалық зерттеу әдістері. 

Жоспар:  

1.

 

Педагогика тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері 



2.

 

Педагогика  тарихы  пәнінің  әдіснамасы  мен  педагогикалық  зерттеу 



әдістері. 

Негізгі  ұғымдар:  даму  тенденциялары,  тарихи  кезең,  тарихи  дәуір, 

оқыту,  тәрбиелеу,    білім  беру  жүйесі,  білім  беру,  педагогикалық  теория, 

этнопедагогика,  педагогикалық көзқарас,  халық педагогикасы. 

Курстың  мақсаты:  болашақ  педагог  мамандарды  педагогиканың  ғылым 

ретінде  дамып,  қалыптасу  жолымен  таныстыра  отырып  өткендегі  озық 

тәжірибелерді  меңгеру,  оны  бүгінгі  күн  жағдайларында  пайдалана  білуге 

үйрету, теориялық білімін тарихи-педагогикалық ақпарлармен толықтыру. 

“Педагогиканың  тарихы”  курсын  оқу  барысында  студенттер  әлемде 

және  қазақ  жерінде  ғылыми  педагогиканың  қалыптасу  тарихының 

бастауларымен  танысып,оның  даму  кезеңдерінде  үнемі  толығып  отыруын, 

ежелгі дәуірдегі педагогикалық ойлардың дамуы жайлы білім қалыптасады. 

Педагогиканың  тарихы  тәлім-тәрбие  пәнін  ғылыми  танудың  бір  түрі 

дейтін  болсақ  ол  жалпы  педагогикалық  теорияның  келіп  шығуын 

хронологиялық  ретімен,  кезеңдермен  дамуын,  бір  күйден  екінші  бір  күйге 

өтуін қарастырады. Педагогикалық ойлардың дамуын қарастыруда мәселенің 

өткені, бүгіні, болашағына үңілудің өзіндік орны бар. 

Осы орайда жоғарыда берілген педагогикның тарихының мазмұны өзара 

тығыз байланыста қарастырылған күнде ғана түбегейлі білім қалыптасады. 

Педагогиканың  тарихы  жалпы  тарих,  философия,  әдебиет,  психология, 

әлеуметтану, саясаттану т.б. пәндермен тығыз байланыста. 

Педагогиканың  тарихын  зерттеуде  тарихи  деректердің  маңызы  зор. 

Осыған  орай  қазіргі  кезде  мұрағат  құжаттарымен  танысу,  ғылыми,  тарихи 

әдебиеттерді  зерттеу,    білім  мен    тәрбиеге  байланысты  құжаттарды 

зерделеудің орны бар. Оның басты әдістері жинақтау, топтастырыу, талдау, 

салыстырмалау т.б. болып табылады. 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

1.Педагогика  тарихы  пәнінің  ғылыми  педагогикалық  зерттеулерін 

анықтау.  

2.Педагогика тарихы пәнінің теориялық әдіснамалық негіздері. 

 Әдебиеттер:  

1.  Хрестоматия  по  истории  зарубежной  школы  и  педагогической 



 

мысли/под ред. Пискунова, М., 1981. 



2. Қ.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. Алматы, 1985.  

3. Құнантаева К.Қ. Қазақстанда білім даму тарихы. Алматы, 2005. 

4.Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 2008. 

 

 Шетелдегі мектеп пен педагогикалық ой.  

2  Алғашқы қоғамдағы тәрбие 

 

Жоспар: 



1. Тәрбиенің пайда болуы 

2. Жазудың және алғашқы мектептердің пайда болуы 

 

 Негізгі ұғымдар: даму, тарихи кезең, тарихи дәуір, , тәрбиелелу, жас  



Алғашқы  қоғамның  дамуының  белгілі  сатысында  ер  балалар  мен  қыз 

балалардың  тәрбиелерінде  айырмашылықтар  кездесті.  Ер  балалар  ер 

адамдардың,  қыз  балалар  әйелдердің  тірлігін  жасады.    Алғашқы  қоғам 

дамуының  белгілі  сатысында  мал  бағу  ,  егін  салу,  қолөнер  кәсібі  пайда 

болды.Өндіріс  күштерінің  дамуымен  және  адамдардың  еңбек  ету 

тәжірибесінің  кеңеюімен  қатар,тәрбие  де  күрделене  түсті,  ол  жан  –  жақты 

жоспарлы іске айналды. 

Рулық  қоғамда  балалар  мал  бағуға,  егін  егуге,  қолөнерге  үйретілді.Осыған 

сәйкес  тәрбиені  де  ұйымдастыру  қажет  болды.Балаларды  тәрбиелеу 

тәжірибелі адамдарға жүктелді.Бұл кезеңде ертегі, ойын, өлең мінез – құлық 

тәрбиесінің құралына айналды.Әскери тәрбиеніңалғашқы элементтері: садақ 

ату,найзаласу,салт атқа міну шыға бастады. 

Тәрбиені  ең  тәжірибелі  адамға  жүктеу,оның  мазмұнының  кеңеюі  –  рулық 

қоғамда  тәрбиенің  қоғамдық  еңбектің  бір  саласына  айнала  бастағандығын 

көрсетеді. 

Жеке  меншіктің  ,  құлдықтың,  жеке  отбасының  шығуына  байланысты 

алғашқы  қоғам  ыдырай  бастайды.Қоғамдық  тәрбиемен  қатар,  отбасы 

тәрбиесі  шыға  бастады.  Қоғамды  билеуші  топтар:  дін  басшылары  мен 

көсемдер  пайда  болып,  олар  еңбекке  баулу  тәрбиесінен  білімге  үйретуге 

көңіл бөле бастады. Жер өлшеу, адамдарды емдеу, өзендердің тасуын алдын 

ала  болжау  алғашқы  ғылымның  негізін  құрады.Осы  кезеңнен  бастап 

мектептер ашыла бастады 

 

Өзін - өзі бақылау сұрақтары 



1. Алғашқы қоғамға сипаттама беріңіз 

2. Рулық қоғамға сипаттама жасаңыз 

3.  Бұл  қоғамда  қандай  ғылымдардың  негізі  қалана  бастағанын  негізге  ала 

отырып жауап дайындаңыз. 

 

Әдебиеттер 


 

1.Қ. Бержанов, С.Мусин    Педагогика тарихы   Алматы. Мектеп  1984 



2.Ж. Әбиев                Педагогика тарихы              Алматы. Дарын  2006 

3..Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 

2008. 

 

3.  Шығыстың  мемлекеттеріндегі  тәрбие  және  педагогикалық  ойдың 



пайда болуы: 

Жоспар:  

1.Ежелгі Мысырдағы мектеп пен тәрбие; 

2. Ежелгі Үндістандағы тәрбие; 

3. Ежелгі Қытайдағы мектеп пен педагогикалық ойлар. 

 

Одан  әрі  тарихи  дамудың  нәтижесінде  алғашқы  қауымдық  құрылыс 



жаңа  қоғамдық  формация  —  құлдық  қоғаммен  ауысты.  Ежелгі  Шығыста 

алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мәдениеттің 

негіздері қаланды. Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ежелгі Греция мен Рим 

мемлекеттеріне  әсерін  тигізді.  Сол  кезде  Шығыс  елдерінде  арнаулы 

мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен 

үстем тап өкілдерінің балалары оқыды. 

Ежелгі  Индияда  мектеп  ашыла  бастады.  Мыңдаған  жылдар  бойы 

қарапайым 

жер 

шаруашылығымен 



айналысатын 

қауымдардың 

ұйымдастыруымен қауымдық мектеп өмір сүрді. Сонымен қатар Кіші Азияда 

және  Египетте  мектептер  дами  бастады.  Адамдар  табиғат  құбылыстарына 

бақылау жүргізіп, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, 

геометрия,  арифметика,  медицина  сияқты  ғылымдардың  негіздері  қалана 

бастады.  Осы  мәліметтердің  барлығы  үстем  тап  өкілдерінің  қолында 

жинақталған. 

Ежелгі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істеді. Жоғары 

мектептерде  үстем  тап  өкілдерінің  балалары  күрделі  иероглиф  тәсілімен 

оқуға және жазуға үйренді, философия және моралъ туралы жазушылар мен 

ақындардың  шығармаларын  оқып  үйренді.  Онда  астрономиядан  кейбір 

мәліметтер  берілді.  Ертедегі  қолжазбаларда  (Қытай,  Индия,  Мысыр  т.б.) 

тәрбие  туралы,  мүғалім  мен  тәрбиеге  қойылатын  талаптар  туралы  құнды 

ойлар  кездеседі.  Бұл  мектептерде  қатаң  тәртіп,  дене  жазалауы  кеңінен 

қолданылады. 

Ежелгі  Египетте  мектепте  оқыту  туралы  алғашқы  мәліметтер  б.з.д.  3-

мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жылдар бойы Ніл сағасында 

белгілі  психологиялық  жеке  тұлға  қалыптасты.  Ертедегі  египеттіктердің 

идеалы  сөзге  сараң,  тағдырдың  қиындығы  мен  соққысына  шыдай  білетін, 

табанды  адам  болып  табылады.  Осындай  адамды  оқыту  және  тәрбиелеу 

мақсатын қойды. 

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 



1. Ежелгі Үндістанның білім мәдениеті 

 

2.Фирдаусидің дастандарындағы тәрбиелік ойлары 



Әдебиеттер: 

1.Қ. Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы.  Аалматы, Мектеп. 1984 

2.Ж. Әбиев. Педагогика тарихы. Алматы. Дарын, 2006. 50-80 б. 

3..Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 

2008. 

 

 Ежелгі Греция мен Римдегі педагогика  

 

Жоспар  

1. Ежелгі Греция мемлекетіндегі мектеп пен педагогика 

2. Ежелгі Рим мемлекетіндегі мектеп пен педагогика 

 

Ежелгі Греция мен Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізді.Греция бірнеше 

Құл  иеленуші  ұсақ  мемлекеттен  құралды.  Ішіндегі  ірілері  Аттика(  астанасы 

Афина)  және  Лакония  (  астанасы  Лакония)мемлекеті  болды.  Афина  мектебі 

балаларды  өнерге  баулыды.  Спартада  құлдарды  қатал  қанауға  негізделген 

мұнда  үстем  таптың  балаларына  әскеи  тәрбие  берді  7-18  жасқа  дейін 

мемлекеттік  мекемелерінде  тәрбиеледі.  Балалардың  денесін  шынықтыру, 

аштыққа,суыққа,  шыдамды  етіп  үйрету,  әндер  айту  ,  найзаласу,  жүгіру, 

секіру  ойындары  жүргізілді.  Афинада  жеті  жасқа  толған  балалар  мектепке 

алынды.  Олар  грамматист  (  жазу  ,сызу),  кифарист  (музыкаға)  полестра 

(күрес) мектептерінде оқиды.  

Грек  философы  Платон  өзінің  пікірінде  Афина  мектебінен  Спарта 

мектебін  ұштастыру  керек  деді.  Ол  тәрбие  мемлекет  тарапында  болсын дей 

отырып, құлдардың балаларын оқытуға қарсы болды.  



Аристотель  мемлекеттің  мақсаты  барлық  адамға  тәрбие  беру  керек  деп 

ұсынды.  Ол  алғаш  рет  балалардың  жас  ерекшеліктерін  даму  кезеңдерге 

бөлді. 

Ежелгі  Рим  мемлекетінде  элементарлық  және  жоғарырақ  грамматикалық 



болып 

екіге 


бөлінді. 

Элементарлықта 

жазуға, 

санауға 


үйретті. 

Грамматикалық мектептерде үстем таптың балалары барды. Олар латын тілі, 

грек тілі, риториканы оқыды. 

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 



1. Ежелгі Римде тәрбие мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы. 

2. Ежелгі Грециядағы мектеп пен педагогика 



Әдебиеттер 

1.Қ. Бержанов, С.Мусин    Педагогика тарихы   Аалматы. Мектеп  1984 

2.Ж. Әбиев                Педагогика тарихы              Алматы. Дарын  2006 50-80 б. 

3..Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 

2008. 

5. Орта ғасырдағы Қазақстандағы тәрбие және педагогикалық ой   

Жоспар: 


 

1. Әбу Насыр әл-Фарабидің педагогикалық көзқарасы. 



2. Ж.Баласағұнның «Құдатғу білік» кітабындағы тәрбиелік идеялары.  

3. М.Қашқаридың «Диуани лұғат ат түрік (Түркі сөздігінің жинағы)» атты 

сөздігіндегі педагогикалық ойлар. 

Танып-білу  мақсаты:  ежелгі  дәуірдегі  қазақ  жарындегі  тәлім-

тәрбиелік ойлар жүйесін меңгереді. 



Танып-білу түрі: дәріс, СӨЖ, ҰСӨЖ 

 Негізгі  ұғымдар:  адасмгершілік,  имандылық,  нәпсі,  қажеттену, 

наным, сенім, қайырым, мейірім, Отаншылдық 

 

Әбу  Насыр  әл-Фараби  өмір  сүрген  заман  Шығыс  әлемінде  араб 



халифатында  ғылым  мен  білімнің  дәуіплеп  тұрған  кезі  болатын.  Ұлы 

ғалымның балалық, жігіттік шағы қазақ даласында Отырарда өтті. ҮІІ-ХІІ ғ-

да  философиядағы  басты  идеялар  араб  тілінде  сөйлейтін  халықтар 

еншілеріне тиді. Осы кезде Платон, Аристотель, Гален, Архимедтің еңбектері 

Орта  Азиядан  Индияға,  Пермней

 

түбегіне  дейін  араб  тіліне  сан  рет 



аударылып,  көшіріліп жазылды.  Ал  Фараби осы  ғалымдардың  еңбектерімен 

сусындап,  оларға  талдау  жасады.  Фараби  өзінің  «Қайрымды  қала 

тұрғындарының көзқарастары жайлы» трактатында қала адамдарының жеке

2

 



топтарына  сипаттама  берді.  Ғұлама  қайырымды,  қайырымсыз  қала 

тұрғындарына  талдау  жасап,  тұрмыс  салтын,  өмір  сүру  ерекшеліктерін, 

оларға  тиісті  құндылықтарды  көрсетпекші  болды.  Адамдар

2

  бақытты  болуы 



үшін бір-біріне көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қала болды; 

-  дейді  Фараби  ізгілік  бақыт  туралы  надан  қала  тұрғындарының  білетіні 

байлыққа  рахаттану,  құмарлыққа  ерік  беру,  мансап,  сый-құрметке  еліру 

болып табылады дейді. Ал «Азаматтық саясатта» ұжым туралы қайырымды 

қаламен қатар бұзылған қайырымсыз қала болатындығын ескертеді. Мұндай 

болмас  үшін  бірлесіп  әрекет  ету  қажет  дейді.  Педагогикалық  тұрғыдан 

адамдар арасындағы достық, қастық туралы ой-пікірлерінің маңызы ерекше: 

1. Оның 1-і адал дос 

2. айнымалы дос 

Қастардың да 2 түрі болады.  

1. Өшпендіоігі мол, жаулығы басынан асқан адамдар; 

2. көре алмаушылықтан жауласқан адамдар. 

 

Мұғалімдік еткен адамның өлшеуі (әдісі) тым өктем немесе тым босаң 



болмауы керек. Мінезділік бақытты болудың шарты. Сондықтанда жанымен 

тәнін тәрбиелеуді бесігіннен бастаған абзал, - дейді.  

 

Фарабидің  ұғымында  шәкірттерді  тәрбиелеу  үшін  жете  түсінетін, 



көреген-естігенін  нәрселерін  жадында  сақтайтын,  алғыр,  аңғарынпаз,  өткір 

сөз  иесі,  ойын  анық  жеткізе  алатын,  ішімдікке,  құмарлыққа  қанағатшыл, 

жаны  асқақ  ақшаға,  жалған  дүниеге  жаны  қас,  әділетті  жақтайтын  болуы 

шарт –дейді.  

 

Ғұлама  дидактика  методика  мәселесіне  ерекше  мән  берген  көрнекілік 



принципті  жақтаған  оқуға  ынтасы  жоқ  жас  өспірімді  зорлау  принципін 

қолдану керектігін айтады.  

 

Баласағұнның  «Құдатғу  білік»  кітабы  бұл  түрік  тілінде  жазылған 



 

Баласағұнның  маральдық-этикалық  қағидалары  әл-Фарабимен  үндесіп 



жатады.  

 

Автор  дастанда  елді  әділ  билеушілікті,  ақыл-парасат,  бақ-дәулетті 



дәріптейді.  Білімділікті  алға  қоя  сөйлейді.  «Ұятсыз  үйден  үйдей  бәле 

шығады»,  «Кісі »-өз бақытының қожасы, «жанұшырушылық-топас адамның 

белгісі», «Білімсіз адам-көр соқыр»- деп келтіреді.  

 

Нағыз білімділік адамгершілік имандылықпен 



 Нұрлануы тиіс дейді. Қашқаридың «Диуани лұғат ат түрік (Түркі сөздігінің 

жинағы)» атты сөздігінде 200 астам өлең 300 тарта мақал-мәтелдер түркінің 

кірген. Бұл түркі халқының энциклопедиясы тәрізді, территориясы, тұрмыс-

салт  дәстүрлерін  дәріптейді.  Мұнда  қорқақтық,  мансапқорлық,  опасыздық, 

ерлік,  әділдік  айтылады.  Сөздікте  ғылым-білім,  әдеп,  тәлім-тәрбие 

сипатталады.  



 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары 

1.Әбу Насыр әл-Фарабидің педагогикалық көзқарасы. 

2. Ж.Баласағұнның «Құдатғу білік» кітабындағы тәрбиелік идеялары.  

3. М.Қашқаридың «Диуани лұғат ат түрік (Түркі сөздігінің жинағы)» атты 

сөздігіндегі педагогикалық ойлар. 

1.

 

“Қорқыт ата кітабындағы” әйел сипаты



2.

 

 “Оғызнамадағы” Отаншылдық пікірлер; 



3.

 

Ислам дінінің қазақ тәлім-тәрбиесіне ықпалы; 



4.

 

Әл-Фарабидің  тәлім-тәрбиелік пікірлері. 



5.

 

“Қабуснама” еңбегінің тәрбиелік мәні. 



6.

 

“Түркі тілдерінің жинағы” еңбегінің тәрбиелік-танымдық маңызы. 



7.

 

“Құтты біліктегі” тәрбиелік ойлар жүйесі. 

“Диуани хикмет” еңбегінің басты идеялары 

 

Әдебиеттер: 

1..Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 

2008. 

2.  Қ.  Жарықбаев,  С.  Қалиев.    Қазақтың  тәлімдік  ой-пікір  антологиясы. 

Алматы. Рауан, 1994. 11-60бет 

3. . Қ. Жарықбаев, С. Қалиев.  Қазақ  тәлім –тәрбиесі. Алматы. Рауан, 1994    

4. Н. Келімбетов   Ежелгі дәуір әдебиеті   Алматы. Ана тілі, 1991 

 

 



 

4.  Орта  ғасыр  мен  Қайта  өрлеу  дәуіріндегі  Батыс  Европадағы  тәрбие, 

мектеп пен педагогикалық ой 

Жоспар 

1. діни мектептер, олардың түрлері, олардағы оқытудың ерекшеліктері; 



 

2. қайта өрлеу дәуіріндегі педагогикалық ойлар; 



3. қайта өрлеу дәуіріндегі білім беру мен тәрбие саласындағы саясат. 

Құлдық  қоғамның  ыдырауы  және  құлауы  оны  жаңа  феодалдық 

құрылыспен  алмасуына  алып  келді.  Ол,  алдыңдағы  құлдық  қоғаммен 

салыстырғанда  прогрессивтік  сипатта  болды  (себебі  негізгі  өндіргіш  күш-

шаруаның өз шаруашылығы болды, сондықтан да еңбекте құлдарға қарағанда 

кейбір  ынталылық  танытты),  бірақ  феодальдік  құрылыстың  негізіне 

феодалдардың,  Дін  иелерінің  жерге  жекеменшігі  кірді.  Феодалдық 

құрылыстың  идеологиялық  тірегі  және  ірі  саяси  күші  католиктік  шіркеу 

болды.  Ол  орта  ғасырлық  батыс  еуропалық  қоғам  өмірінде  ерекше  рөл 

атқарды. Шіркеу бұқара халықты басып-жаншуды жақтап отырды. 

Қайта өрлеу дәуіріңде математика, астрономия, механика, жағырафия, 

жаратылыстану  ғылымдары  жан-жақты  дамуға  мүмкіншілік  алды.  Бұл 

ғылымның  әртүрлі  салаларында  ұлы  жаңалықтарды  табу  мен  ашу  кезеңі 

болды:  Еуропада  кітап  басып  шығаруды  ойлап  табу,  Американы,  Индияға 

теңіз жолын ашу т.б. ұлы жаңалықтармен ерекшеленеді. 

Мәселен, Италияда антикалық философияның белгілі білгірі, гуманист 

Витторина  да-Фельтре  (1378  —  1446)  "Қуаныш  үйі"  деп  аталатын  мектеп 

ұйымдастырды.  Бұл  мектепті  ұйымдастырудың  негізіне  гуманистік 

педагогаканың  қағидалары  жатқызылды.  Мектеп  тамаша  сарайда,  табиғат 

аясында ашылды. 

Қайта 

өрлеу 


дәуірі 

педагогикалық 

ой-пікірінің, 

көрнекті 

кайраткерлерінің  бірі,  француз  жазушысы-гуманисі  Франсуа  Рабле  (1494  — 

1553) болды. Өзінің белгілі «Гаргантюа  және Пантагрюль» атты романында 

ортағасырлық  схоластикалық  тәрбиені  қатты  сынға  алды  және  оған  бала 

үшін тәртіппен ойластырылған гуманистік тәрбиені, жан-жақты білім беруді, 

өз  бетімен ойлауды  дамытуды,  шығармашылықты  және белсенділікті  қарсы 

қоя білді. 

Адамзат  рухының  қайта  өрлеуінің  тамаша  көрінісі  болып  табылатын 

жас  ұрпақты  еңбек  іс-әрекеті  үрдісінде  тәрбиелеу  туралы  ойды  алғаш  рет 

айтқан  ағылшын  ойшылы-гуманисі  Томас  Мор  (1478  —  1535)  болды.  Ол 

білім беру теориясын еңбекпен байланыстыру идеясын ұсынды. Томас Мор 

өзінің белгілі "Мемлекеттің дұрыс құрылысы туралы және жаңа Қиял аралы 

туралы Алтын кітабында" (1516) еуропалық ойшылдардың ішінде алғаш рет 

екі  негізгі  және  маңызды  қағиданы  ұсынды:  адамзат  қоғамының  көркеюі 

үшін  жекеменшіктің  зияны  туралы  және  барлық  адамзаттар  үшін  міндетті 

өнімді енбекке катысу. Автордың фантазиясымен Қиял мемлекетінде барлық 

азаматтар  еңбектенуге  міндетті  (күні  6  сағаттан),  қоғамдық  еңбектің  жемісі 

барлық адамдардың арасыңда бірдей бөлінеді.  

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 



1. Діни мектептердегі  білім мәдениеті 

2. Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогикалық көзқарастардың тәрбиелік мәні 



 

Әдебиеттер: 

 

1. Қ. Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы.  Аалматы, Мектеп. 1984 



2. Ж. Әбиев. Педагогика тарихы. Алматы. Дарын, 2006. 50-80 б. 

3..Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 

2008. 

 

6.  Батыс Еуропадағы педагогикалық ойлардың дамуы. 

Жоспар: 

1. Ян Амос Коменскийдің педагогикалық көзқарасы 

2. Ж.Ж. Руссоның педагогикалық көзқарасы 

3. Дж.Лорктың педагогикалық көзқарасы 

4. Дистервегтің педагогикалық көзқарасы 

5. Пестолоцийдің педагогикалық көзқарасы 

 

 Негізгі  ұғымдар:  даму  тенденциялары,  тарихи  кезең,  тарихи  дәуір, 



оқыту, тәрбиелелу, жас кезеңдері, оқыту мазмұны, оқыту формалары. 

 

Я.А.Коменский  ХҮІ  ғ  мен  ХҮІІғ-дың  аралығында  педагогиканың 

негізгін  қалаушы,  ұлы  славян  педагогы.  (1592-1670)  Еңбектері  1631ж. 

«Тілдер  мен  барлық  ғылымдардың  ашық  есігі»,  Ұлы  дидактика  1632, 

«Әлемді  суреттеп  бейнелеу»  ,  «Жақсы  ұйымдастырылған  мектептің 

заңдары»,  «Жастарға  арналған  мінез-құлық  ережелері».  Өз  еңбектерімен 

танымал  болған  Коменский  1641-1654  жылдардың  аралығында  әдейі 

шақырумен  Англияда,  Швецияда  және  Венгрияда  мектеп  реформаларын 

әзірледі,  оқулықтар  мен  оқиту  методикасын  жасаумен  айналысты.  «Әлемді 

суреттеп бейнелеу» өмірдің әр саласынан мәлімет беретін энциклопедиялық 

кітап  ХІХ  ғасырға    дейін  балаларға  арналған  негізгі  оқулық  болды.  Ұлы 

дидактикасы 1657 жылы Амстердамда бастырылды.  

Адамзаттың 

тамаша 

ерекшеліктерінің 



бір-эгоизмнен 

арылу, 


көпшіліктің  ісінің  сәттілігі  және  әдепттілік  үшін  әрекет-ету  деп  есептеді. 

Коменскиий  жастар  мінезінде  ерлік,  өзін-өзі  билеу,  сыпайлылық,  еңбек 

сүйгіштік  сапаларды  тәрбиелеу  керек  деді.  Ол  мектеп  тәртібі  жөнінен 

жазалау тәртібіне қарсы болды, бірақ мұғалім оқушыларынан мектеп тәртібін 

талап  етуі  тиіс  екенін  ескертеді.  Я.А.Коменскийдің  көзқарасының  екі 

жақтылығы  ұрып-соғуды  дінге  байланысты  жағдайларда  қолдануды 

жақтады. Мұғалімді «Мәңгі нұрдың қызметшісі»- деді.  

Ж.Ж.Руссо  1712-1778  француз  еңбектері  1749  ғылым  мен  өнер 

прогресі  мінездің  жөнделуіне  немесе  әлсіреуіне  ықпал  етті  ме?,  1754ж 

«Адамдар  арасындағы  теңсіздік»,  1761ж  «Жаңа  Элоиза»,  1762ж  «Эмиль 

немесе тәрбие туралы». 

Ж.Ж.Руссо  баланың  қызығушылығы  ең  алдымен  өзінің  айналасын 

қоршаған  дүниеге,  байқағанына  бағытталады.  Сондықтанда  ең  алғашқы 

пәндер  география,  астраномия,  табиғаттану  болу  керек  деген  пікірін  айтты.  

Оның  оқу  методикасындағы  негізгі  өсиеттер  бала  ұғынбайынша  жаттатпау, 

білімді  баланың  өз  бетінше  бақылап,  ой  таразысына  салуы  арқылы  болуын 

қалады.  



 

Барлық  пәндер  мейлінше  көрнекілікпен  қабылдануына,  зеректігін, 



баланың  өзінің  әрекетін,  зейінділігін,  байқампаздығын  дамытуы  тиіс  деді. 

Сабақтар  табиғат  аясында  өтуін  білім  өмірмен,  практикамен  байланысты 

болуын қолдады. Дене еңбегін жоғары бағалады. Бұл еңбек адамын силауға, 

өздігінше  тұрмыс  құруға  дағдыланады  деген  тұжырымдады.  Руссо 

адамгершілік  тәрбиесінің  3  міндетін  дұрыс  мінезге,  дұрыс  ұғымға,  дұрыс 

еңбекке тәрбиелеуді ұсынды. 




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал