Редакциясын басқарған т.ғ. д, профессор М.Ғ. Ескендіров



Pdf көрінісі
бет9/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,64 Mb.
#6429
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

 
ЛИТЕРАТУРА
1.Е.И. Дудинова, Л.И. Мухамадиева «Души недремлющая чуткость» //К юбилею профессора 
С.К. Козыбаева // //KazNU Bulletin. Journalism series.№1 (35).2014с.284-285 
2. Здерева Е.В. Патриотизм и его развитие / Г.В. Здерева. - Тольятти: ТГУ, 2009. - 532 с. 
3. Каиржанова Л. Ученый с сердцем учителя // Проспект СК. – 2011. – 4 ноября. – c.5 
4. МанашКозыбаев – человек в истории/Сост. Ильяс Козыбаев. — Алматы: Ғылым. — 2006. 
— 232 с 
 
 
Базарова Г.С., Буханова Д.У. 
КММ №47 жалпы орта білім беретін мектеп, Семей қаласы 
 
ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ - МАНАШ ҚАБАШҰЛЫ ҚОЗЫБАЕВ 
 
Ғалымдар арасында «Тарихты тарихшы емес, тарихты түсіндіруші жасайды» дегендей 
Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев  біраз  жылдар  бойы  негізгі  тарихтың  салалалы  мәселелерімен 
шұғылданып, көптеген шешімін таппаған күрделі мәселелерді шешуге, оның астарын үңілуге 
тырысты. 
Манаш Қабашұлы Қозыбаев Қазақ университетінде оқығанда, шын тарихшы боламын 
деген ынтасын Қостанай пединститутында жүргенде шыңдай, дамыта түсіп, ғылыми атақпен 
келіп, ел қатарына қосылу қажеттігі туғанда, Алматыға оралып, сол кезде айрықша мәртебелі 
мекеме  болған  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  жанындағы  Партия  тарихы 
институтында қызметке араласып, ғылымға бейімділігін таныта білді. Оқымыстылыққа ниет 
қойғандығын  іс  жүзінде  дәлелдеуге  кірісіп,  шынайы  қабілеттілігін,  қауқарын  тез  аңғартты. 
Қазақ  Кеңес  Энциклопедиясы  мен  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  Шоқан  Уәлиханов 
атындағы Тарих және этнография институтында ұзақ жыл жетекші болуы сол тұстағы партия 
тарихшыларының  қолынан  келмеген,  өресі  жетпеген  мансап  еді.  Манаш  уақыттың  талап-
тілегін тарихи шындықпен жанастыра білген, қабыстыра баяндаған еңбектерімен осы кезде 
көбірек көзге түсті.   
1941-1945  ж  неміс  басқыншыларына  қарсы  бүкілхалықтық  күрес  кезеңіндегі 
Қазақстан  тарихына  арналған  іргелі  зерттеулері  еліміздің  ғылымына  қосылған  елеулі  үлес 
болатын. Ол өз зерттеулерінде қазақ халқы өзі құрамында болған алып империяның басқа да 
халықтарымен бірге дүиежүзілік соғыс алып келген ауыртпалықты ешқандай да мүдірместен 
тең  бөліскендігін,  сондай-ақ  бұл  жылдары  оның  үздік,  жақсы  қасиеттерінің  көрінгендігін 
зерттеуші ғалым ретінде терең  ашып көрсете білді 
Қазақстанның  Ресейдің  отарына  айналу  процесі  қазақ  халқының  ұлттық  мүддесі 
тұрғысынан  қайта  қаралды,  еліміздегі  ұлт-азаттық  қозғалыстардың  жаңа  концепциясы 
жасалды.  Кеңес  Одағы  кезеңіндегі  саяси  қуғын-сүргін  тарихы  зерттелді,  оның  құрбандары 
ақталды.  Ауыл  шаруашылығы  күштеп  ұжымдастырумен  қазақ  шаруаларын  зорлап, 
отырықшыландыру тарихы мен оның қасіретті салдарлары ашық айтылды. 
Тарихшы қауым Алаш деген сөзден үркіп-қорқып ат-тонын ала қашқан кезде “Алаш – 
қазақ  халқы  деген  ұғым.  Алаш  –  еліміздің  ежелгі  аты.  Ол  ғасырдың  басындағы  ұлттық 
санасында  өсу  процесінің  құрамдас  бөлігі”  деп  алғаш  айтқан  Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев 
болды.  Қазақстан  тарихнамасында  Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев  бірінші  болып  “халқымыз 
қараңғы  еді,  мәдениеті  төмен,  сорлы  еді”  деген  тезиске  қарсы  шықты.  “Дала  этикасы  –  ол 
тағдырлар  этикасы  емес,”  –  деді  Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев.  “Ол  —  көшпенділер 
өркениетінің  мәдениеті.  Ол  –  он  үште  ұлды  ұлан  етіп  жеткізген,  он  алтыда  қызды 
бұлаңдатып  бой  жеткізген  халықтың  мәдениеті.  Ол  –  сұлулықты,  батырлықты, 
парасаттылықты төбесіне көтерген халықтың мәдениеті. 

61 
 
Манаш Қабашұлы Қозыбаев отандық тарихнамада алғашқылардың бірі болып тарихи 
портреттер  жасауды  қолға  алған  еді.  Мұндай  жауапты  қадамға  баруға  тарихшының 
даярлығы  да,  талант-қуаты  да  жеткілікті  болатын.  Манаш  ұзақ  жылдар  бойы  коммунистік 
партия мен Кеңес үкіметінің Қазақстандағы кадр саясатын тыңғылықты, әрі терең зерттеген 
саналы мамандардың бірі болады. 
Ф.Голощекин,  И.Сталин,  Н.Хрущев,  Л.Брежнев  сияқты  қайраткерлердің  Қазақстанға 
байланысты саяси портретін жасаудың өз ерекшеліктері бар екендігі сөзсіз. Оның үстіне бұл 
еңбектердің  әрі-сәрі  80-ж-дың  соңы  90-ж.  басында  жазылғанын  ескерсек,  тарихшының 
оқырман  алдында  қандай  жауапкершілікті  өз  мойнына  алғандығын  пайымдауға  болады. 
Манаш  Қабашұлы  Қозыбаевтың  жасаған  портреттер  циклінде  бірден  көзге  ілініп,  көңілге 
қонатын  пікір  Ф.Голощекиннен  бастап  Г.Колбинге  шейін  Орталықтан  Қазақстанды 
басқаруға 
жіберген 
жетекші 
кадрлары 
өздерін 
патшалық 
Ресейдің 
генерал-
губернаторларындай  сезінді,  республикаға  негізінен  “экономикалық”  байлық  көзі  ретінде 
өркендеуімен  болашағы  сияқты  мәселелерге  ұлы  державалы,  шовинистік  көзқарас 
тұрғысынан келеді. 
Академик  Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев  қазақ  тарихына   40  жылдық  өмірін  арнады. 
Тарихшы  ғалым  ретінде   қазақтың  ұлттық  ой-пікірінің  дамуына,  оның  ұлттық  мүддеге 
қызмет  етуіне  қатысты  ғылыми  еңбектер  жазды,  соның  ішінде  «Өркениет  және  ұлт»  атты 
монографиялық  еңбегінің  орны  ерекше,  ел  тарихын  ретке  келтіруге  байланысты  өзекті 
мақалалар  жариялады.  Сондай-ақ  кеңестік  кезеңнің  теріс  саясаты  тұсында  да  жасқанбай 
қаралаған  қазақ  зияларын  ақтап  алуға,  олардың  мұраларын  халыққа  қайтаруда,  тарихтан 
белгілі  халқымыздың  тәуелсіз  ел  болуын  аңсап  өткен,  сол  жолда  қасық  қаны  қалғанша 
күрескен  алаштың  аяулы  да  ардақты  азаматтарының  өмір  жолы  мен  ерлігін  мадақтау 
мақсатында Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. 
Әр  ғалым  отандық  тарихи  зерттеулерге  айтарлықтай  өз  үлесін  қосады.  Бұған  дана 
халқымыздың: «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген қанатты сөзі дәлел. 
Осындай нақыл сөзді халқымыз тарих тарланы, академик Манаш Қабашұлы Қозыбаев арнап 
айтқандай. 
Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев  —  кеңестік  заманның  саясатына  қарамастан  туған  ел 
арыстары,  туған  жер  байлығы,  екінші  дүниежүзілік  соғыста  жеңіске  жету  жолында  аянбай 
күрескен азаматтардың ерліктері туралы ащы шындықтың бетін бүркемей, ақиқатты тарихи 
негізде жазып кеткен азамат. Тарихшы Ә. Бейсенова: «Манаш Қабашұлы Қозыбаев — қазақ 
тарих  ғылымындағы  жарқын,  биік  тұлғалардың  бірі  еді.  Өз  кезіндегі  қазақтың  ұлттық  ой-
пікірінің  дамуына,  оның  ұлттық  мүддеге  қызмет  етуіне  Манаш  Қабашұлы  Қозыбаевтың 
қосқан үлесі қомақты еді» деп  жоғары баға береді. 
Манаш Қабашұлы Қозыбаев бабамыз өз еңбектерінде жауынгерлердің көрсеткен ерен 
ерлігін  жастарға  үлгі  ретінде  жазды.  Біз,  жастар,  мұны  оның  Отанға  деген  махаббатынан 
туған құнды да тарихи еңбек деп бағалаймыз. Ғылым әлемі нақтылыққа ғана сүйенеді. Бұл 
тұрғыдан Манаш Қабашұлының ғылыми ой-пайымы терең.  
«Тарихтың 
ащы сабағы» деген басылымда Манаш Қабашұлы 
күн тәртібіне  
социалистік ұлт, жұмысшы табы, шаруа, социалистік интеллегенцияның қалыптасуы, мәдени 
мұра,  сабақтастық  дәстүрдің  үзілісі,  әкімшілік  туралы  теориялық  тұжырымдамалар  қойды. 
Сол  сияқты  автор  ақтаңдақтар  қатарында  қазақ  халқының  этногенезі,  қазақ  халқының 
жоңғарларға  қарсы  ұлт  азаттық  қозғалысы,  ұлттың  көне  мәдениет  тарихы,  Қазақстанның 
Ресейге  қосылу  тарихы,  көшпенділер  өркениеті,  қазақ  халқын  күшпен  отырықшыландыру 
әдістері  мен  шежіре  мәселелерін  жатқызды.  Кеңестік  дәуірдің  құрдымға  кетіп  бара 
жатқандығына  көз  жете  бастаған  тұста  тарихшылар  әулетіне  көсемдік  еткен  Манаш 
Қабашұлы Қазақ мемлекеттігі, отаршылдық жүйе, геноцид туралы алғашқы идеяларды алға 
тартты. 
Манаш  Қабашұлы  бастаған  институт  ұжымы Ресей  Ғылым  Академиясы  Тарих 
институтымен  бірлесе  отырып  Орта  Азия  мен  Қазақстанда  кеңестік  күштеп  ұжымдастыру 
саясатын тарих таразысына қайта салды. Бұл зерттеу жұмысының нәтижесі «История СССР» 

62 
 
журналында  (1990,  №  7)  М.Қозыбаев  бастаған  авторлық  топтың  «Казахстанская  трагедия» 
деген атпен жарық көрді. 
Ол   бұл  ғылыми  нәтижемен  шектелмей,  күштеп  ұжымдастыру,  байларды  тәркілеу, 
ашаршалық  кезеңіндегі  берілген  біржақты  жеке  басқа  табыну  идеологиясынан  туындаған 
бағаларды қайта қарауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес Президиумының алдына 
қойды.  Өзі  арнайы  құрылған  мемлекеттік  Комиссияны  басқарып,  тұңғыш  рет  Кеңес  елінің 
тарихында Сталиннің, Кеңес өкіметінің күштеп ұжымдастыру саясаты этноцид саясаты деп 
бағаланды.  Мұндай  саяси  бағаның  берілуі  қазақ  тарихының  тағы  бір  «ақтаңдақ»  беттеріне 
зерттеушілердің жаңа бір шоғырының назарын аудартты. 
Манаш Қабашұлы 1994  жылы  жарық  көрген  «Жауды  шаптым  ту  байлап» 
публицистикалық  жанрда  жазылған  мақалалар  жинағында  ұлт-азаттық  көтерілістің 
методологиялық  мәселелерін  кеңінен  жазды.  Жинақтағы  «Ұлт-азаттық  қозғалысының 
белестері»  деген  мақаласында  «отаршылдық»,  «ұлт-азаттық  қозғалысы»,  «ұлт-азаттық 
революциясы»,  «Отан  соғысы»  сияқты  бұрын  Отандық  тарихы  ғылымында  көтерілмеген 
ұғымдарға  тоқталып,  олардың  ішкі  мазмұны  мен  сабақтастығына  талдау  жасай  отырып, 
оның  түрлерін  жіліктей  келе  орыс  империялық  отаршылдығы  отарлау  жүйесінің  ең  арзан, 
жабайы  түрі  екендігін  дәлелдеді.  Зерттеуінде  ғалым  қазақ  даласындағы  азаттық  қозғалысы 
әлемдік  ұлт-азаттық  қозғалысының,  дүниежүзілік  отарлық  жүйеге  қарсы  күрестің  құрамдас 
бөлігі, бұл да бір методолгиялық тұғырдан мөлшерлер мәселе деп түйеді. 
«Біздің қазақ халқының тарихы – ХХ ғасырда, тіпті одан әрі «Ақтабан шұбырынды – 
Алқакөл сұлмадан» бері көздің жасымен, жүректің қанымен жазылған тарих» деген Манаш 
Қабашұлы  Қозыбаевтың  қанатты  сөзі  әр  ұлтжанды  адамға  ой  салып,  жүрегін  селт  еткізеді. 
Елбасының  «Өркениетті  ұлт  ең  алдымен  тарихымен,  мәдениетімен,  ұлтын  ұлықтаған  ұлы 
тұлғаларымен,  әлемдік  мәдениеттің  алтын  қорына  қосқан  үлкенді-кішілі  үлесімен 
мақтанады.  Сөйтіп,  тек  өзінің  ұлттық  төл  мәдениеті,  төл  тарихы   арқылы  ғана  басқаға 
танылады» деген сөзі еске түседі. 
Қазақтың аяулы азаматы, қоғам қайраткері, оқытушы, ұстаз, тарихшы, ғалым Манаш 
Қабашұлы Қозыбаевтың тағылымы мол, ұлағатты өмір  жолы мен адами, парасатты қасиеті 
—  жастарға  ғибрат  аларлық  дүние.  Ғалым  бұл  өмірден  таң  жұлдызындай  жарқырап  өтті. 
Халқының  талантты  ұлы  кейінгі  буынға  өшпейтін  тарихи  еңбегін  қалдырды,  халқы  асыл 
азаматының еңбегін жоғары бағалап, құрметтейді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
М.Қозыбаев. Өркениет және ұлт: Алматы, 2001. -369 б. 
2.
 
М.Қозыбаев. Өркениет тағылымдары //«Егемен Қазақстан», 1999 ж. 
3.
 
К. Сағадиев. Қазақ тарихшыларының қолбасшысы //Қазақ әдебиеті. 2001, 23 қараша, 12-
б 
4. М.Қ.Қойгелдиев. М.Қ.Қозыбаев және ұлттық тарихтың қайта жаңғыруы //     Отан тарихы
2002 ж. 24 шілде 
5. Ә.Тәттіғұлов. Өркениеттің дарабозы // Отан тарихы, 2002 ж, 24 шілде,16б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

63 
 
 
Темирханова Ш.М. 
ШҚО, Жарма ауданы, КММ «Бақыршық орта мектебі»  
 
«АБЫЛАЙ –АЛЫП ТҰЛҒА» ҰҒЫМЫНА  АКАДЕМИК М.ҚОЗЫБАЕВТЫҢ 
КӨЗҚАРАСЫ 
 
« Ғалымның Отандық тарих ғылымы 
саласындағы сіңірген еңбегі мен артында 
қалған мол мұрасы, шығармалары халықтың 
игілігі мен қазынасы болып қала береді». 
Н. Назарбаев 
 
Ғалымдар арасында «Тарихты тарихшы емес,тарихты түсіндіруші жасайды» деген сөз 
бар.  Манаш  Қабашұлы  Қозыбаев –  ғалым,  қоғам  және  мемлекет  қайраткері,  тарих 
ғылымының  докторы  (1969),  профессор  (1970), Қазақстан  Республикасы Ұлттық  ғылым 
академиясының  академигі  (1989),  еңбек  сіңірген  қайраткері  біраз  жылдар  бойы  негізгі 
тарихтың  салалы  маселелерімен  шұғылданып,  көптеген  шешімін  таппаған  күрделі 
мәселелерді шешуге, оның астарына үңілуге тырысты. Сондай тарихи көзқарастың бірі алып 
тұлға-Абылай жайлы ой-толғауынның төңірегінде болмақ [3]. 
Бүгінгі демократиялық пен жариялықты паш еткен қайта құрудың нәтижесінде қазақ 
даласы  да  оңдған  жылдарға  соғылған  марқау  ұйқысынан  сел  етіп  оянып,  бұйығы 
бодандықтан  бұғауын  үзіп,  дүр  сілкінгендей,  сананы  сүрлеп,сезімді  сарғайтқан  сыңаржақ 
саясаттың  сеңін  бұзып,  бір  серпілгендей,  өзінің  құдіреті  мен  ұлылығын  жаңа  ғана 
танығандай күйге енді. Тарихымыздың тұл етіп, өткеніміздің өшіре жаздағанымызды да енді 
ұққандаймыз. Елдің ерлігін,ұлттың болашағын киелі бойтұмардай қастерлеу ,олардың рухы 
алдында тағзым ету орнына,хан десе қарадай қорқып,батырларымыздың бағын жандырудан 
бүгежектеп,жетпіс  жыл  бойы  жақ  аша  алмай  келдік.  Ұлтың  туралы  үн  көтеру  ұлтылдық 
саналып, ұлтсыздыққа ұрынуға шақ қалды. 
Бірақ  «ештен  кеш  жақсы  »демекші,ел  еңсесін  көтеріп,халқымыз  өз  қадір-қасиетін 
жоғалтпағанын, ұлттық ар-абыройын әрқашан ардақ тұта білетін, кеудесінде жаны, бойында 
қаны  бар  екенін  таныта  бастады.  Соның  бір  куәсі  қаншама  уақыт  қаскөй  озбырлықтың 
теперішін  тартып,тұмшаланған  тарихымыздың  жарқын  беттері  енді  ғана  ашылып,  ел  басы 
үшін қалтықсыз қызмет етіп, отызыншы жылдар ойранында жазықсыз құрбан болған абзал 
азаматтарымыздың туған жұртымен қайта қауышып, өз ортамызға оралуы дер едік [1]. 
Абылай заманы, оның қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі және ХҮІІІ ғасырдағы 
ортақ  мемлекетке  бірігуіндегі,тарихындағы,сондай-ақ  қазақ  хандықтарының  халықаралық 
байланысын дамыту мен нығайтудағы ролі мен орны жайында   Манаш Қозыбаевтың 
 
тарихи 
көзқарасы  осындай:    Абылай  хан!Бұл  есімді  атағанда  барша  қазақ  атаулының  жадына 
бостандық,егеменді  ел,қазақ  халқы,туған  же,Отан,кл  бірлігі,ел  ынтымағы  сияқты  қасиетті 
ұғымдар оралады.Айбынды да,айдынды,әруакты Абылай бабамыздың есімі,рухы өсіп-өнудің 
ұрығы  емес  деп  ешкім  де  айта  алмас!Өйткені  Абылай  ханның,ғажайып  батырдың,ұлы 
дипломаттың,жоғары  дәрежедегі  мемлекет  қайреткерінің,көреген  ұлы  қолбасшының  өмірі 
бір  ғасырға  жуық  қазақ  халқының  тағдырымен,оның  ата  тарихымен  сабақтас.  Бұқар 
бабамыздың:"Аттан  әруақ",ел  болсайшы  қайран  қазақ!"деген  айбынды  үндері,ұлы 
әжелеріміздің жоқтаулары,халық аңыздары мен жырлары,адам қаны жосып сай-салалардың 
арналары,киелі  Ұлытау  мен  қайғылы  Қаратау,дабылды"Аңырақай",ежелден  қасиетті 
Түркістан  мен  құдіретті  Көкшетау,қалмақ  қырылған  обалар  сол  Абылай  заманының 
куәгерлері емес деп кім айта алар. 
Қазақ  халқын  талай  хандар  билеген."Қайырымсыз  болса  ханнан  без,өткелсіз  болса 
судан без,асусыз болса таудан без,панасыз болса сайдан без"деп халық ханның қайырымды 
болуын  қалаған.Бірақ  ХVIII  ғасырда  Шыңғыс  әулетінен  тараған  ханзадаларының  құны 

64 
 
құлдыраған  кез  еді.Ел  басына  күн  туған  кезде  қазақ  жерінің  ханзадалары  тақта  емес,ұрыс 
алаңында  сынға  түсті.Халықтың  ары  мен  намысын  қорғар  ер,күрес  стратегиясын  болжар 
көреген,тұрмыс  қаракетін,көңіл  күйін  айтпай  білетін  қажырлы  қайраткер  ғана  сүрбелең  де 
дүрбелең,от жалынды, дауылды да дабылды кезеңнен,сыңнан өте алды.Құлаш бойым құласа 
да,тіккен  туым  құламасын  деп,ту  көтерген  ұлы  Шыңғыстың  ата  дәстүрінің  шын  мәніндегі 
мұрагерлері  азайған  шағы  еді  бұл.Малды,дәулетті  феодалар  болса  150  жылдан  астам 
жаугершілік  кезінде  бір  жұрттық.  Малды,  дәулетті  феодалдар  болса  150  жылдан  астам 
жаугершілік кезінде бір жұттық емес, бір шабідан қалмайтын. << Байтал түгіл бас қайғы >> 
деген  мәтел  сол  кезде  шыққан-ды.  Бұқар  жырау  өзінің  атақты  жетінші  толғауында 
айтқандай, << Арғымақ жалсыз,ел малсыз >> болатын. Міне, осы сәтте желкілдеген ту келіп, 
жер  қайысқан  қол  келіп,  қазақ  еліне  жау  ойран  салғанда  <<  қиядан  қиқу  төгілсе,  атының 
басын тартпаған, қисапсыз жау көрінсе, түршігіп беті қайтпаған батыр шыққан халқыңнан, 
қазақ  атты  халқыңнан  >>  деп,  Бұқар  баба  жырға  қосқандай,  Абылай  осы  батырлар  легінің 
батыры  болып  қана  қоймай,  қолбасшы  дәрежесіне  көтерілді.  Ол  басқа  атақты  батырлардай 
қатарларынан суырылып шықты. Ол кезеңде болашақ Абылайды Сабалақ деп таныған шақ-
ты. 
Қалтылдай жүріп күнелткен 
Үйсін Төле бидің 
Түйесін баққан құл едің, - 
деп Бұқар жырау Абылай ханның алдына талай рет көсілдіре, бетіне салық қылған-ды. 
Ендеше Абылай түп атасыШыңғыс әулетінен бола тұра қарадан шығып, хан атанды. Қарадан 
шыққан  әскери  элита,  елге  билік  айтқан  шешендер  мен  көсемдер  оның  тірегіне  айналды. 
Хандық  билік  пен  ақыл-күштің  тетігі  -  баитырлар  мен  билер  билігіне  ұстатты.  Билер  мен 
батырлар әкелген қара  халықтың рухы хандық өктемдікті шектей білді. Сонау Ұлытау  мен 
Көкшетау, Сайрам мен Түркістанда, қазақтың киелі жерлерінде бүкіл қазақтық құрылтайлар 
шақырылып, соғыс пен бітім, қоныс пен жайылым, дау мен дамай, басқа халықтармен сауда 
мен  дипломатиялық  қарым-қатынас  мәселелері  көп  талқысынан  өтіліп,  шешіліп  жатты. 
Жиындарда  тайпалардың,  жүздердің  көкейтесті  ой-тілектері  барша  халықтық  мүддеге 
қабысатын.  Үш  жүз  біртұтас  халық  болып  қауышып,  ынтымақ  бірлік  туы  астында 
табысатын. 
Шын  мәнінде  осындай  барша  халықтық  жиындар  сол  заманға  лайық  парламент 
болатын.  Абылай  ханның  даналығы  мен  көрегендігі  осы  бір  дала  демократиясын,  хандық 
диктатураны  бір  жүйеге  сала  білді.  Ерлік    -  ұранымызға,  білік  -  құранымызға  осылай 
айналды.  Бөгенбай  бастаған,  Қабанбай  қостаған  жаужүрек  батырлар  Абылайдың  семсер 
ұстаған  қолы  болса,  Бұқар  дана  мен  Төле  би  бастаған  шешендер  мен  көрегендер  тоы 
Абылайдың Сезімтал жүрегі болды. 
Абылай қазақ смахарасының даналығын, күш-қайратын бойына сіңірді. Аңыздағы кей 
батырдай, сол елмен, халықпен біте қайнасты. Оның сырын да, мұңын да түсінді. Ол ұлттық 
сананы  оята  алатын,ұлттық  мақсатты  асқар  шынға  көтеріп,  халықтың  тірлігі  мен  бірлігін 
қорғай  алатынқайраткер  болып  ерте  қалыптасты.  Соның  нәтижесінде  ол  сұлтан  күнінде 
бүкілхалықтық хан дәрежесіне көтерілді. 
Ұзақ зерттеулер нәтижесінде Шоқан былай деп жазады: << Как бы то ни было в 1739 
годы мы находим его самым сильным и владельцем Средней орды и русское правительство 
по преимуществу  сносится в Абылаем>>.  Басқаша айтқанда, кешегі  жетімек, кісі есігіндегі 
құл  бүкілхалықтық  қайраткер  болып  танылғанда  28  жаста  еді.  Ал  ресми  хан  болып  таққа 
отырған  кезде  ол  іргелі  мемлекетті  қалыптастырды.  XVIII  ғасырда  Евроазиялық  сахарада 
Петр  бірінші,  Екатерина  екінші,  Ғалдан  Церен  сияқты  есімі  әлемге  әйгілі  мемлекет 
қайраткері қатарына қазақ жұртынан тек қана Абылай көтерілді. Көп ғасырлық тарихы бар 
халқымыздың шежіресіне Абылай есімі осылай енд. [2]. 
Абылай хан тұлғасы жалаң-жадағай идеологияландырылған тақырыптарға сыймайды. 
Ол  өте  алып  та,  тұңғиық  терең  тұлға.  Оны  тудырған  сол  ғажайып  қайшылықтарға, 
қиындықтарға толы заманасы. Оның есімі XVIII ғасырдағы Евроазиялық континентте Орта 

65 
 
Азия ғана емес, барша әлемдік тарихқа өзіндік құбылыс болып енді деп атап өткен  – Манаш 
Қабашұлы Қозыбаев  ғалым қоғам алдында саяси қайраткерлікпен танылып,артынан тамаша 
еңбектерін қалдырғандығын мақтанышпен айта аламыз.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Қозыбаев М.Қ. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 192 б. 
2.// Ақиқат 1991ж №11 
3.  Салықов  К.  //  http:  //  kaztrk.kz/kaz  /news/kultura/  Manash_Kozibaev  ulttik  tarihti  kajta 
zhangirtushi.html 
 
 
Жұмағалиев О.Ж. 
І санатты тарих пәнінің мұғалімі , КММ «№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-
эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені», Семей қаласы 
 
ҒАЛЫМ ЖОЛЫ 
 
Ғалымдар  арасында  «Тарихты  тарихшы  емес,  тарихты  түсіндіруші  жасайды»  деген  сөз 
бар.  Тарих   -  адамзаттың  тұтас  бір  ұрпағының  құжаттандырып,  жүйеленген  өмірі.  Оны  түрлі 
оқиғалар мен ұлы күндерді санамалаумен шектеуге болмайды. «Кешегі кеңес заманында, ұзақ 
жылдар  бойы  Қазақстан  тарихына  байланысты  ғылыми  зерттеулерімізде  ата  тарихымыздың 
ақиқаты  бүркемеленіп,  қызыл  саясаттың  ыңғайында  жазылып  келді.  Біз  өз  тарихымыз  бен 
мұраларымызды  өткенімізді  айтып  мақтану  үшін  емес,  ертеңгімізді   ойлап  қам  жасау  үшін, 
даму  үстіндегі  замана  талабына  жауап  бере  алатындай  алғы  шарттардың  бәріне  ие  екенімізге 
өзімізді  де,  өзгелерді  де  сендіре  алуымыз  үшін  зерттеп  зерделейміз»  деген  Елбасының  сөзі 
халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын жинап, сақтауға, зерделеп, жүйелеуге, оларды болашақ 
ұрпаққа толықтай жеткізуге міндеттейді.Біздер, сабақ барысында университет бағдарламасынан 
тыс  жастардың  ой-өрісін  дамытатын  тарихи  деректер  мен  түрлі  қажетті  сұрақ,  мәліметтерді, 
соның ішінде бүгінгі таңдағы жаңалықтарды, білімі мен мәдениетін арттыру мақсатында қандай 
әдеби,  тарихи  кітаптарды  оқу  керектігін  айтып,  талғамдарын  ұлғайтып,  ойлау  қабілетін 
дамытып, ақылыңа ақыл қосып, жан азығын, рухани тұрғыдан байыта түсуіміз керек. Сондай-
ақ  Елбасы жүктеген міндетті барынша орындауға тырысып, бізден кейінгі буынға асыл мұра - 
тарихимызды тиісінше насихаттауымыз қажет–ақ  [1,85б]. 
Қазақ елі - терең тарихқа толы. Қазақ елінің тарихы жылдар бойы зерттеліп келді, әлі де 
зерттеле бермек. Ел тарихын жасайтын - халық. Халық есінде елі үшін адал еңбек еткен, Отаны 
үшін  ерлік  көрсеткен  тұлғалар  мәңгілікке  сақталынады.  Олардың  есімдері  алтын  әріппен 
тарихта  жазылады.  Сондай  ұлы  тұлғалардың  бірі,  бірегейі  -  Манаш  Қозыбаев  Қабашұлы.  Ол 
өзінің  адамдық  қасиетімен  қатар  жазған  ғылыми  еңбектерінің  тереңдігімен  ерекшеленеді. 
Манаш  Қабашұлы  -  ғалым,  тарих  ғылымдарының  докторы,  ҚР  ҰҒА  академиясының  ҚазКСР 
ғылымына еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы ҚР мемлекеттік сыйлықтары мен 
президенттік  Бейбітшілік  және  Рухани  келісім  сыйлығының  лауреаты.  Ол  Қазақстан  тарихын 
«ақтандақтардан»  тазартуға  мол  үлес  қосты.  Оның  басшылығымен  бірнеше  энциклопедиялық 
басылымдар  жарық  көрді.  Еңбектерінің  көбі  ТМД  елдері  халықтарының  тіліне  аударылды. 
АҚШ-та,  Қытайда,  Болгарияда,  Германия,  Жапония,  Иранда  және  басқа  елдерде  «Қазақстан-
майдан  арсеналы»,  «Тарих  және  қазіргі  заман»,  «Жауға  шаптым  ту  байлап»,  «Қазақстан 
ғасырлар тоғысында: ойлар мен ізденістер», «Қаралы кітап. Атылғандар тізімі» деген еңбектері 
жарияланды  [2,8 б]. 
Манаш  Қабашұлы  өзінің  70  жылдық  мерейтойы  қарсаңында  ХХ  ғасырдың  сырын, 
мұңын,  жырын  білгісі  келетін  болашақ  буынға  арнап   «Жұлдызым  менің»  атты  туындысын 
жазған болатын. Ол кітаптың құндылығы - ондағы тарихи шындықтарды ешбір боямасыз, сол 
болмыс қалпында өзгеріссіз сақталына отыра берілуі. Сонымен қатар бұл еңбекте автор өзінің 
ғұмырнамалық еңбегіне  аналитикалық талдау жасайды, ғылым саласына қалай келгендігіне де 

66 
 
тоқталады.  Манаш  Қабашұлы  ҚазГу-дың  3-курсында  оқып  жүріп,  «Ағайынды  Грахтардың 
реформасы» тақырыбында зерттеу жұмысын жазды. Ол жұмысы жоғары бағаланып, жүлдегер 
аттанады. Жас Манаш осылайша жастайынан қиын да қастерлі жолды таңдап, ғылым жолына 
аяқ  басады.  Ғалым  қазақ  тарихын  жан-жақты  қарастыра  келе,  тарихты  Отаныңның,  ата- 
бабанның  ғасырлық  думан  жолы,  халқыңның  қалыптастырған  ата  салты,  елді,  жерді   қорғау 
жолы деп түсіндіреді [3,54 б]. 
Академик Манаш Қозыбаев қазақ тарихына  40 жылдық өмірін арнады. Тарихшы ғалым 
ретінде   қазақтың  ұлттық  ой-пікірінің  дамуына,  оның  ұлттық  мүддеге  қызмет  етуіне  қатысты 
ғылыми  еңбектер  жазды,  соның  ішінде  «Өркениет  және  ұлт»  атты  монографиялық  еңбегінің 
орны ерекше, ел тарихын ретке келтіруге байланысты өзекті мақалалар жариялады. Сондай-ақ 
кеңестік кезеңнің теріс саясаты тұсында да жасқанбай қаралаған қазақ зиялыларын ақтап алуға, 
олардың  мұраларын  халыққа  қайтаруда,  тарихтан  белгілі  халқымыздың  тәуелсіз  ел  болуын 
аңсап  өткен,  сол  жолда  қасық  қаны  қалғанша  күрескен  алаштың  аяулы  да  ардақты 
азаматтарының  өмір  жолы  мен  ерлігін  мадақтау  мақсатында  Манаштай  тұлғаның  сіңірген 
еңбегі ұшан-теңіз [4,76 б]. 
Әр  ғалым  отандық  тарихи  зерттеулерге  айтарлықтай  өз  үлесін  қосады.  Бұған  дана 
халқымыздың:  «Жақсының  аты  өлмейді,  ғалымның  хаты  өлмейді»  деген  қанатты  сөзі  дәлел. 
Осындай  нақыл  сөзді  халқымыз  тарих  тарланбозы,  академик  М.Қозыбаевқа  арнап  айтқандай. 
Манаш  Қабашұлы  -  кеңестік  заманның  саясатына  қарамастан  туған  ел  арыстары,  туған  жер 
байлығы,  екінші  дүниежүзілік  соғыста  жеңіске  жету  жолында  аянбай  күрескен  азаматтардың 
ерліктері  туралы  ащы  шындықтың  бетін  бүркемей,  ақиқатты  тарихи  негізде  жазып  кеткен 
азамат.  Тарихшы  Ә.  Бейсенова:  «М.Қозыбаев  -  қазақ  тарих  ғылымындағы  жарқын,  биік 
тұлғалардың бірі еді. Өз кезіндегі қазақтың ұлттық ой-пікірінің дамуына, оның ұлттық мүддеге 
қызмет етуіне Манаштың қосқан үлесі қомақты еді» деп  жоғары баға береді [5,11 б]. 
Манаш Қабашұлы өз еңбектерінде қазақстандық жауынгерлердің көрсеткен ерен ерлігін 
жастарға үлгі ретінде жазды. Біз, жастар, мұны оның Отанға деген махаббатынан туған құнды 
да тарихи еңбек деп бағалаймыз. Ғылым әлемі нақтылыққа ғана сүйенеді. Бұл тұрғыдан Манаш 
Қабашұлының  ғылыми  ой-пайымы  терең.  Сол  себептен  де  болар  оның  еңбектерінде 
халқымыздың  атақты  ұлдары  Жалаңтөс  батыр,  Абылай  хан,  Шоқан,  Ахмет,  Мағжандар, 
тәуелсіздік жылдарындағы тарихи оқиғаларға талдаулар жасалынады [6,115 б]. 
«Біздің  қазақ  халқының  тарихы  -  ХХ  ғасырда,  тіпті  одан  әрі  «Ақтабан  шұбырынды  - 
Алқакөл сұлмадан» бері көздің жасымен, жүректің қанымен жазылған тарих» деген Манаштың 
қанатты сөзі әр ұлтжанды адамға ой салып, жүрегін селт еткізеді. Биыл ел тәуелсіздігіне 25 жыл 
толмақ.  Сондықтан  да  біз  еліміздің  тәуелсіздігін  бағалай  білуіміз  керек.  Осы  тұрғыдан 
келгенде, Елбасының «Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған 
ұлы  тұлғаларымен,  әлемдік  мәдениеттің  алтын  қорына  қосқан  үлкенді-кішілі  үлесімен 
мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті, төл арихы  арқылы ғана басқаға танылады» 
деген сөзі еске түседі. 
Қорыта айтқанда, М.Қозыбаевтың қайраткерлігі - оның бүкіл өмір жолындағы атқарған 
сан  -  салалы  істерімен  қабыса  отырып,  еліміздің  кешегісі  мен  бүгінгісінің  тарихын  зерделеп, 
қоғамның  дамуымен  бірге  жылжып,  еліміздің  тәуелсіз  мемлекет  болып  қалыптасуындағы 
іргетасын  қалағандардың  бірі  болуында  жатыр.  Кәсіби  тарихшылығын  елінің  қамын  ойлап, 
тоқсан  тараулы  сан  істерді  іске  асыруға  қолданғандығында  жатыр  деуге  болады.    Қазақтың 
аяулы  азаматы,  қоғам  қайраткері,  оқытушы,  ұстаз,  тарихшы,  ғалым  Манаш  Қабашұлы 
тағылымы  мол,  ұлағатты  өмір  жолы  мен  адами,  парасатты  қасиеті  -  жастарға  ғибрат  аларлық 
дүние.  Ғалым  бұл  өмірден  таң  жұлдызындай  жарқырап  өтті.  Халқының  талантты  ұлы  кейінгі 
буынға өшпейтін тарихи еңбегін қалдырды. Халқы асыл азаматының еңбегін жоғары бағалап, 
оны құрметтейді.  
Қазіргі жастар ағамыздай отансүйгіш, ұлтжанды азамат болсын деген тілек бар. Осындай 
еліміздің  ұлтжанды  ерлері  алдында  бас  иеміз!  Қазақ  халқының  Манаштай  мақтан  тұтарлық 
ұлдары көбейе берсін! 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет