Редакциясын басқарған т.ғ. д, профессор М.Ғ. Ескендіров



Pdf көрінісі
бет16/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,64 Mb.
#6429
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
часть  Иртыша,  но  все  же  он  1947  году  провел  исследования  на  поселении  в 
Семипалатинских  дюнах.  Был  собран  подъемный  материал:  два  бронзовых  шила,  две 
бронзовые  пластинки,  обломки  зернотерок,  куски  медной  руды,  обломки  тиглей,  обломки 

117 
 
керамики и т.д. С.С. Черников дает заключение, что в бронзовом веке здесь было крупное, 
богатое поселение развитой металлургией [4]. 
В  конце  прошлого  века  Семейский  краевед  А.С.  Долгушев  находит  круглодонный, 
толстостенный, слегка раздутым туловом и прямым, немного отогнутым наружу  венчиком, 
украшенным жемчужными вдавлениями и редкими горизонтальными штрихами по внешней 
и  внутренней  поверхностей  сосуда.  Также  в  2006  году  В.К.  Мерц  в  совместном  осмотре 
памятника  с  А.С.  Долгушевым  находит  фрагменты  керамики  и  каменные  орудия  [9,  156]. 
Хотя  в  научной  литературе  имеется  дискуссия  по  поводу  культурной  принадлежности 
данных  артефактов.Однако,  датирование  материалов  неолитом  и  ранней  бронзой  не 
оспаривается в научной среде. 
Первичные результаты наших исследовании дают нам возможность предположить, что 
расположенные  в  окрестностях  города  поселении  зарождалась  и  развивались  на  основе 
небольших  неолитических  стоянок.  Где  хорошо  была  развита  каменная  и  керамическая 
индустрия.  В  основном  древнее  население  использовало  высококачественный  камень: 
яшмоиды,  кремень,  кварцитовидный  сливной  песчаник,  халцедон  и  т.п.  Это  плотные  и 
твердые породы первичного и вторичного окремнения, хорошо колющиеся и пригодные для 
призматического  расщепления  и  бифасиальной  мелкофасеточной  обработки.  Возможно, 
территория г. Семей была одним из центров экспорта вышеназванных камней в лесостепные 
районы Сибири. 
 В  конце  неолита  и  в  начале  бронзы  начинается  процесс  формирования  нового  типа 
поселений  - они отличаются от  всех целым рядом функций и предшествуют  городу. Такие 
поселения, укрепленные или не укрепленные, относят к  так называемым протогородам[10].  
На основе имеющихся материалов мы допускаем мысль, древние поселения полностью 
может  ине  могли  отвечать  всем  параметрам  протогородов  Урало-Казахстанских  степей, 
однако  следует  говорить  видимо,  о  большой  роли  ремесленно-торговых  укрепленных 
центров, которые возможно дали толчок к появлению и развитию протогорода. 
В  эпохе  бронзы  начинается  переход  к  более  высоким  формам  производства.  Новое 
культурное  сообщество,  продолжая  традиции  неолита,  начинает  осваивать  металл  –  дает 
большой  толчок  строительному  буму.  Небольшие  стоянки  прошлого  развивается  и 
трансформируется  в  поселении.Хозяйственный  культурный  типдает  ясную  картину  о 
взаимодействии  нескольких  групп  населения  Обь-Иртышском  междуречье.  Удобное 
географическое  расположение  Семея  –в  своеобразной  буферной  контактной  зоне, 
связывающий  историко-культурные  районы  Южной  Сибири,  Центрального  Казахстана, 
Жетысу  и  Синьцзяна,  как  отмечают  исследователи,  «…на  определенном  отрезке  времени 
такой культурный район сам мог превращаться в очаг культурогенеза, так как формирование 
новых  археологических  культур  во  многом  являлось  результатом  взаимодействия 
нескольких культурных традиций» [11. С7].  
Однозначно в бронзовом веке Семейские дюнные поселени формируется как крупный 
центр  признаками  протогородской  культуры.Вне  наших  исследований  остались  вопросы 
планиграфии, типы жилищ и демографии. Для полного решения этих и других актуальных 
вопросов  необходимо  увеличить  источниковедческою  базу.  Необходимо  провести 
междисциплинарное рекогносцированные и исследовательские работы.  
 
ЛИТЕРАТУРА: 
1.
 
Серия: История городов Казахстана: Семипалатинск Алма-Ата: Наука, 1984. - 224 с. 
2.
 
Байпаков  К.М.  Древняя  и  средневековая  урбанизация  Казахстана  (по  материалам 
исследований  Южно-Казахстанской  комплексной  археологической  экспедиции).  Книга  I. 
Урбанизация Казахстана в эпоху бронзы – раннем средневековье. Алматы, 2012. - 390 с., илл. 
3.
 
Маргулан А.Х. Развитие строительного дела в Казахстане в эпоху бронзы // Архитектура 
Казахстана., 1959. - 179 с. 
4.
 
Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. М:, АН СССР, 1960 – 285 с. Серия: 
Материалы и исследования по археологии СССР, № 88. 

118 
 
5.
 
Радлов В.В. Из Сибири. Изд.: «Наука», 1989. - 750 с. 
6.
 
Коншин  Н.  Я.  О  памятниках  старины  в  Семипалатинской  области  //  Записки 
Семипалатинского подотдела Зап-Сиб. отдела ИРГО вып. І Семипалатинск. 1903. – 1-32 с. 
7.
 
Коншин Н. Я. Краткий Исторический очерк Семипалатинского края (до 1917 г.) // Труды 
по казахской этнографии. - Астана, 2007. - 309 с. 
8.
 
Свод 
археологических  памятников  Восточно-Казахастанской 
области. 
Усть-
Каменогорск,  - 2006. – карты, ил. 
9.
 
Мерц  В.К.  Керамика  ямно-афанасьевского  типа  из  Семипалатинского  Приртышья  // 
Современные  решения  актуальных  проблем  евразийской  археологии.  Барнаул:  Изд-во  Алт. 
ун-та, 2013. - С. 153-158. 
10.
 
История первобытного общество. М. 1988. - 250 с. 
11.
 
Шорин  А.Ф.  Энеолит  Урала  и  сопредельных  территорий:  проблемы  культурогенеза
Екатеринбург: УрО РАН, 1999.  - 182 с. 
 
 
ӘӨЖ  908-05 (574.41)«19» 
 
Мухамеджанова Р.Ж.
1
, Асылканова Г.Қ.
2
 
т.ғ.к., профессор м.а., Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
1
, 
Семей қаласының №38  мектеп-лицейі

 
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚАУЫМЫНАН ШЫҚҚАН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ 
ЖАҢА СИПАТТАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ 
 
Ресей  империясының  отарлық  жүйесіндегі  қазақ  халқы  мемлекеттік  басқару 
органдарынан  мүлдем  шеттетілген  еді.  Бұл  саясаты  арқылы  патшалық  Ресей  феодалдық 
мешеулік  қойнауында  жатқан  қазақ  жұртының  санасынан  мемлекеттік  деген  ұғымды 
өшіруді, өзін-өзі басқару қабілетін толық айыруды көздеді. Империялық басқару жүйесінде 
біржола қалыптасқан тәртіп бойынша қазақтардың басқару аппаратына тартылуы ең төменгі 
болыстық  буынмен  ғана  шектелді.  Сонымен  бірге,  Патшалық  Ресей  кезінде  қазақ  елінде 
мектептер мен арнаулы оқу орындарын, ең алдымен, Қазақстандағы қоныс аударушылар мен 
казактардың,  шенеуніктердің  мүддесі  үшін  ашса,  2  класты  орыс-қазақ  училищелерін  қазақ 
халқының  арасынан  тілмаштар  мен  отарлық  мекемелердің  іс-қағаздарын  жүргізушілерді 
даярлау  үшін  ашқанды.  Міне,  осындай  саяси-құқықтық  және  рухани  езгіге  түскен  қазақ 
қоғамына  Ақпан  төңкерісінен  кейін  билік  басына  келген  Уақытша  үкімет  тарапынан 
мемлекеттік  билік  ісіне  қатынасу  және  сайлау  құқықтарының  берілуі,  ұлттық  -  діни 
сипаттағы  шектеулердің  алынуы  қазақ  халқының  әртүрлі  деңгейдегі  әкімшілік-саяси  билік 
органдарының  жауапты  қызметтеріне  араласуына  жол  ашты.  Енді,  оқыған,  білімді  қазақ  
зиялыларының    мемлекеттік  билікке  араласуына  орай  қазақ  жұртының  құқықтарын 
қорғаудың  маңызды  тетіктеріне  ие  болды.  Бұл  тарихи  кезеңнің  ең  маңызды  ерекшелігі  – 
қазақ қоғамында идеялық бірлікке, саяси тұтастыққа негіз қаланды. Оның ең басты себебі  – 
қазақ халқы үшін барлық азаптың зорлық-зомбылық  аталуының ұйтқысы болған  патшалық 
биліктің  құлауы,  рухани  қысымшылдықтың  ең  басты  арман  мұраттардың  бірі  болатын,  
зиялы қауым өкілдері осы істердің ұйтқысы болуымен қатар басқа жұртты да бірлік-берекеде  
болуға  үндеп  қоғам  алдында  тұрған  жаңа  міндеттерді  шешуге  мүмкіндіктер  осы  кезеңде 
туды.  Ұлт  зиялылары  үшін  мемлекеттік  саяси  билік  органдарына  тікелей  араласудың 
бастауында  қазақ  комитеттері  тұрғанын  білеміз.  Ұйымдық  жағынан  қазақ  комитеттерінің  
төңірегіне біріккен  барлық мемлекеттік басқару аппаратына өз өкілдерін осы  ұйым атынан 
енгізген  болатын.  Сондықтан  да,    қазақ  жұрты  үшін  саяси  –  құқықтық  тұрғыда  болсын 
ұлттық  –  азаматтық    комитеттердің  зор  тарихи  маңызы  болды.  Түрлі  аймақтарда 
орналасқандарына  қарамастан  бұл  ұйымдардың  негізгі  мақсаты  –  ұлттық  дербестікке  жету 
үшін күрес болатын. Кезінде Ресейдің құрамында болған украин, башқұрт,  түркімен, татар 

119 
 
тағы  басқа    халықтардың  қоғамдық  ұлттық  ұйымдарымен  бір  сапында  тұрған  қазақ 
комитеттері  де  ұлттық  дербестікке  қол  созып,  өз  елін  өркениетті  елдер  қатарына  қосуға 
асықты.  Мәселен, Семей облысының  зиялы қауым өкілдері осы жайды дер кезінде түсініп, 
шұғыл түрде облыстық қазақ комитетін құрды. Алғашқы қоғамдық негіздегі ұлттық ұйымды 
ашып,  басқарма  мүшелері  болып  кіргендер  қатарында  Ә.Ермеков,  А.Қозыбағаров, 
С.Дүйсенбин,  Ш.  Керейбаев,  Б.Сәрсенов,  М.Малдыбаев,  С.Молдабаев,  С.Қияқов 
Н.Құлжанов, С.Торайғыров, С.Сабатаевтар болды. Комитет төралқасы Р.Мәрсековты төраға, 
Х.Ғаббасовты  және  И.Тарабаевты    төраға  серіктері,    С.Молдабаевты  қазынашылыққа, 
Ә.Ермековты  хатшы  етіп  сайлады.  Облыстық  қазақ  комитеті  жер  –  жерлерге  уездік 
комитеттер құру үшін өз өкілдерін жіберді. Уездік облыстық ұйымдар ашылды.  
Осылайша  қазаққа  тиесілі  жұмыстардың  бәрі  қазақ  комитеттері  арқылы  жүргізіліп 
жатты.    ХХ    ғасыр  басында  А.Байтұрсынов  атап  көрсеткеніндей  қазақ  халқы  үшін      өзекті 
мәселеге  айналған жер мәселесі,  түйіні  шешілмей жатқан жер дауына қазақ комитеттері  де 
араласты.  Уақытша  үкімет  жерге  байланысты  түпкілікті  заң  жасағанша    уақытша  басқара 
тұруды жер комитеттеріне тапсырды. Қазақ комитеттері жер роформасы даярланар тұста жер 
комитеттеріне    өз  өкілдерін  қатыстыра  отыра  жұмыстар  жүргізуді  қолға  алды.Аталған 
кезеңде «Алаш» партиясының мүшелеріде оларға барынша қолдау жасап тіпті кей жерлерде 
оның  басшы  құрамын  толықтырып  отырды.  Мысалы,  Семей  облысының  «Алаш» 
партиясының  комитеті  құрамына  облыстық  Қазақ  комитетінің  белсенді  мүшелері  
Р.Мәрсеков,  Х.Ғаббасов,  Ә.Ермеков,  И.Әлімбеков,  А.Қозыбағаров,  М.Малдыбаев, 
Б.Сәрсенов  кіреді.  Комитетің  төрағасы  болып  Х.Ғаббасов  сайланды.  Ұлт  зиялыларының 
қазақ жұртына да земство жүйесін енгізу туралы тілегі тарихта белгілі және оны 1905 жылғы 
Қарқаралы петициясында білдіргенді. Өзін-өзі билеу құқығын айтпағанда, патша үкіметінің 
қазақ  елін  сайлау  құқығынан  айыруы  земство  мәселесінің  оң  шешімін  табуына  мүмкіндік 
бермеді.    Бұл  мәселені  шешуде    1917  жылы  17  маусым  айында  Уақытша  үкімет  бұрын 
земство жүйесі енгізілмеген аймақтарда Земство мекемелерін ашу лайық деп тауып, арнайы 
заңмен  бекітті.  Бірақ,  Қазақстанда  Земство  жүйесін    Ресейдің  отарлық  аудандарымен 
салыстырғандағы  ерекшелігі  –  «әкімшілік»  негізде  жасалынды:  Өйткені,  Уақытша  үкімет  
өзін-өзі  басқару  жүйесі  ретінде  земстволарға  берілген  құқықтардың  өте  кең  болуынан 
Ресейдің  мемлекеттік  тұтастығына  нұқсан  келеді  деп  қауіптенген  еді.  Ал,  үкімет 
шенеуніктерді  әкімшілік  негізде  құру  себебін  Қазақстан  халқының  қоныстану  сиректігімен 
және мәдениеттінің артта қалуымен түсіндірді. 
«Сарыарқа»  газетінің  мәліметтері    Семей  облысында  Земство  сайлауы  1917  жылы 
қараша  айының  соңына  қарай  ауылдарда  әлі  аяқтала  қоймағанын  білдіреді.  Ал,  облыстық 
және уездік Земство мекемелері жұмысқа кірісуге дайындық үстінде екенін жазған. Қараша – 
желтоқсан  айлары  қазақ  халқы  үшін  өте  қарбалас  кезең  болды.  Себебі,  Қазан  төңкерісін 
түсіне алмаған, оны үреймен қабылдаған қазақ халқы қараша-желтоқсан айларында Земство 
сайлауы мен Құрылтай жиылысында сайлау науқанына тартылып, бұл жауапты шаралар мен 
саяси өзгерістердің мәнін тез қабылдап, қорытып үлгере алмай жатты. 1917 жылдың  9-шы 
желтоқсанда  Земствоны  енгізу  жөніндегі  комитеттің  бастығы  С.С.Брюханов  бірінші  
төтенше Семей уездік Земствоның отырысын ашып, сайлау қортындысы негізінде төрағасы 
болып  Р.Мәрсеков  тағайындалады.  Ал  18-ші  желтоқсан  күні  Семей  уездік  Земство 
Басқармасына  Ахметжан  Қозбағаров  төрағалыққа  сайланып,  Болатов  Айтмұхамед 
Есембайұлы,  Дюсембин  Сыдық,  Ботагырев  Иван  Емельянович,  Воробьев  Никанор 
басқарманың  мүшелігіне  кіреді.  Одан  іле  шала  1918  жылы  5-қаңтарда  үміт  етіп  күткен 
Құрылтай  жиылысының  большевиктердің  тарапынан  қуылуы  және  саяси  ахуалдың  жедел 
өзгеруі ұлт зиялыларын біраз дағдартып қойды.  
Сонымен бірге, сайлау ісі аяқталып, қазақ зиялылары Земство мекемелері арқылы ұлт 
мүддесі  үшін  қызметке  енді  кірісе  бастаған  уақытта,  1918  жылы  қаңтар  –  ақпан  айында 
Қазақстанның  Солтүстік-Шығыс  аймағында  кеңестік  большевиктік  биліктің  орнауына 
байланысты  Земство  мекемелерінің  жұмысы  да  қарқын  алмай  жатып  тоқтатылды.  Сөйтіп, 
большевиктер  Земство  жүйесінің  жұмысының  тоқтатуы  арқылы,  Земство  ісіне  қарсы 

120 
 
әрекетімен  халықтың  өзін-өзі  билеу  құқықтарына  қарсы  екендіктерін  дәлелдеп  берді.  Сол 
кезеңдегі саяси процесстерге жан-жакты талдау жасай келе , тарихшы К.Нұрпейісов тарихи 
жағдайлардың  өрбуін  былайша  сипаттайды:  «Алаш  партиясының  басшылары  осыған  дейін 
Қазақстанның  ең  басты,  ең  өзекті  мәселелерін  (ұлттық-мемлекеттік  құрылыс,  жер,  қоныс 
аударушылар,  казак-орыс  әскерінің  зорлық-зомбылығы  т.с.с)    шеше  алмаған  Уақытша 
үкіметке сенуден қалса, енді оның орнына келіп , жоғарыда аталған проблемаларды  таптық 
принциптер негізінде шешуге уәде еткен Кеңес үкіметіне күмәнмен қарады»  – деп, одан әрі  
«Советтер бел алған мұндай жағдайда Алашорда жетекшілері жергілікті өкімет органдарын  
құруда олармен ымыраға баруды жөн деп тапты. Алайда бұл  тактика барлық жерде бірдей 
табысқа жеткен жоқ. Большевиктер партиясының радикалдық тобының өкілдері көпшілікке 
ие болған Петропавл, Перовск (Қызылорда), Әулиеата (Жамбыл) Советтері билік жүргізген 
аудандарда Алаш белсендідері сол кездің өзінде-ақ саяси қуғын – сүргінге душар болды, тек 
жекелеген облыс және уезд орталықтарында, атап айтқандай, Семейде, Верныйда тағы басқа 
қалаларда 1918 жылғы көктемде ұлттық демократиялық Алаш қозғалысының кейбір өкілдері 
жергілікті  Советтермен  қысқа  мерзімдік  ырымға  қол  жеткізіп,  ресми  (Советтік)  басқару 
органдарында мүше болып сайланды»  - деп, қоғамдық-саяси өмірдің даму процесінің әрбір 
аймақтардағы  ерекшеліктерінен  мәліметтер  береді.  Дерек  көздеріне  қарағанда,  осындай 
келісімге  келудің  нәтижесінде  жергілікті  Алаш  ұйымының  жетекшілерінің  бірі, 
Алашорданың  мүшесі  Халел  Ғаббасов  Семей  облыстық  Кеңестің  атқару  комитеті 
төрағасының  орынбасары,  Қаржы  комиссиясының  мүшесі  қызметіне  өтсе,  Алаш 
партиясының  белсенділері  Биахмет  Сәрсенов  Халыққа  білім  беру  комиссарының 
орынбасары,  Имам  Әлімбеков  Еңбек  және  өнеркәсіп  бөлімінің  бастығының  орынбасары  
қызметіне  тағайындалды.  Сонымен  бірге,  жоғарыда  аталған  адамдардан  басқа  Семей 
облыстық  және  қалалық  Кеңесінің  Атқару  Комитетіне  1918    жылы  22-23  наурыздағы 
отырысында  Жер  бөлімінің  төрағасының  орынбасары  ретінде  Ә.  Ермеков,  почта,  телеграф 
және жол байланысы бөлімінің бастығының орынбасары қызметіне Әубәкіровты, азық-түлік 
бөліміне    Ы.Оразалинді,  сот  ісі  бөлімінің  мүшелігіне  М.Боштаевты  енгізеді.  Ал,  уездік 
Кеңеске  төрағаның  орынбасары,  жер  бөлімінің  төрағасының  орынбасары,  дәрігерлік-
санитарлық  бөлім  комиссары  ретінде  А.Қозбағаров,  жол  байланысы  бөлімінің  бастығы 
А.Е.Болатовты,  әлеуметтік  қамсыздандыру  бөлімінің  бастығы  етіп  С.Дүйсенбин  енгізілген. 
Қарқаралы  уезінде  де  Кеңес  депутаттарының  билігі  құрылғанда  құрамына  Нығмет 
Нұрмақовпен  бірге  алашшыл  азаматтар  енгізілді.  Өйткені,  бұл  істі  ұйымдастырған 
Қарқаралы  уезі  бойынша  комиссар,  Семей  облыстық  Кеңестің  атқару  Комитетінің  мүшесі 
Б.Сәрсенов  болатын.  Ал,  Қарқаралы  уездік  Кеңестің  төрағасы  болып    А.  Райымбеков, 
орынбасары С.Байтенов сайланды. 
Алашшыл  зиялы  қауым  өкілдері  Кеңестік  билік  органдарына  ене  отырып,  қазақ 
жұртының  мүддесі  үшін  қандай  игілікті  істер  атқарды,  қандай  істерді  тындырды    деген 
мәселеге тоқталғанда, әсіресе, Семей облыстық және уездік Кеңесіндегі қазақ зиялыларының 
саяси  күресі  ерекше  көрініс  берді.  Уақытша  үкіметтің  өз  кезінде  жер  мәселесін  шешпеуі 
большевиктік  билік  кезіңде  де  ең  өзекті  мәселе  болып  келді.  Уақытша  үкімет  алдына  ұлт 
зиялылары  жер  мәселесін  шешу  талабын  қойғанда,  ең  алдымен  Қоныстандыру 
басқармаларын  жоюды  талап  еткен  болатын.  Бірақ  та,  бұл  мәселенің  дұрыс  шешілуіне 
мүдделі болмаған Уақытша үкімет билік басынан кеткеннен кейін, Семей облыстық Земство 
басқармасы  облыстағы  әкімшілік  билікті  өз  қолына  ала  отырып,  1918  жылы  6-ақпанда 
облыстық  Земство  жиылысының  І-ші  төтенше  отырысында  қабылдаған  қаулысы  бойынша 
Қоныстандыру  Басқармаларының  жұмысын  тоқтатып,  оның  бөлімдері  мен  мүлкін  Земство 
жанынан  құрылған  арнайы  бөлімге  тапсыруды  шешкен  еді.  Алайда,  өлкедегі  саяси  билікті 
Кеңестер  өз  қолына  алғаннан  кейін  Қоныстандыру  Басқармаларын  жою  ісі  аяқсыз  қалды. 
Өйткені,  большевиктер  Қоныстандыру  Басқармаларын  жоюға  мүдделі  болған  жоқ  еді. 
Керісінше,  олар  шаруалардың  қолдауына  ие  болу  мақсатында  Қоныстандыру 
Басқармаларының  ісін  жандандырды.  Сондықтан  да,қазақ  зиялыларының  Кеңестердің  жер 
мәселесі  жөніндегі  ұстанған  саясатына  қарсы  шығуы  қазақ  жұртының  талап  –тілектерінен 

121 
 
туындаған саяси күресі еді. Саяси пікірталастарда Уақытша үкіметтің де, Кеңес билігінің де 
жер мәселесі жөнінде ұстанған саясаты патшалық Ресейдің отарлық саясатымен сабақтасып 
жатқандығын  қазақ  зиялылары  ресми  биліктің  мінбелерінен  батыл  әшкереледі.  Мәселен, 
1918  жылы  12  наурыздағы  шаруалардың  жұмысшы  және  солдат  депутаттардың  біріккен 
съезінде  А.Қозбағаров  жер  мәселесі  төңірегінде  айтыста  Қоныстандыру  Басқармасының 
қазақтарға қарсы саясат жүргізіп отырғандығын, қоныс аударушылар қөптеген жеңілдіктерге 
ие  екендігін  айтып,  ең  бірінші  қазақ  халқына  жеңілдіктер  жасалуын  талап  етеді.  Ал, 
И.Әлімбеков  бұл  съездегі  сөйлеген  сөзінде  :  Қоныстандыру  Басқармасы  бір  халықты 
бақытсыздыққа  ұшырата  отырып,  екінші  халықты  бақытты  еткісі  келеді    деп,алдыңғы 
кезекте қазақтардың мүддесі қорғалуы қажеттілігін дәлелдеді. Алайда, қазақ зиялыларының 
бұл  қойған талаптары іс жүзіне аспады және  оның жүзеге асуы да мүмкін емес еді. Себебі 
билік  басына  келген  Уақытша  Сібір  үкіметінің    де,  басқа  саяси  партиялардың  қызметі   
қазақтың жерге деген мүддесіне қайшы келді. 
Жергілікті  билікті  жүзеге  асыруда  қазақ  зиялылары  білімділігін,  белсенділігін 
әрекетшілдігін іс жүзінде көрсетіп берді. Өлкеде 1918 ж. маусым айында Кеңес билігі толық 
жойылғанан  кейін,қазақ  зиялылары  Алашорда  үкіметінің  уездік-болыстық  бөлімдерін  құру 
жане оның қызметін дұрыс жолға қою ісін ұйымдастыруға жұмылды.Большевиктер таратып 
жіберген Земство мекемелерін қайта қалпына келтіріп,халық игілігі жолында жаңа қадамдар 
жасай бастады.Алашорда үкіметі мен оның жергілікті жерлердегі  бөлімдері  негізінен саяси 
және  ел  қорғау  мәселелерімен  шұғылдануға,мәдени-экономикалық  хал-ахуалды  реттеу 
жұмысымен  Земство  мекемелері  айналысты.  Осы  кезеңде  қазақ  зиялыларының  земство 
мекемелеріндегі  сан-саналы  қызметі  жаңа  сапалық  деңгейге  көтерілді.  Бұл  кезеңге  де  тән 
сипат қазақ зиялылары большевиктік жүйедегі сияқты Уақытша Сібір үкіметінің,одан кейін 
Колчак диктатурасының тарапынан көрсетілген саяси-моральдіқ қысым  жағдайында қызмет 
атқарды. Дегенмен, уездік Земство жүйесінде қазақ жұртының да өкілдері де тең дәрежеде ел 
мүддесіне қызмет атқаруы халықтың қам-көңіл жүрегіне, үмітіне үлкен медеу болғаны анық. 
Өйткені,отарлық  жүйеде  саяси-құқықтық,рухани-моральдық  қысымда  өмір  сүрген  жұрттың 
шағымданатын,  арызданатын,  талап-тілегін  білдіре  алатын  ресми  орындары  көбейе 
бастады.Оның  алғашқысы  Қазақ  комитеттері  болса,  екінші  кезекте  Земство  мекмелері 
болды,ал  бұлардың  ішіндгі  маңыздысы    -  Алашорда  Ұлт  Кеңесі  мен  оның  жергілікті 
Кеңестері тағы басқалары болды. 
1918 жылы жаз айларында қайта қалпына келтірілген Земство мекемеріндегі бұрынғы 
мүшелері  қайта  сайланып  қойылды.Сонымен  бірге,Алашорда  үкіметі  де  қазақ  жұртына 
Земство  жүйесінің  қоғам  өміріне  терең  енуіне  мүдделілік  танытты.  1918  жылы  маусым 
айының басында «Земство туралы»  арнайы заң қабылдап, Алаш автономиясында 1917 жылы 
17-маусымдагы  Уақытша  үкіметтің  заңы  бойынша  енгізілген  және  Кеңес  үкіметі  таратқан 
барлық  Земство  мекемелерін  жедел  түрде  қайта  қалпына  келтіруін,  ал  Земство  ісі  қолға 
алынбаған  жерлерде  Земство  мекемелері  1917жылы  17-маусым  заңына  сәйкес  енгізілуін 
белгіледі.Болыстық  Земстволар  ашылғанша  заңды  билік  ретінде  революциядан  кейін 
құрылған жұмыс бағыттарын көрсетіп берді.  
Семей  обылысында  Земство  ісін,  яғни,  өзін-өзі  басқару  мекемелерінің  тізгінін  қазақ 
зиялылары  өз  қолдарына  алды  деуге  толық  негіз  бар.  Облыстық  Земство  Басқармасының 
төрағасы болып Р.Мәрсеков және мүшелері ретінде Х. Ғаббасов пен Ә.Сәтпаевтың сайлануы 
үлкен жетістіктерінің бірінен саналады. Басқаша айтқанда, облыстың мәдени-экономикалық 
дамуының бағыт – бағдарын қазақ зиялылары өздері айқындап, тізгінді өз қолдарына ұстады. 
Оның өзіндік себебі де бар еді. Өйткені, Семей облыстық Земство жиылысының мүшелерінің 
саны барлығы 43 болса, оның 29-ы қазақ өкілдерінен тұруы және олардың ішінде беделді әрі 
білімді  Ә.Бөкейханов,  Ә.Ермеков,  Т.Құнанбаев,  Х.Ғаббасовтардың  болуы  себепті  ахуалдың 
басқадай  бағытта  өрбуі  ешбір  мүмкін  емес  еді.  Сондықтан  облысқа  қатысты  мәдени-
экономикалық,  заңдық  негізі  бар  мәселелер  осы  жиылыс  отырысында  шешімін  тапқан 
болатын.  Әсіресе,  әлеумет  істерге  ертеден  араласып  жүрген  білімді  заңгер  әрі  тәжірибелі 
Райымжан Мәрсеков өзінің Земство ісіндегі қызметінде барлық жақсы қырларымен танымал 

122 
 
болды. Ол тек Земство ісі мен шаруашылық жұмыстарын ұйымдастырудағы қабілетілігімен  
ғана  емес,  батыл  саясаткер  екенін  де  танытты.  Мәселен,  1918  жылы  қыркүйекте  Алашорда 
мен  Сібір  үкіметі  арасында  уақытша  қазақ  сотының  қызметіне  қатысты  келіспеушілік 
туғанда,  Р.Мәрсеков  қазақ  соттарының    жұмысының  заңдық  негізі  бар  екенін  дәлелдеп, 
облыстық  комиссар  алдына  қазақ  соттары  арқылы  іс  жүргізетіндігін  атап  көрсетеді.  Ал, 
Облыс  комиссары  сот  жүйесінде  патшалық  заманның  Далалық  өлкені  басқару  туралы 
Ережесін жетекшілікке алуын талап еткен болатынды. Осы келіспеушіліктерге байланысты 
Р.Мәрсеков:  егер де Сібір үкіметі Алашорданы үкімет ретінде мойындамайтын болса, онда 
Земство  тарапынан  Сібір  үкіметінің  қаулы  –  қарарлары  орындалмайтынын  ескертеді.  Бұл 
келіспеушіліктің  нәтижесінде  Сібір  үкіметі  Алашорданың  корреспонденцияларын  тегін 
жөнелтуді  тоқтатады.  Бұған  қарсы  қадам  ретінде  Р.Мәрсеков  Уездік  Земство  жұмыстарын 
тексеріп  қадағалауды  және  олардың  Облыстық  Земство  Басқармасына  есеп  беруіне  қарсы 
шыққан  Уездік  Земство  басшыларына    біз  осындай  шараны  заңдастыру  арқылы  облыстық 
немесе  Губерниялық  комиссардың  бақылауынан  шығып  кете  аламыз  деген  тактикалық 
қорытындысын  білдіре  отырып,  көндіреді.  Дерек  көздерінен  Семей  облысының  уездерінде 
де  Земство  басқармаларының  жұмысын  қазақ  зиялылары  өз  қолына  алғандығын  көреміз. 
Мәселен,  Семей  уездік  Басқарма  төрағасына  А.Қозыбағаров,  мүшелері  болып  А.Болатов, 
С.Дүйсенбин,  П.Воробьев  А.Богатырев  сайланады.  Семей  Уездік  Земствосының  халық 
мүддесі  үшін  сан  –  салалы  жұмыстарының  алға  басуына  себепші  болған  іскер 
Басқармасының  заңгер  –  көмекшісі  ретінде  1918  жылы  желтоқсаннан  бастап  тәжірибелі 
саясаткер, І-ші  Мемлекеттік Думаның депутаты Ахмет Бірімжановтың қызметке алынуымен 
және  1919  наурыз  айынан  бастап  Басқарманың  Құрылыс  –  техникалық  бөлім  бастығы 
ретінде  инженер  –  құрылысшы,  ІІ-ші  Мемлекеттік  Думаның  депутаты  М.Тынышпаев  Ұлт 
Кеңесіндегі  қызметімен  қатар,  құрылыс  және  техникалық  бөлім  бастығы  ретінде  Семей 
уезінде  мектептер  мен  ауруханалар  салу  мақсатында  Сібір  қалалары  Ново-Николаевск, 
Томск,  Омск  қалаларынан  құрылыс  материалдарын  алдыру  үшін  өзі  бас  болып  іс-сапарға 
шығады.  Деректеріне  жүгінсек,Семей  уездік  Земство  Басқармасы  халық  игілігі  үшін  сол 
сынаптай  толқыған  заманда  ең  зәру  деген  мәселелерді  шешу  жолында  қажырлы  еңбек 
еткеніне көз жеткіземіз. 
Жер  мәселесінің  күрделігіне  байланысты  ол  кезде  жер  комитеттері,  кейін  жер 
мәселесіне  қатысты  Кеңес  құрылады.  Семей  облыстық  Жер  Кеңесінің  төрағасы  болған  
Р.Мәрсековтың  басшылығымен  жер  дауы  бойынша  арызданған  азаматтардың  мәселелерін 
осы  Кеңесте  қаралып,  шешімі  шығарылып,  реттеліп  отырған.  1919  жылы  9-мамырдағы 
отырысында Кеңес Белағаш өңірінің қазақтарының қазыналық жерден көшіруге байланысты 
оларды  күзге  дейін  көшіруді  тоқтата  тұруды  сұраған  өтінішін  қанағаттандырып,  егер  де 
қазақтарды  көшіретін  жағдайда  оларды  міндетті  түрде  жермен  қамтамасыз  ету  туралы 
шешім шығарды. Семейдің облостық Земствосы 1918 жылы  желтоқсанда Қиыр Күншығыс 
жаққа  барып  елге  керек  –  жарақ,  кездеме  сатып  әкелу  үшін  Р.  Мәрсековты  жіберді.  Р. 
Мәрсеков бұл іс-сапарды 1918 жылдың 5-желтоқсанынан 1919 жылжың 29 наурызына  дейін 
болады.  Іс-сапарының  нәтижесінде  Американың  «Мейер»  деген  фирмасымен  15  млн. 
сомның товарын шикізат өнімдеріне айырбастау туралы келісімге қол жеткізген. 1918жылы 
желтоқсан  айының  соңына  қарай  Семей  Уездік  Земство  басқармасының  Қиыр  Шығыстан 
қажетті  заттар  мен  бұйымдарды  сатып  алып,  оны  Семейге  жеткізу  жөніндегі  өкіл  есебінде 
Әбдіқадыр  Бейсеков  пен  П.  Ворбьевты  тағайындайды.  Ал,  облыстық  Земство  тарапынан 
1919  ж.  қыркүйек  айында  А.  Райымбеков  Қиыр  Шығыстан  тауар  сатып  алу  жөніндегі  өкіл 
қызметіне алынады. 
Облыс  халқын  өмірге  ең  қажетті  тауарлармен  қамтамасыз  ете  отырып,  қазақ 
зиялылары  болашақта  шет  мемлекеттермен  іскерлік  байланыс  орнатуды,  елдің 
экономикасын  дамытудың  жолдарын  іздестіру  талабында  келіссөздер  жүргізді.  Бұл  туралы 
«Сарыарқа» газетінің хабарында толық мәлемет беріледі: «Владивосток қаласына біздің өкіл 
барып  Алаштың  шаруа  қауымын,  шаруаның  жәйін  Американың  атақты,  зор  байларына, 
фабриканттарына білгізіп, бұларға қазақтың малын, байлығын түсіндірген соң, арадағы жай 

123 
 
саудагерлермен,  алыпсатарлармен  іс  қылмай,  ...  қазақтын  топ  ұйымымен  іс  қылып,  нәрсе 
айырбастап,  керек-жарақ  сауда  ісімен  алыс-беріс  қылып  тұрмақ  болған  және  де  басқа 
нәрселерді  жеткізбек  ...  бұдан  басқа  да  қазақ  ортасына  фабрика,  заводтар  ашу, 
автомобильмен  таситын    машинелерінде  сөйлескен.  Жақын  арада  кісілері  келмек.  Бұлар 
жаңа  саудагерлермен,  «Алаш  ұйымымен»  іс  қылады»  .Облыстың  шаруашылық  жүйесін 
қалпына  келтірудің  де  негізгі  бағыттарын  айқындай  отыра  шаруашылықты  дамыту 
мақсатында Семей облыстық Земство Басқармасы өзінің жанынан өнеркәсіп бөлімін (1919 ж. 
маусымда) ашып, оның жұмысының бағыттарын белгілейді: 1. Жол құрылысына көңіл бөлу; 
2.  Земство  жанынан  өнеркәсәп  орындарын  ашу;  3.  Жеке  ұсақ  кәсіпорындардың  дамуына 
жағдай жасап, біріктіру; 4. Кооперация жұмысын дамыту. Семей облысының экономикалық 
ерекшілігіне  сәйкес  шикізат  көзі  негізінде  кәсіпорындар  мал  өнімдерін  өңдеуге,  дәнді 
дақылдар өндіруге және тау – кен өндірісін жолға қоюы тиіс деп белгіленеді . 
Шаруашылық бағыттағы істі Семей облыстық  Земствосы да уездерде шаруашылыққа 
зиянды жәндіктерге қарсы күрес жүргізу үшін қазақ халқына арнап арнайы курс ашып және 
әрбір  уезде қазақ халқы үшін гидротехникалық көмек көрсету мақсатында уездік Земстволар 
жанынан  гидротехникалық  бөлімшелерін  ұйымдастыруды  қатаң  тапсырды  .Қазақ  жұртына 
гидротехникалық    көмек  көрсету  және  шаруашылыққа  зиянды  жәндіктерге  қарсы  күрес 
жүргізу  жолын  оқытатын  қазақ  жастары  үшін  арнайы  курстар  ашу  жұмыстарын  Земство 
басқармаларының  қолға  алуына,  бұл  жұмыстардың  дұрыс  жолға  қойылып,  оның  қазақ  
халқының шаруашылығы үшін маңыздылығын түсіндіруде, сол уақытта, Семей облысының 
агрономы  міндетін  атқарушы  Сатылған  Сабатаевтың  тікелей  ықпалымен  жүзеге 
асырылғандығы  даусыз  болса  керек.  Семей  облыстық  Земство  жиылысының  1918  ж.  9-
қазандағы  отырысында  халыққа  ветеринарлық  көмек  көрсету  жәйі  туралы  мәселе 
көтерілгенд,  Семей  уездік  Земство  Басқармаларының  мүшелері  А.Қозыбағаров  пен 
Н.П.Воробьев Семей уезінде 5 ветеринарлық бөлім ұйымдастырғанын және олардың құрал-
саймандармен қамтамасыз етілгендігін  баяндай келе, осы бағытта ең қажет  табылған елді-
мекендерде  жұмыс  жүргізгендіктерін  білдіреді.  Қазақ  халқының  негізінен  мал 
шаруашылығымен  шұғылданғандығын  ескерсек,  бұл  жүргізілген  шаралар  өте  маңызды  іс 
болып табылады. 
Қазақ  зиялыларың  сан-салалы  қызметтері  арқылы  ең  алдымен  ұлттық  мүдде 
тұрғысында  мәдени  –  шаруашылық  мәселелерін  шешуге  тырысқанын  көреміз.  Жалпы 
алғанда,  қазақ  зиялылары  саяси-әкімшілік  билік  органдарында  қызметтер  атқара  отырып, 
қазақ  жұртының  құқықтарын,  талап-тілектерін,  қорғап-қадағалауға,  өзін-өзі  билеу 
мүмкіндіктерін кеңейтіп, өздерінің саясаткерлігін, білімділігін, қажырлылықтарын көрсетті. 
Ең бастысы, автономия ісін ілгерілетуге қабілетті екендіктерін іс-жүзінде дәлелдеп берді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет