Редакциясын басқарған т.ғ. д, профессор М.Ғ. Ескендіров



Pdf көрінісі
бет15/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,64 Mb.
#6429
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

 
ӘДЕБИЕТТЕP: 
1. Таштемxанова P. Пеpеселенческая деpевня и ее взаимосвязи с казаxским аyлом во втоpой 
половине XIX - начале XX в. (на матеpиалаx Семипалатинской обл.): Дис. канд. ист. наyк.- 
Алматы, 1994. - 167 с. 
2.  Савельева  О.  «Отчет»  А.А.  Свечина  как  источник  по  изyчению  пеpе-  селенческого 
движеня  в  Кyстанайский  yезд  //  Миp  на  pyбеже  тысячелетий.  Ма-  теpиалы  pегиональной 
наyчно-пpактической конфеpенции. - Костанай, 2001. 

103 
 
3.  Вощинин  В.П.  Пеpеселенческий  вопpос  в  Госyдаpственной  Дyме  III  созыва.  Итоги  и 
пеpспективы - СПб, 1912 
4. Матеpиалы по киpгизскому землепользованию, собpанные и pазpаботанные экспедицией 
по  исследованию  степныx  областей.  -  Т.1:  Акмолинская  область.  Кокчетавский  yезд- 
Воpонеж, 1898 
5. Казаxстан в начале века: методология, истоpиогpафия, источниковедение / 
Под pедакцией М.К. Козыбаева. - Алматы, 1994. - Вып.2.120 с. 
6. Алимова Д.А. Совpеменные паpадигмы и некотоpые “болезни pоста” истоpической наyки 
// Наyчный жypнал. — 2006. — № 2. — С.3-10. 
 
 
ӘОЖ: 336.7 (574)                                                        
Жанысбеков М.А.
1
, Нуржаубаева Г.С.

т.ғ. к., доцент м.а., ОҚМФА
1
, магистрант, АӘИУ
2
, Шымкент қаласы
 
 
ХІХ Ғ. СОҢЫ МЕН ХХ Ғ. БАСЫНДА ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙДІҢ МЫРЗАШӨЛДІ 
ИГЕРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ 
 
Мырзашөл тарихын зерттей отырып, өңірдің алғаш Николай Константинович Романов 
канал  қаздыру  жұмыстарын  қолға  алудан  алдын  Шөл  дала  болғандығын  аңғарамыз.  Бірақ, 
Мырзашөлдің  тарихы  Н.К.Романов  канал  тартуымен  басталды  деп  айтуға  болмайды. 
Мырзашөл  өңірінің  тарихы  әріден  басталады.  Мұны  ғылыми  зерттеу  жұмыстары, 
археологиялық  қазба  деректері,  ескі  заманның  ғұламаларынан  қалған  жазбалар  дәлелдеп 
отыр. 
Шаш-Ташкент  шәһарынан  таяқ  тастам  жерде  жатқан,  айналасын  ғылым-мәдениет 
ордасы  болған  Отырар,  Сайрам,  Сығанақ,  Сауран,  Созақ,  Иассы-Түркістан,  Самарқан, 
Үргеніш сияқты қалалар қоршаған, үстінен қоңыраулатып дүниенің шартарабына керуендер 
өткен,  Жібек  жолының  бойындағы  дүбірлі  күйді  кәрі  құлағы  ғасырлар  бойы  тыңдаған 
Мырзашөлде тарих болмауы мүмкін емес қой. Мырзашөл,Сырдария өзенінің сол жағалауын 
алып  жатқан  қаһраған  дала,  құс  ұшса  қанаты,  адам  жүрсе  табаны  күйетін  осы  үлкен 
Оңтүстікте  Түркістан  шатқал  сілемдері,  солтүстікте  Арнасай  шұңқыры,  шығыс  жағында 
Сырдария өзені, батыс жағында Малгузар таулары қоршаған бір миллион гектар жерді алып 
жатқан  тегістік.  Бұл  дала  жанында  ағып  жатқан  Сырдария  бір  тамшы  суды  шөлге  бермей 
Арал  теңізіне  әкетіп  жатты.  Бұл  жерден  өз  кезінде  Искандер  Зұлхарнайынның  әскери 
саптары  (фалангалары)  батыстан  келіп,  Парсы  шахы  Дарийді  қуып,  артынан  келіп  өтті, 
қаһарлы  Шыңғысханның  түмендері  Мәуереннахрдың  гауһарлары  Самарқанд,  Бұхара, 
Үргеніш  қалаларын  басып,  қиратуға  бара  жатып,  шығыстан  келіп  өтті.  Даңқты  Әмір  Темір 
жауынгерлері  Алтын  Орда  ханы  Тоқтамысқа,  Ресейге,  Қытайға  жасаған  жорықтарына  осы 
даладан  өткен.  Ұзындығы  солтүстіктен  оңтүстікке  дейін  160  шақырым,  шығыстан  батысқа 
130  шақырым  болатын  бұл  аймақ,  бауырына  су  жүріп,  соры  шайылса  шаруашылық 
жанданатын,  шаруалардың  еңбегін  еш  етпейтін  Мырза  дала  еді.  Тек,  20  ғасырдың  басында 
Ресей  империясы  ағылшындармен  бәсекелесіп,  мақта  мануфактурасын,  тоқыма  өнеркәсібін 
дамытуда  Мырзаның  өнеркәсібін  дамыту  мақсатында  Мырзаның  шөлін  суландыру 
жұмыстарын қолға алып, мақта, егістік жерлерінің көлемін көбейтті[1] 
1865-1866  жылдары  қыс  айларында  генерал  Черняев  бастаған  басқыншы  отрядтың 
Мырзашөлдегі экспедициясы кезінде керуен сарайлары мен бекеттердің қиранды орындары 
ұшырасты және бір ғажабы, солардың кейбіреулерінің қасында егіншілікпен шұғылданатын 
отырықшы  қоныстардың  іздері  табылды.  Жыззақтың  солтүстік  шығысында  отыз  шақырым 
жерде  Ағашты  бекет  жайы  болған.  Жергілікті  аңыздарға  қарағанда,  өзінің  Ағашты  деген 
атауы  да  мегзеп  айтып  тұрғандай,  осыдан  екі-үш  ғасыр  бұрын  бекет  жайдың  маңайы 
шулаған қалың ну орман екен. Тағы бір ерекше назар аударып қадап айтатын жәйт, әдетте, 

104 
 
Орта  Азиядағы,  Түркістандағы  мақташылық  Ресей  тоқыма  өнеркәсібінің  талаптары 
арқасында ғана туындап, дамыды деп саналады. [2] 
ХІХ  ғасырдың  60  жылдарында  Ресей  империясына  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісу 
аумағы  қосылған  болатын.  Сондықтан  да  енді  осы  аймақтарды  әкімшілік  жағынан 
бағындыру  және  шаруашылық  жағынан  нығайта  түсу  қажет  болды.  З.Е.Қабылдинов  пен 
А.Т.Қайыпбаевтың  Қазақстан  тарихы  (ХVІІІ-1914  жыл),  жалпы  білім  беретін  мектаптің  8-
сыныбына  арналған  оқулығында  1867-1868  жылдардығы  енгізілген  реформалар  бүкіл 
Қазақстанды түгел қамтығандығы, онда үш генерал-губернаторлық әкімшілік құрылғандығы 
баяндалады.  Генерал-губернаторлық  облыстарға  бөлінді.  Мысалы,  Орынбор  генерал-
губернаторлығына – Орал және Торғай облыстары, Батыс Сібір генерал-губернаторлығына – 
Ақмола  және  Семей  облыстары,  ал  Түркістан  генерал-губернаторлығына  –  Жетісу  және 
Сырдария  облыстары  кірді.  Түркістан  генерал-губернаторлығына  қараған  Жетісу  және 
Сырдария облыстарының құрамына қазақ жерінің үлкен бөлігі, сонымен бірге қырғыз және 
өзбек жерлерінің де бір бөлігі енген. 1869 жылдың 22 қыркүйегінде топографиялық суретке 
түсіру  экспедициясы  Шыназдың  тұсынан  Сырдария  өзенінің  арғы  бетіне  өтіп,  екі  айға 
созылған  негізгі  жұмыстарына  кірісті.  Экспедиция  жинақтаған  материалдардың  нәтижелері 
үміт  артуға  тұрарлықтай  қызғылықты  болды.  1873  жылдың  10  шілдесінде  «Туркестанские 
ведомости»  газетінде  жарияланған,  «барон  Аминов»  деп  қол  қойылған  «Жыззақ-Шыназ 
даласы  және  ондағы  ежелгі  отырықшылық  іздері»  деген  танымдық  зерттеу  мақаласында 
автор  былай  деп  жазады:  «Аш  дала  деген  өз  атауына  әбден  сәйкес  келетін  (Мырзашөл 
аймағын  орыс  ғалымдары  «Голодная  степь»  деп  атаған  –  М.А.)  мен  зерттеген  өңір  бір 
қарағанда  ешбір  ықылас  тудырмайды.  Бірақ  оған  жақынырақ,  зерде  көзімен  үңілсек,  онда 
қазіргі уақытта ешнәрсеге жарамсыз, десек те, бүкіл осы сусыз жазық бір кездері отырықшы 
елге  қоныс  болғанын,  олар  одан  өз  тіршілігіне  қажетті  нәр  алып,  ауқат  тапқанын  аңғарар 
едік. Бұған осы шөл даладағы әлі  өшіп үлгермеген отырықшы белгілері  айғақ. Ол белгілер 
ескі  ғимараттардың  қирандыларында,  қаңыраған  егіс  сұлбаларында,  ең  бастысы,  ежелгі-су 
құбырларының іздерінде сайрап жатыр». [3] 
Ресей  бодандығына  өткеннен  кейінгі  Түркістанның  бірінші  генерал-губернаторы 
К.П.Кауфман әскери инженер болған. Мырзашөлдің географиялық сипаттамасымен, табиғат 
ерекшеліктерімен  танысқаннан  кейін,  ол  1871  жылы  инженер  штаб-капитан  Н.Ульяновқа 
болашақ  канал  жобасын  жасау  үшін  барлау-іздестіру  жұмыстарына  кірісуді  тапсырады. 
Келесі  жылы  Н.Ульянов  өз  жобасын  ұсынды,  сөйтіп  1871  жылдың  аяғына  қарай  жер  қазу 
жұмыстары  басталды.  Өкінішке  орай,  жұмыс  нашар  ұйымдастырылды,  қаржы  дұрыс 
бөлінбеді, соның салдарынан құрылысты тоқтатуға тура келді. 1873 жылы Петербургпен екі 
ортадағы хат алмасуға және қаржы іздеуге кетті. Жұмыс 1874 жылы қайта жанданды. Төрт 
жыл бойы Мырзашөлдегі канал құрылысы міндетті борыштылық негізінде, яғни зорлық пен 
өктемдік  негізінде  жүргізілді,  жергілікті  халық  өте  ауыр,  бейнетті  жер  қазу  жұмыстарына 
еріксіз  жегілді.  Осы  уақытта  канал  құрылысына  68294  жұмысшы  қатыстырылды. 
Техниканың  болмауы,  еңбек  жағдайының  ауырлығы  және  жұмыстың  нашар 
ұйымдастырылуынан төрт жылда 13,5 шақырым жерде ғана канал қазылды, ал бұған 125840 
сом  ақша  жұмсалды.  1881  жылы  патша  үкіметі  Мырзашөлге  канал  тарту  жөніндегі 
жұмыстарды  алдымен  уақытша  кідірте  тұруға,  кейінірек  мүлде  тоқтатуға  мәжбүр 
болды.Патшалық Ресей осынау кең де шөл даланы су жүйелерін салу арқылы суландырып, 
бұл  өңірге  мақта  өсіруді  көздеген.  Кешегі  кеңес  өкіметі  кезінде  бұл  идея  дамытылып, 
Мырзашөл  даласын  игеріп,  мақта  және  басқа  да  ауылшаруашылығы  өнімдерін  өндірумен 
айналысатын  көптеген  колхоз,  совхоздар  құрылып,  өндірістік  және  тұрғын  үй-жайлар 
салынды. Киров каналының қазылуы мен тың жерлерді  игеру көптеген мелиораторлар  мен 
құрылысшылардың маңдай терінің, ерен еңбегінің арқасында орындалған тарихи жағдай. 
Патша  үкіметінің  өлкеде  мақта  өндірісін  дамуытуға  деген  мүддесінің  қарама 
қайшылықты болуы кездейсоқ емес еді. Сол кезде Орталық Ресейдегі тоқыма өнеркәсібінің 
қарқынды дамуы мақта талшығына деген сұранысты күрт арттырды. Солтүстік Америкадағы 
азамат соғысы (1860 жж) әлемдік мақта саудасының даму бағытына кері әсер етті (шикізатты 

105 
 
экспортқа  шығарудың  азаюы,  бағаның  қымбаттауы  және  т.б).  Метрополияның  тоқыма 
фабрикаларын  шикізатпен  қамтамасыз  етуінде  Орта  Азия  аудандарына  маңыз  берілді. 
Өйткені  ол жерде мақта өсірудің дәстүрлері  қалыптасқан еді. Өлке тек  тиімді  географилық 
жағдайымен  ғана  емес,  отарлық  мәртебесімен  және  өте  мол  әрі  арзан  жұмыс  күшінің 
болуымен де қызықтырды. 
Осылайша  Түркістан  өлкесі  қысқа  мерзімде  Ресей  империясының  алып  мақта 
плантациясына  айналды.  1881  жылдан  1911  жылға  дейін  мақта  өсіретін  жер  көлемі    жеті 
есеге артты. 1916 жылы ол көлем 680 мың десятинаға жетіп, барлық суармалы егістіктің 31 
пайызына жетті. Бұл  барынша қолайлы гидрогеографиялық тәртіпке сай қалыптасты. Негізгі 
мақта базасы Ферғана аңғары болды. 1916 жылы  Ферғана облысында мақта өндіру 60 тан 80 
пайызға  дейінгі  жерді  қамтыды  [4].  Осылайша  Түркістан  өлкесі  Ресейді  мақта  шикізатына 
деген  ипорттық  тәуелділіктен  құтқарды.  1902  жылы  жалпыресейлік  өнеркәсіптің  мақтаға 
деген  қажеттілігінің  40  пайызы,  ал  1915  жылы  70  пайызы  Түркістан  мақтасыың  есебімен 
жабылды. Осы кезде Орта Азиядағы мақта талшығының өндірісі 20 миллион пұтқа жетті. 
Түркістанға жер аударылып  және әкесінен (әкесінің өлімінен кейін) қалған мұраның 
үлкен  бөлігін  Николай  Романов  Шөл  даланы  игеруге  жұмсаған  деген  дерек  те  бар. 
Суландыру  жұмысымен  қатар  Н.К.Романов  Шөлде  бірнеше  ауылдардың  негізін  қалады, 
олар:  Запорожский  (1885  г),  Надеждинское  (1886  г),  Никольское  (1891  г),  Верхно-
Волынское, Нижне-Волынское, Конногвардейское (1896-1897 гг) жылдары. 
Бір  жарым  миллион  рублін  Николай  Романов  Шөл  даланы  игеруге  салды.  Бұндай 
ақша сол кезде өте қомақты болатын. Бірінші салынған оның каналы қазіргі уақытта да бар. 
Ол  бірақ  кінәз  Н.Романовтың  атында  емес,  әуелде  өзгертілген,  анықтап  айтқанда  «К-3». 
Киров  атындағы  каналдың  ірілерінің  бірі.  Мәртебелі  император  Николай  Константинович 
Романов Шөл далаға осындай белгілі із қалдырған [5]. 
Қорыта  айтқанда,  патша  өкіметі  кезінде  мырзашөлдің  игерілуне  байланысты  батыл 
қадамдар  жасалды.  Жергілікті  тұрғындардың  жерін  тартып  алу,  оларды  арзан  жұмыс  кұші 
ретінде  пайдалану,  суармалы  жерлерге  қоныстандырмау  сияқты  қысымдарына  қарамастан, 
жүргізілген өзгерістер  мырзашөлдің болашақ өркендеуіне негіз қалады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы, 1976. 8 том. 
2. Семенов П.П.-Тянь-Шанский. Россия. Полное географическое описание нашего отечества 
: Настольная и дорожная книга для русских людей: [В 19-ти т.]. Т.19. Туркестанский край.  
3. ГалузоП.Г.Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867-1914 гг. -Алма-Ата, 1935.). 
4. 
МакшеевА.И.Географическiе,  этнографическiе  и  статистическiе  матерiалы  о 
Туркестанском  краъ.  Записки  Императорскаго  Русскаго  географическаго  общества  по 
отдъленiю статiстiки. – Спб.: 1871.  
5.  Костенко  Л.  Средняя  Азiя  и  водворенiе  въней  русской  гражданственности.  –  Спб.:  Изд. 
А.Базунова, 1871.  
 
ӘОЖ: 336.7 (574)                         
Төребаев О.А.
1
, Мирзакулов А.

ф.ғ.к., доцент м.а., ОҚМФА
1
, магистрант, АӘИУ
2
, Шымкент қаласы 
 
ҚАЗАҚТАРДЫҢ САЯТШЫЛЫҚ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ТАРИХИ МӘНІ 
 
Aдaмзaт күн көріc қaрeкeтімeн әуeлдeн әр түрлі тaбиғaттaғы жaбaйы жeміc – жидeкті 
тeріп  жeй  кeлe,  aң  құc  aулaуғa  мaшықтaнa  бacтaды.  Мұны  дaлa  мәдeниeтіндe  caқтaлып 
қaлғaн  көнe  жәдігeрлeр  дәлeлдeудe.  Әcірece  тacқa  «қaшaлғaн»  aң-құcaулaудaғы  бeйнeлeр 
coның aйғaғы іcпeтті. Aңшылық – aдaмзaттың eң көнe жәнe eң aлғaшқы күн көріc қaрeкeтінің 
бірі  бoлғaны  мeн,  уaқыт  өтe  кeлe  кәcіпкe  ұлacып,  oртa  ғacырдың  coңынa  дeйін 
шaруaшылықтың  нeгізгі  бір  түрінe  aйнaлды.  Aңшылық  –  түз  жaнуaрлaрын  aулaу  кәcібі. 

106 
 
Қaзіргі  Қaзaқcтaн  жeріндe  aдaмдaр  aңшылықпeн  eжeлгі  пaлeoлит  дәуірінeн  aйнaлыcқaн. 
Мыcaлы, Үшбұлaқ қoйнaуындa (Қaрaтaу қaлacының coлтүcтік-бaтыc жaғындa 36 км жeрдe) 
муcтьe дәуіріндe өмір cүргeн aңшылaрдың шaғын тoптaрының қыcқa мeрзімді тұрaқтaрының 
ізі  caқтaлғaн.  Oндaй  тұрaқтaр  cуaтқa  кeлeтін  aңдaрды  (бизoн,  бұғы,  киік,  жылқы)  aңдуғa 
қoлaйлы  бұлaқ  түбінe  caлынғaн.Coңғы  пaлeoлит  дәуіріндe  ірі  жaнуaрлaрды  aулaу,  aдaм 
қoрeгінің  бacты  нeгізі  бoлды.Мыcaлы,  aдaмдaр  Жaйық  өзeнінің  бoйынaн  мaмoнттaр  мeн 
жүндec  мүйіз  тұмcықтaрды  aулaп,  oлaрдың  cүйeктeрінeн  әр  түрлі  кecкіштeр,  қырғыштaр, 
нaйзaлaр  мeн  cүңгі-лeрдің  ұштaры,  шaнышқылaр,  лaқтырылaтын  нaйзaлaр,  cүйeк  инeлeр, 
біздeр  жacaғaн.  Coнымeн  қaтaр  aдaмдaр  aң  тeріcінeн  киім  тігуді  дe  үйрeнгeн.  Aң  aулaу 
дәcтүрлeрі мeн тәжірибeлeрі ұрпaқтaн-ұрпaққa жaлғacып, aң aулaу шaруaшылығы дaмығaн. 
Coғaн бaйлaныcты қaзaқтaр aрacындa aңшылықты жaқcы мeңгeргeн мaмaндaр – aңшы (aңды 
aулaушы), aңкөc (aң aулaудың cырлaрын жeтік мeңгeргeн aңшы), құcбeгі (қырaндaрды түргe, 
тoпқa  жaқcы  aжырaтaтын),  бүркітші  (бүркітті  бaптaй  aлaтын)  жәнe  қaғушы  (бүркітшілeргe 
қoлғaнaт бoлaтын) пaйдa бoлды. Oлaр aң aулaудың aйлa-шaрғылaрын (oр қaзып, ұшпaлaрдaн 
ұшырып,  қaрғa  oмбылaтып  aулaу,  тacқaқпaнмeн,  тoрмeн,  құмқaқпaнмeн,  тұзaқпeн  ұcтaу, 
құcпeн,  итпeн  қуу,  түтін,  жeмтік  caлу,  мұзғa  oтырғызу,т.б.)  жeтік  мeңгeргeн[1].Aңшылық 
мaқcaтынa  қaрaй  кәcіптік,cпoрттық-әуecқoйлық  жәнe  ғылыми  бoлып  бөлінeді.  Кәcіптік 
aңшылықтың  мaқcaты  –  aңдaр  мeн  құcтaрдaн  eт,  тeрі,  мaмық,  қaуырcын,  мүйіз,  т.б.  өнім-
дeрін  aлу.  Өнімнің  caпacы  aңның  түлeуінe,  бaлaлaу  мeрзімінe  бaйлaныcты  бeлгілeнeді. 
Cпoрттық-әуecқoйлық  aңшылық  aңдaр  мeн  құcтaрды  бeлгілі  тәртіппeн  aулaп,  тaбиғaт 
caяcындa  дeм  aлу.  Әуecқoй  aңшығa  мeмлeкeт  тaр-aпынaн  шeк  қoйылaды.Ғылыми 
aңшылықтың  құрaмынa:aң  шaруa-шылығының  экoнoмикacы,кәcіптік  aңдaр  мeн  құcтaрдың 
биoлoгиялық  eрeкшeліктeрін  зeрттeу,  oлaрдың  caн  мөлшeрін  көбeйту,  aлынaтын  өнімді 
aрттыру  жәнe  caпacын  жaқcaрту,  aң  aулaу  әдіcтeрін,  құрaлдaрын  жeтілдіру  мәceлeлeрі 
жaтaды.  
 Тaриxи дaму бaрыcындa тaбиғaт aнaның қoрының, дәлірeк aйтcaқ aңқұc фaунacының 
қaтaрының cирeуі, aдaмзaт бaлacының caнының күрт өcіп, экoлoгиялық aпaттың қылaң бeруі 
мeн тexнoкрaттық өркeниeттің кeң қaнaт жaюы aңшылықты тeжeугe мәжбүрлeді.Ocы кeздeн 
aң aулaудың көптeгeн тәcілдeрінің бірі aлғaшықты, aл қaйcы бірі eкінші қaтaрғa ыcырылды. 
Aңшы-лық  тәcілдeрінің  aңды  қырaн  құcпeн  aлу,  құмaй  тaзы  мeн  aулaу,  aту  қaрулaр-мeн 
(caдaқ,  мылтықпeн),  түрлі  жaбдық-caймaндaрмeн  (тұзaқ,  aбaқ,  шaншу,  қaқпaн,  aтқы),  әр 
aлуaн тәcілдeрмeн (құм қaқпaн, oрғa жығу, қыcaңғa қaмaп, coйылмeн ұру) aулaу дeгeн нeгізгі 
түрлeрі  бaр.  Ocылaйшa  тaбиғи  тәcілдeрмeн  aң  aулaудың  өріcі  тaрылып,  oның  кeйбір  түрі, 
aйтaлық құcбeгілік пeн тaзы бaртaу кәcіптeн гөрі, өнeр cипaтынa иe бoлды. Құcбeгіліктe oлжa 
aлу нeгізгі мәceлe eмec, кeріcіншe түз тaғыcын қoлғa үйрeтіп жуacыту aрқылы бeйнe бір құc 
тілін  білeтін  oрнитoлoг-этнoлoг  мaмaндaй  нeмece  цирк  өнeрпaзындaй  түз  тaғыcынa  өз 
"әмірін" жүргізу мaңызды, әрі aдaмның өзі бaптaғaн aушы құcының көктe caмғaуы мeн oның 
acпaндa қaлықтaп, шүйілe кeліп aңғa түcуін тaмaшaлaу жaнғa ғaнибeт, caяттa құcбeгігe eріп 
жүргeн  жұртқa  рaxaт  cыйлaйтын  көрініc.  Өйткeні,  acпaндa  қaлықтaп  ұшу  aдaмзaттың 
бaғзыдaн  бeргі  aрмaны,  oны  қoлғa  үйрeткeн  құcы  aрқылы  тaмaшaлaу  үлкeн  ләззaт.  Caятқa 
тoп-тoбымeн  шыққaн  жұрт  бұл  тaмaшa  көрініcтің  куәcі  ғaнa  бoлып  қoймaй,  oғaн  өзінің 
caқaдaй-caй  әзірлігін  cынaйды.  Өйткeні  жылы  киім,  дұрыc  қaйырылып  үйрeтілгeн  құc, 
тaзының  ұшқырлығы,  бaпты  aт,  мықты  дeнcaулық  бәрі-бәрі  caяттacынaлaды.  Coндaй-aқ 
ceруeндeгeн  ceрілeр  «aқ  қaр,  көк  мұз»  aязды  шaқтa  тaбиғaттың  eкінің  бірі  бaжaйлaй 
бeрмeйтін қыр-cырынa тeрeңірeк үңілe түceді. 
Дeгeнмeн,  қaзіргe  дeйін  мәлім  бoлғaндaй  cұңқaршылыққa  қaтыcты  дeрeк  бaғзы 
дәуірдeгі мыcырлықтaрғa бaрып тірeлeді. Көнe Мыcырдың XVIII динacтияcы дәуіріндe, яғни 
б.д.д.  1580-1350  жылдaры  жaзылғaн  мaгиялық  мәтіндeр  aрacындaғы  бір  кecтeдe  бacынa 
тoмaғaғa  ұқcac  "бірдeңe"  кигізілгeн,  тұғырғa  ұқcac  бөрeнe  үcтіндeoтырғaн,  қaрaқұйрық 
жoтacынa  "қoнғaн"  бірқaтaрcұңқaрдыңбірнeшe  бeйнecі  caлынғaн.  Мыcырлықтaрдacұңқaр 
пaтшaлық  биліктің  рәмізі,  Xoруc  құдaйының  бeйнecі,  иeрoглиф  тaңбacы  oрнынa  жүрді. 
Түркия жeріндeгі Бoгaз қaп қaлaшығы қирaтындылaры aрacынaн caздaн жacaлғaн бaрeльeфтe 

107 
 
бірі  қoлынa  cұңқaр  ұcтaғaн  (бaлaқ  бaутәрізді  бaуы  төмeн  caлбырaғaн)  қoлдaрынa  шaбaтын 
қaру  ұcтaғaн  eкі  жігіт  бeйнeлeнгeн.  Ecкeрткіш  б.з.д.  XIII  ғacырдікі,  xeттeр  мәдeниeтінікі, 
cұңқaршылықтың 3300 жылдық тaриxын көрceтeді. Aл Caргoн ІІ пaтшa зaмaнындaғы (б.з.д. 
722-705 жылдaры) Accирия бaрeльeфіндe ocығaн ұқcac дeрeктeр бeйнeлeнгeн ecкeрткіш Лувр 
музeйіндe  caқтaулы  [2].  Бұлaрдaн  шығaтын  қoрытынды  cұңқaршылықтың  eжeлгі  мeкeні 
турaлы  мaғлұмaт  бeрeді.  Aдaмзaт  тaриxындaғы  aңшы  құcтaрғa  қaтыcты  зaттық  aйғaқ  б.з.д. 
2400  жыл  бұрын  Мecoпoтaмия  жeрінeн  Нoйoн  улa  тaуынaн  тaбылғaн  aтaқты  ғұн  қaзынacы 
aрacындaғы кілeм, cырмaқтaрдa тaуeшкігe түcіп жaтқaн жыртқыш aңның aйқacы, Ecіктeгі caқ 
oбacынaн  тaбылғaн  «Aлтын  aдaм»  қaзынacының  жәдігeрлeріндe  дәл  coндaй  көрініcті 
бeйнeлeгeн  aлтын  тoғa  –  Oртa  Aзиялықтaрдa aушы  құc  культінің  aca  көнeдeн  кeлe  жaтқaн-
дығының  aйғaғы  [3].  Eртeдeгі  қaзaқтaр  тұлпaрды  ғaнaeмec,  coнымeн  біргe  құcты  дa  киe 
тұтып, мәйітпeн біргe жeрлeйтін бoлғaн. 
Қaзaқ  жeріндe  жүргізілгeн  aрxeoлoгиялық  қaзбa  жұмыcтaрының  нәти-жeлeрі  oртa 
ғacырдaaдaм  мүрдecімeн  біргe  қырaн  бүркітті  қoca  жeрлeгeндігін  кeлтіріп  oтыр.  Aйтaлық, 
Aтырaу  oблыcы  Құлcaры  кeнтінің  coлтүcтік  шығыcындaғы  aтaқты  Бeкeт  Aтa  -Aқмeшіт 
культтік-жeрлeу  кeшeнінeн  aлты  шaқырым  жeрдeгі  Aрaлтөбe  қoрымындaғы  үш  қoрғaнның 
бірінeн  eркeк  пeн  әйeл  мүрдecімeн  aң  cтиліндe  жacaлғaн  aлтын  бұйымдaр,  бүркітпeн 
прoтoмaлaры  біргe  жeрлeнгeн.  Шығыc  Қaзaқcтaн  oблыcындaғы  Мaңырaқ,  Тaрбaғaтaй 
aрacындaғы Шілікті жaзығындaғы eртeтeмір дәуірінe жaтaтын aттac қoрғaндaрынaн тaбылғaн 
aлтын әшeкeйлeр aрacынaн бacтaры aртқa қaйырылғaн шeңгeлімeн жaнaры пeрузa тacтaрмeн 
көмкeрілгeн 36 дaнa жыртқыш құc (бәлкім бүркіт) кecкініндeгі құймa aлтын қaпcырмaлaры 
ұшырacaды.  Aл  Aлтaйдaғы  әйгілі  Бeрeл  қoрымындa  жeрлeнгeн  көceмнің  тaбытының  төрт 
бұрышындa  «мүрдeні  күзeтeтін»  грифoн  бeйнecі  eртeдeгі  дaлaлықтaр  өміріндe  жыртқыш 
құcқa  қaтыcты  тaнымның  (бәлкім  oлaрдың  өміріндe  құcбeгіліктің)  қaншaлықты  мaңызды 
бoлғaндығын aңғaртaды". Өcкeмeн қaлacынaн қырық шaқырымдa Құрық қoрғaнының (б.д.д. 
IV—II  ғғ.)  бірінeн  мәйітпeн  біргe  жeрлeнгeн  4  бүркіт  қaңқacының  тaбылуы,  aтaқты  Ecік  
«Aлтын  aдaмының»  бac  киіміндeгі  cтильдeнгeн  құc  бeйнeлі  фигурaлaр  тәрізді  көнe 
aрxeoлoгиялық  жәдігeрлeрдің  көптeп  ұшырacуы  –  жыртқыш  құcтaрдың  қaзaқ  жeріндeгі 
тaриxи тaмырының тeрeңгe жaйылғaндығын көрceтeді [4]. 
Бұл  қaзaқтaрдa  қырaн  құc  культінің  eрeкшe  дaмығaндығының  көрініcі.  Мұндaй 
культтің жoғaры дeңгeйін қaзaқ мeмлeкeттілігінің рәміздeріндe жәнe xaлық caнacындa, aуыз 
әдeбиeтпeн  тілдік  дeрeктeрдe  өміршeңдікпeн  жaлғacқaндығынaн  бaйқaуғa  бoлaды.  Шығыc 
xaлықтaрының  aңыз-eртeгілeріндe  фeникc,  грифoн,  ceнмурв,  caмұрық,  шoйынқaрa  т.б. 
eртeгілік «aрыcтaн дeнeлі, бүркіт бacты» aлып құбыжықтaр турaлы мәлімeттeр жиі кeздecіп 
жaтaды.  V  ғacырдa  Cacaнид  пaтшacы  V  Бaһрaм  Гурдің  eрмeгі  cұңқaр  мeн  aң  aулaу 
бoлғaндығын  жәнe  қытaйлықтaрдың  oғaн  cұңқaрды  cыйғa  тaртқaндығын  жaзaды.  Eурoпaғa 
жacaғaн  жoйқын  жoрықтaрындa  қoлдaнғaн  қaру-жaрaқтaр  мeн  қaлқaн  бeтіндe  xaндық  бeлгі 
(тaңбa) рeтіндe aқcұңқaр бeйнeлeнгeн.  
Ежeлгі  Қытaйдaдa  cұңқaршылық  eкі  мыңжылдық  тaриxы  бaр  дeгeнімeн  бұл  тaртпac 
aйғaқ  VI  ғacырдың  eншіcіндe.  Лиaнг  әулeті  (502-557  жылдaры)  зaмaнындa  мұрaгeрдің  бірі 
тaзы  мeн  біргe  үйрeтілгeн  cұңқaрды  қырғaуылғa  caлғaн  дeгeн.  Ocындaй  дeрeктeр  eжeлгі 
Эллaдa,  Үнді,  Пaрcы  жұрттaры  көптeп  кeздeceді.  Тіптeн  720  жылдaры  aяқтaлғaн  жaпoн 
жылнaмacы  "Ниxoн  Шoxи"  импeрaтoрдың  cұңқaр  ұcтaғaны  турaлы  бaяндaйды.  Aл  бaтыc 
eлдeріндeгі  құcбeгілік  турaлы  мәлімeт  эпикaлық  "Нибeлунгa  турaлы  жырдa"  Кримгильд 
пaтшaйымның  cүйікті  cұңқaрын  бacқa  eкіcу  бүркіт  өлтіріп  тacтaғaны  aйтылca,  Cигурд 
жырындa  eкі  aқcұңқaрдың  тырнaғы  aжaрыcып  түcкeнін  жaзaды  [5].  Eкі  дeрeктe  ғұндaрдың 
Бургундиялықтaрды жaулaп aлғaн кeзінe дөп кeлeді. Бaтыc ғұндaрының қoлбacшыcы Eділдің 
(Aтиллa)  Eурoпaғa  жacaғaн  жoйқын  жoрықтaрындa  қoлдaнғaн  қaру  жaрaқтaр  мeн  қaлқaн 
бeтіндe  xaндық  бeлгі  (тaңбa)  рeтіндe  aқcұңқaр  бeйнeлeнгeн.  Нeміcтeрдің  зaң  жинaғындa 
ұядaн өз бeтімeн бaлaпaн aлca, құcты ұрлaca үлкeн aйыппұл caлынaды дeлінгeн. Тіптeн aушы 
құc ұя caлғaн aғaш aрнaйы тaңбaлaнғaн. VI-VIII ғacырлaр тaзы мeн құc, oның құрaл-жaбдық, 

108 
 
киімдeрінe  міcтeрдің  aжырaмac  aтрибутынa  aйнaлғaн.  Құc  бeйнecі  көнe  түркі  дәуіріндeгі 
ecкeрткіштeр, тac мүcіндeр дe мoлынaн көрініc тaпқaн. Aйтaлық: 
1. Күлтeгіннің бacтac мүcініндeгі құc бeйнecі. 
2. Күлтeгін, Білгe қaғaн ecкeрткіш кeшeні мaңындaғы тac қoрғaнындaғы құcбeйнecі. 
3. Aлтын тaмғaн тaрxaн бітіктacындaғы құc бeйнecі. 
4. Күлі-чүр ecкeрткіш кeшeні тac қoршaуындaғы құc бeйнecі. 
5. Жeтіcу тac мүcініндeгі құc бeйнecі жәнe т.б дeрeктeрді кeлтіругe бoлaды. 
Көнe  түрік  тaным  түcінік  Тәңірлік  ұғым  бoйыншa  құc  көктің  иecі,  acпaнның  киecі, 
жoғaрғы  әлeмнің  eлшіcі,  қaнaттылaрдың  төрecі  caнaлaды.  Aтaлғaн  құc  бeйнeлeрін 
зeрттeушілeр  бүркіт,  көгeршін,  caмұрық  тәрізді  дeп  жoрaмaлдaйды.  Дeмeк,  бaйырғы 
түріктeрдeгі  тaным-түcінік  бoйыншa  төрeлік  билік  мәңгілік  көк  acпaннaн  жaрaтылaды.  Aл 
Тәңір  жaрылқaушының  киecі  дe,  иecі  дe  құc  дeп  тaныды.  Coның  ішіндe  қырaн  құcтың 
қырaғылығы  мeн  aлғырлығынaeрeкшe  қacтeрлeп,  биліктің  рәмізі  рeтіндe  көшпeлілeр  ту-
бaйрaқтaрын 
дa 
қырaн 
құcтaрдың 
бeйнecімeн 
әшeкeйлeгeн. 
Түркі 
xaлықтaрындacaятқacaлaтын  құcтaрды  aушы  (aңшы,  aң  aлaтын)  құc  нeмece  қыcқaртып  құc 
дeп  aтaйды.  Aтaудың  ілкі  тұлғacы  бaбa  түрік  тіліндeгі  qut  «құт»  бoлып,  oдaн  тілдік  дaму 
зaңдылығымeн  құтқұc  бoлып  өрбіді  дeугecaяды.  Құт  тұлғacы  құc,  құр,  қырғи,  құзғын,  қaз, 
cұңқaр, кeзқұйрық т.б. aтaулaрдaғы ұқcac құрылымдaрмeн түбірлec, тeктecocы ceмaнтикaлық 
өріcінe  «құc,  қoc,  қыз,  қырқын»  т.б.  cөздeрі  дe  төркіндec.  Бacқaшaaйтқaндaocы  aтaулaрдың 
мoрфeмaлық мaғынacы «eкі, қoc, жұп қaнaтты, қoc қaнaтты» дeгeнді білдірeді. Қырaн, қырғи, 
қaрғa, қaршығa, қaрлығaш, қырғaуыл, cұңқaр дeгeн aтaулaрындaғы қaр, қыр тұлғaлaры дaocы 
құт, құc түбірлeрімeн бір жeлілec, ұқcac дүниeлeр. Әбілғaзы Бaһaдүрxaнның «ШeжірeТүрк» 
eңбeгіндe  Oғұз  қaғaн  aңызынa  бaйлaныcты  oның  24  ұл  нeмeрecінің  құcтaры,  тaңбaлaры 
жaйлы  дaocы  құт,  құc  тaнымымeн  caбaқтacтырып  aйтуғa  бoлaды.  Мыcaлы, 
шeжірeдeaтaлaтын құcтaрдың aтaуы: cұңқaр, күйгeнeк, көбeк caры, тұрымтaй, қырғұ, қызыл 
қaржығaй,  көжгeн,  жeрe  лaжын,  caрышa,  бaһaри  (қaрғa),  cу  бүркіт,  aлa  тұғaнaқ,  бұғдaйнaқ, 
құмaй.Мaxмұт  Қaшғaридың  «Түрік  тілдeрінің  жинaғы»  (Диуaни-лұғaт-aт-Түрік)  cөздігіндe 
«ым білce eр өлмec» дeгeн cөз бaр. 
Бүгінгі  eгeмeн  eліміздің  мeмлeкeттік  рәміздeріндe  қырaн  құccoның  aйқын  дәлeлі. 
Coнымeн  қaтaр  eлдің  бeйрecми  рәміздeріндe  бaрыc,  бaбыр,  бөрі,  қaбылaн  cияқты 
жыртқыштaрмeн  әcпeттeлу  coл  тaмыры  тeрeң  тaриxи  caбaқтacтықтaн  бacтaу  aлғaн  үрдіcтің 
жaлғacы  дeугe  тұрaды.  Ұлы  Aбaй  дa  құcбeгілікті  жaн-тәнімeн  ұнaтқaн  aдaм.  Бұл  өнeрдeн 
ләззaт aлғaн дaлaның дүл-дүл ұлдaры Біржaн мeн Aқaн, Ceгіз Ceрі мeн Қaнaпия бұл өнeрді 
ұлттық eрeкшeлік дeңгeйіндe жырлaды. 
Caяттың  дeнcaулыққa  пaйдaлы  cпoрттық  қacиeттeрі  дe  бaр.  Кeң  caxaрaның  бoйын 
шүйіп,  тaзaaуacындaceруeн  құрып,  cәйгүлікпeн  зaулaтып  қaнcoнaрдa  із  қуып,  caн  қилы 
қызықты көзбeн көргeндe шaршaғaның ceйіліп, жaқcы тынығacың. Caят дeрткe шипa, бoйғa 
қуaт бeрeтін өнeр, әрі cпoрт. 
 
ӘДEБИEТТEР: 
1. Тұрдыбaeв A., БaбaлықұлыЖ.- Aлмaты: Қaйнaр.Caят.1990. 205 б.  
2.  БaбaқұмaрX.,  Иcaбeкoв  Қ.Aлмaты  :Aлмaты  кiтaп,  Caятшылық  :  қaзaқ-тың  дәcтүрлі 
aңшылығы, 2007. - 208 б. 
3. КәмәлaшұлыБ.Aлмaты: Өнeр бacпacы, Қaзaқ xaлқының дәcтүрлі құc-бeгілігі жәнeaтбeгілгі. 
2006-120 б 
4. Бaбaлықұлы Ж.ТұрдыбaeвA. Aлмaты:Қaйнaр, Қырaндaр. 1983-176 б.  
5. БaбaлықұлыЖ., Тұрдыбaeв A.,- Aлмaты : Қaйнaр, Caят. 1989. - 142 б. 
 
 
 
 
 

109 
 
ӘОЖ: 94 (574)                                                        
Тулентаев М.С.
1
, Аширбекова Г.Қ.
2
,  
аға оқытушы, ОҚМФА
1
, магистрант, АӘИУ
2
, Шымкент қаласы 
 
ОҒЫЗДАРДЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ АТАУЫ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӨНІНДЕ КЕЙБІР 
МӘСЕЛЕЛЕР 
 
Тарихта  қандай  да  бір  мемлекет  болмасын  міндетті  түрде  оның  белгілі  бір  пайда 
болуы мен қалыптасу тарихы болатындығы сөзсіз. Қазіргі Қазақстан территориясында ежелгі 
дәуірлерден бастап-ақ тайпалық одақтар мен мемлекеттік бірлестіктер болғандығын білеміз. 
Кез  келген  мемлекеттің  құраушы  халқы  мен  сол  халықты  құраушы  этникалық  бірлестік 
топтары болады. Біз қарастырып отырған Оғыз мемлекетінің де белгілі дәрежеде қалыптасу 
тарихы мен дамуымен қатар оғыз мемлекетін құраушы этникалық топтарда болды. 
Оғыз  мемлекетінің  мемлекеттік  құрылымына  тоқталмас  бұрын,  алдымен  сол  Оғыз 
мемлекетінің  қалай  және  не  себепті  пайда  болғанын  айқындап  көрсек.  Ең  алдымен,  Оғыз 
қауымдастығының басты пайда болуы сол территориядағы қарлұқ,қимақ тайпаларының ішкі 
және сыртқы факторлардың әсерінен құлдырауға ұшырауы тарих сахнасында жаңа дамыған 
орта ғасырлық Оғыз мемлекетін өмірге әкелді. 
Мақаланың өзектілігі сонда, Оғыз мемлекеті кейінгі қазақ хандығының өмірге келуіне 
негіз бола отырып, қазіргі қазақ халқының пайда болуы мен қалыптасу тарихында зор орын 
алатыны белгілі болып отырғандығы. 
Тарих  дегеніміз  фактілердің  жай  қоймасы  емес,  ол  дегеніміз  едәуір  дәрежедегі 
оқиғалардың  көрінісі  дейтін  болсақ,  онда  сол  қайнар  көздердің  бірегейі  Оғыз  мемлекеті 
екендігін естен шығармаған абзал. Сол себепті де Оғыз мемлекеті тарихын қарастыру үлкен 
дәрежедегі  жұмысты  қажет  етеді.  Қазақстан  жерінде  ІХ  ғасырдың  аяғы  мен  Х  ғасырдың 
басында  өмір  сүрген  Оғыз  мемлекеті  де  қоғамдық  құрылысы,  басқару  жүйесі  тұрғысынан 
ежелден  келе  жатқан  түркілер  дәстүрі  аясында  қалыптасты.  Мемлекетті  ябғу  (жабғу) 
басқарған,  оның  мұрагерлері  инал,  орынбасарлары  күл-еркіндер  атанған.  Мемлекетте 
тұрақты салық жүйесі қолданылды. Мемлекет әскери демократияға негізделеді.[1] 
Оғыздарда «халық жиналысының» сақталуы сол баяғы сақтар заманынан келе жатқан 
мемлекеттілік  дәстүр  сабақтастығының  бірі  көрінісі  бағалағанымыз  орынды  шығар.  Кейін 
келе  ол  ел  басқарудың  ең  жоғарғы  органы  болып  есептелетін  ұлы  және  кіші  құрылтай 
жиналысына айналады.«Оғызнамедегі» Оғыз қаған «Ұлы құрылтай шақырды» деген жол осы 
институттан хабар берсе керек. 
Оғыздар  қазақтардың  этникалық  тарихында  елеулі  орын  алады.  Тарихи  аңыздарда 
олар  қазақ  халқының  арғы  аталарының  бірі  ретінде  аталады.  Сонымен  бірге,  олар 
өзбектердің,  түрікмендердің,  қарақалпақтардың,  әзербайжан,  татар,  башқұрт,  түрік 
халықтарының қалыптасуына үлес қосты. 
Қыпшақтардан ығысқан оғыздардың бір  бөлігі Шығыс Еуропа мен  Кіші Азияға өтіп 
кетеді де, қалғандары ХІ ғасырдың ортасында Дешті Қыпшақ тайпаларының арасына тарады. 
Оғыз  руларының  атаулары  қазақтардың  Кіші  жүз,  Орта  жүз  тайпалары  атауларында 
сақталып қалды. 
Оғыз  мемлекеттік  бірлестігі,  ІХ  –  ХІ  ғасырларда  Қазақстан  жерінде  өмір  сүрген. 
Негізгі  алып  жатқан  аумағы  Сырдарияның  орта  ағысынан  Еділдің  төменгі  бойына  дейінгі 
аралықты  қамтыды.  Оңтүстігінде  Хорезммен,  Мауераннахрмен  және  Хорасанмен  шектесіп 
жатты.  Батыс  Түрік  және  Түркеш  қағандықтары  құлағаннан  кейінгі  тайпалар  арасындағы 
өзара  күрес  пен  Қарлұқ  қағандығының  құрылуымен  байланысты  Батыс  Жетісу  жерін 
мекендеген  оғыз  тайпалары  VІІІ  ғасырда  бұл  өңірден  жылжи  бастады.  ІХ  ғасырдың  бас 
кезінде  оғыздар  қимақтармен  және  қарлұқтармен  одақтасып,  қанғар-печенег  бірлестігін 
талқандап, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аймағы мен Арал өңірін қаратып алды. ІХ 
ғасырдың соңында Арал өңірінің солтүстік жағалауындағы саяси билікті қолына алған оғыз 
көсемдері  хазарлармен  одақ  құрып,  печенегтерге  қайта  соққы  беріп,  Еділ  мен  Жайық 

110 
 
өзендерінің  аралығына  иелік  етті.  Х  ғасырда  Оғыз  мемлекетінің  астанасы  болған  Янгикент 
қалашығы  (Жаңакент  немесе  Жаңа  Гузия)  Еуропа  мен  Азияны  жалғастыратын  маңызды 
керуен  жолы  торабына  орналасты.  Янгикент  арқылы  маңызды  керуен  жолдары  қимақтар 
еліне, Хорезм мен Мауераннахрға өтті. Оғыз мемлекетінің жоғары билеушісі “жабғу” (ябгу) 
деп аталды. Олардың “күл-еркіндер” деген кеңесшілері болды. Жабғу ресми түрде сайланып 
қойылғанымен,  билік  атадан  балаға  мирасқа  қалдырылып  отырды.  Дегенмен,  басқарудың 
әскери-демократиялық  түрі  сақталғандықтан,  жабғудың  билігі  тайпа  көсемдері  кеңесімен 
шектелді.  Мемлекетте  тұрақты  алым-салық  жүйесі  болды.  Оғыз  мемлекетінің  Еуразияның 
саяси,  әскери  тарихында  маңызды  рөл  атқарды.  965  ж.  Оғыз  жабғуы  мен  Киев  князі 
Святославтың  арасында  хазарларға  қарсы  әскери  одақ  жасалып,  нәтижесінде  Хазар 
қағандығы  талқандалды.  Хазар  қағандығының  құлауы  Оғыз  мемлекетінің  саяси  қуатының 
өсуіне  себепші  болды.  Х  ғасырдың  аяғында  оғыз  жабғулары  Киев  князьдерімен  біріге 
отырып, Еділ бұлғарларын күйрете жеңді. [2] 
Оғыздардың  бір  бөлігі  Шығыс  Еуропаға,  Кіші  Азияға  кетті,  енді  біразы 
Мауераннахрдағы  Қарахан  әулетінің  және  Хорасандағы  салжұқ  билеушілерінің  қол  астына 
өтті.  Қалғандары  ХІ  ғасырдың  ортасында  туыстас  Дешті  Қыпшақтың  түркі  тілдес 
тайпаларына  бірте-бірте  сіңісіп  кетті.  Оғыздар  көшпелі  мал  шаруашылығымен  айналысты, 
Сырдария  алқабындағы  қалаларда  дәнді  дақыл  егіп,  бау-бақша  өсірді.  Олардың  көпшілігі 
отқа  табынушылар  болды.  Сонымен  бірге  оғыздардың  мәдени  өмірінеде  өзгерістер  енді, 
олардың арасында бірте-бірте ислам діні тарай бастады. Сырдария алқабындағы, Арал теңізі, 
Каспий  теңізінің  солтүстігіндегі  жерлерді  мекендеген  оғыз  тайпалары  қазақтардың  этно-
мәдени  тарихында  елеулі  рөл  атқарды.  Тарихи  аңыздарда  олар  қазақ,  түрікмен,  өзбек, 
қарақалпақ халықтары аталарының бірі саналады [3]. 
Оғыз  этимологиясының  пайда  болуы  турасында  осы  уақытқа  дейін  нақты  пікір 
қалыптаспаған.«Оғыз» этнонимі «ұыз» сөзінен пайда болды десе, ал екінші бір зерттеушілер 
садақтың  оғы  «оқ»  сөзіне  көпше  мағына  беретін  «уз»  жұрнағы  қосылған  деген  пікір  айтса, 
үшіншілері  «оғыз»  сөзінің  түпнегізі  тотемдік  «өгіз»  деген  сөзден  пайда  болған  деп 
дәлелдеуге тырысады. 
Орта Азия мен Шығыс Европаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының 
тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы X ғ. оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз 
мемлекетінің  халқы  —  түркі  және  иран  тілінде  сөйлеген.  «Жабғы»  атағы  бар  жоғарғы 
билеуші  Оғыз  мемлекетінің  басшысы  болған.  Оғыз  жабғыларының  орынбасарларын  Күл-
еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліпотырған. 
Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль 
атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, 
Сауран,  Қарнақ,  Сүткент,  Фараб,  Сығанақ  деген  қалалары  болды.  Құл  саудасы  дамыды. 
Оғыздар  мәжусилер  болып,  ел  ішінде  бақсы-балгерлер  ықпалын  жүргізді.  Біртіндеп  ислам 
діні де ене бастады. 
X-XI ғғ. Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық 
білдірген оғыз  тайпалары көтерілістері  себеп  болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған 
соғыстарға  шыдамай,  оғыз  мемлекеті  XI  ғасырдың  ортасында  біржола  құлайды.  Жартысы 
қыпшақтардың  қысымынан  Шығыс  Европа  мен  Кіші  Азияға,  жартысы  Мәуереннахрдағы 
қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті. 
Оғыздар - түркі тілдес тайпалар. Тарихта V ғасырдан бастап белгілі. Олар ертеректе 
Жетісу  өңірін  мекендеген.  Алайда  қарлұқтармен  соғыста  жеңіліп,  Жетісу  өңірін  тастап 
шығуға  мәжбүр  болады.  Сөйтіп,  олар  Қаратау  бөктері  мен  Сырдарияның  төменгі  сағасына 
қарай  қоныс  аударады.  IX  ғасырдың  екінші  жартысында  оғыз  көсемдері  карлұқтар  мен 
қимақтардың  бір  бөлігімен  одақтасып,  Сырдария  аймағын  мекендейтін  печенег,  баджагар, 
т.б. тайпаларға соққы береді. Оларды ығыстыра отырып, Сырдария бойына, Арал маңайына 
қоныстанады. Осылайша олар Оғыз мемлекетін (IX-XI ғғ. өмір сүрген) құрып, Сырдарияның 
төменгі  сағасындағы  Жаңакент  (Янгикент)  қаласын  астана  етеді.  Жаңакент  Орта  Азияға, 
Шығыс Еуропаға және Қиыр Шығысқа апаратын керуен жолының бойында орналасқан. 

111 
 
Оғыз  мемлекетінің  билеушісі  «жабғу»  лауазымын  иеленген.  Жабғудың  мұрагерін 
«инал»  деп  атаған.  Мемлекетте  бас  қолбасшы  үлкен  рөл  атқарған,  оларды  басқа  да  түркі 
тілдес тайпалардағы сияқты «сюбашы» деген. 
Оғыз мемлекетінің халықтары мал шаруашылығымен айналысқан. Терісі әдемі қойлар 
(қаракөл)  мен  қос  өркешті  түйелер  өсірген.  Кейін  келе  малынан  айырылған  көшпенділер 
отырықшылыққа  өткен.  Олар  «жатақтар»  деген  атпен  белгілі.  Жатақтар,  негізінен,  жер 
өңдеумен және қолөнер кәсібімен шұғылданған. 
Оғыздардың  жерінде  Жент,  Сауран,  Сығанақ,  Фараб  және  басқа  да  қалалар 
болған.Оғыздар  Киев  Русімен  одақтаса  отырып,  Солтүстік  Кавказдағы  хазарларды 
талқандаған. Еділ (Волга) бойындағы бұлғарларға күйрете соққы берген.[4] 
XI  ғасырдың  бас  кезінде  қыпшақтардың  қысымына  шыдай  алмаған  оғыздардың 
көптеген тайпалары Орта және Кіші Азияга, Шығыс Еуропаға ығысқан. 
Қарлұқ  қағанатының  солтүстік-батыс  жағында,  Сырдарияның  орта  және  төменгі 
бойында,  оған  жалғасып  жатқан  Батыс  Қазақстан  далаларында  IX-X  ғасырларда  Оғыз 
тайпаларының  ежелгі  феодалдық  мемлекеті  қалыптасты.  Оғыздардың  ата-бабаларының 
әуелгі қоныстанған жерлері Ыстықкөлдің маңы. Оғыздар IX ғасырда Сырдария бойына келіп 
орналасады,  бірақ  ондағы  кангар-печенег  бірлестігімен  ұзақ  уақыт  соғысуға  тура  келеді. 
Махмұд Қашғаридың Оғыз еліне қатысты дерегінде 24 тайпаға бөлінгенін және әр тайпаның 
өз  белгі  таңбасы  мен  туы  болғанын  айтылады.Оғыздар  одағы  әрқайсысы  12  тайпадан 
тұратын  екі  бірлестікті  құраған.  М.  Қашқари  оғыздар  бастапқыда  24  рулы  ел  болды  деп 
көрсетеді де, 22 тайпаның атын келтіреді. Олардың құрамында печенег, ас, алан, т.б. далалық 
тайпалардың бөліктері болған.965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святослав пен одақтасып 
хазарларды  талқандады.  985  жылы  оғыздар  Орыс  князьдарымен  бірігіп,  Еділ  Булғариясын 
күйрете  жеңді.  IX-X  ғасырларда  Оғыз  мемлекетінде  ескі  рулық-тайпалық  институттардың 
тез ыдырауы жағдайында патриархаттық-феодалдық қатынастар дамыды. X ғасырдың  аяғы 
мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз елінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі 
орын алды, бұл – мемлекетте тұрақты басқару аппаратының құрылғанын көрсетеді 
Бірақ  XI  ғасырдың  басында-ақ    Оғыз  мемлекеті  құлдырай  бастады.  Оғыздар 
мемлекетінде  ішкі  саяси-әлеуметтік  қайшылықтар  туып,  әлсірей  бастады.  Оған  алым-
салықты  жыртқыштықпен  аяусыз  жинауға  наразылық  білдірген  оғыз  тайпаларының 
көтерілісі  себеп  болды.  Бұл  жағдай  X  ғасырдың  екінші  жартысында  өкімет  басына  келген 
Әлиханның билік құрған кезіне жатады. Жабғының өкіметіне қарсы халық наразылығын.Бұл 
жағдайды Жент маңына Х ғасырдың орта кезінде келіп қоныстанған салжұқтар пайдаланды. 
Салжұқтар  Янгикенттегі  оғыз  билеушілеріне  қарсы  көтерілісті  бастап,  Жент  қалашығын 
басып  алғанымен,  ұзақ  уақыт  ұстап  тұра  алмай,  тастап  кетуге  мәжбүр  болды.  Көп  ұзамай 
оғыздар  қайта  ес  жиып,  1041  ж.  Хорезмді  басып  алады.  Алайда  2  жылдан  кейін  оғыз 
жабғуларының  соңғысы  Шаһмәлік  салжұқтардың  қолына  түсіп  өлтіріледі.  Осы  кезде  ел 
басына Әлиханның мұрагері Шахмәлік келіп, мемлекет едәуір кұшейді. 1041 жылы оғыздар 
Хорезмді жаулап алады. Алайда, арада екі жыл өткеннен кейін оғыздардың соңғы жабғысы 
Шахмәлік  салжұқтардың  қолына  түсіп  өлтіріледі.  Салжұқтарға  қарсы  ұзақ  жылдар 
жүргізілген соғыстар мен қақтығыстардың да әсері Оғыз мемлекетін іштей  қатты әлсіретіп, 
ол  ХІ  ғасырдың  ортасында  қыпшақ  тайпаларының  соққысынан  біржолата  құлап,  тарих 
сахнасынан  кетті.Оғыздардың  бірсыпыра  топтары  осыдан  кейін  Шығыс  Еуропаға,  Кіші 
Азияға қоныс аударды. Енді біразы Орта Азияға, Оңтүстік Қазақстандағы Қарахан әулетінің 
және  Хорасанның  салжұқ  билеушілерінің  қол  астына  көшті.  Ал  XI  ғасырдың  ортасында 
қыпшақтар  талқандаған  оғыздардың  кейбір  қалдықтары  кейін  келе  Дешті  Қыпшақтардың 
түркі тілдес тайпаларына сіңіп кетті. [5] 
Сонымен, Оғыз этникалық қауымының қалыптасуы күрделі  де ұзаққасозылған үрдіс 
болды.  Оғыздардың  құрамына  Сырдария  аңғары  мен  Арал  Каспий  даласының  ертедегі 
этникалық  компоненті  де,  Жетісу  мен  Моңғолия  даласының  жартылай  көшпелі  және 
көшпелі  рулары  мен  тайпалары  да  енді.  Алғашында  Моңғол  даласынан  бастау  алған  оғыз 
тобының  алғашқы  ұйытқысы  батыс  Жетісуда  қалыптасты,  алайда  өзінің  батысқа  қарай 

112 
 
жылжу  үрдісінде  ол  Оңтүстік  және  Батыс  Қазақстан  аумағындағы  көшпелі  және  жартылай 
отырықшы халық есебінен едәуір толықты. 
Оғыз  халқының  қалыптасуының  тездеуіне  ескі  қандас  туысқандық  байланыстардың 
ыдырап,жаңа  аумақтық  шаруашылық  бірлестіктердің  құрылуы  және  ертедегі  феодалдық 
қатынастардың  орнығуы  да  бірден-бір  себеп  болды.Алайда  орта  ғасырлардағы  бұл  үрдіс 
толық  аяқталған  жоқ.Оғыздар  мемлекетінің  ыдырауынан  кейін,  оғыз  тайпалары 
қазақ,татар,қырғыз,  башқұрт,  түркімен,өзбек,  қарақалпақ  халықтарының  қалыптасуында 
компоненттердің бірі болып қатысты. 
Оғыздар мемлекетінің тарихынсыз түркі халықтарының тарихын көз алдына елестету 
тіпті  де  мүмкін  емес.  Еуразия  даласында  өзінің  мәдени  ерекшелігіне  қоса,  географиялық 
орны,  мемлекеттік  және  этникалық  дәрежедегі  үйлесімділігі  жөнінен  оғыздар  қоғамы 
тарихының алар орны айрықша. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
Агаджанов  С.  Г.  Некоторые  проблемы  истории  огузских  племен  Средней  Азии.  - 
"Тюркологический сборник". М., 1970.  
2.
 
Левина Л. М. Керамика Нижней и Средней Сыр-Дарьи в первом тысячелетии нашей эры. 
М., 1972.  
3.
 
Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999.  
4.
 
Кононов А.Н. Тюркология. Сб. Азиатский музей - ЛОИВ АН СССР.-М.,1972,  
5.
 
Карамзин К.М. История государства Российского. Т.ІІ, - СПб., 1833.  
 
 
ӘОЖ 94( 574)                                                                          
Азиев Т.Р.
1
, Кәрім А.Ә.
2
  
аға оқытушы, ОҚМФА
1
,магистрант, АӘИУ
2
, Шымкент қаласы 
 
XV-XVIII ҒҒ. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТАРИХИ ФОЛЬКЛОРІНДЕГІ ДӘСТҮРЛІ НАНЫМ-
СЕНІМ КӨРІНІСТЕРІ 
 
 Қазақ  халқының  XY-XYIII-  ғ.ғ.  мәдениетіндегі  қара  өлең  -  қазақ  халқының  пайда 
болуы  мен  дамуы  тарихындағы  өзіндік  поэтикалық  негізде  тұтаса  дамыған  мәдени-рухани 
қазынасы.  Ауыз  әдебиетінің,  яғни  фольклордың  халықтық  поэзия  жиынтығы  -  қара  өлеңде 
қазақ  халқының  бай  әдеби  мұрасы,  мәдени-философиялық  танымы  мен  тарихи  кезеңдері 
тұтастай  қамтылған.XV-XVIII-  ғ.ғ.  Қазақстан  мәдениеті  тарихында  қара  өлең  ерекше  орын 
алады. Өйткені, осы уақытта халық ауыз әдебиеті қалыптасып өркен жайды, жазба әдебиеті 
мен музыка өнері, жыраулық өнер кең қалыптасты. Моңғолдар жаулап алған аумақта моңғол 
тілі  тарай  қойған  жоқ.  Жошы  мен  Шағатай  ұлыстарында  хан  жарлықтары  түркі  тілінде 
жазылды.  Моңғолдар  Дешті    Қыпшақтың  жергілікті  халқымен  сіңісіп  кеткеннен  кейін 
қыпшақ тілі Алтын Орданың мемлекеттік тіліне айналды. XY-XYIII-ғ.ғ. көркем сөздің нағыз 
шеберлері  ақын-хыраулар  шығармашылығы  кең  тарады.  Атақты  жыраулар  –  Асан  қайғы, 
Қазтуған  жырау,  Доспамбет  жырау,  Шалкиіз  жырау,  Жиембет  жырау,  Марқасқа  жырау, 
Ақтамберді  жырау,  Тәтіқара  ақын,    Үмбетей  жырау,  Бұқар  жырау,  Шал  ақын  есімдері  ел 
арасына  кең  тарады.  Ақын-жыраулар  шығармашылығы  өз  бастауын  халық  поэзиясынан, 
соның  ішінде  қазақтың  қара  өлеңінен  алады.    Қазақ  халхының  XY-XYIII-ғ.ғ.рухани 
мәдениеті өткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды қара өлеңімен сабақтас болды. Қара 
өлеңмен  сусындаған  ақын-жыраулардың  поэзияларынан  халықтың  ой-өрісін,  салт-санасын, 
тілек-мақсатын  айқын аңғаруға  болады.  Халық  өлеңі  мен  ақын-жыраулар  шығармаларында 
халықтың  келер  ұрпаққа  айтар  өсиетін,  мұң-мұқтажын,  қуаныш-сүйінішін,  қайғы-қасіретін 
шынайы  түрде  танып-білуге  болады.[1]Наным-сенімдердегі  әлем  мен  ғарыш  шеңберіндегі 
адамның  орны  жиі  өзгеріп,  құбылып  отырады.  Дүние  түйсінудің  байырғы  мақұлықтық-
жануарлық  сатысы,  хайуандарды  киелі  санау  бірте-бірте  шектеліп,  оның  орнына  ақыры 

113 
 
рухани  адам  болмысы  жетекші  мән  ала  бастаған.  Дүние  туындыларының  бәрін,  құдайдың 
өзін  де  адамиландыру-антропоморфистік  даму  арнасы  жайын  табиғатпен  күресте,  әсіресе 
өмір орнықтырушылық құдіреті асқақ нышандық бейнелердің пайда болуына кең жол ашып 
берді.  Ол  қорғансыздар  мен  қорланғандардың  мүддесін  қорғап,  мол  бақытқа  кенелетін 
жеңімпаз  да  қайырымды,  ержүрек  батырлар  келбеті  болды.  Нәтижесінде  адам  баласының 
қоршаған әлемді тану аясы дүние құбылысын бірте-бірте түйсіну қасиетінің өзінде түбегейлі 
көп  өзгерістерді  бастан  кешірген.  Әлсіз  жануар,  жәндіктерді  қорғау  арқылы  ежелгі 
дәуірлерде-ақ  табиғатқа  жаңаша  көзқарас  қалыптаса  бастаған.Қазақ  поэзиясында 
зоомирфизмнің  элементтері,  сол  сияқты  тотемизм  көріністері  де  басымдылықпен  көрінеді. 
Осы  мифтік  элементтер  қазақ  поэзиясында  қоршаған  ортаға  көзқарас,  оны  бастапқы  сана 
деңгейінде танудан объективті шындықты танудың және осы танымды жүйемен таратудың 
бейнесі,  көркем  әдісі  дәрежесіне  көтерілген.  Поэзиядағы  анимизм  белгілері  деп  есептеліп, 
діни  түсініктер  немесе  діни  ұғымдардан  туған  деп  саналатын  кейбір  үлгілер  тереңдеп 
үңілгенде  натуралистік  түсініктерден  әлдеқайда  жоғары  тұрғандығын,  болмысқа  ойлы 
көзқарастың  тұтастай  жүйесін  құратындығын  немесе  халықтың  философиялық  ойының 
элементтерін көреміз. Қазақ мифологиясы жеке эпизоттарды саралап, одан ортақ түйінді ой 
шығарып,  тұтас  ұғым  қалыптастырады.Қазіргі  біздің  тіршілігімізден  мыңдаған  жылдар 
шалғай  жатқан  көне  заман  адамының  жер-жаһан  туралы  ұғым-түсінігі  мен  наным-сенімі 
ертегі-аңыз,  мифологиялық  үлгілермен  бірге  фольклор  туындыларында  өз  ізін  қалдырған. 
Өнердің бұл бастауы алғашқы бастамаларында ғарыштық сипатта ғана дамыған. Жекеленген 
көзқарастан  бұрын  мұнда  да  жалпы  ұғым  мен  түсінік  шешуші  қызмет  атқарады.  Адам 
қоғамы  мен  жеке  адам  қарым-қатынасының  өзара  бауырластығы  көрінісі  арқылы  сол 
қоғамның  салыстырмалы  тұтастығы  сезіледі.  Халықтық  мұраға  рухани  азық  болған  табиғи 
мифологияның өзі шын мәнінде еркіндік өрісі әлі ашылмаған жалпы жаратылысқа тәуелділік 
негізінде  туған.  Мұны Э.Тайлордың  пікірімен  өзектесек,  онда  былайша  тұжырымдалған  ой 
көрініс  береді:  «Поэзия  түрінде  аңыздарды  тудырушылар  мен  оларды  айтушылар  біздерге 
өздерінің еркінен тыс толып жатқан іргелі тарихи деректерді сақтап жеткізді. Олар құдайлар 
қаһармандарының  мифтік  өмірбаяндарын  өздерінің  ата-бабаларының  ойлары  мен  тілі 
арқылы  өздерінің  ойлау  жүйелерінен  дерек  береді,  осылайша  олар  өздері  өмір  сүрген 
уақыттың көркемөнерін, ғұрыптарын, философиясы мен діни сенімін сақтап жеткізеді. Миф 
ондағы  кейіпкерлердің  емес,  сол  мифті  жасаушылардың  тарихы.  Ол  табиғаты  өзгеше 
батырлардың өмірі туралы емес өзінің қиялымен осы қаһармандарды тудырған халықтардың 
өмірі  туралы  естеліктер»[2].  Бұл  пікір  біздің  миф  және  т.б.  наным-сенімдер  туралы 
ойымызды шындыққа жақындата түседі. Өйткені бұл айтылғандар халықтың көне заманында 
пайда  болып,  ғасырлар  бойы  өз  іздерін  оның  поэтикалық,  фольклор  т.б.  түрінде  сақтаған 
рухани  дүниелерінде,  әдет-ғұрыптары  мен  салт-дәстүрлерінде,  нанымдық  дәстүрлері  мен 
танымдық ой-пікірлерінде қалдыра отырып, қазіргі күнде де өзінің қалдықтарын күнделікті 
өмір  тіршілігінің  барысында  көрсетіп  қалып  отырады.  Сондықтан  да  мифтерде,  ертегі-
аңыздарда  да  әдетте  көшпелі  малшылар  өмірі,  тұрмыс  ерекшелігі  бейнеленеді.  Табиғаттың 
жұмбақ  сыры,  дүлей  күші  қайталанбас  ғаламат  қасиетімен  ерекше  қоғамдық-рухани  сипат 
алған. Біздің түсінігімізде көшпелілер қашанда табиғат құшағында жүреді. Ол жаратылысты 
жатсынып,  одан  өзін  ешуақытта  бөліп-жарып  қарамаған,  қайта  керісінше,  оған  біржола 
шынайы өң беретін өзі болып табылады. Ол табиғат жемісін өз игілігіне айналдырып, содан 
қуаныш  та  тапқысы  келеді.  Қоршаған  әлемнің  құрылысы,  дүние  болмысы,  тұтастық  пен 
бірегейлік  туралы  көшпелілердің  осы  бір  ұғым  түсінігін  де  мейлінше  дәл  жеткізетін 
ертегілер  ғана.  Бұл  жанрлық  тұтастық  (синкретизм)  жалпы  эстетикалық  сана-сезімнің  әлі 
жіктеле, саралана қоймағанын білдіреді.  
Қара  өлеңде  нанымдық  көріністе  тағдыр  мәселесі  де  бейнеленген.  Ол  кейде  тәңірі, 
өмір, жалған, дүние ұғымдарымен астарласып та, орайласып та беріледі. Ол - адамның өмірі 
алдын-ала  жазылып  қойылатын,  адам  ісін  соған  байланыстыратын  жазмыштың  бұйрықты 
жағдайда  атқарылар  әрекеттілік.  Мысалы,«...  Тағдырдың  жазуымен  іс  болады,  Басыңды 
ұрсаң дағы барып тасқа...», «Тағдырдан сәтсіздікті елден көрме...»,  

114 
 
«...Пенденің ойға алғаны бола бермес,  
Тағдырдың тап қылғаны болады ақыр...», [3] - деген өлең жолдарында адам пендесінің 
қолынан  келер  ештеңе  жоқ,  бәрі  де  тағдырдың  жазуы,  оны  өзгертуге,  басқаға  ауыстыруға 
болмайды, өйткені  ол  - адамға мәңгілік жазылып  қойылатын пешенесі,  - дегенді  тұспалдап 
жеткізіп, өмірде сәтсіздікке ұрынсаң, жолың болмаса - оны елден емес, тағдырдың жазуы деп 
түсін, -дейді де адамның нанымы мен сенімін жоғарғы құбылыстық ғажайып күшке апарып 
телиді.  Пенде  не  нәрсе  жасамақ  болса  да,  нәтижесінде  тағдыр  оның  пешенесіне  жазғанын 
қылады, одан ешқайда кете алмайсың, - деген нанымдағы түсінікті оның санасына ендіреді. 
Дәстүрлі  сенімде  бұл  жағдай  күнделікті  өмірде  адам  әрекетінен  де  өз  көрінісін  табады. 
Сондықтан да «пенденің ойға алғаны бола бермес», - деп халық адамдағы жақсы-жаманды іс-
әрекет  себебін  тағдырдан  деп  нанады,  оны  жағымды  жағынан  орайластыруға,  өмірде 
жақсылық  ісін  қалдыруға  тырысады.  Өйткені  адам  тағдыры  жақсылықты  көп  жасауға 
ниеттендіруі тиіс, әйтпесе оның құдай алдында ана дүниеде есеп беруіне тура келеді, - деген 
нанымдық ой да орын алады.  
Діни  сенімдегі  құндылықтар  жүйесі  жалпыадамзаттық  идеялар  мен  құндылықтарға 
негізделген  және  ол  жеке  адамның  рухани  тұрғыдан  жетілуін  көздейді.  Шынайы  діни 
құндылықтар адамзатты біріктіруші құралға айналады. «...Адамдардың шынайы бірлесуі тек 
әрбір  адамға  бүкіл  адамзатқа  деген  жүректердегі  шекараны  жою  жағдайында  ғана  мүмкін. 
Бұл  жерде  сүйіспеншілік  деп  әлем  мен  адамға  деген  ашықтықты,  сенімді,  олар  үшін 
жауапкершілікті,  жан  жылуын  бөлісуге  ұмтылуды  және  өзіне  деген  ешнәрсе  талап  етуді 
білмейтін шығармашылық қабілеттерді түсінеміз. Бұл біртұтас діннің негізі болады, өйткені 
сүйіспеншілік  діни  міндеттерді  орындаудың  бастауы  бола  отырып,  барлық  діндердің 
бірігуіне  себеп  болады»  [4].  Бұдан  діни  сенімнің  рухани  құндылыққа  бастама  беретін 
жалпыадамзаттық  құндылықтардың  сүйіспеншілік  мәселесіндегі  жауапкершілігімен,  ішкі 
шығармашылықпен  байланысты  болатыны,  нәтижесінде  ол  барлық  діндердің  бірігуіне 
бастау  болатыны  да  нақтылы  пайымдалып,  адамның  рухани  түрдегі  жетілуіне  де 
бағытталатыны айтылады.  
Қара  өлеңдегі  сенім  мәселесі  де  осы  тұжырымды  қамтып,  өз  қалыптасу  процесінде 
адамды  ынтымаққа,  тура  жолға,  дұрыс  жүріс-тұрыс  пен  адами  мінез-құлық  ережесіне  жөн 
сілтейді  және  тыңдаушы  қауымды  ақ  та  адал  жүректен  бір  Аллаға  ризалық  білдіруді 
ұмытпай,  тәубеге  келуді  нұсқайды.  Онда  мейірманды  адам  ғана  мұсылман  бола  алады, 
санасыз  сиынғанда  қасиет  болмайды,  құдайдың  құдіреттілігін  танып,  шариғат  шарттарын 
сақтауға  ең  алдымен  біліктілік,  адалдық,  шын  жүректен  шыққан  сүйіспеншілік  керектігіне 
танымдық-бағдарлық  ой  береді.  Бұған  діннің  әлеуметтік  бірігу  құралы  ғана  емес,  оның 
әлемді  игерудің  ерекше  тәсілі  ретінде  орны  да  үлкен  рөл  ойнайды.  Дінде  адам  өзінің 
болмысы  мен  алғышартының  басты  адамгершілік  мәселелеріне  жоғарғы  болмыстық 
мағыналар мен құндылықтарға бет бұрған бағыттың да болуына үлес қосады. 
Қара  өлеңде  қандай  жағдай  басқа  түссе  де,  «бір  Алладан  үміт  үзбеуді»  баса  айтқан 
өлеңдік  жол  нұсқалары  жетерлік.  Халық  жастарды  діни  жолмен  тәрбиелеуде  де  адамдық 
қасиеттерден  аттамауды,  таза  да  шынайы  дін  жолымен  жүріп,  өз  сенімін  ештеңеге 
айырбастамауды  баса  айтып,  ғұламалардан,  пайғамбардан  үгіт-өнеге  көруге  шақырады. 
Осыдан  жалпы  көпшілікке  бағытталған  діни  тәрбие  мәселесі  келіп  шығады.  Ол  адамның 
шынайы  имандылықты  өмірге  бейімделуінің  әсерінен  туындайтын  әрекетін  бағалауы.  Діни 
тәрбиенің  өзі  ұрпақтар  арасындағы  сабақтастыққа  байланысты  қамтамасыз  етіледі.  Ол 
арқылы  жастар  сенім  шынайылығы  мәселесінде  жинақталған  тәрбиелер  мен  білімді  өз 
бойына меңгеріп, ұғынуы керек. Ал бұл жекелей алғанда, «1) Тілде: құдайдан қорқатын адам 
жалған  сөйлеуден,  өсек  айтудан  және  сандырақ  сөзден  тартынады;  2)Жанда:  өзінің 
мұсылман бауырларына жаулық ойламайды, ол өз жанынан өсек-аяңдық, қызғаншақтық т.б. 
сондай  сөздерді  аластайды;  4)  Қолда:  тыйым  салынған  нәрсеге  емес,  тек  құдай  қалаған 
нәрсеге  ғана  ұмтылады;  5)Аяқтарында:  бағынбаушылық,  көкіректік  жолымен  емес,  Аллаға 
табыну жолымен жүреді. Білім мен сауаттылыққа ие болу үшін ол ғалымдар мен қайырымды 
адамдардың  жиналыстарына  барады»  [5].  Бұл  діни  сенімді  адамның  рухани  іс-әрекетінің 

115 
 
оның  өн  бойында  қалай  орын  алып,  адами  қасиеттер  ретінде  дамитынын  көрсететін  ой-
тұжырым  бола  отырып,  фолклор  деңгейіндегі,  соның  ішіде  қара  өлең  үлгілерінде  де  орын 
алатын  адамның  сенімдік  дәстүр  шеңберінде  орындайтын  әрекеттерімен  орайластығын  да 
нақтылайды. 
Қазақ  қара  өлеңіндегі  дәстүрлі  нанымдар  мен  сенімдер  мәселесі  туралы  негізгі 
айтылар  ой  сараптамалары  көрінісі  осылайша  адам  бойынан  ізгіліктік  нормалар  үрдісінде 
рухани  түрде  дами  алатынын,  оның  адамды  діни  тәрбие  беру  арқылы  да  құндылықтық 
сипатта дамыта беретінін нақтылауға болады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
Әлімбаев М. Құмықтың қазақ жырлары//Ана тілі. 1992Базарбаев М. Өлең сөздің тапшасы, 
сөз сарасы. - Алматы: Жазушы, 1973. 
2.
 
Е.Рахметұлы. Өзіңді таны немесе рухани жорық//Жас қазақ. № 40(92). 13 қазан 2006 ж.  
3.
 
Қара  өлең  (толықтырылып  басылуы).  (Ел  аузынан  жазып  алып  құрастырған  О.Асқар).  - 
Алматы: Жалын, 1997.  
4.
 
Валиханов Ч. Собр. Соч. Т-І. - Алма-Ата: Наука. 1961. 
5.
 
Кенжалиев  З.  Көшпелі  қазақ  қоғамындағы  дәстүрлі  құқықтық  мәдениет.  -  Алматы:  Жеті 
жарғы, 1997 
 
 
УДК: 902.01 
Жунисханов А.С. 
АОО “Назарбаев Университет” 
 
НЕКОТОРЫЕ ВОПРОСЫ ПРОТОУРБАНИЗАЦИОННЫХ ПРОЦЕССОВ  
ГОРОДА СЕМЕЙ 
 
История города Семей корнями уходит вглубь. Семей расположен на месте одного из 
древних металлургических поселений бронзового века. О древности города свидетельствуют 
археологические  и  письменные  источники.  Однако,  в  исторических  литературах  история 
города  начинается  с  Доржикента  [1],  а  история  современного  города  Семей  описывается  с 
1718  года,  когда  была  заложена  основа  Семипалатинской  крепости,  ставшее  дальнейшим 
административно-политическим  центром  обширного  региона.  В  1782  году  Семей  получает 
статус  города  и  становится  центром  Семипалатинского  уезда.  Эти  события  были  началом 
нового  этапа  в  истории  развития  города.  И  так  возродилась  древняя  традиция  города  как 
центра культуры, торговли и ремесла.  
Поселения  эпохи  бронзы,  курганные  комплексы  бронзового  века  и  древних 
кочевников,  выявленные  на  территории  современного  города,  дает  нам  возможность 
предполагать  о  сложении  основных  компонентов  протогородской  культуры  здесь  уже  три-
четыре тысячи лет назад.  
Задача  данной  статьи  –  на  основе  доступных  нам  археологических  материалов 
показать  некоторые  моменты  урбанизации  города  Семей.  Мы  не  ставим  цели  решить  все 
спорные  вопросы  и  проблемы,  а  лишь  попытаемся  обобщить  имеющиеся  археологические 
данные и показать основные вехи урбанизационного процесса.  
Урбанизация  –  это  многогранный  процесс.  Его  изучают  историки,  географы, 
политологи  и  другие  представители  гуманитарной  науки.  Для  исторической  науки 
урбанизация прежде всего это – исторический процесс который дает возможность понять те 
социально-экономические,  культурно-демографические  процессы,  протекавшие  в  городе.  В 
связи с этим историкам крайне важно понять истоки урбанизации и этапы ее развития.  
За свою историю г. Семей прошел многоэтапный урбанизационный процесс. В рамках 
данной статьи мы будем лишь затрагивать вопросы урбанизационного процесса бронзового 
века.  Сегодня  для  полной  реконструкции  этапов  урбанизации  г.  Семей  перед  нами  стоит 

116 
 
вопрос  о  поисках  следов  оседло-городской  культуры  с  эпохи  древних  и  средневековых 
кочевников. 
Археологические  материалы  четко  показывают  начальный  этап  урбанизационного 
процесса города,который был связан с эпохой бронзы, длившийся со ІІ тыс. до н.э. до начала 
І  тыс.  до  н.э.  Условно  этот  период  можно  назвать  протоурбанизационным.  В  это  время  в 
междуречье  от  Иртыша  до  Урала  появляется  поселения,    которые  изменили представление 
об истоках урбанизации на территории Казахстана. 
По  мнению  К.  Байпакова  поселенияАркаим,  Кент,  Талдысай,  Токсанбай  и  другие    – 
это остатки протогородов среднего и позднего этапа бронзового века в диапазоне 1600-800 
лет  до  н.э.  Они  имели  развитую  фортификацию  в  виде  городских  стен  и  укрепленных 
въездов,  глубокие  рвы,  заполненные  водой;  организованную  планировку  внутреннего 
пространства,  разреженную  системой  улиц;  высокий  уровень  производственной 
деятельности,  основанной  на  базе  разработки  рудных  месторождений  и  металлургии 
полиметаллов;  скотоводство  разных  форм  и  земледелие  с  использованием  ирригации; 
международный обмен керамикой, металлом и украшениями [2, 373]. 
В целом бронзовый век в истории Евразийских степей, в частности Казахстана можно 
считать  временем  появления  первых  скотоводов,  зарождение  и  развитие  строительной 
техники и развитие металлургии меди и бронзы [3, 19].  
 Археологические  данные  показывают  нам  о  существовании  в  бронзовом  веке  на 
территории  современного  города  Семей  поселении  (протогородов)  металлургов.  В  данное 
время  можно  с  уверенностью  сказать  о  четырёх  поселениях.  Это  поселения- 
Семипалатинские дюны 1 и 2[4, 18-19], поселении в районе Старой крепости и РСУ? 
Первые сведения об археологических памятниках эпохи бронзы в окрестностях города 
Семей известны по материалам В.В. Радлова. В 1862 году он раскопал несколько курганов 
бронзового  века  и  в  одной  из  них  обнаружил  медный  нож.  Аналогичные  ножи  он  также 
находил в Барабинской и Кулундинских степях [5].  
 Исследуя древние памятники казахских степей, он сделал вывод, что казахские степи 
были  районами  разработки  месторождений  меди,  олова  и  золото  и  дает  заключение: 
«Многочисленность  чудских  копей,  большое  распространение  разработки  руд  и  обильное 
добывание  меди  дает  нам  право  заключить,  что  народ  этот  добывал  медь  не  только  для 
своего употребления, но добытым металлом производил обширную торговлю» [5].  
Огромную  роль  в  изучении  древности  Семея  играла  подотдел  Русского 
географического  общество  в  Семипалатинске.  В  сборе  материалов  о  древностях  активно 
участвовали Н.Я. Коншин, братья Белослюдовы, Ф.Н. Педщенко и др. краеведы.  
В  1901  г.  Н.  Коншин  составляет  большую  перечень  археологических  памятников 
Семипалатинского  уезда  и  упоминает  о  курганах  и  находке  биметаллического  ножа 
прикопании  колодца  [6].  В  другой  своей  статье  он  утверждает  на  основе  археологических 
материалов (ножи, топоры, наконечники стрел), что в прииртышье в далеком прошлом жили 
неизвестный народ чуды,которые оставили после себя курганы и городище[7].  
В  том  же  году  Ф.Н.  Педщенко  собрал  большую  коллекцию  вещей  в  окреснестиях  г. 
Семипалатинска,  в  том  числе  72  предмета  из  камня,  54  из  бронзы,  8  из  железы,  большое 
количество обломков глиняной посуды [8, 9].  
20 годы XX века положили начало сбору и накоплению археологических материалов. 
1925 году А.Н. Белослюдов передал музею антропологии и этнографииАкадемии наук СССР 
коллекцию собранных на семипалатинских дюнах: фрагменты глиняных сосудов, различные 
бронзовые и железные предметы отличной сохранности.  
1930 годах начинает свою работу Восточно-Казахстанская археологическая экспедиция 
под  руководством  С.С.  Черникова.  Хотя  археологический  маршрут  ученного  была  верхняя 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет