Редакциясын басқарған т.ғ. д, профессор М.Ғ. Ескендіров



Pdf көрінісі
бет8/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,64 Mb.
#6429
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25

 
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Нысанбаев А. Поиск научной истины // Казахстанская правда – 2001, 20 апрель; Нұрпейіс 
К. Бәрінен шындық қымбат// Қазақ батырлары 2000.-№4 
2. Коломийцев Ф.В. Методология истории.- М.:РОССПЭН, 2001.-191 с 
3.  Манаш  Қозыбай  тегі.  Ата  тарихы  туралы  сыр  (қазақ  халқының  тағдыры  туралы).  // 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Ғылым  академиясының  хабарлары.  Қоғамдық  ғылымдар 
сериясы 1 (187), қаңтар-ақпан 1993  
4.  Жұмабаев.  М  Шығармалары:  өлеңдер,  поэмалар,  қара  сөздер.  Алматы:  Жазушы,  1989.  – 
448 бет 
5. Манаш Қозыбаев. «Киелі Тәуелсіздік», құрастырған І.М.Қозыбаев.  Алматы, Баспалар үйі, 
2009. - 448 бет 
 
 
Мұхитов Қ. 
т.ғ.к., аға оқытушы 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВТЫҢ  
АТЫРАУДАҒЫ ШӘКІРТТЕРІ 
 
Профессор  Зұлхарнай  Алдамжаров  бір  сөзінде  «Манаш  Қабашұлы  Атырау 
тарихшыларына  көп  жәрдемдескен»  деген  болатын.  Үш  бірдей  тарихшының  ғылыми 

54 
 
жұмысына  жетекшілік  етіп,  тағы  да  екі  тарихшының  ғылыми  тақырыбының  бекітілуіне 
атсалысқан екен. Көптеген атырау тарихшылары Қозыбаев директор болып тұрған жылдары 
Шоқан  Уәлиханов  атындағы  Тарих  және  этнология  институтының  Ғылыми  Кеңесінде  өз 
диссертацияларын қорғады. 
Манаш  Қозыбаевтің  Атыраудағы  тұңғыш  шәкірті  болған-тарих  ғылымдарының 
кандидаты,  доцент  марқұм  Қабидолла  Досқалиев  еді.  Жетпісінші  жылдардың  басында 
Манаш Қабашұлы одақтық маңызы бар үлкен проблеманы көтерді. Бұл Қазақстанның Ұлы 
Отан  соғысы  жылдарындағы  ролін  қайтадан  анықтау  болатын.  Ұлы  Отан  соғысы 
жылдарында  КСРО-ның  батыс  аудандарында  жаумен  теке-тірескен  соғыс  болды.  Жаудың 
уақытша  жаулап  алған  жерлері  мен  майданға  тура  қатысы  бар  қалалардың  бәрі  «Майдан 
шебі болған жерлер» деген атақ алды. Ал майдан шебі өтпей бірақ соғысқа қажетті барлық 
қажетті  стратегиялық  маңызды  құрал-жабдықтармен  қамтамасыз  еткен  шығыс  аудандары 
«Майданды қамтамасыз еткен аудандар» деп аталды. Қазақстан жерінде майдан шебі өткен 
жоқ.  Жау  әскері  Еділ  өзенінен  әрі  аспады.  Осыған  орай  Қазақстанды  майданды 
жабдықтаушы  республика  қатарына  жатқызды.  Дегенмен,  Қазақстан  майданды  тек  қана 
қажетті құрал-жабдықтарменқамтамасыз етіп қойған жоқ. Неміс ұшақтары Батыс Қазақстан 
аймағына  жиі  ұшып  келіп,  стратегиялық  маңызы  бар  нысандарды  қайта-қайта  бомбалап 
тұрды.  Гурьев,  Орал  қалалары  Мемлекеттік  қорғаныс  комитетінің  пунктіне  айналды.  1944 
жылы  көктемде  неміс-фашист  десанттары  Атырау  облысына  түсірілі,    жергілікті  әскери 
жасақтардың күшімен жойылды. Манаш Қабашұлы тарихтың осы тұсын тыңғылықты түрде 
қайта зерттеу керек деп тапты. Сөйтіп, Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ролін 
қайта бағалауды қажет деп санады. Осы проблеманы зерттеуді өзінің аспиранты Қабидолла 
Досқалиевқа  жүктеп,  оған  кандидаттық  диссертациясының  тақырыбы  етіп  бекітіп  берді. 
Қабидолла  Досқалиев  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  Қазақстанның  майданды 
қамтамасыз  етудегі  ролін,  жаудың  қанша  ұшағы  келіп,  мұнай  өндіріп  тұрған  аудандарды 
бомбалағанын, Солтүстік Кавказды жаулап алған кезде Баку мұнайынКаспий теңізі арқылы 
Атырауға тасығанын, қанша мұнай өнімінің Орск мұнай айыру зауытына тасымалданғанын, 
қанша  әскери  жасақжасақталып  Атырау  қаласынан  майданға  аттанғанын  жаңадеректермен 
дәлелдеп  өз  диссертациясын  ойдағыдай  қорғап  шықты.  Кейін  осы  проблеманы  одан  сайын 
кеңейту  мақсатында  Қабидолла  Досқалиев  «Қазақстан  Сталинград  майданына»  атты 
монографиясын  жәриялады.  Сөйтіп,өз  еңбегінде  көптеген  жаңа  құжаттарды  ғылыми 
айналысқа енгізді.  
...Сексенінші  жылы  Гүлжамал  Каленованың  кандидаттық  диссертациясы  бекітілді. 
Ғылыми жұмысқа негіз болған қазіргі Атырау мұнай айыру зауытының тарихы еді. Ғылыми 
ортада  бір  зауыттың  тарихы  кандидаттық  диссертацияға  тақырып  бола  алмайды  дегенде 
пікірлер бар болатын. Максим Горький сонау отызыншы жылдары кең көлемде қалыптасып 
келе жатырған кеңес жұмысшыларының тарихын зеттеуді ұсынған кезде зауыт-фабриканың 
тарихын қоса зерттеуді де бірге ұсынғанын тілге тиек ете отырып, оның үстіне бұл зауыттың 
Ұлы Отан соғысының ең қаһарлы 1942-1943 жылдары салынуды қолға алынғанын, ол үшін 
Мемлекеттік  қорғаныс  комитетінің  арнайы  қаулысы  шыққанын  негізге  алып  тақырыпты 
бекітіп  шығады.  Жұмыс  Шоқан  Уәлиханов  атындағы  Тарих  және  этнология институтының 
«Өнеркәсіппен  Қазақстан  жұмысшыларының  тарихы»  бөлімінде  жазылады.  Ғылыми 
жетекшісі  болып  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  Нәби  Дауылбаев  бекітіледі. 
Ресми  оппоненті  бола  отырып  жұмыстың  орындалуына  көп  үлес  қосқан  Манаш  Қозыбаев 
екен. 
...1997  жылы  Х.  Досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік  университетінің 
ректоры  болған  профессор,  тарих  ғылымдарының  докторы  Хисмет  Табылдиев  Шоқан 
Уәлиханов  атындағы  Тарих  және  этнология  институтының  Ғылыми  Кеңесінде  өзінің 
докторлық  диссертациясын  қорғады.  Хисмет  ағамызға  да  зерттеу  үшін  «Қазақстандағы 
сауатсыздықты жою: тарихи тәжірибе және тағлым» деген тақырыпты Мәкеңнің өзі ұсынған 
екен.Хисекең де Манаш Қабашұлын өзінің ғылымдағы ұстаздарының бірі санайды. 

55 
 
...Егеменді  еліміздің  тарихын  тәуелсіз  ұлттық  мүддеде  қайтадан  жазу  және  оны 
халқымыздың  санасына  сіңіру  ісі  осы  Манаш  Қозыбаевтың  еншісіне  тиген  екен. 
Тоқсаныншы жылдары Манаш Қозыбаев Қазақстанда шаруаларды ұжымдастыру шаралары 
күшпен,  зорлықпен  жүргенін  айтыпосы  жылдары  қазақ  халқының  42  пайызы  қырылып 
қалғанын  дәлелдеді.  Осы  тақырыпта  Жұлдыз  Әбілғожин  мен  Мақаш  Тәтімов  сияқты 
ғалымдармен  бірге  ”Ашаршылық  ақиқаты”  деген  ұжымдық  мақаласын  жәриялады. 
Қазақстанның  әрбір  аймағында  сол  жылдары  ұжымдастыру  шаралары  қалай  жүргізілгені 
туралы  кеңінен  зерттеу  жұмыстары  басталып  кетті.  Осы  жылдары  атырау  тарихшысы 
Киікбай  Жаулин  академик  Манаш  Қозыбаевтың  жетекшілігімен  «Батыс  Қазақстандағы 
шаруа  қожалықтарын  ұжымдастыру  және  1932-33  жылдардағы  ашаршылық»  деген 
тақырыпта  өзінің  кандидаттық  диссертациясын  қорғады.  Бүгін  Атырау  Инженерлік 
гуманитарлық  институтының  проректоры,  саяси  ғылымдарының  докторы  Киікбай  Жаулин 
өзін Манаш Қозыбаевтің шәкіртімін деп санайды. 
...Өз  басым  академик  Манаш  Қозыбаевпен  1987  жылы  таныстым.  Қарашаның  он 
алтысы күні таңертеңгі сағат тоғыздар шамасында Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және 
этнология  институтына  келдім.  Мақсатым  -  осы  институтқа  ізденуші  болып  тіркелу  еді. 
Қолымда өзіміздің пединституттың (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік 
университетінің) сол кездегі ғылыми істер жөніндегі проректоры Зұлхарнай Алдамжаровтың 
берген  жолдамасы  бар.  Тарих  институтының  директоры  Рамазан  Сүлейменов  жолдамамды 
алып «Тарихнама бөліміне!» деп бір бұрышына жазып берді. Қабылдау бөлмесінен шыққан 
соң тарихнама бөліміне қалай баруға болатынын біліп алдым да, коридордың бойымен әрбір 
есікке  бір  қарап  келе  жатырмын.  Бір  кезде  көзім  «Ұлы  Отан  соғысының  тарихы  және 
Қазақстанның тарихнамасы» деген жазуға түсті. Есікті ашып қарасам, іште бір жас қыз отыр. 
Осы  бөлімнің  лаборанты  екен.  Амандасып  болған  соң,  қолымдағы  қағазды  сол  қызға 
көрсеттім. Оқып шықты да:  «Манаш Қабашұлы ертең келеді, сіз де ертең таңертең келіңіз» 
деді. Мен сол кезде ғана осы бөлімнің меңгерушісі Манаш Қозыбаев екенін білдім. Шыққан 
соң  «Манаш  Қозыбаев»-деген  кім  екенін  есіме  түсіре  бастадым.  Студент  кезімде  есімде 
қалғаны  «Казахстан  –  арсенал  фронта»деген  еңбегі  бар  екенін  білетінмін.  Сонымен  қоса 
«Қазақ  Совет  Энциклопедиясының»  Бас  редакторы  болғаны  да  есіме  түсті.  Себебі  осы 
энциклопедияның 13 томы біздің үйде болатын.  
Ертесіне ертелей Тарих институтына жеттім. Кешегі  лаборант  қызбен амандастымда 
Мәкеңнің  әлі  келе  қоймағанын  көрген  соң  коридорда  тосуды  жөн  көрдім.  Осы  ғалым-ау 
деген  адамдардың  бәріне  бірдей  басымды  иіп  амандасып  тұрмын.  Біраз  тұрған  соң 
құлақшынын  түсіре  киген,  қолында  папкесі  бар,  орта  бойлы  бір  адам  сырт  жақтан  келіп 
бөлімге кіріп кетті. Мен ол кісіге аса мән бере қойған жоқпын. Сыртқы көрінісі қарапайым 
көрінген  бұл  кісінің  Манаш  Қозыбаев  екенін  қайдан  білейін.  Сол  жерде  өткен-кеткен 
адамдармен  амандасып  тұра  бердім.  Бір  кезде  бөлімнен  шыққан  лаборант:  «Манаш 
Қабашұлы  келді  ғой,  жолықпайсың  ба?»-деді.  Мен  іле-шала  бөлімге  кірдім.  Ағай  төрдегі 
өзінің  орнына  жайғасқан  екен.  Үстел  үстінде  жиналып  қалған  қағаздарын  оқып  отыр.  Мен 
алдымен амандастым да сосын қолымдағы жолдамамды ұсындым. Ғалым берген хаттымды 
оқып  шықты  да  сәлден  соң  басын  көтеріп,  «Менің  Гурьевте  Қабидолла  Досқалиев  деген 
шәкіртім болған. Екеуміз жақсы дос болып едік. Мен оны Қаби деуші едім. Сен де Гурьевтен 
екенсің.  Атың  да  Қаби  екен.  Мен  сені  өз  бөліміме  алайын.  Біраздан  соң  жақсы  тақырып 
тауып береміз. Кейін аспирантураға да қабылдаймыз» деп өз шешімін айтты.  
Кешке Атырауға телефон соғып үйдегі әкеме барлық көрген-білгенімді айтып бердім. 
Менің Ұлы ұстаздың шәкірті болғаныма марқұм әкем балаша қуанды. Содан бастап Манаш 
ағайдың аты біздің жанұяға жақын таныс адамдай болып кетті. Осы жерде айта кететін тағы 
бір жәйт, 1989 жылы желтоқсан айында Ғылым Академиясының Батыс Қазақстан филиалы 
Атырауда  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференция  өткізген  болатын.  Сол 
конференцияға  Манаш  Қабашұлыда  қатысты.  Әкем  марқұм  ұстазымды  үйге  қонаққа 
шақырғысы  келіп  дастархан  жайып  екі-үш  күн  күтті.  Бірақ  Мәкеңнің  қолы  тимеді.  Ертең 
кетеді  деген  күні  кешке  қарай  қонақ  үйдегі  бөлмесінде  отырып  маған  өзіме  соқтыртып 

56 
 
әкеммен  телефонмен  сөйлесті.  Екеуі  біраз  әңгімелесті.  Соңында  Мәкең  бара  алмайтынын 
айтып кешірім сұрап, әкем екеуі біріне-бірі жылы тілектер айтысты. Осы келген сапарында 
мені  ертіп  марқұм  Қабидолла  Досқалиевтың  үйіне  кіріп  дұға  оқыды.  «Қабекеңнің  жинаған 
құжаттары қалса, Қабибекке беріңдер. Соғыс жылдарындағы мұнайшылардың тарихын енді 
осы жігіт зерттейтін болады» деп Күнсұлу апаға тапсырып кетті. Кейін жеңгемізден марқұм 
Қабидолла ағайдың жинап кеткен көптеген құжаттарын алдым. Айтқандай-ақ, келесі  жылы 
аспирантура  түстім.  Зерттейтін  ғылыми  тақырыбым  етіп  марқұм  Қабидолла  Досқалиевтың 
бір кезде айналысқан  Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан мұнай шаруашылығының 
тарихын бекітіп берді және өзі менің ғылыми жетекшім болды.  
Тоқсаныншы жылдардың басында кеңестік кезеңге қатысы бар бірқатар тақырыптар 
қорғалмай  қалды.  Солардың  арасында  менің  де  жұмысым  бар  еді.  Жұмысымның  көптеген 
жерлерін  жаңа  заман  талабымен  қайтадан  жазуыма  тура  келді.  Осылайша,  аспирантураны 
бітіретін  уақытта  диссертациям  дайын  болмады.  Сөйтіп,  оқуым  біткен  соң  Атырау 
университетіне қайтып оралдым. Арада бес жылдай уақыт өтті. Мен басқа қызметке ауысып 
Алматыға  көшіп  келгенмін.  Манаш  Қабашұлына  қайтып  баруға  ұятым  жібермеді.  Сөйтіп 
жүргенде  бірде  кездейсоқ  жерден  академиялық  ғылыми  кітапхананың  алдында  Манаш 
ағайды  кездестіріп  қалдым.  Амандасып  болғасын  аузыма  дұрыс  сөз  түспей,  сасқаннан: 
«Сіздің  қорғамаған  жалғыз  аспирантыңыз  болдым»  деппін.  Мәкең  біраз  күліп  алды.  Сол 
бұрынғы  қалпы,  жылы  қабылдап  тұр.  Жөн  сұрасып  болған  соң:  «Жүр,  мені  үйге  дейін 
шығарып  сал!»  деп  жолды  меңзеді.  Ұстазыммен  қайтадан  табысқандай  болдым.  Көп 
кешікпей  сол  бұрынғы  Тарих  және  этнология  институтына  кіші  ғылыми  қызметкер  болып 
қызметке  орналастым.  Бұрынғы  ғылыми  жұмысымды  қайтадан  қолыма  алып,  сол  Манаш 
Қабашұлының  жетекшілігімен  қорғадым-ау,  ақыры.  Сөйтіп  менің  ғылымдағы  әкеме 
айналды. 
2001  жылы  Атырауға  жұмысқа  келдім.  Сол  жылы  Атырау  мемлекеттік 
университетінің  50  жылдық  мерейтойы  өтті.  Мерейтой  ғылыми  конференцияға  ұласты. 
Конференцияға  шақыртылған  меймандардың  Манаш  Қабашұлыда  бар  еді.  Осы  келген 
сапарында  бастан  аяқ  ұстазымның  қасында  болдым.  Сол  кезде  болашақта  зерттейтін 
докторлық  тақырыбым  туралы  сөз  болды.  Екі-үш  тақырыпқа  тоқтадық.  Келесі  жазда 
Алматыға  келген  кезде  осы  тақырыптың  біреуін  бекітетін  болып  келістік.  Сөйтсем, 
ұстазымды соңғы рет көрген екенмін. Арада екі-үш ай өткен соң Манаш Қабашұлы кенеттен 
қайтыс болды.  
Манаш  Қабашұлының  бергеннен  берері  мол  еді.  Әсіресе  өзінің  өлке  тарихы  әлі 
зерттелмей жатырған Атырау үшін Қозыбаев жетекшілік еткен жас тарихышылар әліде көп 
керек болатын.Бұл жас тарихшылар болашақта тарихтың тағы да жаңа беттерін ашары сөзсіз 
еді. 
 
 
Мукатаева Л.К. 
к.и.н., профессор, Казахский гуманитарно-юридический университет  
 
2016 ГОД. ПРОШЛИ ГОДЫ, НО ПАМЯТЬ ЖИВА 
 
Подходит  юбилей  человека,  жизнь  и научное  наследие  которого  охватить  и  описать 
просто  невозможно.  Не  умаляя  воспоминаний  о  нем  коллег,  соратников,  близких  друзей  и 
родных,  которые  писали  о  нем  с  любовью  и  уважением,  смею  утверждать,  что  не  все  его 
мысли еще высказаны на бумаге, не до конца осмыслены, тем более претворены. 
Простят  меня  близкие  Манаша  Кабашевича,  но  к  юбилейной  дате  я  намеренно 
оставляю свои воспоминания о своем Учителе, написанные почти полтора десятка лет назад, 
и  дополняю  новыми  мыслями.  Его  уход  из  жизни  был  таким  неожиданным,  что  на  волне 
невосполнимой  утраты  воспоминания,  наверное,  многих,  если  не  всех  авторов  были 
написаны  так,  словно  перо  не  успевало  за  мыслями.  Это  были  целые  исследования  о  его 

57 
 
научном  творчестве  коллег,  которые  только  за  день  до  тяжелого  дня  общались,  спорили  с 
ним  или  соглашались.  Это  были  грустные  стихи  незабываемого  Какимбека  Салыкова, 
написанное в тот же день с болью в сердце стихотворение Надежды Васильевны Неретиной, 
трогательные слова внуков. 
Особенно  врезалось  в  память  как  мы  все  стоим,  скорбим  и  говорим  о  Манаше 
Кабашевиче  на  лестничном  пролете  во  время  прощания,  народу  было  много  в  Академии 
наук. Подошел Салык Зиманович и сказал: «А ведь мы все еще не поняли до конца потерю, 
запомните  –  только  со  временем  будет  осознан  феномен  Козыбаева».  Слезы  застыли  на 
наших  глазах,  еще  не проводили  в последний  путь,  идут  хлопоты,  а  академик  С.З.Зиманов 
прозорливо видел далеко. Феномен Козыбаева…  
 Читая  курс  «Истории  Казахстана»,  фактически  ни  одна  тема  не  проходит  без 
упоминания имени академика М.К.Козыбаева. Порой  студенты сами приводят  те или иные 
его высказывания, но фраза, услышанная мной на лекции: «А вот у Козыбаева  должны же 
быть  сведения  про  военнопленных  из  Казахстана,  ведь  Великая  Отечественная  война  его 
тема.  Где  можно  найти?»  ошеломила  меня.  Откуда  им,  современным,  родившимся  в 
условиях независимости, знать, как доставались такие сведения. Им только нужен ответ, где 
можно посмотреть. Все, кто работал в архивах советскоговремени, знают: как по крупицам 
собираются  нужные  материалы,  просеянные  строгим  оком,  порой  зачеркнутые  густо 
чернилами, чтобы не применялись в публикациях. И даже если информация прошла цензуру, 
впоследствии  при  использовании  ее  получить  отзыв  на  диссертацию  будет  трудно  или  ее 
выход  к  защите  может  быть  закрыт.  Поэтому  как  вовремя  переиздан  замечательный  труд 
академика «Казахстан – арсенал фронта», как он востребован теперь. Манаш Кабашевич был 
тверд  в  достижении  своей  цели  –  показать  правду  о  вкладе  Казахстана  в  дело  победы  в 
Великой  Отечественной  войне.  Поэтому  и  востребованы  его  труды.  Как  был  бы  он  рад, 
узнав, что современные студенты ищут его публикации. 
Вторая  книга  «История  и  современность»,  куда  вошли  исследования  сразу  после 
знакового 1985 года, вышлав свет еще в 1991 году, но мысли, развитые в ней, актуальны и по 
сей  день,  к  этим  материалам  обращаются  дипломники,  магистранты,  преподаватели.В  них 
уже  прослеживались  иные,  современные  подходы  на  известные  события  и  факты.  А  круг 
проблем,  занимавших  тогда  М.К.Козыбаева,  был  настолько  широк,  что  поражаешься,  как 
человек  успевал.  Фактически  мысли  прорывались  наружу,  ведь  эти  проблемы  волновали 
думающих историков давно. 
Я  думаю,  историки  благодарны  коллективу  Института  истории  и  этнологии  имени 
Ч.Ч.Валиханова за то, что монографии, ставшие раритетом, увидели снова свет. 
Каждая  книга,  статья,  написанная  академиком  М.К.Козыбаевым,  является 
классическим  трудом.  То,  что  беспокоило  его  на  заре  независимости,  претворено,  его 
предвидения в годы становления молодого государства,  сбылись.  
Я  не  ставила  целью  раскрыть  феномен  Козыбаева,  это  большая  задача,    может  мы 
еще, действительно, не до конца его осознали. 
 Преклоняюсь  перед  талантом  ученого,  наставника.  Перед  памятью  прекрасного 
человека. 
 
 
Ромашева Ж. Ж. 
магистр социальных наук, 
Костанайский государственный университет им А. Байтурсынова 
 
ПСИХОЛОГИЧЕСКИЙ АНАЛИЗ ЛИЧНОСТИ И ДЕЯТЕЛЬНОСТИ МАНАША 
КОЗЫБАЕВА 
 
Выдающаяся  историческая  личность,  которая  внесла  большой  вклад  в  развитие 
отечественной науки – это Манаш Кабашевич Козыбаев. Он оставил свой значимый след в 

58 
 
истории страны и трудился во благо всего казахстанского народа. Прежде, чем приступить к 
рассмотрению личности Манаша Козыбаева, хотелось бы вспомнить утверждение великого 
психолога  А.  Н.  Леонтьева,  что  личность  формируется  в  деятельности.  В  процессе 
деятельности  происходит  всестороннее  и  целостное  развитие  личности  человека, 
формируется  его  отношение  к  окружающему  миру.  А  как  мы  знаем,  что  Манаш  Козыбаев 
занимался  не  только  педагогической  деятельностью,  но  и  был  общественным  и 
политическим  деятелем,  создателем  собственной  исторической  школы,  автором  множества 
научных трудов, что говорит о многогранности и разносторонности его личности. 
На становление Манаш Козыбаева как ученого, изучавшего отечественную историю и 
основателя  собственной  исторической  школы,  в  первую  очередь  повлияло  воспитание  в 
семье. Семья Козыбаевых придерживалась национальных традиций и обычаев. Отец, Кабаш 
Козыбаев,  деятельный  и  неутомимый  человек,  с  активной  гражданской  позицией,  был 
председателем колхоза. О нем до сих пор ходят легенды. В период Великой Отечественной 
войны, чтобы помочь защитникам Сталинграда, он продает все свое имущество и покупает 
звено  военных  самолетов.Родители  воспитывали  детей  в  строгости  и  уважении  к  труду  и 
своей земле. Как вспоминает Сагымбай Кабашевич, младший брат Манаша: «Отец относился 
к  маме  демократично,  проявляя  чудеса  дипломатии,  он  был  честолюбив  и  великодушен 
одновременно. Все, что я видел, было хорошим примером для подражания. Отец умел быть 
добрым,  но  жестким»  [1,  c.  284-285].  Как  мы  видим,  М.  Козыбаеву  уже  с  детства  были 
заложены чувства патриотизма и единства. 
В психолого-педагогической литературе понятием "патриотизм" определяется любовь 
к  своему  народу  и  его  традициям,  к  родной  природе,  родному  краю,  языка,  культуры  и 
обычаев своего народа. Он проявляется в гордости за успехи своего народа в области науки, 
техники, производства, в культуре, уважении к атрибутам своего государства, его законов [2, 
c. 532].  
Понятие  патриотизма  достаточно  объемное  и  не  сводится  к  одному  лишьчувство 
долга перед Отечеством. Патриотизм - одна из составляющих нравственного и культурного 
воспитания,  входящей  в  процесс  формирования  ощущений,  взглядов,  убеждений 
мировоззрения.  
На основе теоретического анализа жизни и деятельности Манаша Козыбаева, можно 
сделать  вывод,  что  именно    патриотизм  определил  основные  качества  личности  Манаша 
Кабашевича  такие,  как  чувства  долга  и  ответственности  перед  народом  и  государством, 
нетерпимость  ко  всему  отрицательному,  непримиримость  к  несправедливости.  Данные 
качества мобилизовали его на труд и подвиг во имя народа, могущество своего государства и 
на сохранение народного достояния.  
Начав свой научно-профессиональный рост с изучения вклада Казахстана в победу во 
Второй  мировой  войне,  Манаш  Козыбаев,  постоянно  расширял  круг  своих  интересов  и  со 
временем  создал  целостную  картину  истоков  казахского  народа,  его  этнической 
неповторимости  и  нелегкой  судьбы  в  XX  столетии.  В  ходе  перестройки  в  СССР,  а  затем 
после обретения Казахстаном независимости ученые республики сделали много полезного. И 
здесь  академик  Манаш  Козыбаев,  а  точнее  его  труды,  выделяются  особенно  ярко.  Так 
академиком  Козыбаевым  были  исследованы  и  раскрыты  трагические  страницы 
коллективизации в Казахстане. 
Манаш  Кабашевич  начинал  свою  преподавательскую  деятельность  в  Костанайском 
педагогическом  институте.  Уже  тогда,  в  далекие  пятидесятые  прошлого  столетия,  он 
выделялся  как  мастер  своего  дела,  с  интересом  и  особой  увлеченностью  читал  лекции. 
Многие  слушатели  лектора  Козыбаева  отмечают  высокую  концентрацию  информации, 
обладание  ясной  и  убедительной  речью,  авторский  подход  в  его  выступлениях. 
Масштабность  мышления,  высокая  интеллигентность,  непосредственность  в  общении  и 
подчеркнутая  личная  обаятельность  –  черты,  отмечаемые  коллегами  и  учениками  Манаша 
Козыбаева,  черты  лидера  [3,  c.  5].  Но  он  был  лидером,  стремящегося  не  подавлять,  а, 
наоборот,  приблизить к  своему  уровню,  вовлечь  в  решение  общих задач,  заразить  научной 

59 
 
идеей  и  добиться  её  воплощения  в  жизнь.  Если  кому  из  его  слушателей  необходима  была 
помощь  в  разъяснении  вопросов  по  истории,  у  него  всегда  находилось  время.  Главным  в 
науке  он  считал  постоянство,  передавал  свой  опыт  ненавязчиво,  без  лишних  назиданий, 
через  ежедневный  труд,  вселяя  в  человека  надежду,  веру  в  свои  силы  и  возможности. 
Наверное,  поэтому  большинство  его  учеников  оставались  с  ним  на  всю  жизнь  и  считали 
большим  счастьем  быть  учеником  Манаша  Кабашевича.  Им  подготовлены  лучшие  силы 
современной исторической науки Казахстана. 
Его  ученики  и  коллеги  отмечают,  что  современный  взгляд  и  казахская  традиция 
сочетались  в  нем  с  удивительной  гармоничностью,  что  ценил  он  тех,  кто  посвятил  жизнь 
служению  своему  народу  [3,  c.  5].  Уважал  и  пропагандировал  наследие  старших,  дорожил 
талантливой и активной молодежью. Переживал «старение» науки, потому что молодежь, не 
считая  её  престижной,  «уходит  в  коммерцию».  Говорил:  «Зачем  мы,  если  у  нас  не  будет 
учеников,  кому  передадим  свои  знания?».  Не  уставал  доказывать  необходимость  более 
углубленного  изучения  отечественной  истории  в  вузах,  часто  повторяя  известную  фразу: 
«Человек, не знающий своего прошлого, не имеет будущего». 
Давно подмечено, что дети безошибочно определяют сущность человека и подмечают 
фальшь. Все дети без исключения любили Манаша Кабашевича, и он отвечал им искренними 
чувствами. Для многих детей - и своих внуков, и детей бесчисленных знакомых - он остался 
в памяти как близкий человек, блестяще и от души оказывающий нестандартную помощь в 
выполнении  домашних  заданий,  приучающий  находить  нечто  особенное  в  изучении 
школьных курсов. 
Главным  стержнем  характера  Манаша  Кабашевича  представляется  воля  и 
целеустремленность.  Данные  качества  мы  прослеживаем  на  протяжении  всей  жизни  и 
деятельности  Манаша  Козыбаева.  Он  с  аргументированной  убежденностью  и 
настойчивостью отстаивал в Верховном Совете на заре независимости нашей страны каждую 
строку  в  законе  о  науке,  боролся  за  высокий  статус  и  престиж  академической  науки 
казахстанских  ученых,  с  воодушевлением  и  страстью  поддерживал  все,  что  касалось 
укрепления суверенитета нашего государства.  
Организаторский  талант,  многолетний  опыт,  глубина  знаний,  удивительное  умение 
верно  оценить  перспективу,  прогнозировать  и  добиваться  ожидаемого  результата, 
полномерно  реализуя  поставленные  задачи,  —именно  таковы  его  наиболее  яркие  личные 
черты.  Данные  качества  в  нем  всегда  выделяли  его  друзья  и  соратники  [4,  c.  232].  Около 
полутора десятка лет Манаш Козыбаев возглавлял научную организацию, которая во многом 
благодаря его  усилиям выдвинулась, быть может, в  число наиболее важных.  Стремительно 
меняющаяся  реальность,  безусловно,  потребовала  от  гуманитариев  новых  идей, 
объективного, отвечающего современным взглядам на исторические и социальные процессы, 
принципиального  обновления  всей  методологии  научных  исследований  и  расширения  их 
источниковой  базы.  Сам  академик  внес  в  изучение  исторического  и  культурного  наследия 
народа Казахстана и этносов Евразии исключительный вклад, кардинально обогатив спектр 
собственных  научных  интересов  и  трудов  всего  исторического  общества  Казахстана,  что 
повлияло и на некоторые взгляды по историческим процессам зарубежных историков. Среди 
множества  работ  академика  выделяется  двухтомник  «Казахстан  на  рубеже  веков», 
вобравший в себя все идеи признанного историка. 
Таким  образом,  многосторонность  научных  интересов  Манаша  Кабашевича 
Козыбаева, его личностные особенности, такие, как чувство долга и ответственности перед 
народом 
и 
государством, 
организаторские 
способности, 
лидерские 
качества, 
целеустремленность  и  воля,  позволили  ему  внести  неоценимый  вклад  в  развитие 
исторической  науки  Казахстана,  создать  собственную  историческую  школу  и  подготовить 
новую плеяду талантливых ученых: около сотни докторов и кандидатов наук (13 докторов и 
85  кандидатов  наук).  Они  сегодня  являются  ведущими  казахстанскими  историками, 
государственными  и  общественными  деятелями.  Среди  его  учеников  есть  видные  ученые 

60 
 
Китая, Монголии, Узбекистана, России, ректора университетов, профессора ВУЗов, деканы и 
заведующие кафедрами ВУЗов, ответственные работники аппарата Президента. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет