Редакциясын басқарған т.ғ. д, профессор М.Ғ. Ескендіров



Pdf көрінісі
бет10/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,64 Mb.
#6429
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25

 

67 
 
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Манаш Қозыбаев Жұлдызым менің // А.: Арыс, 2001. – 114 б.  
2.М.Қозыбаев «Өркениет тағылымдары» «Егемен Қазақстан» газеті, 1999 ж. 
3. Манаш Қозыбаев Жұлдызым менің. –А.: Арыс, 2001. – 54 б.  
4.  Н.  Мұқаметқанұлы.  Текті  кісі,  ғұлама  ғалым.  Академик  МанашҚозыбаев  //  Мерейтой-
лықжинақ – А.: Атамұра, 2001. – 112 б.  
5. М.Қ.Қойгелдиев, М.Қ.Қозыбаев және ұлттық тарихтың қайта жаңғыруы // Отан тарихы, 2002 
ж. 24 шілде  
6. М.Қозыбаев Ақтандақтар ақиқаты. А., 1992ж. 161б. 
 
 
2 СЕКЦИЯ 
 
АКАДЕМИК МАНАШ КОЗЫБАЕВ ЖӘНЕ АЙМАҚ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
АКАДЕМИК МАНАШ КОЗЫБАЕВ И ВОПРОСЫ РЕГИОНАЛЬНОЙ ИСТОРИИ 
 
 
Ахмет Тоқтабай 
т.ғ.д., профессор, ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 
 
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ҰЛЫ ӘКЕСІ ӨСКЕНБАЙ МЕН ӘЖЕСІ ЗЕРЕНІҢ 
ҚЫТАЙДАҒЫ ҰРПАҚТАРЫ ЖАЙЫНДА 
 
Бала кезімде әке – шешем малда, жаздың басында ел жайлауға көшіп бара жатқанда, 
күзде ел жайлаудан түскенде Сайхан тауының солтүстігіндегі Қарой ауылында отыратынбыз 
сонда есімде қалғаны ауылдың шығыс бетінде Өтеудің бейіті деп аталатын  шикі кірпіштен 
қаланған  үлкен  дөңгелек  көне  зират  тұратын.  Шіліңгір  ыстықта  атты  қамтарып  қойып, 
көлеңкесінде  дем  алатынбыз.  Мидай  жазық  даланың  ортасында  мен  мұңдалап  көрінетін 
үлкен мазар жолаушылар, малшылар, шопырлар үшін бейне бір маяк сияқты болатын. «Өтеу 
бейітінің ар жағында»,  «бер жағында»,  «батысында  - шығысында», деген секілді сөздер әлі 
күнге дейін құлағыма сіңісті болып қалған еді. 
2012 жылы августың басында Қытай Ғылым Академиясы ұйымдастырған «Дала жібек 
жолы  және  Алтай  аймағындағы  халқаралық  экономикалық  байланыстар»  атты  халқаралық 
конференцияға  қатыстым.  Конференцияның  мәдени  бағдарламасы  бойынша  Алтайдың 
көрікті  жерлерін,  мәдени  орындарын,  тарихи    ескерткіштерін  араладық.  Алтай  қаласының 
қазақ мұражайымен танысып жүргенде экскурсовод қыз « Бізде Абайдың әкесі Құнанбайдың 
ері мен шапаны бар деп айтып қалды. Мен елең етіп көрсетуін өтіндім». Ердің ағаш қаңқасы 
ғана  сақталған  екен,  көненің  көзі  екені  көрініп  тұр.  Оған  қарағанда  шапанның  сақталуы 
жақсы.  Жасыл  түсі  көнетозданғанымен  сырлаяқтың  сыры  кетсе  де,  сыны  кетпес  дегендей 
кезінде бағалы киім екені бірден байқалады. Құнанбайдыкі екеніне қандай дәлелдеріңіз бар 
дегенімде нақты мен мәнжайын білмеймін, мұражайдың басшысы біледі, ол кісінің қолында 
бұл заттардың мәліметтері бар деп жауап берді экскурсовод. Құнанбайдың Алтайға барғаны 
белгілі  факт,  бұл  оқиға  туралы  Шыңжаңдағы  қазақ  тарихшысы  Асқар  Татанай,  жазушылар 
Оқап  Қыдырқан,  Бейбіт  Сапаралы  жазған  және  ел  аузында  тараған  ауызекі  әңігімелерден 
белгілі.  Сондықтан  Құнекеңнің  Алтай  сапарынан  қалған  шығар  деп  ойладым.  Уақыттың 
аздығынан  ешқандай  тексере  алмадым.  Осы  оқиғадан  соң  арғы  беттегі  таныстарға, 
әріптестерге  Алтайдағы  мұражайға  телефон  шалып,  хат  жазып  іздестірген  болып  едім, 
мардымды еш нәрсе өндіре алмадым. Ақыры осы жылдың ақпан айында жолым түсіп Алтай 
қаласына барып біраз нәрсенің басын ашып қайттым.  

68 
 
Бәрі  бір  хаттан  шықты  деп  әңгімесін  бастады  Құнанбай  жайында  зерттеп  жүрген 
Алтай  қаласының  тұрғыны  Мұрат  ӘБілқасымұлы:  «Мұра»  журналының  2013  жылғы  №  1 
санының 5 – бетінде жарияланған Семейдегі Шәкәрім атындағы Университеттің профессоры 
Мұхтарбек Кәрімовтың жазған бір – екі сөзіне көзім түсті. Хатта: «Аса құрметті Мұхтарбек 
Қарпықұлы  Кәрімов  мырзаға:  өздерің  берген  шабыттан  ой  түсіп,  «Шинжиаң  газетіне» 
«Шынжаңда  Абай  ұрпағы  бар  ма»  деген  мақала  жаздым,  жариялап  жатса  –  ел  құлағы  елу 
хабар келіп қалуы да ғажап емес, талай бауырларым іздестіріп жатыр тек хабар келіп жатса 
тағы  да  айтармын.  Сұлтан  Жанболатов»  делінген.  Сұлтан  Жанболатов  ағаның  осы  сөзінен 
мен де шабыт  алып, қарап жатпайын деп өзім танитын адамдармен хабардар болып, Алтай 
қаласы  көлемінде  Абай  ұрпағы  бар  ма  деген  сұрау  салдым  және  арнайы  іздедім.  Жолым 
болып Алтай қаласының Шірікши ауылындағы бір тойда аға сұлтан Құнанбайдың жиеншары 
Өмірбек  Баймұқамбетұлымен  жолығып,  бетпе-бет  сөйлесіп,  аға  сұлтан  Құнанбайдың 
қарындасы Айбала, ал Айбаладан туған кейінгі ұрпақтары жөнінде нақты мәлімет алдым. 
Құнанбайдың әкесі Өскенбай би мен Өтеудің құдалығы туралы Өтеудің Намаз деген 
ұлынан  туатын  Әубәкір  Халитұлы  (1903  жылы  Қазақстанның  Зайсан  өңірінде  туып,  1987 
жылы  Алтайдың  Шірікши  ауылында  қайтыс  болған)  былай  деп  кейінгі  ұрпақтарына 
аманаттап  айтып  кеткен  екен.  Осыдан  шамамен  180  жылдың  алды-артында  Жантекейден 
тараған  Сүйінбай  одан  Есіргеп  одан  тараған  Өтеу  әулиеттері  кезінде  аға  сұлтан  Құнанбай 
тіпті  оның  арғы  атасы  Өскенбай  би  мекен  еткен  қазіргі  Қазақстанның  Семей,  Шыңғыстау, 
Жидебайлардың  маңында  көшіп-қонып  жүріп,  аға  сұлтан  Құнанбайдың  әкесі  Өскенбай  би 
ауылмен  құдай  десіп  құдаласып,  Өскенбай  бидің  Айбала  деген  қызын  Өтеу  өзінің  Шомақ 
деген  ұлына  айттырып  алып  береді.  Өтеу  мен  Өскенбай  би  ортасында  міне  осылайша 
құдалық қатынас орнайды. 
Өтеу  әулиеті  өз  кезінде  сол  дәуірдің  ауқатты  байларының  бірі  екен.  Ұрпақтарының 
айтуына қарағанда Өтеуге 10 мың жылқы, 5 мың қой бітіп, елі мен жұртына байлығымен де, 
адамгершілігімен  де  жаққан  адам  екен.  Елі  мен  жұрты  Өтеуге:  «Сіз  би  болыңыз»  деген 
талапты  қойған.  Сонда  ол  кісі  мен  би  болмаймын,  би  түсетін  үй  боламын  деп  отырып 
алыпты.  Кейін  ол  кісінің  айтқаны  келіп,  Өтеу  әулиеті  қазіргі  Қазақстанның  Зайсан  өңірін 
мекен  еткен.  Өтеудің  бүкіл  өмірі  де  осы  арада  өтіпті.  Өтеу  өз  заманында  көріпкелі  бар 
қасиетті адам болғаны шындық. Күнбатыстан бір шу шығады, сол шу күншығысқа да жетеді, 
шудың  алдында  өңшең  сарышаш  жирен  сақалдылар  жүреді,  бай  –  бағылан,  би  –  батыр 
сияқты елдің қаймақтарының бәрін құртып, өңшең құл – құтан, зәһәр – залым, дінсіз – бетсіз, 
қағылған  –  соғылған  екі  жүзді  үш  жүзділер  ел  басқарып,  халықты  қан  қақсатады  зардабы 
ұзаққа  кетіп,  ақырында  алла  тағаланың  қаһарына  ұшырап,  күні  бітеді  екен  деп  айтып 
отырған.  Жылына  бір  –  екі  рет  шүлен  таратып  тұрыпты(шүлен  деп  бай  малын,  кедей  – 
кепшіктерге жарлы – жақыбайларға тарату рәсімі). 
Өтеу  қайтыс  болғаннан  кейін,  сол  маңдағы  ауыл  адамдары  Өтеу  зиратына  барып 
ауық-ауық  құран оқып, зират маңынан өткен жолаушылар аттарынан түсіп, жаяулап барып 
құран  оқып,  бет  сипап  аттанады  екен.  Бұл  қазірге  дейін  дағдыға  айналыпты.  Өтеу  қоныс 
еткен ауылдардың малына түрлі індет тигенде, мал иелері малдарын қоралап айдап, Өтеудің 
зиратының  маңына  бір  күн  түнетеді  екен.  Ғажабы  сол  түні  апарған  малға  қасқыр  шауып, 
ертесінде ауырған малдар ада-күде жазылатын болыпты. Бұл іс бертінге дейін жалғасыпты. 
Бәлкім  ол  кезде  мал  шипагері  болмағандықтан  осылай  істеген  де  шығар.  Алайда,  бір 
қасиеттіліктің жіп ұшы көрініп тұрғандай. 
Өтеудің Ораз, Намаз, Шомақ, Абыз, Әби есімді бес ұлының ортаншысы Шомақ. Осы 
Шомақ  Өскенбай  бидің  күйеу  баласы.  Шомақ  сөзге  шешен,  еліне  беделді  болып,  Есіргеп 
руының  биі  болып,  билік  тасын  қолына  ұстаған  әділ-турашыл  адам  болған.  Шомақ  пен 
Айбала  Тұрғанбай  атты  ұл,  Бейілқан  атты  қыз  сүйеді.  Шомақ  пен  Айбала  Алтай  жеріне 
келмеген,  қазіргі  Қазақстанның  Зайсан  өңірінде  жасап,  сол  жерде  дүниеден  өткен,  аталары 
Өтеудің жанына жерленген 
2009  жылы  Құнанбайдың  жиеншары  Өмірбек  Баймұхамедұлы  Қазақстанның  Зайсан 
ауданына  өтіп,  бабасы  Өтеудің  басына  құран  оқытып  қайтты.  Өтеудің  зираты  өзінің  ата  – 

69 
 
мекені  Сайқан  тауының  терістік  бетіндегі  Қарой  ауылының  жанында  орналасқан. 
Жылқының  қылымен  араластырып  саздан  дөңгелек  қорған  іспетті  жинапты.  Қорғанның 
қалыңдығы  құлаштай,  бір  ғасыр  уақыт  өтсе  де  әлі  бұзылмаған.  Енді  Өмірбек  нағашысы 
Құнанбайдың басына барыптәу етіп қайтпақшы.  
1860  жылдың  орта  шенінде  Шомақ  пен  Айбала  баласы  Тұрғанбайды  нағашысы  аға 
сұлтан  Құнанбайдікіне  нағашылатып  апарады  (Тұрғанбай  1860  жылы  қазіргі  Қазақстанның 
Зайсан  жерінде  туып,  1929  жылы  Зайсаннан  қоныс  аударып,  Алтайдың  Шірікши  жеріне 
келіп қоныс теуіп, кейінгі өмірін осы жерде өткізіп, 1946 жылы 86 жасында қайтыс болады). 
Тұрғанбай нағашысына барғанда, ашамайлы ерге мінетін кезі екен. 
Шомақтар  қайтарында  Құнанбай:  «Жиеніме  ат  мінгізіп  қайтарамын»  деп,  екі 
құлағының  үстінде  теңгедей  қарасы  бар  мөлдір  ақбоз  атқа,  көксәуір  былғарымен 
шыбарланып  қапталған,  алдыңғы-артқы  қасына  күміс  жалатып,  бұршақ  басты  алтын 
жалатылған  жез  шегемен  шегеленген  ер  тоқымды  ат  мінгізіп,  жиеніне  шапан  кигізеді. 
Тұрғанбай осы мөлдір ақбоз атты көп жыл мініп жүреді. Кейін осы ат ақ патшаның әскерлері 
жағынан  қолды  болады.  Тұрғанбайдың  нағашысынан  киген  шапаны  бірнеше  ата  аралап, 
Тұрғанбайдың  кенже  ұлы  Баймұқамбетке  одан  немересі  Кәмелқанға  одан  шөбересі 
Өмірбекке  жетеді.  Осы  шапанның  тысы  жасыл  түсті  мәуті  торғын  болып,  астары  үш  қабат 
шүберекпен астарланған. Ойма жағалы, қаусырмалы (түймесіз) жең ұшы, жағасы және өңірі 
бес  елі  мөлшерінде  сырылып  тасталған,  шапанның  етегі  мен  жеңі  бір  тектілеу  ұзындықта 
(осы  шапанды  киіп  көргенімде,  бейне  бала  іспетті  болып,  ішіне  кіріп  кеткендей  болдым 
дейді– Өмірбек Баймұқамбетұлы. Ал, ер тоқым алды биік, арты аласа бір адамдық ер тоқым 
екен.  Көзі  ашық,  көкірегі  ояу  ұлы  қариялардан  сұрағанымызда  арғын  ер  тоқым  болып 
шықты.  Осы  ер  тоқым  елімізде  жүргізілген  «Мәдениет  зор  төңкерісі»  кезінде  төрт  көне 
ретінде  қызыл  қорғаушылардың  (хунвейвиндердің)  қолына  түсіп,  айшықты  оюлары  мен 
алтын жалатылған жез шегелерінің басы мұжырайып орны ғана қалған, құйысқан өмілдірік, 
айыл,  тебінгі,  үзеңгі  сияқты  ертоқым  әбзелдері  әркімнің  қолында  кетіп,  «Мәдениет  зор 
төңкерісі»  аяқтап,  байлардың  мал-мүлкі  өздеріне  қайтарылған  да,  ертоқымның  қаңқа  басы 
мұра иелерінің қолына келеді. 
Арасы  үш  жүзге,  берісі  алты  алашқа  аты  мәлім  Өскенбай  бидің  қызы  Айбала  өз 
аталығында  ат  мініп,  атан  жетелеп  сол  дәуірдің  сәнді  салтанатымен  келгені  айтпасақта 
жалпақ  жұртқа  мәлім.  Айбаланың  төркінінен  мініп  келген  күміс  ер  тоқымның  басқа 
әбзелдері  тозғаны  тозып,  жоғалғаны  жоғалып,  қазір  сол  ер  тоқымның  қос  табанды  күміс 
үзеңгісі  кейінгі  ұрпақтарында  сақталып  қалады.  Осы  әулиеттің  қазіргі  ұрпақтары  ақылдаса 
келе,  Тұрғанбай  мен  Айбала  апасынан  қалған  мұра  –  ер  тоқым,  шапан,  қос  табанды  күміс 
үзеңгі  осыларды  Алтай  қаласының  мұражайына  қолекі  табыстап,  кейінгі  ұрпақтардың 
бейзаттық мұра ретінде тамашалауына береді. 
 Енді  бірер  сөз  Құнанбайдың  Алтайға  келуі  жөнінде  «...Құнанбай  аға  сұлтан,  Барақ 
төре  оның  орынбасары  боп  сайланған  кезде  патша  әкімшілігі  әпербақандарымен  қандары 
қата  өштескен  қазақ  азаматтары  –  ақсақ  Қиян,  Табылды  дегендер  уезд  бастығын  өлтіріп 
кетіп,  Алтайдағы  Абақ  Керейлер  арасына  келіп  паналайды.  Оларды  қолына  түсіре  алмай 
қапы  қалған  жандарал  қатты  ашуға  бөгеді.  Сөйтіп  Қиян  мен  Табылдының  Алтай  асып 
кеткенін естіп – біліп, Керейдің ел билеушісі Ажы төреге аталас туысы Барақ төре арқылы 
хат жаздырып, екі қылмыскер қашқынды ұстап беруді талап етеді. Осы мақсатта аға сұлтан 
Құнанбайды арнайы тапсырмамен Абақ еліне атандырды...» - деп көрсетеді. Құнанбай өмірі 
мен қызметін зерттеуші Б.Сапаралы (Б. Сапаралы. Құнанбай қажы А., 1995, 192 – бет)  
«Оқиға  Барақ  төре  Солтабайұлы  басқарып  отырған  Найман  –  Сыбан  елінде  өткен, 
Ақсақ Қиян мен Табылды Сыбан елінің азаматтары, ақсақ Қиян жасы алпыстан асқан белгілі 
барымташы  қарашекпендерімен  (ішкі  Ресейден  келген  қоныс  аударушылар)  жерге  таласып 
жүргенде орыстың оғы тиіп сол аяғы кем болып қалады. Сыбанның елбасылары мен билері 
кеңесіп:  орыстың  құрығы  ұзын  қазақтың  қай  жерінде  барсаңдар  да  ұстап  алады.  Ежелден 
бізге ел болған кең балақ Керей ішіне кетіңдер деп шекарадан өткізіп салады. Барақ білмеген 
болып  қала  береді».  (Айтушы  Ісләмшайых  Рахымжанов.  Жарма  ауданы,  Үшбиік  ауылы). 

70 
 
Бұдан біз орыстың қаһары қандай күшті болса да, елбасыларының басына күн туған ерлерін 
ұстап бермей ажал аузынан алып қалғанын көреміз.  
Қазір  орыстың  қолшоқтары  болды  деп  Құнанбайды,  Жәңгір  ханды  орынсыз  кінәлау 
бар.  Шын  мәнінде  Құнанбайда  Жәңгір  де  Ресей  империясының  қазіргі  тілмен  айтсақ 
әкімдері, ол өз елдерінде қандай бүлік, бұзақылық, кісі өлтірушілік керуен тонаушылық т.с.с 
губернатордың алдында басымен жауап беріп, тәртіп орнатуға міндетті болған. Финляндия, 
Польшадан бастап Порт – Артурға дейінгі Еуразияның жартысын билеп тұрған империяның 
уезд  бастығын  подполковник,  шенді  қайдағы  бір  бұратаналардың  өлтіруі  губернаторға 
аспаннан  жай  түскендей  болады.  Сондықтан  аға  сұлтан  Құнанбайдың  өзін  жұмсап 
«қылмыстыларды  тірідей,  өлсе  басыналып  кел»  -  деп  қатал  зілді  бұйрық  беріп  жұмсайды. 
Ресей табиғаты азиялық деспотиялық империя деп баға береді шетел зерттеушілері. Олар ата 
жауларының  жауларының  басын  алдырып,  кек  қайтару  (Кенесарының,  Кейкі  батырдың, 
Хаджымұраттың т.б. бастары) мемлекеттік рәсім дәрежесіне көтерілген.  
Құнанбай келеді дегенде керей елі ақ патшаның аға сұлтаннан көрі көптен көрмеген 
алыстан  туысымыз  келе  жатыр  деп  барынша  дайындық  жасайды.  (Жоңғарға  қарсы  ұлт  – 
азаттық  соғыстың  қаһарманы  еліне  ұран  болған.  Ер  Жәнібек  Бердәулетұлының  қарындасы 
Ермек  ана  Өскенбайдың  жұбайы  болған).  Қаба  өзенінің  бойына  50  үй  тіктіріп  елбасылары 
Әжі төре, Шәу жырау, Шегебай батыр, Көкен би, Жетібай би, Бейсенбі би қатарлылар қарсы 
алады. 
-  Аға  баласы  сіз  сөйлеңіз  дегенде  бір  сөзін  артық  –  кем  айтпайтын  Құнанбай  істің 
мән – жайын Керейдің игі жақсыларының бүгі – шегесіне дейтін біліп отырғанын сезіп: Сөз 
өздеріңізде деп жауап күтеді. 
-  Бірінші  болып  сөзді  Шәу  жырау,  (кейбір  әңгімелерде  Бейсенбі  би  делінеді) 
бастайды: Жігіттерің ата жауымыз кәпірдің желкесін қиып бізді ел санап қорған болады деп 
қашып келгені рас. Қырғидан қорыққан торғай да бұтаны қорғалап аман қалады. Бұта құрлы 
жоқпыз ба? Кешегі өткен ханымыз Ер Абылай қалың қытай құмырысқадай әскерін қаптатып 
қойып Әмір Сананы ұстап бер, ақысына жер береміз дегенде, Абылай берді ме? Берген жоқ. 
Әлсіздерді  қолдап  күштілерді  қайыратын  ата  –  салтымыз  емес  пе?  Ақсақ  Қиян  бір  жыл 
арамызда  тұрып  өз  ажалынан  дүние  салды.  Табылды  табылмайды,  келмеске  кетті.  Бас 
десеңіз  бас  тауып,  қағаз  десеңіз  қағаз  жазып  мөрімізді  басып  берейік  деп,  сөзін  аяқтайды. 
(Табылдыны  Шыңжаңның  ішкертін  Баркөл  жағына  өткізіп  жібергенін  айтып  отыр.  Қазір 
ұрпақтары сол жақта деген ел аузында дерек бар).  
Әу  баста  екі  жігіттің  ерлігіне  іштартқан  Құнанбай:  өлгендерінің  тіріліп,  келмеске 
кеткендерің  қайта  келіп  жүрмесін  деп  сөзін  қайырады.  Ақыры  екі  жағы  келісіп  Ақсақ 
Қияның өлгенін куәландіріп билер бармақтарын басып мөрлерін қояды.  
Алтай елінде айтылатын тағы бір әңгіме Шәку байдың Құнанбайды қарсы алғандағы 
қонағасы  жайында.Құр  тайды  сойып  барлық  етін  түгел  асып,  бір  табаққа  салады,  шетін 
қазымен  айналдыра  көмкеріп  ортасына  тайдың  басын  қойып  төрт  жігіт  тайтабақтың  төрт 
жағынан ұстап Құнанбайдың алдына алып келіпті. Құнанбай осы сапарын еске алғанда Алты 
Алаштың талай жерінде болып, ел аралап, дәмін татып жүргенде мұндайды көрген жоқ едім, 
түбінде қазақтың салт – дәстүрінің қалатын жері осы болар деп еске алады екен.  
Әжі  төре,  Шәу  жырау,  Бейсенбі  би,  Шәкубайдың  Құнанбайды  қарсы  алған  Қаба 
өзенінің жағасы қалың қарағай қайың аралас алаңқайда – қазір Қытайдың саяхат мекемесінің 
мейрамханасы  орналасыпты,  нағыз  жердің  жанаты  екен.  Тайтабаққа  келетін  болсақ  1966 
жылғы мәлени революцияға дейін сақталыпты, хунвейвиндер бай феодалдардың ыдысы деп 
отқа  жағыпты.  Көнекөз  қариялардан  сұрастыра  жүріп  тайтабақтың  пошымын  қайтадан 
қалпына келтіріп, сұлбасын сыздық. «Керейден ұл туса, ағашқа күн туады» - дегендей, менің 
ұсынысым  бойынша,  Шыңжаңдағы  қазақ  мәдениеті  мен  өнеріне  жанашыр  болып  жүрген 
Рахат мырзаның демеушілігімен тайтабақ қазір қайтадан жасалып жатыр.Құнанбай өмірінің 
бір қыры осындай.  
Сөз  соңында  айтарымыз,  Зере  әжемізден  тараған  ұрпақтардың  саны  Шыңжаң 
өлкесінде 60-тан асады екен. 

71 
 
 
 
 
Құнанбайдың жиеніне берген күміс ері. 1966 жылы мәдениет төңкерісі кезінде күміс 
әшекейлерінің барлығы отқа жағылып,ердің құр қаңқасы ғана қалған.Хұнбейбіндердің 
ұстанымы бойынша кедейдің мінетін ері қалпына келген.Алтай қаласының музейі.  
 
 
Құнанбайдың жиеніне кигізген шапаны 
Алтай қалалық музейі. 

72 
 
 
 
 
Исин А.И. 
т.ғ.к., профессор, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
 
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ СЕМЕЙДЕ ҚОЛЖАЗБАЛАР 
АРҚЫЛЫ ТАРАЛУЫ 
 
Алаш  қайраткерлерінің  публицистикалық  шығармаларының  1911-1913  жылдардан 
бастап  ел  ішінде  кеңінен  тарап  үлгергені  белгілі.Мол  мұралары  әсіресе  «Қазақ»  газетінің 
беттерінде жарияланып тұрды да, Семейде «Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналы арқылы 
да 1918-1919 жылдары жұршылыққа танылып жатты.  
Кеңес  заманында  ресми  жолмен  Алаш  тарихы  және  Алаш  көсемдерінің 
публицистикалық  мұрасы  туралы  мағлұмат  Сәкен  Сейфуллиннің    «Тар  жол  тайғақ  кешу» 
мемуарлық  романында  жеткілікті  көлемде  жеткізілді.  Бұл  шығарманың  1964  және  1977 
жылдары  қайра  жарық  көруінің  зиялы  қауым  үшін  танымдық  маңызы  үлкен  болды.  Кеңес 
заманының  идеологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  Алаш  мұралары  таралуының 
баспадан тыс басқа жолдары болды. Сәкен мемуарында әңгімеленетін сюжеттерді толықтыра 
тарататын  көнекөз  азаматтар  ел  ішінде  аз  емес-тін.  Ел  аузындағы  әңгімелер  мен 
естеліктерден де басқа ұлт санасын оятқан құнды мұра қолжазбалар арқылы таралды. 
Алаш  қайраткерлерінің  шығармалары  Семей  топырағында  тереңдеп  еніп,  халық 
мұрасын  қастерлейтін  азаматтардың  құлағына  жетіп,  бойына  дарып    отырған.  Бұл  өлкеде 
Әлиханның,  Ахметтің,  Міржақыптың,  Ғаббастың,  Әлімханның  жүрген  іздері  айқын 
бедерленіп жатқанда басқаша болуы мүмкін емес те болатын. 
«Үлкен  террор»  жылдарынан  кейін  «халық  жауларының»  шығармалары 
кітапханалардан алынып, өртеліп, жеке қолдағыларын да жою көзделгені белгілі. Бізде кеңес 
заманында Алаш қайраткерлерінің мұраларымен олар ақталғанға дейін халық мүлде таныса 
алмады  деген  түсінік  берік  орныққан.  Дегенмен,  қауіпті  деп  есептелгенмен,  жеке  адамдар 
«халық  жауларының»  шығармаларын  сандық  түбінде  сақтап  қалып,  қуғын-сүргін 
аяқталғанда  саяси  себептермен  жарыққа  шығарылмайтын  дүниелерін  қызығушылық 
білдірген зерттеушілерге көрсете немесе жиындардағы бас қосуларда тыңдата алған. Тыйым 
салынған шығармалар ел ішінде көшірме қолжазбалар түрінде қолдан-қолға тарап жатты. 
Семейде  әсіресе  Шәкәрімнің  шығармалары  үлкен  зейінмен,  қызығушылықпен 
таралды.  Міржақып  пен  Әріптің  жазба  айтыстары,  кеңес  заманында  мүлде  дәріптелмейтін, 
діни тақырыптағы немесе ұлт-азаттық қозғалыс, көтерілістер тұлғаларын мадақтаған қисса-
дастандар  да  ұмытылмады.  Ахмет  Байтұрсыновтың  ел  ішінде  сақталған  «Әліпбиі»  арқылы 
төте жазуды үйренгісі келетіндер де  болды. 
Өз  басымнан  өткен  кейбір  сәттерді  айтсам,  Алаш  қайраткерлері  шығармаларының 
кейбірімен араб жазуын үйрене бастаған 1965-1966 жылдардың өзінде таныса бастаған екем. 
Ол  кезде  мен  әлі  баламын,  6-7-сыныптарда  ғана  оқитынмын.  Өмірден  1964  жылы  өткен 
әкеме деген ыстық сағыныш сезіміне бөленіп, әкенің араб жазуымен жазған өлеңдерін оқып 
шығуға  талпынатынмын.  Ел  ішіндегі  ақсақал  адамдар  Шәкәрім  шежіресін  жоғары 
бағалайтын.Әкемнің  осы  күнге  дейін  менде  сақталып  тұрған  қалың  дәптерінде  Шәкәрім 
шежіресінің 1960 жылы қолмен көшірілген нұсқасы болды. Соны оқи бастадым.  
60-жылдары  Семейдің  Комсомол  кентінде  кей  ақсақалдардың  қолында  ескі  мәтіндер 
жүрді.  Алаш  қозғалысына  қатысқан  қайраткерлеріміздің  маған  беймәлім  болып  келген 
шығармалары менің қолыма 1967-1968 жылдары түсе бастады. Мен ол кезде мектептің 8-9 
сыныптарында  оқитынмын.  Алматыдан  Семейге  жазғы  демалысқа  келетін  жаз  айларым. 
Семей  пединститутында  оқыған  70-жылдардың  басында  да  ескі  жазба  мұрамен  танысудың 
сәттері  туындап  отырды.  Қызметке  кірісе  бастаған  жылдарымда  баспа  бетін  көрмеген  ел 
мұрасымен таныса түссем деген қызығушылығым артты. 

73 
 
 Семейдің  Жоламан  кентінің  тұрғыны  болған  Қасым  Күзембайұлы  ақсақал  қолжазба 
мұраны  қастерлеп,  отбасылық  жиындарға  қатысушыларды  ескі  төкпе  сөздерге  қарық 
қылатын.  Ол  кісінің  үйінде  мен  талай  қолжазба  мұраға  қанықтым  деп  айта  аламын.  1974-
1976  жылдары,  одан  кейін  де  қалада  ксерокөшірме  жоқ  болатын.  Ескі  жазудағы  бірқатар 
қолжазбаларын қолмен көшіріп алуыма да рұқсатын берді. Сөйтіп, менің қолжазба қорымда 
ескі  қисса-жырлар,  айтыс  үлгілері,  кәмпеске  мен  ашаршылық  жылдарында  жазылған 
аянышты  жырлармен  қатар  Алаш  қозғалысы  көсемдерінің  шығармалары  да  жинала  берді. 
Мұның  бәрі  сол  кезде  өкіметтің  ресми  саясатына  деген  көзқарасымды  өзгертуіме  әсерін 
тигізбей кеткен жоқ. 
Шәкәрім  шығармаларының  дені  де  сол  жылдары  жиналып,  кейін,  1978  жылы  Ахат 
Құдайбердіұлының қолжазбадағы шығармалары арқылы толықты. Семейдің Жаңа құрылыс 
бөлігінде  тұрған  Төлепберген  Әміреұлы  ақсақал  ел  ішіндегі  бас  қосуларда  өнегелі,  өрнекті 
сөздерді төгіп айтатын. 70-жылдары ол кісімен тығыз араласа жүріп, 1975 жылы ол кісіден 
Шәкәрім  шежіресінің  1911  жылы  баспадан  шыққан  толық  мәтінін  көшіріп  алдым.  Бұл 
қолжазба көшірмелерім де бұл күнде менде сақтаулы. 
Саяси  себептермен  заманында  жарияланбаған  шығармалар  Әлсейіт  Шәкәрімұлы 
ақсақалдың да жиған қолжазбаларынан да оқылды. Бірі ескеріліп, бірі ескерілмей, Семейде 
басқа да бірқатар ел адамдарының қолында өкімет тыйым салған, жарияланбаған туындылар, 
араб әрпіндегі сирек басылымдар да жүрді. 
Арабша  жазумен  жасында  сауатын  ашқан,  көзі  ашық,  ескі  мәдениеттен  қол  үзбеген 
қарапайым ақсақал адамдардың ескі қолжазбаларды жинауды және көшіріп алуды күнделікті 
құлшынысына  айналдырған  қайраткерлігі  арқасында  ескі  әдеби  мұра  келесі  буындардың 
қадір тұтқан рухани дүниелеріне қосылуына септігін тигізді.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет