Шәрифәйн (екі қастерлі өлке – Мекке мен Мадина-
ның қызметшісі!)» – деп, жасқа толы көздерімен жауап
қатқан.
Арқасынан кілемді алып, топырақ үстіне сәжде етіп,
Раббысына шүкірлік етті. Харамайниш-Шәрифәйннің
қызметшісі екенінің бейнесі ретінде сәлдесінің үстіне
сыпырғыш сияқты бір сабақ тақты.
Аллаһ Елшісінің өлкесіне деген әдеп пен құрмет се-
зімдерінің таптырмас көріністерінің бірі де Османлының
зұлымдыққа ұшырап, шәһид болған сұлтаны Абдүлазиз
Ханға қатысты.
Бір күні науқастанып жатағында бозарып әлсіз күй-
де жатқанда оған:
«Мәдина халқының бір өтініші бар» – делінді.
Абдүлазиз Хан жәрдемшілеріне:
«Дереу мені аяққа тұрғызыңдар! Харамайннан кел-
ген талаптарды аяқта тұрып тыңдауым керек! Аллаһ
Елшісіне көрші болғандардың талаптары әдепке қайшы
бұлай аяқ созылып жатып тыңдалмайды!..» – деді.
Әрбір Мәдина поштасы келгенде де дәретін жа-
ңартып, хаттарды: «Бұларда Мәдинаның тозаңы бар!»
– деп сүйіп, маңдайына басады. Одан кейін бас хатшы-
ға ұсынып «Аш, оқы!» – дейтін.
153
ӘДЕП
пен НӘЗІКТІК