192
пен ерекшелік болар еді. Алайда, байлық немесе кедей-
лік – бұл дүниедегі сынақ сырының өзімен алып келген
иләһи тағды-ры. Құлдың ауқатты немесе мұқтаж бо-
луы өзіне байланысты емес. Сондықтан жомарттық пен
сараңдық дүние-мүлік және қазына мәселесі емес, көңіл
мәселесі.
Яғни мүмкіндігі шектеулі мұсылман қаласа, жомарт
бола алады және болуы да тиіс. Иманымыз қандай
жағдай болса да жомарт құл болуымызды қажет етеді.
Жомарттық пен сараңдық ие болған мүмкіндіктеріміз-
ден қанша мөлшерде емес, қай деңгейде инфәқ ете
алғанымызға байланысты.
Хазіреті Пайғамбар
r
бай-кедей болсын барлық
мұсылмандарды инфәққа шақырады. Бір құрмадан бас-
қа ешбір нәрсесі болмағандарды:
«Жарты құрмамен болса да, тозақ отынан сақ-
таныңдар, оны да таба алмасаңдар, көркем, жылы
сөзбен қорғаныңдар» –
деген
(Бұхари, Әдеп, 34)
.
Осы мәселедегі Хазіреті Пайғамбардың
r
айтқан
сөз бен үндеулерінен бірнеше мысал:
«Ей, Айша! Жарты құрмамен болса да бер, кедей-
ді кері бос қайтарма!»
(Термези, Зүһд, 37)
.
«Дін бауырыңның жүзіне күлімсіреп қарағаның да
садақа болып есептеледі»
(Термези, Бир, 36)
.
Хазіреті Пайғамбар
r
кедей сахабасы Әбу Зәрмен
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
193
кездескенінде кедейліктің жомарттыққа тосқауыл
емес
екендігін меңзеп, оған:
«Сорпа пісіргеніңде суын көбірек қос. Сосын көр-
шілеріңе барып назар сал да, қажет деп білгендеріңе
көркем түрде тарту ет!» – деген
(Мүслим, Бирр, 143)
.
Достарыңызбен бөлісу: