Редактор: Закия Махитжанқызы


ды,  сараңдық  та  істемейді,  орташа  жол  ұстанады»



Pdf көрінісі
бет129/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   293
ды,  сараңдық  та  істемейді,  орташа  жол  ұстанады» 

(Фурқан, 67)

.

Байлықты  дұрыс  пайдалану  оны  тыйым  салынған 



жерлерге жұмсамау және екі үлкен қауіп – ысырап пен 

сараңдықтан  аулақ  болумен  ғана  мүмкін.  Байлықтың 

апаты – әуесқойлық, тойымсыздық пен сараңдық. Бұл 

дерт пен апаттан құтылудың жолы – жомарт болу.



Имам  Ғаззали  Хазірет  жомарттықты  ысырап  пен 

сараңдық арасындағы тепе-теңдік күйі деп түсіндіреді.

Жомарттықтың апаты – ысырап. Мысалы, жомарт 

боламын  деп  орынсыз  шашып-төгу  мен  нығметті  қа-

жетсіз жерлерге жұмсау ысырап болып табылады.

Инфәқ  мәселесінде  мынаған  да  мән  беру  керек. 

Ысырап  –  көп  жұмсау  емес.  Орынсыз  және  қажетсіз 

жұмсалғанның  азы  да,  көбі  де  ысырап  болса,  орынды 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ



191

және жеткілікті жұмсау көп болса да, ол ысырап болып 

есептелмейді.  Керісінше,  мақтауға  тұрарлық  болады. 

«Ысырапта жақсылық, ал жақсылықта – ысырап жоқ» 

– сөзі бұл ақиқатты растайды.

Жақсы мақсат жолында көп берудің ысырап болып 

есептелмейтіндігіне  ең  көркем  дәлел  –  Хазіреті  Әбу 

Бәкірдің  қаншама  рет  барлық  дүние-мүлкін  Хазіреті 

Пайғамбарға 

r

 алып келіп, инфәқ етуі.



Сонымен  қатар  сараңдық  аз  мөлшерде  беру  емес, 

мүмкіндігіне  қарай  қажетті  мөлшерде  бермеу.  Өйткені 

әркім мүмкіндігінше беруге ғана жауапты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет