Редактор: Закия Махитжанқызы


САХАБАЛАРдЫң  кІШІПЕйІЛдІЛІГІ



Pdf көрінісі
бет31/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   293
САХАБАЛАРдЫң  кІШІПЕйІЛдІЛІГІ

Пайғамбари тәрбие аясында өніп-өскен сахаба нәсі-

лі  де  Аллаһ  Расулының  кішпейілділік  халінен  ерекше 

үлгілер алған.

Хазіреті  Әбу  Бәкір 

  Аллаһ  Расулының  сөзі-



мен:  «Үшіншілері  Аллаһ  болған  екеудің  екіншісі»

3

 



болуына және Пайғамбарымыздың: «Әбу Бәкір менен, 

3. Бұхари, Тәфсир, 9/9. 

КІШІПЕЙІЛДІЛІК



60

мен  де  оданмын»

4

  –  дегеніне  қарамай,  халифалыққа 

сайланғанда жасаған алғаш хұтпасында:

«Ей,  адамдар!  Ең  абзалдарың  болмасам  да,  сен-

дерге  әмірші  тағайындалған  болып  тұрмын»  –  деп, 

ісінде аса шебер болса да, Аллаһтың сый-сияпатын үміт 

етіп, кішпейілдік таныта білген.

Сәлмән 

 Мәдаин қаласының әкімі болған кезін-



де  Шамнан  бір  саудагер  келген.  Саудагер  жүгін  таситын 

жүк тасушы іздеп жүріп, алдынан арқасында қарапайым 

шапаны бар Сәлмән 

 шыға келеді. Оны танымай:



«Кел, мынаны тасы!» – дейді.

Сәлмән 


  жүкті  арқасына  алады.  Халық  әкімді 

біреудің  жүгін  тасып  бара  жатқаның  көргенде,  әлгі 

адамға  жағдайды  түсіндіреді.  Шамдық  саудагер  бірден 

кешірім сұрап, жүкті алуға тырысса да, Сәлмән:

«Оқасы  жоқ,  жүкті  үйіңе  апарғанша  арқамнан 

түсірмеймін» – деп жауап қайырады 

(Ибн Сағд, IV, 66)

.

Пайғамбар  азаншысы  Біләл 



  қара  тектес  еді. 

Бірде Әбу Зәр 

 ашу үстінде: «Ей, қара әйелдің ұлы!» – 



деп айтқан. Оған Пайғамбарымыз 

r

 ашуланады.



Кейін  Әбу  Зәрдің  жағдайын  Мағрур  бин  Суәйд 

былай түсіндіреді:

4. Термези, Мәнәқиб, 20.

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




61

«Бір күні Әбу Зәрға 

 жолықтым. Үстінде бағалы 



киімі бар екен. Тура сондай киімнің құлының үстінде де 

бар екенін көргенде, одан бұның себебін сұрадым:

Әбу  Зәр 

  Хазіреті  Пайғамбар 



r

  кезінде  бір 

адамға  балағат  еткенін  және  оны  шешесі  үшін  айып-

тағанын айтты. Сонда Пайғамбар 

r

 оған былай деген:



«Сен  өзінде  надандық  дәуірінің  мінез-құлқы  бар 

адамсын!  Олар  сендердің  қызметшілерің  және  со-

нымен қатар бауырларың да. Аллаһ оларды сендердің 

қамқорлықтарыңа  берген.  Кімнің  қарамағында  бауы-

ры  болса,  өзі  жегенінен  оған  да  жегізсін,  кигенінен 

оған  да  кигізсін.  Оларға  күші  жетпейтін  нәрселерді 

жүктемеңдер.  Егер  тапсыратын  болсандар,  оларға 

жәрдем етіңдер!» 

(Бұхари, Иман, 22; Итқ, 15; Мүслим, Әймән, 40)

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет