423
Сондықтан ахірет терезесінен қарағанда дүниенің
барша рахаты мен ләззаты кішкентай ғана пайдадан
тұрады. Егер дүниенің Аллаһ құзырында құны бар
болғанда, Аллаһ Тағала Өзінің ең сүйікті құлдары пай-
ғамбарларын қияметке дейін сарайларда, рахат ішінде
ғұмыр кешкізер еді. Бірақ Аллаһ пайғамбарлары мен
салих құлдарына фәни дүниенің шынайы жүзін көрсет-
кен және олардың жүректерін дүниеден де абзал болған
о дүниеге бағыттаған.
Расында Аллаһ Елшісі
r
Мырзамыз айтады:
«Менің дүниемен ешқандай байланысым жоқ.
Менің дүниедегі жағдайым бір ағаш астында көлең-
келеніп, кейін жолын жалғастырған жолаушы сияқ-
ты»
(Термези, Зүһд, 44)
.
Пайғамбар тәрбиесімен өскен сахабалардың өмір
сүру салттары біздерге теңдесі жоқ үлгі-өнеге. Олар-
дың ахірет жұртын аңсағап, шәһид болуға деген құш-
тарлықтары тілдерге дастан болған.
Аллаһ Елшісінің Исламға шақыру хатын бас алуға
дайын жендеттердің арасынан өтіп, патшалардың ал-
дында иман батылдығымен оқыған жас сахабалардың
көзінен дүние қалауы өшкен, ең кішкене дене бөл-
шектеріне дейін барша болмыстарын Аллаһ пен Елшісі-
нің сүйіспеншілігі қамтыған.
Пайғамбарымызға сондай жүректен бағынышты еді,
алдында өлім бар өте қауіпті сәтте де:
ДҮНИЕДЕН АХІРЕТ АРТЫҚ ДЕП БІЛУ
424
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
«О, Аллаһ Елшісі! Сен қалай қаласаң солай жаса,
бізге әмір ет, біз сенімен біргеміз. Сені жіберген Аллаһ
үшін Сен теңізге түссең, біз де Сенімен бірге түсеміз.
Еш біріміз тайынбаймыз...» дейтін
(Ибн Хишам, 2, 253-254)
.
Достарыңызбен бөлісу: