Редактор: Закия Махитжанқызы


«дүниенің  пайдасы  өте  аз,  ахірет



Pdf көрінісі
бет283/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   293
«дүниенің  пайдасы  өте  аз,  ахірет  (Аллаһтан) 

сақсынғандар  үшін  әлбетте  хайырлы...» 

(Ниса,  77)

 

деген сана-сезімде болып, жүрегіміз жай тапқан құлдық 



өмірін өткізуіміз керек.

Еш  бітпейтіндей  деп  ойлап,  ес-түссіз  өтіп  жатқан 

дүние  өмірі  негізінде  қаншалықты  қысқа  уақыт  бөлігі 

екені аят кәримәда былай баяндалады:



«Олар  қияметті  көрген  күні  (өздерін)  дүниеде 

бір  кеш  немесе  бір  сәске  ғана  тұрғандай  сезінеді» 

(Нәзиат, 46)

.

Сондықтан  мына  қысқа  өмірде  жасалатын  ең  ақылға 



қонымды  іс  –  Аллаһқа  деген  жақсы  құлдық.  Бірақ 

барша  нығметтер  сияқты  өмір  нығметінің  де  құны,  ол 

қолдан шықпай тұрып, лайықты түрде түсініле алмайды. 

«Уақыт»  ұғымындағы  бұл  жалпы  бейқамдық  тұманын 

тарата алатын жалғыз мүмкіндік – «Өлімді ойлау» еке-

нін еске түсірген Нәжип Фазылдың мына өлең шумағы 

қандай тамаша:

Заман тентек көйлегі, оны жыртқан да өлім,

Өлім тұтас, үзілмейді де, бөлінбейді де.

Бұл  ақиқат  бойынша  көңілдері  иман  мен  парасат-

тылық  арнасында  жетілген  бабаларымыз  дүниенің 

фәнилігін  еске  салатын  қабірлерге  ахіреттің  мәңгілі-

гін  бейнелегені  үшін  жапырағын  төкпейтін  ағаштар 

отырғызған. 

اَها َح ُض ْوَأ ًةَّي ِشَع  َّلاِإ اوُثَبْلَي ْمَل اَهَنْوَرَي َمْوَي ْمُهَّنَأَك 

ДҮНИЕДЕН  АХІРЕТ  АРТЫҚ  ДЕП  БІЛУ




428

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

Ахірет  сезімі  мәселесінде  Лұқман  Хакимнің  мына 

насихаты өте маңызды:



«Ұлым!  Ахірет  үшін  дүниені  пида  ет,  екеуіне  де 

қол  жеткізесің.  Бірақ  әсте  дүниең  үшін  ахіретіңді 

пида етпе, екеуінен де айрылып қаласың».

Шынында  да  дүние  мен  ахірет  бір  таразының  екі 

кесесіне  ұқсайды.  Біріне  ауыр  зат  қойылса,  екіншісі 

жеңіл болып қалады. Сау ақыл иесі әр мүминнің көңілі 

үнемі  ахіретке  иіліп  тұруы  керек.  Өйткені  дүниенің 

өткінші  сүйіспеншіліктері  мен  іші  бос  арбауларына  құл 

болып,  онымен  бақытты  болғанның  жүрегінен  ахірет 

сүйіспеншілігі мен сол туралы ойы шығып кетеді. Ахірет-

ке  шақыру  үні  жүрекке  орналасқанда  дүниеге  шақыру 

пікірі көңілге жат болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет