425
ұзақ өмір сүруді қалап, барлық қайғысы сол болса,
сахабалардың ең үлкен арман-қалауы өздерін Аллаһ-
тың құзырында ақтай алу үшін ұждан тыныштығымен,
саф жүрекпен ахіретке жете алу болатын.
Бір күні Ибн Мәсғуд
Табиғун нәсілінен болған
достарына былай деді:
«Сендер Аллаһ Елшісінің сахабаларына қарағанда
көбірек ораза тұтып, намаз оқып және салих амалдар
жасауға тырысасыңдар. Бірақ олар сендерден абзал»
Олар:
«Неге?» – деп сұрағанда:
«Олар дүниеден сендерден ары аулақ, ал ахіретке
сендерден көбірек құштар болатын» – деген
(Хаким,
Мүстәдрак, 4/ 135)
.
Сахаба дәуірінің үлкен иман ұшқынында өздерін
Аллаһқа атауларының ұқсасын мұсылман түркілердің
тарихында айтылғандай Чанаккале шайқасы кезінде
болмысы иманмен толы әскер паш еткен. Расында Отан
қорғауды киелі борыш деп біліп, бұл міндетті жанын
салып өтеуден тайынбаған мұсылман әскер дүниеге
мән бермей, жан қалқанымен соғысып, имандарының
қажеттілігінен қару асынды.
Біздер тура сахаба дәуірі мен мүбәрак бабалары-
мыз сияқты қажет болса, дүниеге мән бермей, Хазіреті
ДҮНИЕДЕН АХІРЕТ АРТЫҚ ДЕП БІЛУ
426
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
Пайғамбардың үмметі ретінде Оның нұрлы ізінде жүруді
барлық нәрседен үстем деп білуіміз керек.
Аллаһ Елшісі
r
түрлі себептермен ауық-ауық:
«Аллаһым! Шынайы өмір тек қана ахірет өмірі» –
дейтін
(Бұхари, Риқақ, 1)
.
Бұл үрдісті оның үмметі ретінде біздер де көңіл-
дерімізге нақыш етуге мәжбүрміз. Қандайда бір фәни
нығметке қол жеткізгенімізде: «Аллаһым! Шынайы
өмір тек қана ахірет өмірі» – деп, нығметтердің негіз-
гі иесіне шүкірлік етуіміз және дандайсу мен азғындық-
тан, бейқамдықтан сақ болуымыз керек. Өйткені осын-
дай ерекшеліктен мақрұм болғандардың күйін Раббымыз
былай хабарлайды:
Достарыңызбен бөлісу: