Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет33/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   293
пейілдік  мақтанышынан»,  яғни  кішіпейілдік  бейнесі 

берілген такаппарлық қана.

Мысалы, «мен түкке тұрғысыз, әлсіз адаммын. Көп 

жақсылық  жасай  алдым,  тек  мынандай  құлшылықта-

рым  бар...»  деген  сияқты  сөздер  мақтаншақтық  пен 

тәкаппарлықтың кішіпейілділікпен жамылған түрі болып 

табылады.

Хасан Басри Хазірет былай дейді:

«Адамдарға өзін көп жамандайтын адам негізінде 

өзін мақтағаны. Ал бұл көзбояушылық белгісі».

Сондықтан кішіпейілділік көрсеткенде шектен шығу 

да  қауіпті.  Өйткені  тәкаппарлық  пен  мақтаншақтық 

нәпсіні күшейткенмен рухты өлтіретін көріністегі биіктік 

ғана. Хазіреті Мәуләнә былай деп ескерту жасайды:

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

62



«Құл сияқты кішіпейіл бол да, ат сияқты жерде 

жүр. Иықтарда жүрген табыт сияқты жоғарылауға 

тырыспа.  Нәпсі  өте  көп  мақтану  себебінен  Пер-

ғауындай  болды.  Сен  тек  қарапайым,  көңілді  бол, 

(қаншалықты ұлы болсаң да) ұлықтық көрсетпе!»

Нағыз  кішіпейілдік  –  нәпсіні  Аллаһқа  құл  етіп, 

халыққа  ынсапты  болу  деген  сөз.  Яғни  Аллаһтың 

әмірлеріне  шынайы  түрде  мойынсұнып,  кішіпейілдік 

пен  әлсіздігін  мойындау,  адамдардың  құқығына  құрмет 

көрсетіп,  олардың  тура  болған  сөздерін  қабыл  алу, 

ақиқаттар  жайында  нәпсісінен  туындаған  қырсықтық 

жасаудан сақтану.



Фұдайл ибн Ияз былай дейді:

«Кішіпейілдік – наданнан болсын, қаласаң баладан 

болсын  тура  және  ақиқатты  естігенде  оған  мойын 

иіп, оны қабыл алуың».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет