Реферат Дайындаған: Дефектология курс(сырттай, жылдық) студенті Кемелханова Камария 2019 жыл Жоспары



бет2/5
Дата06.01.2022
өлшемі31,19 Kb.
#11669
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Арнайы психология(реферат)

Арнайы психологияның міндеттері:

1. Даму кемістігі бар балалар мен қалыпты дамитын баланың психикалық дамуындағы негізгі заңдылықтарды ашу.

2. Даму кемістігі бар баланың әртүрлі категорияларының психикалық даму ерекшеліктерін қарастыру.

3. Даму кемістігі бар баланың даму механизмін анықтау.

4. Бала дамуындағы бұзылудың тегін, уақытын, тереңдігін анықтау.

5. Дамудағы кемістіктерге байланысты, өзіндік ерекшеліктерді анықтау.



Арнайы психологияның қағидалары. Объективтілік қағидасы - ғылыми негізделген дәйектерге сүйену және зерттеу нәтижелерін логикалық тұрғыдан талдау, қазіргі заманғы психологиялық теорияларға сүйену. Кешенділік қағидасы – дәрігерлік, психологиялық және педагогикалық тексеру болып табылады. Дамуында кемістігі бар бала диагностикалық тексеруге психоневролог, отоларинголог, офтальмолог т.б. дәрігерлер, психологтар, педагог– дефектологтар, логопедтер қатысады. Жоспарлылық қағидасы – баланы жүйелі тҥрде зерттеу. Детерминизм қағидасы – кез-келген құбылыстың өзіндік себептері атты қағиданы ұстану. Кеміс дамудың себептерін есепке алу қағидасы. Бұл - дамуында кемістігі бар балалардың, психикалық дамуындағы ерекшеліктердің себептерін анықтау қажеттілігі. Ол үшін кемістіктің құрылымы, тегі және тереңдігі туралы медициналық білім, психологиялық-педагогикалық мәліметтер қажет. Генетикалық қағида – динамикада, яғни баланың психикасында жалпы даму барысында, іс-әрекет барысында зерттеу. Әлеуметтік және биологиялық даму деңгейінің өзара байланысын есепке алу қағидасы. Яғни, бала дамуына әлеуметтік ортаның әсер етуі және керісінше. Талдау-жинақтау (анализ-синтез) қағидасы. Л.С. Выготский ілімі бойынша, алғашқы кемістікті есепке алу, негізгі симптомдар және психикалық қосымша асқынулар немесе туынды кемістіктерді талдау. Арнайы психологияның терминологиялық аппараты. Әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру саласының нормативті құжаттамаларына сәйкес ұғымдар мен терминдер.

Дамуында бұзылуы бар балалар – бұл әртүрлі немесе бірнеше анализаторлардың (көру, есту, қимыл-қозғалыс, сөйлеу) қызметіндегі бұзылу салдарынан, сондай-ақ, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы салдарынан, психикалық және дене бітімдік дамуы бұзылған балалар. Бұл термин психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде арнайы білім беруді қажет ететін балалар категориясын ажырату үшін қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл дамуындағы кемістіктер, әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемақы алуға мүмкіндік беретін, яғни бинефицитарлық мәртебеге ие балалар. Дәстүрлі терминологияда бұл балаларды мүгедек балалар деп атайды. Білім алу қажеттілігі ерекше балалар – бұл білім беруде, арнайы коррекциялық көмекті қажет ететін балалар. Арнайы білім беру жағдайы, тек қана арнайы мекемелерде ғана емес, жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаларда да болуы мүмкін.

Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау - кемтар балаларға тұрмыс-тiршiлiгiндегi шектеудi жою, оның орнын толтыру үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ететiн, оларға басқа азаматтармен бiрдей, қоғам өмiрiне қатысу мүмкiндiктерiн жасауға бағытталған, арнаулы әлеуметтiк, медициналық және бiлiм беру қызметтерiн көрсететiн бiлiм беру, әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi. Кемтар бала - белгiленген тәртiппен анықталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардың немесе жарақаттардың салдарынан, тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар, он сегiз жасқа дейiнгi бала (балалар). "Қатер" тобындағы бала - ерте қолға алынбағандықтан, әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетiлмегендiктен, дене және (немесе) психикалық дамуында артта қалу мүмкіндігі жоғары болатын, үш жасқа дейiнгi бала (балалар). Дене кемiстiгi - ағза дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң ұзақ уақыт бойы әлеуметтiк, медициналық және педагогикалық түзеу арқылы, қолдауды қажет ететiн созылмалы бұзылуы. Психикалық кемiстiк - адам психикасы дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң уақытша немесе тұрақты кемiстiгi, соның iшiнде: сенсорлық бұзылыстардың салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоционалды-ерікті бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуының бұзылыстары, соның iшiнде, ақыл-ойының артта қалуы; психикалық дамуының тежелуi, осыған байланысты оқып-үйренудегi өзiндiк қиындықтар. Ерте қолға алу (ерте қолдау) - психикалық-дене бұзылыстары скринингiн, медициналық, психологиялық-педагогикалық диагностиканы, емдеудi, дамыта оқытуды қамтитын, сәбилік жастағы (үш жасқа дейiнгi) балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау; Әлеуметтiк бейiмдеу - объективті әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау үдерісінде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мiнез-құлық ережелерi мен нормаларын игеруi, қабылдауы және еңбекке даярлау арқылы әлеуметтiк орта жағдайларына белсендi түрде бейімделуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет