Реферат Дайындаған: Дефектология курс(сырттай, жылдық) студенті Кемелханова Камария 2019 жыл Жоспары


Арнайы психологияның дамуындағы Л.С.Выготскийдің үлесі



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі31,19 Kb.
#11669
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Арнайы психология(реферат)

Арнайы психологияның дамуындағы Л.С.Выготскийдің үлесі

Л.С.Выготский(1896-1934) – әлемдік психологияда әйгілі кеңес психологі. Оның жасаған жоғары психикалық функциялардың дамуында мәдени-тарихи концепциясының теориялық және империялық мүмкіндіктерінің маңызы өте зор. Л.С.Выготскийдің көптеген еңбектері балалар мен педагогикалық, арнайы және клиникалық психологияның өзекті әрі іргелі мәселелерін қамтиды. Ол оқу-тәрбие істерінің бала психикасын дамытуда шешуші қызмет атқаратынын нақты тәжірибелік мысалдармен дәйектейді. Арнайы психология саласында Л.С.Выготскийдің кемтар балаларды оқыту мен тәрбие істерінде тиімді жолдар арқылы елеулі табыстарға жетуге болатындығын ғылыми тұрғыдан ашып көрсетті.

Л.С.Выготскийдің мамандығы әдебиетші болса да психология ғылымына ерекше зер салып осы саладағы еңбектерін материалистік ілімінің методологиялық принциптері тұрғысынан іздестіреді. XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында қарқынды дамыған бүкіләлемдік психология ғылымының сан-салаларынан жарық көрген шетелдік ғалымдардың зерттеулерін сын көзімен қарап, оларға талдау жасап, XX ғасыр психологаясының дамуына орасан зор үлес қосты. Выготскийдің жан-жақты білімі мен жеке басының дарындылығы психология саласында материалистік көзқарастарна тіректелген жаңа теориялық тұжырымдар жасауға даңғыл жол ашты.

Адамның жан дүниесінің сыр-сипатын терең зерттеген Л.С.Выготский адам психикасының мәдени-тарихи дамуы және «бала психикасының жақын арадағы даму аймағы» дел аталатын тұжырымдарын айрықша атап көрсетуді қажет етеді. Мәдени-тарихи теория туралы Выготский іліміндегі жүйе, ең алдымен, адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне, екіншіден, ондай даму деңгейі сол әлеуметтік өрістің заттарды ұстап-тұтыну деңгейіне тәуелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірінің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс-әрекеті мен мінез-құлық бейнесіне, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жан дүниесінің өзгеріп өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіл отыратын тарихи фактор ретінде қарастырады. Сондай-ақ баланың дамуы мен өсіп жетілуі, кәмелетке толып, азаматтық қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының жетілуі де өрістеп отыратын тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға байланысты.

Л.С.Выготскийдің психология ғылымында ерекше орын алатын теориясы — бала дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады. Бұл теорияның түпкі мәні — баланы тәрбиелеп оқыту, оған білім беріп, дүниетанымын қалыптастыру үнемі онын табиғи даму деңгейінен оздырып отыруды талап етеді. Мұндай талап біріншіден, баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде шама-шарқы жетерлік оқу-білім алуға, оны ездігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады. Бала оқу-тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды зерделеп танитын міндеттерге машықтанулары керек.

Егер баланың табиғи дамуында оның психикасы күрделеніп, сана-сезімі жетілетін болса, ал оқу-тәрбие жұмыстары арқылы оның дүниетанымы мен білімінің шеңбері кеңейеді. Оның дамып жетілуі, сыртқы ортадан түйсініп, қабылдаған, көріп білгендерін ой елегінен өткізіп санасының өрістеуіне әсер етуін сыртқы факторлардың (экстериоризация) ішкі факторларга (интерноризация) айналуымен белгіленеді. Осы жайт Выготскийдің адамның мәдени-тармхи дамуы жайындағы теориясының мәнісінен туындайды.

Л.С.Выготский теориясының енді бір ерекшелігі баланың айналасындары адамдармен қарым-қатынас жасауда тарихи тәжірибелерді, тыныс-тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тербие өнегесінен жанамалай үйренуі. Осылайша бала өзінің дербестігін, жеке басының психикалық қасиеттерін өрістетеді, әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы ең жоғары қызмет, яғни, болмыстың бала санасындағы бейнелеуі деп аталады.

Бала басынан кешірген әр қилы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар ретінде танып-біліп, олардың мән-жайын түсінуі оның жан дүниесін байытады, яғни мұндай процесс баланың әрбір нәрсенің мазмұнын өз ойымен, ақылымен пайымдап білуін қалылтастырады. Дамудың осы жолы Выготскийдің айтуынша материалдық (заттық) дүние жоғары психикалық қызмет арқылы мәдени факторға (оның бейнесіне) айналады. Сондай-ақ жаттаудың сөздік-мағыналық еске айналуы, нәрселердің бейнесін көз алдына келтіріп елестету — сол зат жайындағы ойлау әрекетіне алып келеді, немесе бұлар творчестволық қиялға айналады, қарапайым қимыл-қозғалыстар ерікті қимыл-әрекеттерге ауысады. Жоғарыда айтқанымыздай іші процестердің бәрі сыртқы әсерлер нәтижесінде пайда болып, қайтадан ішкі процесстерге (интериоризгцияға) айналады. Психикалық құбылыстардың пайда болуы туралы осы пікір баланың мәдени дамуыңдағы кез келген қызметтің сыртқы көрінісінін сахнаға шығуы екі түрлі бағытта анық байқалады екен. Оның бірі — әлеуметтік сипатта болса, екіншісі — психолоптялық сипатта көрініп отырады. Даму процесіндегі мұндай психикалық заңдылық алдымен адамдардың өз-ара қарым-қатынасы арқылы өріс алса, кейіннен оның нәтижелері адамның ішкі көңіл-күйінен жақсы байқалады. «Жоғары психикалық қызметтің даму тарихы» дейтін еңбегінде (1931) Выготский осы пікірін одан әрі жалғастыра түсіп, баланың жоғары психикалық қызметі әлеуметтік ортада ересектермен қарым-қатынас жасау арқылы туындап отырады осы жардайда ғана оның сана-сезімі өсіп жетіледі. Выготскийдің бұл тұжырымы баланың «жақын арадағы даму аймағы» жайындағы қағидасын негідеуге тірек болды.



Выготскийдің психология саласындары зерттеулерінде «психологиялық жүйелер» деген маңызды бір ұғым кездеседі. Бұл ұғымның мәні түрлі психикалық қызмеітердің ара-қатынасын білдіретін тұтас құрылымдар. Ол ойлау мен ес процестерінін, өзара ұштасып, олардың арасында әр қилы байланыстар жасалып отыратындығын анықтап, осындай жүйелердің құрылымында басты рольді атқаратын бастапқы белгі (таңба) делінсе, ал одан кейімгі психикалық кызметті «жасаушалар», яғни адам исихикасының ұлпаларын жасайды. Бұл жалт адам психикасының хайуанаттар психикасынан ерекше күрделі сипатта болатындырын көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет