Қазақстан Республикасындағы пренатальды ультрадыбысты скрининг жүргізуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы»



бет1/6
Дата01.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#97666
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасындағы
пренатальды ультрадыбысты скрининг
жүргізуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасында пренаталдық диагностиканы жетілдіру, балалардың туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларының алдын алу, балалар ауруын және мүгедектікті азайтуды мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында пренатальды ультрадыбыстық скрининг жүргізудің стандарты бекітілсін.
2. Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларда көзделген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Пренатальды ультрадыбыстық скрининг жүргізу стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу қолдауы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген. Қазақстан Республикасында балалардағы туа біткен және тұқым қуалайтын аурулардың профилактикасын жақсарту, балалардың аурушаңдығы мен мүгедектігін төмендету мақсатында пренатальды ультрадыбыстық скринингті ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Стандарт медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар меншік түріне қарамастан, пренатальды ультрадыбыстық скринингті жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілеріне қолданылады.
3. Осы Стандартта қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) инвазиялық пренатальды диагностика (бұдан әрі – ИПД) – цитогенетикалық, молекулалық-цитогенетикалық немесе молекулалық-генетикалық талдау үшін ұрық тектес материалды жинай отырып, құрсақішілік пункция арқылы жүзеге асырылатын ұрықтың хромосомалық және моногенді патологиясын диагностикалау әдістері;
2) пренатальды ультрадыбыстық скрининг – ультрадыбыстық аппаратты пайдалана отырып, құрсақішілік ұрықтың хромосомалық патологиясы мен туа біткен ақаулары (бұдан әрі – ТБА) бойынша қауіп тобын анықтау мақсатында жүкті әйелдерді жаппай кешенді стандартталған тексеру;
3) пренаталдық консультация – құрсақішілік ұрықтың диагнозын, жаңа туған нәрестенің дамуының болжамын және одан әрі өмір сүруін нақтылау, жүктілікті одан әрі жүргізу тактикасын, босану мерзімі мен орнын анықтау үшін мамандандырылған мамандардың жүкті әйелге консультациясы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет