Қазіргі кезде арнайы құралдар – электронды қүшейткіштері және
осцилографтары бар электрокардиографтар қоланылады. Қисық сызықтар
қозғалмалы қағаз жолағына жазылады. Бұлшықеттің
белсенді қызметі
кезіндегі және алыстағы зерттелетін объектіден
ЭКГ жазатын құралдар жасалған. Бұл құралдар- телеэлектрокардиографтар
деп
аталады
және
олар
радиобайланыстың
көмегімен
ЭКГ-ны
арақашықтыққа тарату принципіне негізделген.
Осындай тәсілмен жарыс
кезінде спортшылардың, ғарыштағы космонавтардың және т.б
ЭКГ-сы
тіркеледі. Жүрек қызметі кезінде пайда болатын электрлік потенциалдардың
телефон сымдары арқылы беріліп, ЭКГ-ны пациенттен үлкен
қашықтағы
арнайы орталықта тіркейтін құралдар жасалған.
Кеудеде жүректің белгілі бір орында орналасуы және адам денесінің өзіндік
бір пішінінің болуы салдарынан жүректің қозған (-) және қозбаған бөліктері
арасында пайда болатын электрлік күштік сызықтары дене бетінде
бірқалыпты таралмайды. Сол себепті электродтардың
орналасуы жеріне
байланысты ЭКГ түрі және оның тістерінің вольтажы әртүрлі болады.
ЭКГ- ны тіркеу үшін аяқ- қол мен кеуде бетіндегі потенциалдардың тіркелімі
(тармағы) жүргізіледі. Әдетте үш түрлі стандартты тіркелім әдісі
қолданылады: