МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО КАЗАХСТАНСКО РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ болуына қарыншалар бұлшықетінің жиырылуы кезінде пайда болатын дыбыстық
құбылыстар да қатысады. Өзінің дыбыстық ерекшеліктері бойынша І – тон- созыңқы
және төмен.
Диастолалық тон қарыншалардың диастоласының басында протодиастолалық
фаза кезінде, айшық клапандардың жабылуы кезінде пайда болады. Осы кезде
қақпақшалар жармаларының тербелісі дыбыстық құбылыстардың көзі болып
табылады. Дыбыстық сипаттамалары бойынша ІІ- ші тон қысқа және жоғары.
Жүректің жұмысын онда пайда болатын электрлік құбылыстар бойынша да
жорамалдауға болады. Оларды жүректің биопотенциалдары деп атайды және олар
электрокардиографтың
көмегімен
алынады.
Алынған
биопотенциалдар
электрокардиограмма деп аталады.
2.1. Жүрек құрылысы.Электрокардиограмма Жүрек қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты, үлкендігі адамның
жұдырығындай (250-300г) жұмыр ағза.Жүрек кеуде қуысында екі өкпе аралығының
алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп тұрады.Оның ұзындығы
12-15см, ені 8-11см, ұзын бірлігі оңнан солға, жоғарыдан төмен, арттан алға қарай
бағытталған. Жүрек ұшы кеуде қуысында сол жақтағы V қабырғаға тіреледі.Жүрек
қуысын бітеу перде екіге бөледі.Оны оң жүрек, сол жүрек деп бөледі.Әр жүрек
жүрекше мен қарыншадан тұрады.Жүректе 4қуыс бар: 2жүрекше,2қарынша.Жүрек
ше мен қарынша арасында атриовентрикулярлық тесік болады.Тесікті жабатын екі
жақтаулы және үш жақтаулы қақпақшалар бар.Жүрек қабырғасы 3қабаттан тұрады:
Ішкі- эндокард
Ортаңғы - миокард
Сыртқы - эпикард
Жүрек қабы – перикард.
Қозудың жұмыс миокардының аса көп жасушаларын қамтуы осы жасушалардың
бетінде теріс зарядтардың пайда болуын тудырады. Жүрек қуатты электр
генераторына айналады. Жоғары электрлік өткізгіштігі бар дене ұлпалары жүректің
электрлік потенциалын дене бетінен тіркеуге мүмкіндік береді. Жүректің электрлік
белсенділігін зерттеудің В. Эйтховен, А.Ф. Самойлов, Т.Льюис, В.Ф. Зеленин және
т.б. ұсынған осындай әдістемесі электрокардиография деген атқа ие болды, ал оның
көмегімен
тіркелетін
қисық
электрокардиограмма
(ЭКГ)
деп
аталады.
Электрокардиография жүректе қозудың таралу динамикасын бағалауға және ЭКГ-ң
өзгеруі кезінде жүрек қызметінің бұзылуын жорамалдауға мүмкіндік беретін
медицинада кең таралған диагностикалық әдіс болып табылады. Қазіргі кезде
арнайы құралдар – электронды қүшейткіштері және осцилографтары бар
электрокардиографтар қоланылады. Қисық сызықтар қозғалмалы қағаз жолағына
жазылады. Бұлшықеттің белсенді қызметі кезіндегі және алыстағы зерттелетін
объектіден ЭКГ жазатын құралдар жасалған. Бұл құралдар-
2