МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО КАЗАХСТАНСКО
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ
қашықтық 0,1 секундқа ауытқуы мүмкін.
2.Жүректің бір минутта соғу жиілігін анықталады.Ол үшін 60 секунд R-R ара
қашықтығының 0,02 секундқа көбейтіндісіне бөлінеді.Егер аритмия болса ең жиі
және ең сирек жүрек соғысы анықталады.
3.Экг тісшелерінің биіктігін анықтау қажет.Қалыпты R биіктігі 5-тен 20 мм
шамасы.Егер R тісшесі үш стандартты тіркемеде 5
ммден төмен болса,ЭКГ төмен
вольтты деп есептелінеді.
4.Стандартты тіркемелер бойынша жүректің электр осі анықталады.
5.ЭКГ элементтерінің мөлшері,ұзақтығы өлшенеді.
6.Жүрек соғысына байланысты QRST ұзақтығы анықталады.
7.ЭКГ бойынша қорытынды жасалады.
ЭКГ-нің қалыптасуы (оның тістері мен интервалдарының) жүректе қозудың
таралуын және осы үрдісті білдіреді (7-сурет). Қозатын жүйенің бӛліктері арасында
потенциалдар айырмасы болған кезде, яғни жүйенің қандай да бір бӛлігі қозып,
екіншісі қозбаса, тістер пайда болып, дамиды. Тіркелген ЭКГ жүрекше мен қарынша
жиырылғыш миокардының тізбектелген қозумен қамтылуын білдіреді.
Осылайша,
ЭКГ дегеніміз –жүрек потенциалдарының уақыт бойынша өзгерісі 7-сурет. ЭКГ
элементтерінің схемасы Жоғарыда айтылғандай, қозу жүрек ырғағын (ритмін)
қалыптастырушы СА – түйін клеткасында пайда болады. Бірақ бұл процесс ЭКГ –
де тіркелмейді. Әрі қарай, ЭКГ – де жүрек алды қозуды Р тісшесі айқындайды. Р –
тісшесінің бастапқы бӛлігін оң жақ жүрек алдының қозуы, ал соңғысын – сол жақ
жүрек алдының қозуы қалаптастырады. Сол жақ жүрек алдына қозу аралық жүрек
алды арқылы жетеді. Аралық жүрек алды жұмысының бұзылуы кезінде Р тісшесінде
қозудың тіркелуі ӛзгерістерге ұшырайды, яғни электрокардиограммада Р тісшесі кең
доға түрінде кӛрініс табады. Сонымен, P тісшесі - екі жүрек
алды деполяризация
процесін білдіреді. Бұрын айтылғандай ,екі жүрек алды бір мезгілде қозады,
нәтижесінде ЭКГ де бір ғана тісше түзіледі (бекітпеге тәуелді оң болуы мүмкін, бұл
кезде изоэлектрлік сызықтан жоғары болады,теріс болуы да мүмкін ,
бұл жағдайда
изоэлектрлік сызықтан тӛмен болуы мүмкін ). Атривентрикулярлық түйінде қозу
түйінаралық ӛткізгіш жолдары арқылы (Венкебах, Бахман және Торела шоғырлары)
жүреді. Оның ролі: - жүрек алдынан қозудың қарыншаларға ӛтуі; - жоғарғы
бӛлімдерді автоматизмдік қасиеті тӛмендеген жағдайдағы АВ – түйіннің ритм
жүргізушісі болуы; - жүрек алдынан келетін импульстердің ӛте жиі болып кетуі
кезінде АВ – түйін олардың әрбір екіншісін ғана ӛткізуі; Бірақ бұны блокада деп
есептеуге
болмайды; - АВ – түйінде қозу толқынының физиологиялық тежелуі РQ
изоэлектрлік сегментінің тіркелуіне әкеледі, бұл кезде жүрекалды толық жиырылып,
қан жүрек алдынан қарыншаларға құйылады.
9