Реферат «экг ні тіркеу және талдау қағидалары»


МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО КАЗАХСТАНСКО



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата27.02.2023
өлшемі456,38 Kb.
#70205
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Реферат «экг ні тіркеу ж не талдау а идалары»

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО КАЗАХСТАНСКО 
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ 
 УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ 
 
 
II- ші стандартты тіркелімде алынған адамның қалыпты ЭКГ-сы 5- суретте 
көрсетілген. 
ЭКГ-ны талдау кезінде тістердің амплитудасы мВ (mV)-пен анықталады, олардың 
өту уақытын, сегменттердің ұзақтылын секундпен өлшейді. Сегмент дегеніміз көрші 
тістер мен белгілі бір тіс пен оған іргелес сегменті бар интервалдар арасындағы 
изопотенциалды сызықтың бөлігі. 
ЭКГ- ң қалыптасуы (оның тістері мен интервалдарының) жүректе қозудың таралуын 
және осы үрдісті білдіреді. Қозатын жүйенің бөліктері арасында потенциалдар 
айырмасы болған кезде, яғни жүйенің қандай да бір бөлігі қозып, екіншісі қозбаса, 
тістер пайда болып, дамиды. Изопотенциалды сызық қозатын жүйеде потенциалдар 
айырмасы болмаса, яғни барлық жүйе қозбаса немесе керісінше қозса, пайда 
болады. Тіркелген ЭКГ жүрекше мен қарынша жиырылғыш миокардының 
тізбектелген қозумен қамтылуын білдіреді. 
Р тісі жүрекшелердің қозуға ұшырағынын білдіреді және жүрекше тісі деген атқа ие 
болды. Әрі қарай қозу жүрекше-қарынша түйіншегі арқылы таралып, 
қарыншалардың өткізгіштік жүйесі арқылы таралады. Осы кезде электрокардиограф 
изопотенциалды сызықты тіркейді (екі жүрекше толығымен қозған, екі қарынша әлі 
қозбаған, ал қарыншалардың өткізгіштік жүйесі арқылы қозудың таралуы 
электрокардиографпен сезілмейді ( ол ЭКГ-ғы PQ сегменті). 
Жүрекшелерде қозу көбінесе жиырылғыш миокард бойымен көшкін түрінде 
синусты –жүрекше бөлігінен жүрекше- қарынша бөлігіне қарай тарайды. Жүрекше 
ішіндегі арнайы шоғырлар арқылы қозудың таралу жылдамдығы жүрекшенің 
жиырылғыш миокарды арқылы қозудың таралу жылдамдығына шамамен тең 
болғанда қалыпты болады, сондықтан жүрекшелердің қозумен қамтылуы көпфазалы 
Р тісімен кесінделеді. 
Қарыншалардың қозумен қамтылуы қозудың өткізгіштік жүйенің элементтерінен 
жиырылғыш миокардқа берілуі арқылы жүзеге асырылады, бұл қарыншалардың 
қозумен қамтылуын айқындайтын QRS жиынтығының сипатының күрделілігін 
білдіреді. Осы кезде Q тісі жүректің төбесінің қозғанын, оң емізікше бұлшықетінің, 
қарыншалардың ішкі бетінің қозғанын білдіреді. 
R тісі– жүрек түбінің және қарыншалардың сыртқы бетінің қозғанын білдіреді. 
Қарыншалар миокардының қозумен толық қамтылу үрдісі S тісінің қалыптасуы 
аяқталғанда аяқталады. Енді екі қарынша да қозып, ST сегменті қарыншалардың 
өткізгіштік жүйесінде потенциалдар айырмасының жоқтығы салдарынан 
изопотенциалды сызықта болады. 
Т тісі реполяризация үрдісін көрсетеді, яғни миокард жасушаларының қалыпты 
мембраналық потенциалының қайта орнауын білдіреді. Осы үрдістер әр 
жасушаларда қатаң синхронды пайда болмайды. Осының салдарынан миокардтың 
әлі де­поляризацияланған бөліктері ( яғни теріс заряды бар) мен өзінің оң зарядын 
қалпына келтірген миокард бөліктері арасында потенциалдар айырмасы болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет