Реферат «экг ні тіркеу және талдау қағидалары»


МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО КАЗАХСТАНСКО



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата27.02.2023
өлшемі456,38 Kb.
#70205
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Реферат «экг ні тіркеу ж не талдау а идалары»

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО КАЗАХСТАНСКО 
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ 
 УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ 
 
 
Осы потенциалдар айырмасы Т тісі түрінде тіркеледі. Осы тіс ЭКГ-ң ең өзгермелі
бөлігі. Т тісі мен келесі Р тісі арасындағы изопотенциалды сызық тіркеледі, өйткені 
осы кезде қарыншалар миокардында және жүрекшелер миокардында потенциалдар 
айырмасы болмайды. Жүрекшелер реполяризациясын білдіретін сәйкес тістің 
кескіні ЭКГ-да жоқ, себебі ол уақыт бойынша қуатты QRS жиынтығымен сәйкес 
келіп, олармен жұтылады. Әрбір Р тістің QRS жиынтығымен сүйемелденбеген 
кезінде, жүректің көлденең қоршауы кезінде жүрекшелердің реполяризациясын 
білдіретін жүрекше тісі Т (T-атриум) байқалады. 
Қарыншалалардың электрлік систоласының жалпы ұзақтығы (Q—T) механикалық 
систоланың ұзақтығымен шамамен сәйкес келеді (механикалық систола электрлікке 
қарағанда біршама кеш басталады). 
Электрокардиограмма жүректе қозудың таралуының бұзылу сипатын бағалауға 
мүмкіндік береді. Р—Q ( Р тісінің басынан Q тісінің басына дейін) интервалының 
шамасы бойынша жүрекшеден қарыншаға қозудың қалыпты жылдамдықпен 
таралуы туралы жорамалдауға болады. Қалыпты жағдайда осы уақыт 0,12—0,2 с- қа 
тең. QRS жиынтығының жалпы ұзақтығы қарыншалардың қозумен қамтылу 
жылдамдығын білдіреді және ол 0,06—0,1 с құрайды. 
Деполяризация және реполяризация үрдістері миокардтың әртүрлі бөліктерінде бір 
уақытта пайда болмайды, сондықтан жүрек бұлшықетінің түрлі бөліктері 
арасындағы потенциалдар айырмасының шамасы жүрек циклі бойы өзгереді. Әрбір 
берілген мезеттегі потенциалдар айырмасы аса жоғары болатын екі нүктені қосатын 
шартты сызық жүректің электрлік осі деп аталады. Әрбір берілген мезеттегі 
жүректің электрлік осі белгілі бір шамамен және бағытпен сипатталады, яғни 
векторлық шаманың қасиеттеріне ие. Миокардтың әр бөліктерінің қозуымен бір 
уақытта қамтылмауы салдарынан осы вектор өзінің бағытын өзгертеді. Тек жүрек 
бұлшықетінің потенциалдар айырмасын ғана тіркеу пайдалы болған жоқ (яғни ЭКГ-
ғы тістердің амплитудалары), сонымен қатар жүрек қарыншаларының электрлік 
өсінің бағытының өзгерісін тіркеу де пайдалы болды. Потенциалдар айырмасы 
шамасының өзгеруі мен электрлік осьтің бағытының өзгерісін біруақытта жазу 
векторэлектрокардиограмма (ВЭКГ) деген атқа ие болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет