Реферат есеп б., дереккөз, қосымша



бет4/8
Дата28.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#131152
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Этникалық бірегейлену

Салыстырмалы саясат. Салыстырмалы саясат ұлт және этнос, ұлттық және этникалық бірегейлікті зерттеуге арналған саясаттанудың негізгі саласына айналды. Ғалымдар ұлттық құрылыс [Stewart K.L. Democratic and autocratic nation building // Nationalities Papers -The Journal of Nationalism and Ethnicity. – 2021. – Vol. 49. – No. 2. - P. 205-212.], этникалық қақтығыстар [Vila J. Regional organizations and ethnic conflict prevention: The EU and Kosovo conflict // Studies in Ethnicity and Nationalism. – 2023. - Vol. 23. - No. 2. - Р. 144–157.] және бірегейлік саясатына [Mathew M., Tay M. Religion and identity politics: Global trends and local realities. – Singapore: World Scientific Publishing Co., 2021. – 208 р.] ұлтаралық талдаулар жүргізді.
Заманауи сын-қатерлер. Бүгінгі таңда саясаттанушылар көші-қон [Wirth C. Migrations and nations: Historical perspectives on current border crossings // Historisk Tidsskrift. - 2019. - Vol. 98. - No. 4. – Р. 297–308.], ұлтшылдық [Tsang R., Woods E.T. The cultural politics of nationalism and nation-building: Ritual and performance in the forging of nations. - London: Routledge, 2013. – 214 р.], көпмәдениеттілік [Fossungu P.A.-A. Understanding confusion in Africa: The politics of multiculturalism and nation-building in Cameroon. – Bamenda: Langaa RPCIG, 2013. – 272 р.] және бірегейлік саясаты [Fois M. Identity, politics and nation: Algerian nationalism and the ‘berberist crisis’ of 1949 // British Journal of Middle Eastern Studies. – 2016. - Vol. 43. - No. 2. – Р. 206–218.] сынды мәселелердің саяси ландшафтты қалыптастырудағы рөлін зерттеуге арналған жұмыстарды жалғастыруда.
Отандық ғалымдар зерттеулері. Берілген мәселеге қатысты отандық ғалымдар да зерттеу жұмыстарын жалғастырып келеді. Қазақстан Республикасының ұлттық бірегейлігінің қалыптасуындағы ерекшеліктер мен қайшылықтар талданған еңбекте М.Ш. Кабазиев [Кабазиев М.Ш. Формирование национальной идентичности республики Казахстан: особенности и противоречия // Современная Европа. – 2022. - №7. - С. 221-231.] қазақ және қазақстандық бірегейліктің бәсекелестігін дәйектейді. Қазақстанның балқандық этникалық топтарының тарихи тағдыры зерттелген еңбекте мәселеге қатысты кейбір маңызды деректерді алуға болады [Kashkinbayeva A.T., Korganova S.S., Gabdulina B.A., Takibayev M.A., Kuzembayeva A.O. Historical fate of Balkan ethnic groups in Kazakhstan: Past and present // Revista Iberoamericana de Viticultura Agroindustria y Ruralidad. - 2023. - Vol. 10. - No. 29. – Р. 63–74.]. Көп қырлы этникалық бірегейлікті саяси жұмылдыруда [Czuba K. Political mobilization of layered ethnic identities // Ethnic and Racial Studies. – 2023. - Vol. 46. - No. 10. – Р. 2138–2162.] пайдалану ерекшеліктері де назарымызды қажет етеді. Мәселені зерттеуде Орта Азия елдеріндегі тарихи саясат және ұлт құрылысы [Нурбаев Ж., Киюбек Ж. Орта Азия елдеріндегі тарихи саясат және ұлт құрылысы: Қазақстан мен Өзбекстандағы саяси ақтау көрінісі // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы. - 2023. - №1(142). - 209–221 бб.], ұлттық құрылыстың негізгі түсініктері [Насимов М.Ө. Ұлттық құрылыстың мәні және негізгі түсініктері // Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы. – 2023. - №2(143). – 70-81 бб.] талданған жұмыстар да ерекше рөл атқарады.
Қоғамдық және әлеуметтік ғылымдардағы ұлт және этнос, ұлттық және этникалық бірегейлікті зерттеу қарқынды дамып келеді. Зерттеулер әлемдік саяси, әлеуметтік және мәдени ландшафттағы ағымдағы өзгерістерді байқатып отыр. Зерттеушілер түрлі контексттердегі осы ұғымдардың күрделілігін түсіну үшін кең ауқымды теориялық құрылымдар мен зерттеу әдістемелеріне сүйенген.
Қоғамдық және әлеуметтік ғылымдардағы ұлт және этнос ұғымдарының түсіндірмелері. Ұлтшылдықты сынайтын ағылшын ғалымы Э. Хобсбаум пікірінше: «Ұлт мәні бойынша «жоғарыдан» құрылған, бірақ ұғымды «төменнен» талданбайынша түсіну мүмкін емес екіұшты құбылыс» [???, 10 б. Hobsbawm E. Nations and nationalism since 1780: Programme, myth, reality. – Cambridge: Cambridge University Press, 1990. – 191 р.] болып табылады. Демек, ұғым қарапайым адамдардың болжамдары, үміттері, қажеттіліктері, ұмтылыстары мен мүдделері тұрғысынан талдануы қажет. Негізінен бұл мәлімдеме мемлекеттіліктің ресми және танымал аспектілері арасындағы күрделі өзара әрекетті көрсетеді. Саяси көшбасшылар мен институттар ұлттық құрылыс пен басқаруда орталық рөл атқарса да, ұлттың өміршеңдігі мен шынайылығы ұлтты құрайтын қарапайым азаматтардың сезімі, құштарлығы және бірегейлігінен ажырамайды. Осылайша, ұлтты түсіну жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға бағытталған процестерді зерделеуді, ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы ұжымдық эмоциялар мен тәжірибелердің маңызын тануды талап етеді. Э. Хобсбаум ұлтшылдықты түсінудегі саяси трансформацияның рөлін ерекше атап көрсетеді және оның «ойдан шығарылған» құбылыс екенін анықтайды. Ағылшын ғалымы үшін ұлт пен ұлтшылдық әлеуметтік инженерияның өнімі болып табылады.
Ұлтты қалыптастыру мемлекет территориясындағы тұрғындардың елдің лояльды азаматтарына айналу процесі ретінде анықтауға болады [Bloom W. Personal identity, national identity and international relations. – Cambridge: Cambridge University Press, 1993. - 208 p.]. Ұлтты қалыптастыру шын мәнінде халық арасында ұлттық бірегейлік пен лояльдылық сезімін оятуға бағытталған түрлі элементтер мен күш-жігерді қамтитын күрделі процесс. Ұлтты қалыптастыру процесі тарихи алғы шарттар, мәдени әралуандылық, этникалық және діни ерекшеліктер сынды факторларға байланысты әр елде басқаша болуы мүмкін. Бұл көбінесе ортақ тіл, мәдениет, тарих және азаматтық құндылықтарды насихаттауға, ұлттық рәміздер мен ортақ идеялар құруға күш салуды қамтиды. Айта кетерлік жәйт, ұлтты құрудың табыстылығына кепілдік жоқ. Өйткені азшылық топтар қарсылығы, тарихи реніштер мен сыртқы ықпалдар секілді қиындықтарға тап болуы ықтимал. Дегенмен, ұлтты құру түрлі және көпмәдениетті қоғамдағы үкіметтің маңызды көрінісі болып қала береді. Себебі бұл процесс ұлт ішіндегі бірлік пен тұрақтылық сезімін қалыптастыруға көмектеседі.
Ұлт және этностың әлеуметтік құбылыстарын түсіндіретін бірде-бір теория жоқ. Ұлтты халық болудың мағынасы және халық ұғымы анықтамасының әлемдік жүйеге сәйкес келуі туралы ойлардың ерекше тәсілі ретінде қарастыруға болады [Calhoun C.J. Nationalism. - Milton Keynes: Open University Press, 1997. – 164 р.]. Ұлттың бұл түсіндірмесі өткір және терең көзқарас болып табылады. Бұл түсіндірме бірегейлік, мәдениет және ұлттар өмір сүретін жаһандық контекст арасындағы күрделі өзара әрекеттестікті танытады. Ұлттың халық болуы түсіндірмесі ұлттық бірегейліктің туа біткен қасиет емес, этностың ұжымдық сенімдері, құндылықтары мен түсініктері арқылы қалыптасатынын білдіретін секілді. Сондықтан бұл анықтама ұлттардың динамикалық және әлеуметтік тұрғыда құрылған табиғатына сәйкес келетін ұлттық бірегейлік туралы қазіргі заманғы талқылауларына сәйкес келеді деуімізге негіз бар. Сондай-ақ елдердің өзін және әлемдегі орнын қабылдаудағы жаһандану мен халықаралық байланыстардың рөлі мойындалады. Жалпы бұл ұлттың көп қырлы тұжырымдамасын жан-жақты түсінуге мүмкіндік береді.
Ағылшын ғалымы П. Гилберт бойынша ұлт бұл [Gilbert P. The philosophy of nationalism. - London: Routledge, 1998. – 214 р.]: номиналист: өздерін ұлт деп санайтын адамдар тобы не айтса да, ұлт бар; волюнтарист: бір ұлттың ортақ еркіне байланысты адамдар тобы; территориялық: бір маңайдағы немесе территориядағы адамдар тобы; лингвистикалық: бір тілде сөйлейтін адамдар; аксиологиялық: ортақ ерекше құндылықтарға ие адамдар тобы; белгіленген пункт: ортақ тарихы және миссиясы бар адамдар тобы. Ғалымның осы ұлттарды түрлі өлшемдер бойынша жіктеуі ұғымның көп қырлы табиғатын және мәселені анықтауға болатын барлық критерийлерді түсіну үшін жан-жақты тұжырымдарды қамтиды. Бұл өлшемдердің әрқайсысы ұлт ұғымын түсінуге болатын бірегей түсіндірмелер. Ұлт күрделі және көп қырлы құрылым болғандықтан, осы өлшемдер түсінікті тұжырымдау тәсілдеріне көмектеседі.
Ағылшын ғалымы Э.Д. Смит болса, «Myths and memories of the nation» атты іргелі еңбегінің кіріспесінде бірнеше сауалдар қояды [???, 3 б. Smith A.D. Myths and memories of the nation. – Oxford: Oxford University Press, 1999. – 288 p.]: «Неліктен екінші мыңжылдықтың соңында көптеген адамдар өздерінің этностық қауымдастықтары мен ұлттарына өте құштар? Неліктен ұлттың мифтері, естеліктері мен рәміздері адалдық пен жақтаушылықты тудырады? Неліктен көптеген адамдар әлі күнге дейін өз ұлттары мен мәдениеттері үшін өз өмірін құрбан етуге дайын?» Ғалым осы сауалдарға этносимволдық көзқарас шеңберінде жауап береді. Осы мифтер өз қызметтерін орындауы үшін мәселені дұрыс тұжырымдау керек. Осы еңбекте зерттеуші этностық мифтердің шығу тегін көрсететін құрамдастарды ұсынады [???, 63-67 бб. Smith A.D. Myths and memories of the nation. – Oxford: Oxford University Press, 1999. – 288 p.]:

  • қауымдастықтың пайда болуы туралы миф өзге қауымдастықтарға қатысты уақыттың үздіксіздігін белгілейді;

  • жер мен ресурстарды бақылауды заңды деп тану үшін қауымдастықтың шығу тегі туралы ақпаратты қамтитын орналасқан жері мен көші-қон туралы миф;

  • мәртебе және өзін-өзі бағалау аясындағы тектілік сезімін дарытатын арғы ата туралы миф;

  • белгілі бір қауымның «алтын заманынан» батыр бабалардың ізгілікті мінез-құлық үлгісі арқылы сыр шертіп, ұрпақты имандылық пен ерлікке баулитын миф;

  • ескі ізгі қасиеттер ұмытылды, сән-салтанат құрушылық пен көргенсіздік жанқиярлық пен тәртіпті алмастырды, бірақ барлығын қалпына келтіруге болады деген үмітпен ыдырау себептерін түсіндіретін құлдырау туралы миф;

  • өзгелерге қарағанда мәселелерді түсіндірмейтін, қауымдастықтың жаңғыруына тәжірибелік нұсқаулар беретін қалпына келтіру туралы миф. Байқап қарасақ, осы мифтер біздің мемлекеттік дамуымызды ілгерілететін кейбір бағдарламаларда пайдаланылады.

Ғалымдар этнос құбылысын түсінудің үш негізгі тәсілін белгілейді [???, 32 бб. Арутюнян Ю.В., Дробижева Л.М, Сусоколов А.А. Этносоциология. - М.: Аспект Пресс, 1998. – 271 с.]: примордиалистік, оның ішінде тәсіл социобиологиялық және эволюциялық-тарихи түрлерге ажыратылады; конструктивистік және инструменталистік. Бұл әдістер Батыс ғылымында ұлт пен ұлттық бірегейлік мəселесін зерттеу барысында да қолданылады [???, 135 б. Насимов М.Ө. Рухани жаңғыру: қоғамдық сана мен тарихи сананы жаңғырту. - Қызылорда, 2020. - 336 б.]. Бірінші тәсілге сәйкес, этнос ата-бабадан генетикалық жолмен берілетін табиғи бастапқы шындық. Екінші тәсіл бойынша этнос әлеуметтік құрылым болып табылады, зияткерлік және саяси элиталардың қоғамдық құрылысының өнімі саналады. Үшінші тәсіл этносты саяси күресте топтық мүддеге және жұмылдыруға жету құралы ретінде түсіндіріледі.
Ю.Д. Граниннің [Гранин Ю.Д. “Нация” и “этнос”: эволюция подходов и интерпретаций в философии и науке XVIII–XX столетий // Вопросы философии. - 2015. - №7. - С. 5–16.] пайымдауынша, әлеуметтік философия, әлеуметтану, саясаттану, этнология, мәдени антропология, этнопсихология және басқа да бірқатар ғылыми пәндерде кеңінен қолданылатын «ұлт» және «этнос» категорияларының әлі күнге дейін жалпы қабылданған белгілі мазмұны жоқ. Демек, бұл ұғымдардың ғылыми категориялық аппаратының ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, осы терминдерді күнделікті және ғылыми қолданыстағы мәдени-тарихи эволюциясын көрсетеді. «Ұлт» және «этнос» ұғымдары түрлі тілдерден бастау алады және тарихи-ғылыми түсіндірмелері жан-жақты. «Ұлт» (латын тілінен natio, «тайпа», «халық», «туылу» дегенді білдіреді) ұғымын Ежелгі Рим тарихшылары мен жазушылары белсенді түрде қолданған. «Этнос» ежелгі грек тілінің ethnos (халық) сөзінен қалыптасқан және арнайы ұғым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында ғана Еуропадағы ғылым айналымқа енді.
Әлемдік ғылыми әдебиеттерде ұлт және ұлтшылдық ұғымдары ағылшынның «ethnos» түсінігіне қарағанда «ethnicity» (этникалық тиістілік) және «ethnic group» (этникалық топ) түсініктерін көп қолданып, нақтыланады. Этникалық тиістілік, этникалық топ белгілі қоғам мүшелерінің басқа топтардан ерекшелендіретін және өз белгілері негізінде бір-бірімен сәйкестендіретін қауымдастықты жатқызады. Аталған белгілерге ортақ ұлт, дәстүрлер, тіл, тарих, қоғам, дін және әлеуметтік қатынастардың жиынтығы кіруі мүмкін [????, 69-70 бб. Chandra K. Constructivist theories of ethnic politics / K. Chandra. - Oxford: Oxford University Press, 2012. - 520 p.]. «Ұлт» және «этнос» ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, түрлі мағыналарға ие және олардың түсінігі саяси және мәдени факторларға байланысты деп қорытындылаймыз. Осы себептерге байланысты «ұлт» және «этнос» ұғымдарының сипаттамаларын 1 кестеде ұсынамыз:

Кесте 1 - Ұлт және этнос ұғымдарының сипаттамалары







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет